Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Ұстағыштар каталогына саяхат



Pdf көрінісі
бет112/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Ұстағыштар каталогына саяхат 
Қандай конус қолданылатынына және құрал ұстағыш білдектің сүмбісіне қалай 
бекітілетініне байланысты сізге бәрібір құрал ұстағыштың ішінде кесетін құралды бекіту тәсілі 
қажет болады. Дайындаманы бекіту жағдайындағыдай, оған бұрамалардың немесе 
атауыздардың, цангалық патрондардың не құралбіліктердің не болмаса, бәлкім, терең 
шұңқырларды қазу үшін жер қазу машиналарының және әрбір дүйсенбінің таңертеңгілігінде
ЕСКЕ ТҮСІРУ


117 
контейнерлерді босату үшін қоқыс жинағыш пайдаланатын гидравликалық қысымның 
көмегімен қол жеткізуге болады. Осы бөлімнің басында келтірілген жеті құрал ұстағышты 
егжей-тегжейлі қарастырып көрейік. 
.
Бүйірден берілетін соққы 
1918 жылы Карл Бергстром шиыршықты жырашығы бар ұштық фрезаны ойлап тапқан 
кезде ол көп ұзамай-ақ оның үлкен мәселесі бар екенін түсінді. Оның фрезасы болатты бұдан 
басқа мүмкіндік болмайтын секілді кесетін, бірақ оның шиыршығы үнемі кескішті ұстағыштан 
алып шығуға бейім тұратын (ол шиыршықты бұрғыларды ойлап тапқан соң осы құбылысқа тап 
болған Стивен Морзенің мысалынан сабақ алуы тиіс еді).
Көңіл-күйі түспеген Бергстром ықтимал әрекеттердің ең сәттісін жасады, ол ұштық 
фрезаның бүйірлік қабатындағы шағын жайпақ қабатты егеді, содан соң құрал ұстағышта 
түйісетін орнатушы бұрамаға арналған саңылауды бұрғылап тесті және киліктірді. Бергстром 
сол сәтте оның инновациялық ұштық фрезалардың дизайны әкелмеген танымалдықты алып 
келген қондырғыны ‒ Вельдонның ұшын ойлап тапты.
Ұштық фреза ұстағышының бұлғақ құлпына арналған Вельдон сағақтары балмұздақ 
үшін балкүлше секілді болып табылады. Оларды ұштық фрезаның шығып кетуін болдырмау 
үшін жүз жыл бойы дерлік бірге пайдаланып келді. Өкінішке орай, екеуінің де кемшіліктері бар, 
әсіресе сүмбінің анағұрлым қатты жылдамдықтарында және қатты материалдарды өңдеген 
кезде шығады. Мәселе жеңіл, орнату бұрамасының қысымы ұштық фрезаның орталықтан 
ығысуына мәжбүр етеді.
Ығысу соншалықты үлкен емес ‒ көп жағдайларда бар-жоғы «оныншы үлес» (0,0002 
дюймнен 0,0003 дюймге дейін), алайда сіз құралды минутына 10 000 айналыммен 
айналдырған кезде немесе титанды өңдеу кезінде құралдың жарамдылық мерзімін 
ұзартқыңыз келгенде әрбір миллиметрдің маңызы бар. Мұнымен қоса бұлғақ құлпының 
ұстағыштары басынан теңдестірілмеген болса. Егер сіз диаметрі 1 дюйм тез кесетін болаттан 
(ТКБ) жасалған ұштық фрезаны минутына 10 000 айналыммен айналдыратын болсаңыз, 
алайда 10 немесе 15 есе артық айналым кезінде құралдың теңдестірілмеген ұстағышы сізді 
білдекті тоқтатуға арналған үлкен қызыл батырманы шұғыл түрде басуыңызға мәжбүр ету үшін 
жеткілікті тербеліс туындатуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет