3.2 Қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі зауыттың техникалық жобасы (ТЖСҚКЖ)
Инвесторларды тарту мақсатында бірлескен кәсіпорын құру үшін, өнімділігі ауысымында 200 т. қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын ҚТЖСӨҚКЖ өңдеу жөніндегі зауыт салу қажет.
3.2.1 ҚТЖСӨҚКЖ жобасының сипаттамасы
ТМД елдері мен шет елдерде (АҚШ, Жапонияда, Италияда, Германияда және басқа да елдерде) құбырдың сыртқы жабыны және бастапқы полимер материалдары базасында құрылыс және жиһаз материалдарын алу мәселелерімен айналысады.
Соңғы бес жылда бастапқы полиэтилен қаптарынан, пакеттерінен, ликер-арақ-шарап зауыттары үшін сыйымдылықтар, жидекті сусындар мен басқа да сұйықтықтардан өнім шығар артып келеді. Қарағанды коммуналдық көлік басқармасының деректері бойынша ай сайын жалпы қалалық қоқысқа табиғи ортаны ластайтын 12000 тоннадан астам полимер, пластмасса, өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар түседі. Осының салдарынан Қазақстан Республикасының халқы мен халық шаруашылығына келтірілген нұқсаны жылына миллиард теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, коммуналдық құбыржолдарының тоттануы халық шаруашылығына ірі нұқсандарға алып келіп отыр. Ол судың асыра шығынына, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың ағынды суларға қосылуына алып келмекші. Осының нәтижесінде топырақтың құрамы бұзылады. Осының бәрі облыс пен өңірдің экологиялық ахуалына әсер етеді.
Ұсынылатын жобаны іске асыру қатты және сұйық қалдықтарды өңдеуге негізделген экологиялық таза өндірісті құру мүмкіндігін береді.
Жүргізілген зертханалық тәжірибелер полиэтилендерді қайталама өңдеудің физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерінің кеміту жағына қарай 17-21% өзгертетінін, ал қысымы мен температурасының өзгеріссіз қалатынын көрсетті. Қоқыстан жасалған бұйымды қайталама температуралық өңдеуден кейінгі өңделген өнімді терезе және есік жақтауларын, плиталар, бамперлер, фара қорғау торларын, сондай-ақ тоттанудың әсерін жою мақсатында металл құбырларды сыртқы және ішкі жабу үшін пайдалануға болады.
Салу ұсынылып отырған қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдейтін цех Los Angeles, Californian, USA тіркелген NSL International, Trading, Inc корпорациясының «NSL-HYDROMEX» қоқыс өңдеу зауыты негізінде, сондай-ақ № 1 қосымшада көрсетілген Қазақстандағы өнертабысты пайдалана отырып дайындалған.
Ұсынылып отырған қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу технологиясына сәйкес шығарылатын өнімдер тұрмыста, сондай-ақ өндірісте пайдалану үшін қауіпсіз. Аталған технологияның үлкен артықшылығы стронций, сынап тәрізді және басқа да көптеген сұйық ортадан ауыр металдарды алу болып табылады.
Аталған технология қатты және сұйық қалдықтарды, химиялық заттарды, полимер бұйымдарынан жасалатын қаптама материалдарды (әртүрлі сұйықтықтарды, қаптар, тамақ және спирт өнімдері мен т.т.), ластанған топырақты, коммуналдық қалдықтарды, емхана, ауруханалардың қалдықтарын, тоқыма материалдарын, пластика, шина, бояу, ерітінділер, мерзімі аяқталған майлар және қоспада әртүрлі арасалмақтағы (темір жол және темір-бетонды қалдықтардан өзге) басқаларын өңдеу мақсатында жетілдірілген.
Теориялық және тәжірибелік зерттеулер қалдықтарды сұрыптау, тазалау және өңдеу технологиялық процестерінің электростатикалық өрістегі механикалық, гидростатикалық бөлу операцияларымен және құрамы қалдықтардың әсіресе полимерлік қалдықтардың биологиялық ластануын бейтараптандыратын парамагниттік сұйықтықта гидростатикалық бөлу операцияларымен қамтамасыз етіледі. Қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу жолымен
Қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу арқылы:
-
Темір жол бұйымдары мен белгілері;
-
Автожол бұйымдары мен белгілері;
-
Жылу және электр оқшаулағыш материалдар;
-
Жиһаз материалдары (плиталар, панель, фурнитуралар);
-
Құрылыс материалдары (жабынқыш, жиекжол плиткалары мен басқ.).
Жоғарыда аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары автомобиль, құрылыс, ағаш өңдеу, тоқыма зауыттары, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары бола алады. Аталған жобаның негізгі міндеті қалалық тұрмыстық қоқысты өңдеудің қалдықсыз, экологиялық таза технологиясын ұйымдастыру. Қара және түсті металдар металлургиялық комбинатпен жеткізілуі мүмкін.
2002 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» магистральды темір жолдары ЖАҚ рельсті жолдар үшін полимерлік қалдықтардан қар ұстайтын шарбақтарды, сондай-ақ, қалқандар, қоршау, жол белгілері мен карточкалар дайындау және енгізу жөніндегі тұтынушысы және тапсырыс берушісі болып табылады. Полимерлік қалдықтар өңдеуге, қағаз, резеңке және тоқыма қалдықтары темір жолдар, сондай-ақ полимерлі-құмды құрылыс құрылымдары үшін қатты қағаз немесе бұйым компоненттерінің өндірісі үшін шикізат бола алады.
Аталған жоба «Қарағанды-Пауэр» АҚ, «Караганда-Водоканал» АҚ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖАҚ және басқаларының тапсырыстары бойынша өнім алу мақсатында қатты және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу жөніндегі цех өндірісі процесін ұйымдастыруды көздейді.
Өндіріске қажет өнеркәсіптік орынжайлар жер асты коммуникациялары бар екі қабатты ғимарат базасында салынады немесе салынатын болады.
Өйткені цехтар жиналмалы болғандықтан, монждық-құрылыс жұмыстарына жарты жылдан аз уақыт бөлінеді. Цех монтаждарымен қоса Порхоменко атындағы зауыт арқылы жабдықты сатып алу мен дайындау жүргізілетін болады.
Өндірісті ұйымдастыру үшін үлестік қатысуға негізделген бірлескен кәсіпорынды құру жоспарланады. Өйткені «Еңбекші» кәсіпорыны өзіндік капиталға ие емес, бірақ авторлық куәлік пен қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу базасында құрылыс және басқа да материалдардың экологиялық таза өндірісін құру патенттеріне ие (3-қосымша), онда бірлескен кәсіпорынға салым ретінде $ 1 200 000 сомаға бағаланған патенттер мен авторлық куәліктердің бөлігі ұсынылады. Бұл жағдайда екінші жағынан 88 000 000 теңге сомаға капитал болуы тиіс.
3.2.2 ҚТЖСӨҚКЖ жолымен бұйымдар мен өнімдер өндірісі
Қалдықтардың әртүрлі компоненттерін (полимерлік, қатты қағаз, қағаз, тоқыма, резеңке, шыны және басқ.) экструдирлеу жолымен мына материалдарды: ҚР №ЦП-751/1, 2001ж. темір жолдарының қармен күрес жөніндегі нұсқаулығына сәйкес темір жол бұйымдарын, тұрақты қар ұстайтын шарбақтар құрылымын алуға болады.
3.1-кесте – қалдықтардың жеңіл үлгісінен жасалған шарбақтың негізгі элементтері
Шарбақтың биіктігі, м
|
Бағанның диаметрі, см
|
Бағанның ұзындығы, см
|
Тіреуіштің диаметрі, см
|
Прогонның көлемі, см
|
Тор көлемі, см
|
3,0
|
25
|
460
|
20
|
6х10х325
|
1,5х10х100
|
4,0
|
25
|
56
|
20
|
6х10х325
|
1,5х10х140
|
5,0
|
25
|
660
|
20
|
6х10х325
|
1,5х10х180
|
3.2-кесте – Қалдықтардан жасалған қар үрлеуші шарбақтардың негізгі көлемі
Шарбақтың биіктігі, м
|
Биіктігі панели, м
|
Үрлеу ойығының биіктігі, м
|
Бағанның диаметрі, см
|
Тіреуіштің диаметрі, см
|
Прогондарының көлемі, см
|
5
|
3
|
2
|
25
|
20
|
60х130х330, 1,5х10х300
|
Темір жолдар үшін жоғарыда аталған бұйымдардан өзге қалдықтарды экструдирлеу жолымен:
-
тасымалданатын торлы қалқандар;
-
темір және автомобиль өту жолдарының тану белгілерін алуға болады.
Өнім өндірісінің бастапқы шикізатына қоқыстың құрамдары: құм мен бояғыштар қосылған полиэтилен бұйымдары, қағаз, ескі киім, пластмасса қалдықтары болып табылады.
Қоқыс ҚТЖСӨҚКЖ цехына дейін жеткізілетін болады. Ол Астана қ. әкімінің кепілдік-рұқсат беруіне сәйкес «Астана Горкоммунхоз» АҚ полигонында орналасатын болады.
Жеңіл автомобильдер үшін бамперлер, ауа кескіші, терезе жақтаулары мен есік блоктарының өндіріс үшін негізгі шикізат қайталама полиэтилен болып табылады. Қайталама полиэтиленнен сұйық масса алған соң арнайы пресс-нысандарға массаны құю жүзеге асырылатын болады. Өнеркәсіп циклдерінің неғұрлым нақты сипаттамасы келіссөздер процесінде берілетін болады.
Негізгі өндіріске жылу оқшаулау материалдарын, электр оқшаулағыш таспа, қар ұстайтын шарбақ элементтері мен қалқандарын және басқ. алу болып табылады.
Цех келесі өнімді жыл ішінде шығаратын болады:
1. Жылу құбыржолдарын жабу үшін сыртқы қаптама 8 млн. теңгеге;
2. 2 млн. теңгеге жылу оқшаулау материалдары;
3. 6 млн. теңгеге электр оқшаулау таспаларын;
4. 46 млн. теңгеге темір жолдары мен басқ. үшін қар ұстайтын шарбақтар, карточка қалқандары;
5. Құрылыс материалдары (жабынқыш, жиекжол плиткалары және басқ.)
3.2.3 ҚТЖСӨҚКЖ зауытының артықшылығы
-
Өзіндік құнының төмендігі;
-
Өндіріс үшін шикізатқа көлік шығындарының жоқтығы;
-
Қазақстанның шегінен тыс жабдық әкелу үшін көлік шығындарының жоқтығы;
-
Атмосфераға және су көздеріне зиянды шығарындылардың бөлінуімен қоса жүрмейді, өйткені қалдықтардың барлық түрлері зарарсыздандырады;
-
Бұдан әрі жою немесе көмуді талап ететін зиянды қалдық өнімдер қалмайды.
Өнідірістік-тұрмыстық қалдықтарды жинау жоғары дамыған АҚШ, Англия, Жапония және басқа да елдердің мысалы бойынша арнайы жабдықталған контейнерлерге арнайы машиналармен жүзеге асырылатын болады. Ол қаланың және облыстың санитарлық жағдайын жақсартуға, сол арқылы облыстағы экологиялық ахуалға оң әсер ету мүмкіндігін береді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін тұрғындармен оқытуды және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізу қажет.
Аталған жобаны табысты іске асыру кезінде өнідіріс ұйымының тәжірибесін Қазақстанның басқа да облыстарында қолдануға, сондай-ақ, өңірлердегі өнімді жаппай шығаруды жолға қоюға болады.
Полимер қалдықтарынан жасалатын қар ұстайтын шарбақтар мен басқа да бұйымдар ағаш және темір бетондылармен салыстырғана екі есе арзан, сондай-ақ қызмет ету мерзімі 50 жылға жетеді.
3.2.4 Өткізу нарығы
«Еңбекші» кәсіпорны өзінің өнімін мына кәсіпорындарға жеткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
– «Қазақстан темір жолы» магистральды темір жол желілері» ЖАҚ;
– «Караганда-Пауэр», «Қарағанды жылу» ЖШС;
– «Водаканал-Караганда» ЖАҚ;
– «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ УДО;
– «Қазақмыс» корпорациясы;
– қала КСК және басқ.
3.3-кесте – Цех жабдығының (экструдердің) техникалық сипаттамасы
Бұйымның атауы
Өнімділік көрсеткіштері
|
Жылу сымдарының өлшем шығындарының сыртқы қаптамасы
|
Жылу оқшаулау материалдары
|
Электр оқшаулау таспалары
|
Металл құб. сыртқы және ішкі жабындары
|
Темір жол үшін бұйым элементтері
|
Техникалық
|
30м/сағат
|
40м/сағат
|
25м/сағат
|
10м/сағат
|
36м/сағат
|
Пайдаланушылық
|
240м/ауысым
|
320м/ауысым
|
200м/ауысым
|
80м/ауысым
|
350м/ауысым
|
Тәуліктік
|
480м/тәулік
|
640м/тәулік
|
400м/тәулік
|
160м/тәулік
|
700м/тәулік
|
Жинақ қуаты
ТЭН
|
26квт.с.
|
37квт.с.
|
22квт.с.
|
28квт.с.
|
60квт.с.
|
3.4-кесте – ҚТҚ 2006 жылдағы морфологиялық құрамы
ҚТҚ сыныптамасы
|
% жалпы көлемдегі ҚТҚ
|
Еуропа
|
ТМД
|
АҚШ
|
Астана қ.
|
ҚР
|
Қарағанды қ.
|
Қағаз
|
24,7
|
20-36
|
38,0
|
25,85
|
36,0
|
36,0
|
Тамақ қалдықтары
|
37,8
|
20-38
|
25,0
|
24,60
|
13,0
|
14,0
|
Ағаш
|
-
|
1-4
|
-
|
4,35
|
4,0
|
3,0
|
Тоқыма
|
7,8
|
3-6
|
-
|
3,85
|
6,0
|
6,0
|
Сүйек
|
-
|
2,5
|
-
|
4,0
|
4,0
|
4,0
|
Металл сынықтары
|
2,8
|
2-4
|
8,0
|
4,35
|
4,0
|
4,0
|
Шыны
|
2,8
|
5-7
|
7,0
|
3,30
|
4,0
|
4,0
|
Пластик
|
8,0
|
8,9
|
8,0
|
14,75
|
9,0
|
9,0
|
Басқалары (габаритті емес заттар; химия және құрылыс қалдықтары, резеңке, шиналар және басқ.)
|
16,1
|
10-35,5
|
15,0
|
16,35–
|
24,0
|
20,0
|
Жиыны
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
01.01.2006ж. Қарағанды полигонындағы ҚТҚ жалпы көлемі 4495 мың тоннаны құрайды. Астана қаласында түзілетін ҚТҚ көлемі 500 тоннадан асады.
Достарыңызбен бөлісу: |