Жалпы паразитология пәнінен ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



Дата27.06.2016
өлшемі273 Kb.
#161888

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Биология және экология кафедрасы

5В060700 - Биология мамандығының студенттеріне арналған



Жалпы паразитология пәнінен
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)



Павлодар

Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

______________ Ахметов Қ.Қ.

2012 ж. «___»____________


Құрастырушы: оқытушы Утенова Г.М. _______________
Биология және экология кафедрасы
5В060700 - Биология мамандығының студенттеріне арналған

Жалпы паразитология пәнінен
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________2012 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
2012 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ Жумадина Ш.М. 2012 ж. «____» ________
Химиялық технология және жаратылыстану факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2012 ж. «__»______ №_ хаттама
ОӘК төрағасы _______________________ Р.Ж.Нургожин

1 Оқытушылар туралы мәліметтер жэне байланысу ақпараттары

Химииялық технология және жаратылыстану факультеті

Биология және экология кафедрасы

оқытушы Утенова Гүлнұр Мағауияновна

Тел. (8-7182) 67-36-85 (ішкі.1257)

Қабылдау сағаттары сәрсенбі – сағат 1500 -1600 № ауд.358



2 Пән туралы мәлiметтер: Пән 4 семестрде оқытылады, оқытылу мерзімі 15 апта. Пәннің жалпы еңбек ауқымдылығы 180 сағат, оның ішінде 75 сағат аудиторияда жүргізіледі және 105 сағат студенттердің өздік жұмыстарына берілген. Сабақ түрі бойынша аудиторияда өткізілетін уақыт күнтізбелік жоспарда берілген.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік

жұмысының сағат

саны


Бақылау түрлері

барлығы

Дәріс

Практикалық

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

4

4

180

22,5

22,5

30

-

-

105

30

Емтихан


4 Пәнді оқытудың мақсаты: тоғышар жануарлардың морфологиясы, анатомиясы, экологиясы саласындағы адамның шаруашылық әрекетіндегі жануарлардың тәжірибелік мәнін ескере отырып, болашақ маманның ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қажетті білімге, машықтарға үйрету; паразитологиялық зерттеулердің кейбір қазіргі заманғы әдістерімен таныстыру болып табылады.

5 Міндеті: паразитизмнің әмбебап табиғи құбылыс ретіндегі мәні туралы жаңа білім алу, паразитологиялық зерттеулердің тәжірибелік әдістемелерін, гельминтологиялық материалды сақтау әдістерін, коллекциялар ұйымдастыруды, тоғышарлардың даму айналымы туралы білім мысалында, инвазиялық материалмен жұмыс істеудегі гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу, өз денсаулығына мұқият қарауды меңгерту.
Пәнді игеру нәтижесінде студент:

  • «тоғышарлық» ұғымы және оған жақын құбылыстардың анықтамасы және тарихы;

  • тоғышарлықтың шығу тегі, тоғышар ағзалардың бейімделулік эволюциясының жолдары;

  • тоғышар ағзалардың көптүрлілігі және олардың жануар әлемінің негізгі таксондарында таралуы туралы білулері тиіс.

Пәнді оқу барысында:



  • оқыған материалды талдап, синтездеуді;

  • тоғышар жануарлардың кез келген топтарына тән морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін таба білуді;

  • экологиялық және эволюциялық құбылыстардың себеп салдарлық байланыстарын түсіндіру, тоғышар жануарларды анықтау үшін анықтағышты қолдануды;

  • материалды жинау, камеральды өңдеу әдістерін, жарып тексеруді, препараттарды бекітуді істей білулері тиіс.

6 Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, омыртқасыздар зоологиясы.
7 Постреквизиттер: зоологиядан үлкен практикум, медициналық энтомология, дипломдық жұмысты жазу.
8 Тақырыптық жоспар




п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттардың саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

Кіріспе. Жалпы паразитологияның биологиялық негіздері

1,5

1,5




10

2

Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім


3

1,5




13

3

Инвазиялық аурулармен күрес шаралары


3

1,5




13

4

Жалпы гельминтология

3

3




13

5

Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама

3

3

8

14

6

Нематодтар және нематодоздар

3

3

8

14

7

Ветеринариялық протозоология. Жалпы протозоология


3

3,5

8

14

8

Арахнология және энтомология

3

3

8

14

БАРЛЫҒЫ:

22,5

22,5

30

105



9 Дәрістің тақырыптық мазмұны


1 тақырып. Кіріспе. Жалпы паразитологияның биологиялық негіздері.

Паразитологияның сабақтас пәндермен байланысы және қысқаша даму тарихы. Паразитологияның Қазақстанда дамуы. Паразитологияның биологиялық негіздері. Табиғатта өзара қарым-қатынастарының түрлері. Тоғышар формалары. Тоғышарлардын жануарлар әлемінде таралуы.



2 тақырып. Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім.

Инвазиялық аурулардың номенклатурасы. Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы. Инвазиялық аурулардың эпизоотологиясы. Паразитоценоздар мен ассоциативтік аурулар. Академик Е.Н.Павловскийдің трансмиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жқніндегі ілім. Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны.


3 тақырып. Инвазиялық аурулармен күрес шаралары.

Академик К.И. Скрябиннің паразиттерді девазтациялау ілімі. Паразиттік ауруларға қарсы шараларды жоспарлау. Инвазиялық ауруларды жалпы дауалау. Инвазиялық ауруларды дауалаудың химиялық тәсілдері. Инвазиялық ауруларды болжау. Табиғатты қорғаудың ветеринариялық шаралары.



4 тақырып. Жалпы гельминтология.

Ветеринариялық гельминтологияның анықтамасы, мазмұны және көлемі. Гельминтологияның негізгі даму тарихы. Гельминтоздардың патогенезі. Гельминтоздардағы иммунитет. Гельминтоздарды балау. Гельминтоздарды емдеу. Құс гельминтоздарды.



5 тақырып. Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама.

Трематодалар және трематодоздар. Цестодтар және цестодоздар. Ларвалды (балаңқұрттар туғызатын) тениидоздар



6 тақырып. Нематодтар және нематодоздар.

Нематодтарға жалпы сипаттама. Тоғыштар нематодтардың даму ерекшіліктері. Нематодтардың аралық иелерінің қатысуымен дамуы.


7 тақырып. Ветеринариялық протозоология. Жалпы протозоология.

Тоғышар қарапайымдылардың құрылысы мен биологиясы. Ауру тудыратын қарапйымдылардың систематикасы. Протозойлық аурулардың патогенезі. Протозойлық аурулардың иммунитеті. Протозойлық аурулардың эпизоотологиясы. Протозойлық ауруларды анықтау. Протозойлық ауруларды емдеу және алдын алу негіздері.


8 тақырып. Арахнология және энтомология.

Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы және жүйеленуі. Буынаяқтылардың тоғышарлық ерекшіліктері. Жануарлармен тығыз байланысты кенелер және насекомдар. Ветеринариялық арахнология. Ветеринариялық энтомология.


10 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Жалпы паразитологияның биологиялық негіздері.

1 Тәжірибелік сабақ.



  1. Паразитизм ұғымы. Қысқаша тарихы.

  2. Табиғатта ағзалардың қарым-қатынас түрлері.

  3. Паразитизм формалары.

  4. Паразитизмнің эволюциялық даму жолдары.

  5. Паразиттер жіне олардың иелері.

2 тақырып. Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім және күрес шаралары.

2 Тәжірибелік сабақ.



  1. Инвазиялық аурулар номенклатурасы.

  2. Академик Е.Н. Павловскийдің және К.Скрябиннің паразитология іліміне қосқан үлесі.

  3. Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы.

  4. Инвазиялық аурулардың экономикалық және экологиялық зияны.

  5. Инвазиялық ауруларды алдын алу шаралары.

3 тақырып. Жалпы гельминтология.

3 Тәжірибелік сабақ.



  1. Гельминтологияның негізгі даму кезеңдері.

  2. Гельминтоздың патогенезі.

  3. Гельминтоздарды диагностикалау.

  4. Гельминтоздардағы иммунитет.

4 тақырып. Жеке гельминтология. Трематодалар и трематодоздар.

4 Тәжірибелік сабақ.



  1. Фасциолездер.

  2. Дикроцелиоздер

  3. Етқоректілердің описторхозы.

5 тақырып. Нематодтар және нематодоздар.

5 Тәжірибелік сабақ.

1. Нематодтарға жалпы сипаттама.

2. Оксиуратоздар

3. Аскаридатоздар.

4. Странгилятоздар.

5. Телязиоздар

6 тақырып. Құс гельминтоздары

6 Тәжірибелік сабақ.

1. Трематодоздар.

2. Цестодоздар.

3. Нематодоздар.

7 тақырып. Протозоология

7 тәжірибелік сабақ.



  1. Протозоология дамуының негізгі кезеңдері.

  2. Тоғышар қарапайымдылардың биологиясы және морфологиясы.

  3. Протозойлық аурулардың патогенезі.

  4. Протозойлық аурулардағы иммунитеті.

8 тақырып. Жекеше протозоология

8 тәжірибелік сабақ.

1. Споровиктер тудыратын аурулар.

2. Жіпшелі қарапайымдылар тудыратын аурулар.



9 тақырып. Малдәрігерлік арахнология.

9 тәжірибелік сабақ.

1. Паразитоформдық кенелер: иксод кенелері, аргас кенелері, гамазод кенелері.

2. Акариформды кенелер: жануаралар псороптозы, демодекозы, саркоптодозы.



10 тақырып. Малдәрігерлік энтомология

9 тәжірибелік сабақ.

1. Насекомдардың морфологиясы және биологиясы.

2. Бөгелектер және олар туғызатын аурулар.

3. Зоофильді шыбындар және олар туғызатын аурулар.

4. Қосқанатты қан сорғыштар (гнус)



Әдебиттер: [1-10].
Зертханалық сабақтардың мазмұны

Зертханалық жұмыстардың мақсаты: студентерді паразитология бойынша оқу-зерттеу тәжірибесіне баулы.

1 тақырып. Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама.

Зертханалық жұмыс №1. Жалпақ құрттар типі. Трематодтар классы.

  1. Жалпы сипаттамасы.

  2. Адам және жануар фасциолездері.

2 тақырып. Нематодтар және нематодоздар

Зертханалық жұмыс №2. Нематодтар классы.

  1. Жалпы сипаттамасы.

  2. Адам және жануар аскаридатоздар.

3 тақырып. Ветеринариялық протозоология. Жалпы протозоология

Зертханалық жұмыс №3. Протозоология.

  1. Жекеше протозоология.

  2. Адам және жануар таксоплазмозы.

  3. Жануарлардың эймериозы.

4 тақырып. Арахнология және энтомология.

Зертханалық жұмыс №4.

  1. Адам және жануар саркоптоидозы.

  2. Адам және жануар эктопаразиттері қос қанатты қан сорғыш насекомдар.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналаған тақырыптары

  1. Қазақстанның паразитолог ғалымдары.

  2. Павлодар облысында тараған паразитті қос қанаттылар.

  3. Паразитизмнің шығу тегі.

  4. Зоо- және фитопаразиттер.

  5. Паразитоценология.

Әдебиет: [1]- [10].
Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу

10

2

Тәжірибе сабақтарына қатысу және дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20

3

Зертханалық сабақтарға қатысу және дайындалу







20

4

Аудиториялық сағаттарға кірмеген тақырыптарды өздігімен оқу

Конспект

Конспекті тексеру

50

5

Бақылау шараларына дайындалу




МБ1, МБ2, коллоквиум, тестілу

5

Барлығы:

105


Қорытынды бақылау мен ағымдағы үлгерімді бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі. Бақылау түрлерінің үлестері




Нәтижелік бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6


СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі «Жалпы паразитология» пәні бойынша 5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған


бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1 рейтинг

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Максималды балл

























100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




























16

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны







ПҮТ 1

ПҮТ 2

ПҮТ 3

ПҮТ 4

ПҮТ 5

ПҮТ 6




30

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

4

2

4

4

4

4

4

4

4

Зертханалық жұмыстарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ЗЖҚ 1

ЗЖҚ 1

ЗЖҚ 1

ЗЖҚ 1

ЗЖҚ 2

ЗЖҚ 2

ЗЖҚ 2

ЗЖҚ 2

32

Бақылау нысаны




























Макс.балл

4

4

4

4

4

4

4

4

4

Зертханалық жүмыстарды рәсімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

16

Бақылау нысаны




























Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны






















Г




6

Бақылау нысаны




























Макс.балл






















6




2 рейтинг

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

9

10

11

12

13

14

15

Барлығы

Максималды балл






















100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

























14

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ПҮТ 7

ПҮТ 7

ПҮТ 8

ПҮТ 8

ПҮТ 9

ПҮТ 9

ПҮТ 10

28

Бақылау нысаны




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Зертханалық жұмыстарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ЗЖҚ 3

ЗЖҚ 3

ЗЖҚ 3

ЗЖҚ 4

ЗЖҚ 4

ЗЖҚ 4

ЗЖҚ 4

28

Бақылау нысаны

























Макс.балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Зертханалық жүмыстарды рәсімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны




ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

ЗЖС

14

Бақылау нысаны

























Макс.балл

2

2

2

2

2

2

2

2

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны



















Г




16

Бақылау нысаны

























Макс.балл

16
















16



Шартты белгілеулер: Қ – оқу үрдісіне қатысу; ТҮТ 1 – №1 тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; ЗЖҚ - №1 зертханалық жұмыстарды қорғау; ЗЖС – зертханалық жұмыстағы суреттерді суреттеу; Г – глосарий.


Кафедра отырысында ұсынылған 2012 ж. «___»________№_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ Жумадина Ш.М. 2012ж. «___» ____________

11 Курстың саясаты
Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:



  • Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

6. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді. Межелік бақылауды тапсыру үшін студент, ағымдағы бақылаудан өтуі тиіс. Ағымдағы бақылау мен межелік бақылаудың бағалары бойынша рейтинг (Р1, Р2) анықталады: мысалы, Р1- АБ1*0,7+МБ1*0,3. Межелік бақылаудан өтпеген немесе 50 төмен балл алған студент рейтингке жіберілмейді.



Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Тәжірибелік сабақтарына қатысу

  2. Тәжірибелік сабақтарына белсенді қатысу және барлық сарамдық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан бағасы

Білімді бағалау балдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті балдар санын жинау үшін студент барлық тәжірибелік сабақтарға белсенді қатысуы қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.

Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен сарамандық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 50 пайызға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді). Емтихан тест түрде өтеді.

Сіздерге сәттілік тілеймін!!!

12 Әдебиеттер

Негізгі

1) Н.Т.Кәдіров Н.Т. , Есімбеков Ж.М., Ысқаков М.М. және басқалары. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Оқулық «Brand Print» Павлодар, 2010 − 755 б.

2) Сабаншиев М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы,2003

3) Исимбеков Ж.М. Арахноэнтомология. Новосибирск, 2002

4) Дәуітбаева К.Ә. Паразитология. Алматы, 2011

5) Ысқаков М.М., Ахметжанов О.Н., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары. Семей, 2011. −169 б.

6) Ж. М. Есімбеков, М. М. Ысқаков, С. Т. Дүйсенбаев Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы. Алматы, 2000. − 150 б.

7) Исимбеков Ж. М., Аралханов М. С., Мадиева К. М. Практическая паразитология (учебное пособие). Павлодар, 2012. − 268 с.



Қосымша:

8) Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Под ред. проф. А.К. Абуладзе. – М., 2002. – 435 с.



9) Диков Г.И., Сабаншиев М.С., Сулейменов М.Ж. Справочник по паразитам сельскохозяйственных животных в Республике Казахстан. Алматы, 1999. в 2-х частях.

10) Исимбеков Ж.М., Сейтжанова Д.Д., Нурлина А.Б. Ауылшаруашылық жануарлардың паразитологиясы және инвазиялық аурулары студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулары. – Павлодар, 2007. – 18 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет