"Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтiп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы



бет1/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4
"Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтiп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010 жылғы 25 қазандағы № 834 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылы 28 қазанда N 6598 тiркелдi



      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1), 3), 8), 14), 17), 28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтiп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) «Оқушыларға жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi № 570 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 9 қыркүйекте № 2478 болып тiркелген, «Ресми газет» газетiнде 2003 жылғы 1 қарашада № 44 (148) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi «Оқушыларға жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы» № 570 бұйрығына өзгерiспен және толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 7 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 19 ақпанда № 5144 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2008 жылғы 10 маусымда № 6 жарияланған);
      3) «Оқушыларға жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi № 570 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 22 маусымдағы № 463 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 29 маусымда № 6311 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы


      Денсаулық сақтау министрiнiң
      мiндетiн атқарушы                                Б. Садықов

      «Келiсiлген»


      Қазақстан Республикасының
      Бiлiм және ғылым министрi
      Б.Т. Жұмағұлов
      2010 жылғы 25 қазан

      «Келiсiлген»


      Қазақстан Республикасының
      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық iстерi агенттiгi
      С.К. Нокин
      2010 жылғы 25 қазан

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрi
мiндетiн атқарушының   
2010 жылғы 25 қазандағы 
№ 834 бұйрығымен бекiтiлген

«Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтiп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитариялық ереже (бұдан әрi – санитариялық ереже) бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi – жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдар) орналасуына, жер учаскесiне, ғимаратына, үй-жайларының жабдықталуына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режимiне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, сумен жабдықтауға және кәрiзге, оқу-тәрбие процесiне, оқушылар мен тәрбиеленушiлерге медициналық көмек көрсетудi және оларды гигиеналық тәрбиелеудi ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.


      2. Осы санитариялық ереже қызметi бiлiм беру ұйымдарында жалпы бiлiм беру бағдарламасын iске асырумен байланысты меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.
      3. Қызметi жалпы бiлiм беру және интернаттық қызметтермен байланысты ұйымдардың бiрiншi басшылары және жеке тұлғалар осы санитариялық ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi.
      4. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) жалпы бiлiм беретiн ұйымдар (мектеп, лицей, гимназия) - адамның қоғамның, табиғаттың құбылыстарын түсiнуiне және қоғамдық және еңбек қызметiне қатысуға қажеттi, кәсiби бiлiм алуға негiз болып табылатын, бiлiмге мемлекеттiк кепiлдi құқықты қамтамасыз ететiн жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң оқу орындары;
      2) жалпы бiлiм беретiн мектеп – бастауыш, негiзгi орта және жоғарғы орта бiлiм берудiң жаппай бiлiм беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
      3) гимназия – бастауыш, негiзгi орта және оқушылардың бейiмдерi мен қабiлеттерiне сәйкес гуманитарлық салалар бойынша жалпы орта бiлiм берудiң жаппай бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
      4) лицей - оқушылардың бейiмдерi мен қабiлеттерiне сәйкес тереңдетiп, профильдi, саралап оқытуды көздейтiн негiзгi және қосымша жаппай бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
      5) интернаттық ұйымдар – тұратын орын бере отырып азаматтардың белгiлi бiр санаттарының бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру ұйымдары;
      6) шағын комплектiлi мектеп – оқушылар контингентi аз, бiрiктiрiлген сынып комплектiлерi және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше түрi бар орта бiлiм беретiн мектеп;
      7) мектеп алдындағы сыныптар - жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бес, алты жастағы балаларға арналған, оларда мiндеттi түрде бiр жылдық тегiн мектеп алдындағы дайындық өткiзiледi;
      8) сыныптардың толықтырылуы - бұл оқу сыныбының үй-жайының көлемiне қатысты сыныптағы оқушылар саны;
      9) оқу жүктемесi - академиялық сағатпен есептелетiн, әр жас тобы үшiн оқу-тәрбие процесi кезiнде оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң сабақпен қамтылуының нормаланған жиынтығы;
      10) оқу құралы - тиiстi оқу бағдарламасының белгiлi бiр пәнi бойынша материалы мазмұндалатын оқушылар мен тәрбиеленушiлерге арналған әдебиет;
      11) күн режимi – оқушыларға арналып белгiленген күн тәртiбi;
      12) рекреакция - үзiлiс кезiнде және сабақтан бос уақытта оқушылардың дем алуына және күшiн қалпына келтiруге арналған үй-жай;
      13) климаттық аймақ - климаттық белгiлер бойынша бөлiнетiн аумақ
      14) септик - тұрмыстық аздаған ағынды суларды тазартуға арналған құрылғы. Ағынды сұйықтық өтетiн, бiр немесе бiрнеше камерадан тұратын көлденең типтегi жерасты тұндырғыш;
      15) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрi - САҚ) – жер бетiндегi бөлiгi мен қазылған оры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрi - м) қашықтықта, ғимараттың сыртында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана;
      16) дезинфекциялық құралдар - қоршаған орта объектiлерiнде инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жоюға пайдаланылатын химиялық заттар.

2. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың орналасуына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      5. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың ғимараттары жеке жер учаскелерiнде орналасады.


      Мектептердi бейiмделген ғимараттарға орналастыру кезiнде үй-жайлар жиыны, олардың аудандары жалпы бiлiм беретiн ұйымның түрiне, оқушылардың санына және жасына, сынып санына қарай тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша осы санитариялық ереженiң талаптарына сәйкес айқындалады.
      6. Тиiстi бiлiм беру ұйымы жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын оқушыларға көлiктiк қызмет көрсетiлуге тиiстi.
      Оқушыларды жеткiзу балаларды тасымалдауға арналған көлiкпен жүзеге асырылады.
      7. 15 км асатын қашықтықта тұратын оқушылар үшiн, сондай-ақ көлiкпен жүру мүмкiндiгi жоқ болғанда мектеп жанындағы интернат қарастырылады.
      8. Мектеп алдындағы сыныптар мектеп ғимаратының екiншi қабатынан жоғары орналастырылмайды. Балалармен сабақ осы мақсатта бөлiнген үй-жайларда (сынып, топ бөлмесi) жүргiзiледi.

3. Жер учаскесiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      9. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың ұйымның ғимаратынан қызыл сызыққа дейiн қашықтығы кемiнде 25 м, ауылдық елдi мекендерде кемiнде 10 м болатын жеке жер учаскесi болады. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың аумағында қызметi ұйыммен байланысты емес объектiлердi орналастыруға жол берiлмейдi.


      Мектеп учаскесiн өнеркәсiптiк объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймағына орналастыруға жол берiлмейдi.
      10. Учаскенiң аумағы кемiнде 1,5 м биiктiкте қоршалады. Аумаққа улы жемiстерi, сондай-ақ гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызу ұсынылмайды.
      11. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың аумағында мынадай аймақтар бөлiнедi: оқу аймағы, дене шынықтыру-спорт аймағы, демалыс аймағы, шаруашылық аймағы.
      Шаруашылық аймағы ас блогының өндiрiстiк үй-жайларына кiретiн жақта орналасады және көшеден көлiк кiретiн жолы болады.
      12. Учаскенiң аумағында жаңбырдың суы мен ерiген қардың суын ағызу қарастырылады.
      Жер учаскелерiнде гараждар мен автомобиль саны мынадай ашық тұрақтарға дейiн мынадай қашықтық болады:
      10 машинаға дейiн және одан аз - 15 м;
      10-нан бастап 100 машинаға дейiн - 25 м;
      100 машинадан артық - 50 м.
      13. Мектеп-интернаттар бiр немесе бiрнеше жеке орналасқан, өзара жылы өтпелермен жалғасқан ғимараттарда орналасады. Төртiншi климаттық аймақта өтпе құрылғысын қарастырмауға жол берiледi.
      14. Шаруашылық аймағында орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәрiз, жылыту жүйелерi болмаған жағдайда қазандық, сукернеуiш багы мен септигi бар сорғы қарастырылады.
      Учаскеге кiретiн және көлiк келетiн жолдар, шаруашылық құрылыстарына, қоқыс жинайтын алаңдарға, САҚ-ға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен және басқа да қатты жабынмен жабылады.
      Қоқыс жинағыштар ғимараттан кемiнде 25 м қашықтықтағы бетондалған алаңда орналасады.
      15. Ғимараттың сыртқы жарықтандыру арматурасы жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың аумағына бiркелкi шашыраңқы жарықты қамтамасыз етедi.

4. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың ғимаратына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      16. Ғимаратты жобалау кезiнде жобалауға арналған тапсырмамен халықтың аз қозғалатын топтары үшiн қол жетiмдiлiк қарастырылады және пандустар орнатылады.


      17. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардағы балалардың саны жобалық сыйымдылықтан аспауы тиiс.
      18. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарды бейiмделген ғимараттарда орналастырған жағдайда үй-жайлар жиыны, олардың аудандары осы санитариялық ереженiң талаптарына сәйкес тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiледi.
      19. Киiм iлетiн орындар бiрiншi және цоколды қабаттарда орналастырылады.
      20. Мектеп алдындағы және бастауыш сынып оқушылары мен тәрбиеленушiлерi әрбiр сыныпқа бекiтiлген оқу үй-жайларында оқытылады.
      21. Сыныптардың толықтырылуы аз болғанда оқу кабинеттерiн екi пәнге пайдалануға жол берiледi.
      Оқу сыныптарын шу немесе иiс көздерi болып табылатын шеберханаларға, спорт және мәжiлiс залдарына, ас блогына жақын орналастыруға жол берiлмейдi.
      22. Оқу үй-жайларында мыналар: мұғалiмге және балаларға арналған жұмыс аймағы, оқу-көрнекi құралдарын және оқытуға арналған техникалық құралдарды орналастыруға арналған қосымша кеңiстiк белгiленедi.
      23. Кабинеттердiң ауданы бiр оқушыға немесе бiр тәрбиеленушiге 2,5 шаршы метр (бұдан әрi - м2) есебiнен қабылданады.
      24. Интернаттардағы жатын бөлмелер 1-4 сынып оқушылары үшiн сыйымдылығы 4-6 орынды және 5-11 сынып оқушылары үшiн 2-4 орынды болып жобаланады. Мектеп-интернаттардағы ойын алаңдары 1 оқушыға 2 м2 есебiнен қабылданады, мектеп интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттардағы жатын бөлмелердiң аудандары бiр жататын орынға 4 м2 есебiнен қабылданады.
      25. Жалпы бiлiм беретiн ұйымдарда үй-жайлар жиыны бар спорт зал қарастырылады.
      Өзiнiң спорт залы болмаған жағдайда дене шынықтыру сабақтары мектепке жақын орналасқан спорт құрылысында ұйымдастырылады және ойын бөлмесiн, гимнастика залын, мектептiң рекреациясын пайдалануға жол берiледi.
      26. Медициналық пункттiң үй-жайлар жиынына ауданы кемiнде 18 м2дәрiгер кабинетi (медицина бөлмесi), ауданы кемiнде 14 м2 емшара кабинетi, сондай-ақ интернаттық ұйымдар үшiн ауданы кемiнде 12 м2 изолятор палатасы кiредi.
      Емшара кабинетiнде профилактикалық егулер жүргiзуге жол берiледi. Медициналық процедуралар мен профилактикалық егулердi бiр мезетте жүргiзуге жол берiлмейдi.
      Медициналық пункттiң толық үй-жайлар жиыны болмаған жағдайда ауданы кемiнде 12 м2 бөлме жабдықталады. Жарақтандыру және жабдықтау, медициналық кабинеттердiң медициналық құжаттамасының тiзбесiн жүргiзу осы санитариялық ереженiң талаптарына сәйкес тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiледi.
      Мектептiң медициналық пунктiнiң үй-жайында орталықтанған сумен жабдықтау жүйесi болмаған жағдайда су құйылатын қол жуғыштар орнатылады.
      27. Оқу корпусының әрбiр қабатында ер балалар мен қыздарға арналған тиегi жоқ есiгi бар жеке кабиналар түрiндегi санитариялық тораптар орнатылады. Санитариялық құралдар саны 30 қызға бiр унитаз және 1 қол жуғыш; 30 ер балаға 1 унитаз, 0,5 писсуар лотоктары және 1 қол жуғыш есебiнен қабылданады. Педагогикалық персонал үшiн жеке санитариялық торап бөлiнедi.
      28. Жалпы бiлiм беретiн, интернаттық ұйымдардың ғимараттарында мынадай үй-жайлар: жинау мүкәммалын сақтауға және өңдеуге, дезинфекциялық ерiтiндiлердi дайындауға арналған табандықтармен жабдықталған және су келтiрiлген үй-жайлар қарастырылады.
      29. Мектеп алдындағы, бастауыш сыныптардың, зертханалардың, шеберханалардың үй-жайларында, медициналық пункттiң үй-жайларында қол жуғыштар орнатылады.
      30. Мектептер мен интернаттардың үй-жайларын оқу-тәрбие процесiмен байланысы жоқ мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ оқу процесi кезiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
      31. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың едендерi мен оның жабындары саңылаусыз және бүтiндiгi бұзылмаған болуы тиiс. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдар үй-жайларының едендерiне бетi тайғақ емес материалдар төселедi.

5. Жалпы бiлiм беретiн, интернаттық ұйымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      32. Ас блогының құрылымы, оны жабдықтау және күтiп-ұстау «Қоғамдық тамақтану объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы № 656 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6483 болып тiркелген)  сәйкес қабылданады.


      Мектепте асхана болмаған жағдайда шикiзат дайындауға, тамақ әзiрлеуге және дайын өнiмдi таратуға арналған аймақ бөле отырып, қысқартылған үй-жай жиыны пайдаланылады. Ас үй ауданы кемiнде 9,0 м2 болатын үй-жайда жабдықталады.
      Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақ әзiрлеу ағындылығын есепке ала отырып жүзеге асырады.
      33. Мектеп алдындағы сыныптарда балалар төрт сағаттан артық болған кезде оларды тамақтандыру ұйымдастырылады.
      34. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде ұзартылған күн тобындағы балалар үшiн екi мезгiл және қалған балалар үшiн таңертеңгi ыстық тамақтандыру ұйымдастырылады.
      Мектеп-интернаттарда «Мұқтаж азаматтарға олардың бiлiм алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысының 4, 5, 7-қосымшаларына және осы санитариялық ережеге  1-қосымшаға сәйкес төрт мезгiлдiк тамақтандыру ұйымдастырылады.
      Тамақтандыруды ұйымдастырған кезде:
      1) тамақ өнiмдерiнiң орташа тәулiктiк жиыны, оның iшiнде тағамдар мен сусындарды пайдалануға қолданылатын, дайын тағамдар шығымдарының нормаланған көлемдерi, белоктарды, майларды тұтынудың ұсынылатын шамалары, өте тез бұзылатын өнiмдердi сақтау және сату мерзiмдерi осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 1, 2, 3 және 4-кестелерiне сәйкес қабылданады;
      2) тамақ өнiмдерiнiң кейбiр түрлерiн ауыстыру осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 5 және 6-кестелерiне сәйкес негiзгi тағамдық заттары бойынша өнiмдердi ауыстыру кестесiне сәйкес жүргiзiледi;
      3) әкелiнген тамақ өнiмдерiне (шикiзат және жартылай фабрикаттар) олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын құжаттар iлесе жүредi (сертификаттар, анықтамалар, қорытындылар). Сақтау мерзiмi өткен және бүлiнген белгiлерi бар, iлеспе құжаттары жоқ тамақ өнiмдерiн қабылдауға жол берiлмейдi;
      4) өте тез бұзылатын тамақ өнiмдерiн тоңазыту камераларында немесе 2-60С температурада тоңазытқыштарда сақтайды. Тоңазытқыштар мен тоңазыту камераларындағы температураны бақылау үшiн термометрлер орнатылады. Бiр тоңазыту камерасы болған кезде еттi, балықты және сүт өнiмдерiн сақтау орындары шектеледi;
      5) балалардың тамағы үшiн мыналарды:
      пастерленбеген сүттi, жылумен өңделмеген сүзбе мен қаймақты, қолдан дайындалған айранды, тартылған ет қосылған макаронды, ет салынған құймақтарды, сiлiкпенi, окрошканы, паштеттердi, құйма тағамдарды, қолдан дайындалған морстар мен сусындарды, крем өнiмдерiн, фритюрде қуырылған самсаны және бауырсақтарды, үйде дайындалған консервiлер мен компоттарды, шала пiсiрiлген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды, газдалған және алкогольсiз энергетикалық сусындарды (минералды және ауыз суды қоспағанда), чипсiлердi, кептiрiлген нандарды, гамбургерлердi, хот-догтарды дайындауға және пайдалануға жол берiлмейдi;
      6) сағыздарды сатуға жол берiлмейдi;
      7) оқушыларды тамақтандыру мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органымен келiсiлген екi апталық ас мәзiрi және буфет өнiмдерiнiң ассортименттiк тiзбесi негiзiнде жүзеге асырылады. Тағамдарды 2 күн қатарынан қайталауға жол берiлмейдi.
      35. Тамақтандыру шикiзатпен немесе жартылай дайындалған тағаммен жұмыс iстейтiн асханада және буфетте ұйымдастырылады.
      36. Асханаларда 20 отыратын орынға бiр кран есебiнен қол жуғыштар орнатылады.

6. Жалпы бiлiм беретiн, интернаттық ұйымдардың үй-жайларын жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Мақсатына байланысты оқу үй-жайлары жиһазбен жабдықталады.


      38. Әрбiр оқушы бойына сәйкес, көру және есту жағдайына байланысты партада немесе үстелде жұмыс орнымен қамтамасыз етiледi. Жиһаздың өлшемдерi мен оны таңбалау осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады. Орындықтардың орнына табуреткалар немесе скамейкалар пайдалануға жол берiлмейдi.
      Көру мен есту ақауы бар балаларға арналған парталар номерлерiне қарамастан бiрiншi қатарға қойылады. Көру қабiлетi төмен оқушылардың партасы терезе жақтағы бiрiншi қатарда орналасады. Жiтi респираторлық аурулармен, баспамен, суық тиiп жиi ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алысқа отырғызған жөн.
      39. Оқу үй-жайларын жабдықтаған кезде мынадай өлшемдер сақталады:
      1) екi орындықты үстелдер қатарларының арасы – кемiнде 60 сантиметр (бұдан әрi - см);
      2) үстел қатарларының, сыртқы және iшкi ұзына бойғы қабырғалардың арасы – кемiнде 50 см;
      3) соңғы үстелден қабырғаға (аралық қабырғаға) дейiн: сынып тақтасына қарама-қарсы кемiнде 70 см, сыртқы болып табылатын артқы қабырғадан кемiнде 100 см;
      4) демонстрациялық үстелден оқу тақтасына дейiн – кемiнде 100 см;
      5) бiрiншi партадан оқу тақтасына дейiн - 2,4-2,7 м;
      6) соңғы партадағы оқушы орнының оқу тақтасынан ең көп қашықтығы - 8,6 м;
      7) оқу тақтасының төменгi жиегiнiң еденнен биiктiгi - 80-90 см;
      8) тақтаның көру бұрышы мектептегi орта және жоғарғы сынып оқушылары үшiн кемiнде 35 градус және 6-7 жастағы оқушылар үшiн кемiнде 45 градус болуы тиiс.
      40. Физика және химия кабинеттерi мыналармен жабдықталады:
      1) подиумда орналасқан демонстрациялық үстелдермен;
      2) электр қуаты (физика кабинетiнде), су, кәрiз (химия кабинетiнде) келтiрiлген оқушыларға арналған екi орынға арналған зертханалық үстелдермен;
      Химия кабинетiнде мұғалiм үстелiнiң жанына сыртқы қабырғада орналасқан сору шкафтары жабдықталады.
      41. Интернаттық ұйымдарда төсектердi орналастырған кезде мынадай арақашықтықтар сақталады: төсектердiң ұзын жақтары арасында – 50 см, бас жақтарының арасы – 20 см, төсектердiң жеке қатарлары арасындағы өтетiн жолдар – 100 см, төсек пен сыртқы қабырға арасы – 60 см.
      42. Әрбiр жатын секцияда немесе оқу-тұрғын блоктарда су келтiрiлген су тарату крандары қарастырылады және жинау мүкәммалын сақтауға арналған орын бөлiнедi.
      Су құбыры болмаған жағдайда су құйылатын қол жуғыштар жабдықталады.
      43. Жоғарғы сыныптардың қыздарына арналған дәретханаларда кабиналардың есiгi болады. Мектеп алдындағы және бастауыш сыныптары секцияларындағы дәретханалар балаларға арналған унитаздармен жабдықталады. Интернаттарда қыздардың жеке бас гигиенасына арналған бөлмелер суы жоғары көтерiлетiн себезгiмен, қол жуғышпен, тумбамен және киiм iлгiшпен жабдықталады. Жалпы бiлiм беретiн ұйымдар үшiн санитариялық құралдарға мұқтаждық осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға сәйкес қабылданады.

7. Ауа-жылу режимiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      44. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарда жылу, желдету, ауаны баптау қарастырылады.


      45. Мына үй-жайлар (үй-жайлар топтары) үшiн: сынып бөлмелерi мен оқу кабинеттерi, зертханалар, бассейндер, тирлер, асханалар, медициналық пункт үй-жайлары, санитариялық тораптар, жинау мүкәммалын өңдеуге және сақтауға арналған үй-жайлар үшiн сору желдеткiшiнiң бөлек жүйелерiн қарастырған дұрыс.
      Асбесттi цементтен жасалған ауа өткiзгiштердi қолдануға жол берiлмейдi.
      46. Орталықтанған жылытуы жоқ мектептерде және интернаттық ұйымдарда пешпен жылытуға жол берiледi. От жағу кiретiн есiгi бөлек оқшауланған үй-жайда жүргiзiледi.
      47. Оқу үй-жайлары үзiлiс кезiнде, рекреациялар сабақ кезiнде желдетiледi. Сабақ басталар бұрын және олар аяқталған соң оқу үй-жайларды фрамугалар мен терезе желкөздерi арқылы өтпе желмен жүзеге асырылады.
      Дене шынықтыру сабақтары желдетiлетiн залдарда жүргiзiледi.
      48. Ауаның температурасы:
      1) жатын үй-жайларда, оқу кабинеттерiнде, зертханаларда, кiтапханаларда, мәжiлiс залында, компьютер сыныптарында плюс 18-220С;
      2) оқу шеберханаларында, спорт зал мен секциялық сабақтарды жүргiзуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюльде және гардеробта плюс 15-170С;
      3) спорт залдың шешiнетiн бөлмесiнде плюс 19-230С;
      4) дәрiгерлер кабинеттерiнде плюс 21-230С құрайды.
      49. Станоктар мен механизмдердегi жұмыс көп мөлшерде жылу мен шаңның бөлiнуiмен байланысты болатын мектептiң оқу-өндiрiстiк шеберханалары механикалық сорып шығару желдеткiшiмен жабдықталады. Станоктар мен механизмдер тиiстi қорғаныш құралдарымен жабдықталады.
      50. Сору желдеткiшiнiң торларын ай сайын шаңнан тазартқан дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет