2 Су пайдалану нысандарының құрылыс технологиясы;
2.1 Желіде қажет ғимараттардың белгіленуі мен қолдану аймағы
Су әкеу желілерінде негізгі ғимараттардың келесі тізімі қолданылады:
1 Бақылау құдықтар (камералар, ұңғымалар) – су әкету жүйесінің негізгі құрылым элементінің бірі. Олар желідегі құбырлардың бұрылу, қосылу, диаметрі мен ылдилғының өзгеру жерлерінде және ҚР ҚН-да белгіленген тура сызықты ара қашықтықтарда орантылады. Олар сызықтық, түйінделген, бұрылма, бақылау түрлеріне бөлініп профилактикалық шаралар мен жөндеу жұмыстары кезінде бақылау мақсатында қолданылады;
2 Құлама құдықтар – әр түрлі тереңдікте жатқан құбыр желілерін түйіндестіруге арналған құрылымдар;
3 Дюкерлер мен арынсыз өтпелер – өзендер, аңғарлар немесе басқа инженерлік құрылымдардың қиылысында орналасатын өтпелер;
4 Нөсерағарлар мен бөлу камералар – жалпы және жартылай бөлінген желілерде орналасқан жаңбыр суының жартысын суатқа тастайтын құрылымдар;
5 Реттеуші резервуарлар – шыңдық шығындарды тегістеу үшін арналған сыйымдылықтар;
6 Төккі бекеттер мен пункттар – канализациясы жоқ аудандардан сұйық қалдықтарды ассенизациялы көлікпен тасымалдау арқылы қабылдау орындары;
7 Сорап станциялары – сұйықты геодезиялық белгісі жоғары жерлерге айдау;
8 Суатқа тасталу – сарқынды суларды суатқа тастау орындары. Кейбір жағдайларда суат түрінде арнайы қар еріткіштер, қар тастау құдықтар сияқты құрылымдар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |