Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Жабдықтау: аспаптық болат



Pdf көрінісі
бет67/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жабдықтау: аспаптық болат 
Аспаптық болат хит-шерудің биігіне соңғы болып көтерілді. Атауы айтып тұрғандай, осы қатты 
қорытпа пластик құю қалыптары, прогрессивті қалыптаумен қалыптамалар, револьверлік 
сығымға арналған қалыптау құралдары, бұрғы және ара секілді құрал-саймандарды жасау 
үшін және өлшемі бойынша тұрақты, тозуға төзімді әрі аса қатаятын материалды қажет ететін 
барлық жерде пайдаланылады. Кез келген құрал-сайман цехына немесе бояғыш цехына 
кірсеңіз, А-2 мен О-1 туралы бәрін және аспаптық болаттың бүгінгі таңда қолданылып жүрген 
көп түрінің біреу-екеуі туралы ғана естисіз. Әрине, асаптық болаттың да нөмірленуінің бірегей 
және тура сондай нақты емес ережесі бар:
» Ауамен қатайту ( А-сыныбы) 
» D түрі ( D сыныбы) 
» Ыссы өңдеу (H-сыныбы) 
» Маймен қатайту (O сыныбы) 
» Соққыға төзімді түрлері (S сыныбы) 
» Суға төзімділік (W сыныбы) 
Сіз оларды қалай атасаңыз да, құрамындағы хромның, молибденнің, вольфрамның және 
ванадийдің салыстырмалы саны маңызды болып табылады. Осылар олардың өңделуін 
олардың айтарлықтай деңгейде анықтайтын аспаптық болаттағы басты қосындылау 
элементтері болып табылады. Міне осы, оларды өңдеу кезіндегі Сізге қиындық туғызатын 
қаттылық болып табылады.
Білдек операторы сызбалармен немесе CAD файлымен берілетін кез келген 
материалмен жұмыс жасауы тиіс болатын цехтағы көп жұмыстардан өзгешелігі ‒ құрал 
шығарушылар әдетте өз өнімдерін жобалап жасайды және қолданамын деп шешкен 
материалды таңдау еркіндігіне ие. 
Дегенмен аспаптық болатты таңдауға жататын факторлар күрделі болып табылады. Осы 
материалдардан әзірленген құралдар жаңа жеңіл машинаға қарағанда қымбатырақ тұруы 
мүмкін, ал құю қалыптамасына өте қолайлы материал суық тегеурінді құралды пайдалану 
барысында жарамсыз болып, ақыр аяғында сізден мыңдаған шығын шығаруы мүмкін. Мұндағы 
пайымдау қарапайым: қандай да бір құралға байланысты жобаға кіріспес бұрын үнемі осы 
саладағы маманмен кеңесіп алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет