№1 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Жер Аспан әлемінде (1сағ).
Сұрақтар:
Астрономдар Әлемнің пайда болуын қалай түсіндіреді? Күн мен Жерге қанша уақыт?
Ай және күн тұтылудың болуы немен байланысты? Неге тұтылу әр ай сайын болып тұрмайды?
Тапсырма:
«Күн жүйесі ғаламшарларының сипаттамасы» кестесін және оқулықты пайдаланып Жер мен басқа бір ғаламшарға (студенттің таңдауы бойынша) салыстырмалы түрде келесі формада сипаттама беріңдер:
1 кесте.Жердің және ғаламшардың салыстырмалы сипаттамсы
Астрономиялық сипаттамалар
|
Жер
|
Ғаламшар
|
1. Экватор диаметрі
|
|
|
2.Массасы
|
|
|
3. Тығыздығы
|
|
|
4. Күннен ара қашықтығы:
орташа
минимальді
максимальді
|
|
|
5. Орбита бойынша айналу периоды
|
|
|
6. Өз осінен айналу периоды
|
|
|
7. Беткі қабатының температурасы
|
|
|
Кітаптағы «Айдың фазалары» суретін дәптерге түсіріп, неге Ай Жерге үнемі бір жағымен қарап тұрады?
Осы тапсырма бойынша тест дайындау.
Сөздік жұмыс
Методикалық нұсқаулар: Әлемнің пайда болуы туралы гипотезаларды талқылау, Күн мен жердің жасын көрсету, Ай және Күннің тұтылуын түсіндіріп, Айдың фазаларын салып алып оны түсіндіру және оқулық материалдарымен берілген кестені пайдалана отырып кестені толтыр.
№2 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Атмосфера географиялық қабықтың құрам-бөлігі ретінде (3сағ.).
Материалдар мен құралдар: географиялық атлас, дүние жүзінің кескін картасы, миллиметрлік қағаз, түрлі – түсті қарындаш.
Сұрақтар:
Оқулық мәтінін пайдалана отырып келесі сұрақтарға жауап бер:
Атмосфера дегеніміз не?
Ол қандай заттардан тұрады?
Атмосфераның мөлшері қандай?
Атмосфераның құрлысы қандай?
Онда қандай табиғат құбылыстары болады?
Атмосфера қабаттарының негізгі ерекшеліктерін көрсет және олардың сипаттамасын бер?
Атмосфера қалай жылынады? Оның жылынуында не басты рол атқарады: күн радиациясы немесе жылуы, жер бетінен түсетін жылу.
Жер бетіндегі ауа температурасының әркелкі таралуын анықтайтын факторлардың рөлін нақты бір мысалмен көрсет:
А) Ауа температурасының географиялық ендік пен күн радиациясына тәуелділігі
Б) Құрлық пен мұхиттың жылу режимі (әр түрлі жылу сиымдылық пен жылу өткізгіштік, жылыну тереңдігі)
В) Мұхиттарда ағыстардың әсері ( суық және жылы), материктерде рельефтің және т.б ықпалы
Г) Төсеніш қабаттың атмосфера циркуляциясына әсері
2 кесте.Максимальді ылғал ұстау мөлшерінің ауа температурасына тәуелділігі
Температура, ºС
|
-20
|
-15
|
-10
|
-5
|
0
|
+5
|
+10
|
+15
|
+20
|
+25
|
+30
|
Максимальді ылғал ұстау, г/м3
|
1,1
|
1,6
|
2,4
|
3,4
|
4,9
|
6,8
|
9,4
|
12,8
|
17,3
|
23,1
|
30,0
|
3 кесте.
Ендік, градустар
|
0
|
15
|
25
|
35
|
45
|
55
|
65
|
Ауаның абсалюттік ылғалдылығы г/м3
|
25,3
|
22,9
|
18,4
|
12,9
|
9,3
|
6,5
|
4,1
|
Тапсырма:
1. Жоғарыдағы кесте мәліметтерін талдап, жауап беріңдер:
А) абсолюттік ылғалдылығы 1,6 г/м3, 9,4 г/м3 ауа қандай температурада қанығады?
Б) ауаның абсолюттік ылғалдылығы 12,8 г/м3 , 30,0 г/м3. Оның салыстырмалы ылғалдылығы қандай температурада 100% тең болады?
2. 3-кесте мәліметтерін талда. Солтүстік жарты шар қоңыржай белдеуіндегі ауаның абсолюттік ылғалдылының таралу сипаттамасын түсіндір.
3. Ауа 100м абсолюттік биіктіктен 2100м дейін көтерілді. Ауа температурасы +200С, абсолюттік ылғалдылығы 9,4г/м3. Анықтау керек: а) бастапқы нүктедегі максимальды ылғал ұстауын және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын.
б) қандай биіктікте ауа қанығады?
в) 2100м биіктікте оның температурасы, абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы қандай болады?
4. Ауа температурасы +150С және абсолюттік ылғалдылығы 6,8г/м3, ауа жоғары көтерілді. Оның конденсация шекарасының биіктігін анықтаңдар.
5. Ауа температурасы +300С, абсолюттік ылғалдылығы 9,4г/м3, ауа биіктігі 1000м жота арқылы өтті. Егер жоғары көтерілу теңіз деңгейінен 0 метрден басталса, онда ол конденсация шекарасына жетеме?
6. Шешуші сөздер
1 км көтерілген сайын температура 60С төмендейді
Қалыпты атмосфералық қысым 760мм с.б
Қысым әрбір 10-10,5 метрге көтерілген сайын 1мм –ге кемиді
1м3 ауа = 1,3 кг ауаға
1-есеп. Жер бетіндегі ауа температурасы 200С болғанда, 3 км биіктіктегі ұшақ бортының сыртындағы ауа температурасы нешеге тең?
2-есеп. Шахтаның тереңдігі 200м, жер бетінде атмосфералық қысым 752 мм с.б. Терең шахтада атмосфералық қысым қанша?
3-есеп. Мектептің ойын сауық бөлмесінің ұзындығы 12м, ені 5м, биіктігі 3м болғанда, бөлмедегі ауа массасы нешеге тең болады?
4-есеп. Африкадағы Климанджаро тауының басында мұздық, қар бола ма? Егер таудың етегінде +250С температура болса.
Табу керек:
А) Климанджаро тауының абсолюттік биіктігін?
Ә) Температура неше рет төмендейді?
Б) Биіктеген сайын ауа температурасы неше градус төмендейді?
В) Тау шыңындағы ауа температурасы қанша болады?
Осы тақырап бойынша тест дайындау.
Сөздік жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |