Жаңақорған ауданы бойынша 2015 жылдың 6 айында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет



Дата24.02.2016
өлшемі74.83 Kb.
#15981
Жаңақорған ауданы бойынша 2015 жылдың 6 айында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Кәсіпкерлік саласы

Еліміздегідей Жаңақорған ауданында да кәсіпкерлік күнделікті өмірімізден нық орын алып, көптеген азаматтардың тіршілік көзіне айналды. Аудан халқының азық-түлік, тұрмыстық және басқа да қажеттіліктерін кәсіпкерлер толығымен қанағатандырып келеді. Әлеуметтік маңызы бар бұл салаға аудан әкімдігі тарапынан тұрақты қолдау көрсетілуде.

Атап айтар болсақ, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы аймақтық бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қысқа мерзімдік оқыту жүргізу, басым жобаларға іріктеу жасап, олардың мониторингін жүргізу, кәсіпкерлік нысандармен шарт жасау барысында аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін сақтау сияқты жұмыстар атқарылуда.

2015 жылдың 6 айында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2670, оның 134 заңды тұлғалар, 606 шаруа қожалықтары, 1930 жеке кәсіпкерлер, олардағы жұмыспен қамтылғандар саны 5530 адамға жетіп, 3203,2 млн теңгенің өнімдері (оның 1829,1 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Бюджетке түскен салық 190,5 млн теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыру бойынша кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:





Көрсеткіш

2014 ж


2015ж


2013 ж 2014 ж салыстырғанда %

1

Кәсіпкерлік нысандарының саны, бірлік

2610

2670

102,2

2

шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны, бірлік

2220

2280

102,7

3

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

5470

5530

102,0

4

Шығарылған өнім және көрсетілген қызмет, млн теңге

3000,3

3203,2

106,7

5

Бюджетке түскен салық, млн теңге

183,2

190,5

104,0

Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің территориялық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызды зор.

2015 жылдың 1 шілдесінде өңірде 448 сауда мен қызмет обьектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 сауда үйлері, 188 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 8 шағын наубайханалар, 7 кондитер цехтары, 1 сауда базары, 77 қоғамдық тамақтану орындары, 12 жанар-жағар май бекеттері, 2 автокөліктерге газ толтыру станциялары, 10 жихаз, есік-терезе цехтары, 35 ауылшаруашылығы өнімдерін күріш, бидай, мақсары өңдеу цехтары және 105 тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар жұмыс істейді.

2015 жылы 1 шілдесіне бөлшек сауда айналымы 1661,5 млн. теңге болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда индекс өсімі 89,7 пайызды құрап отыр.

Кәсіпкерлік суъектілерінде инфрақұрылымындарды дамытудағы атқарылған шаралары туралы.

Аудан орталығынан кіші кәсіпкерлікке арналған шағын индустриялдық аймақ құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аймақ орналасатын жер тегістеліп табиғи өскіндерден тазартылды. Учаскелерге бөлініп учаскеаралық жолдары салынды. Ішкі инфрақұрылымдарын (су құбыры, электр желісі) салу үшін жоба жасау жоспарлануда. Ал аймаққа кәсіпкерлік нысандарын орналастыру мақсатында а.ж. 12 желтоқсанында 24 учаскеге аукцион өткізіліп 22 учаскесі өңдеуші-өндіруші кәсіпкерлік нсандарын ашатын тұлғаларға берілді.

Бұл өз кезегінде шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға ықпал етеді. Мұнда наубайханалар, кондитер цехтары, темір және ағаш өңдеу цехтарын, түрлі шеберханалар және басқа шағын өндіріс орындарын ашуға болады. Бұл аймаққа барлығы 50-60 шағын өндірістік бағытты жұмыс істейтін нысандар орналасады.

Қазіргі таңда аудандағы кәсіпкерлік саласындағы шешімін таба алмай отырған ең өзекті мәселелердің бірі жаңа бастаған жеке кәсіпкерлердің жұмысын одан әрі дамыту үшін банктерден несие алудағы қиыншылықтар болып отыр. Оның себептері:


  • ауылдағы кепілдікпен қамсыздандырудың төмен өтімділігі;

  • микрокредиттік ұйымдардың және банктердің пайыздық ставкаларының жоғарлығы;

  • қарыз алудың күрделі процедурасы (жастың шектелуі, кірісті растау, қарыз алудың қымбат сақтандыруы, бизнес жобасын дайындау және т.б.);

  • инвестициялардың көбі ірі және күрделі жобаларға берілуі;

  • Жаңақорған ауданындағы басты тауар өндірушілер ұсақ кәсіпкерлерді құрайтындықтан, несие алу қиынға соғады.

Осы мәселені шешу үшін төмендегіше ұсыныс жасаймыз.

1.Мемлекет тарапынан бөліген қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы бермей, оны кәсіпкерлерге жеткізудің басқа тиімді жолдары арқылы беру керек.

2. Тиімді жолдардың бірі кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Қамқоршы» несие сріктестігі, жұмыспен қамту мекемелері сияқты ұйымдар арқылы несие беру деп есептейміз.

Аудан бойынша кәсіпкерлерді оқыту шаралары

Үстіміздегі жылы бөлім бойынша кәсіпкерлерді қолдауға, оқу семинарлар өткізуге 492 мың теңге қаржы бөлінген. Осы қаржыны 164 мың теңгеден үшке бөліп жылына 3 рет оқу-семинарлар өткізіледі. Оның біріншісі «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС-н бірлесіп наурыз айында «Туризм және қонақ үй бизнесі» атты оқу семинар өткізілді. Оған 25 адам қатысты. Екінші рет маусым айында «Кәсіпкерлік саласында еңбек қатынастарын реттеудің ерекшеліктері» атты оқу семинар өткізілді. Оған 25 адам қатысты.

Жаңақорған ауданы бойынша 2015 жылдың 6 айында өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Өнеркәсіп саласы
Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2014 жылдың 6 айында 16853,8 млн теңге, 2015 жылдың 6 айында 31282,9 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 2,1 есені құрады.

Өңдеу өнеркәсібін өнімдерін өндіру 2014 жылдың 6 айында 7672,8 млн теңге, 2015 жылдың 6 айында 14874,8 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 159,6 пайызды құрады.

Есепті мерзімде 393,5 мың текше метр қиыршақ тас, 36 тонна сүт, 7159 тонна күріш, 213 мың литр көкөніс шырындары, 199 мың тонна күкірт қышқылы, 45,6 млн квт/сағат электр энергиясы өндірілді.

Өнеркәсіп бойынша тұтас нәтижелерді қалыптастыруға кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Оның аудандық өндіріс көлеміндегі үлесі 50,8%.

Ауданымыз табиғи қазба байлықтары уран, әктас және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді. Кен өндіру саласында 9 мекеме жұмыс жасайды, оның 2-і шетелдіктердің қатысуымен уран өндірумен айналысуда. Ауданда 19 орта және шағын өнеркәсіп кәсіпорындары тұрақты жұмыс жасауда.
Құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарының өндірісі
Аудандағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар әртүрлі фракциялы қиыршықтас, құмды тас қоспасы, доломит т.б құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады.

Қазіргі уақытта ауданда құрылыс материалдарын мыналар шығарады:

- әртүрлі фракциялы қиыршықтас шығару бойынша «ҚазПромҚызылорда» ЖШС, «Управление автомобильных дорог» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «Шалқия–Неруд» ЖШС, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС т.б Соңғы 1-2 жылда қабырғалық құрылыс материалдарын щығару жылдам қарқын алды. Бұл күндері Жаңақорған кентінің өзінде 20- дан астам шағын цехтар жұмыс істеуде.
Химия өнеркәсібін дамыту

ҚР химиялық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында «СКЗ-У» ЖШС «Жылына 500,0 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыты» жұмыс істеуде. Құны 32,5 млрд теңге. 2015 жылдың 6 айында 3228,9 млн теңгенің өнімдері өндірілді. Зауыт толық қуатында жұмыс істеуде. Сонымен қатар 15-16 МВТ электр қуаты өндірілуде.

Индустриально-инновационное развитие.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «ҚР 2010-2014жылы үдемелі индустриальды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарлама туралы» № 958 Жарлығына сәйкес және ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Қаулысы бойынша индустриаландырудың өңірлік Картасы жасалды, ол облыс әкімінің 30.04.2010 жылғы №38 шешімімен бекітілді.

Бүгінгі күні индустриаландырудың өңірлік Картасына ауданнан 4 жоба кірді, (жалпы құны 1,747 млрд. теңге). Олар: қиыршық тас зауыттары «Казпром –Қызылорда Компаниясы» ЖШС-гі, «КДСМ Қыран» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі және томат өнімін өндіретін «Тату Агро» шаруа қожалығы. Бір жоба индустрияландырудың Республикалық Картасына енген. Ол жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін СКЗ-U ЖШС-гі, (жалпы құны 32,4 млрд. теңге)

Индустриалды – инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған «Казатомпром» АҚ-на қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм ЖШС-гі, Байкен-U ЖШС-гі, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт салып жатқан СКЗ-U ЖШС-гі, қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС, қиыршық тас өндіретін «Казпром –Қызылорда Компаниясы» ЖШС-гі, «КДСМ Қыран» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстар әкеліп отыр. Жалпы ауданның дамуында негізгі күш жоғары қосымша құны бар жоғары технологиялық өндірістерді құру арқылы ауданның минералды ресурстарды игеру базасында өңдеуші өндірістерді көтеруге салынады.



Алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ «Тау кен самурық» АҚ меншігіне өтті. Кеніштен кен өндіру және байыту фабрикасын салуға дайындық жұмыстары басталды. Мұнан басқа «Сырцементі» ЖШС-нің қуаты жылына 750 мың тонна цемент өнімін шығаратын зауытының құрылысы, «Южшахтострой» ЖШС-нің қуаты 75 мвт жел электр станциясы, «Жаңақорғанэнерджи» ЖШС-нің қуаты 50 мвт күн электр станциясы, «Global Enerjy Company» ЖШС-ң Шалқия және Жайылма елді мекендерінің аралығындағы Жанбай өңірінде салынатын қуаты 24,94 МВт жел-күн электрстанциясы инновациялық жобасы, «Астана LPS пласт» ЖШС-ң полиэтилен трубалары зауыты жобаларын іске асыру жоспарлануда. Жоба бастамашыларымен жобаны нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет