«Жаңатоған ауылының №14 жалпы білім беретін мектебі» кмм «Қызықты математика»



бет1/3
Дата20.01.2024
өлшемі0.66 Mb.
#489514
  1   2   3
қызықты математика 9 сынып



«Жаңатоған ауылының №14 жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Қызықты математика»
математикалық сайыс
9 сыныптар

Математика пәнінің мұғалімі: Киреева А.Т.


2021 – 2022 оқу жылы


«Қызықты математика»
( математикалық сайыс 9 сынып).

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.


2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.



  • 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар. Естігенін есте тұтып, Оқығанын миға тоқушылар.

  • 2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Сіз оқытқан окушылардың, сәті келді сыналар.

  • 1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар. Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

  • 2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық, Кешімізді біз бастайық, Әділ бағаға қалтасы толы, Әділқазыларды шақырайық.

  • 1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

  • 2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады. Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

  • Әр команданы ортаға шақырып, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

Математикалық сайыс 9 турдан тұрады.
1 тур . Ой сергіту.
Әр команда кезек-кезек сұрақтарға тез мүдірместен жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Кедергі келтіруге жауабын айтуға болмайды . Әр топтың тәртібіне қарай ұпай саны алынып отырады.
1. Барлық қабырғалардың қосындысы? (Периметр)
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3.Ең кіші натурал сан? (1)
4. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)
5.-100 ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы? (0)
6. 20 минут 1 сағаттың неше бөлігі? (1/3)
7. Қандай 3 санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бірдей болады? (1,2,3)
8.Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)

    1. теңгенің 10 проценті ? (10 теңге)

10. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
11. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
12. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
13.Төртбұрыштың қарсы бұрыштарын қосатын түзу? (диагональ)
14.8 ұлда неше саусақ бар ? (80)
15.Бірінші әйел-математик (Софья Ковалевская)
16.Ең үлкен теріс сан (-1)
17.Дәлелдеуді қажет ететін анықтама? (теорема)
18.100 –ді жартысына бөлсек ,неше? (2)
19) Ең кіші жай сан (2)
20) 4 санының кубы (64)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет