Дәріс 2 Бағалы қағаздардың мәні мен түрлері
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға бағалы қағаздың экономикалық мазмұны туралы мағлұмат беру
Негізгі терминдер: бағалы қағаздар, акция, облигация, жай вексель, аударма вексель, жинақ ақша (депозиттік) сертификат, чек, үлестік бағалы қағаз, инвестициялық қордың үлестік жарнасы
2.1. Бағалы қағаздың экономикалық мазмұны
2.2. Бағалы қағаздың сыныптамасы
2.1. Бағалы қағаздың экономикалық мазмұны
Қолданыстағы заңдарда көрсетілгендей, заңды тұрғыда бағалы қағаз «мүліктік құқықтарды растайтын, белгіленген белгілер мен жазылымдардың жиынтығы» болып табылады.
Қазіргі кезде бағалы қағазды құжат ретінде атамайды, өйткені көптеген бағалы қағаздар бүгінде құжатсыз нысанда, яғни тізілімде жазба түрінде көрсетіледі (мысалы, акциялар).Инвестор бағалы қағазды сатып ала отырып белгілі бір мүліктік құқықтарға ие болады. Мысалы, акцияларды келесі құқықтарға ие бола алады:акционерлік қоғамды басқару құқығына қатысу, дивиденттерді алу құқықтары мен акционерлік қоғамның жойылуы кезінде мүліктің белгілі бір бөлігін алу құқығына ие болады. Салыстырмалы түрде облигациялармен мысал келтірейік. Облигациялар бастапқы құнын алу құқығын береді және облигациялар бойынша сыйақыларды алу құқықтарына ие болады.
Бағалы қағаз экономикаға нақты қатысушы, немесе шын капитал түрінде, ал капитал ретінде бағалы қағаз жалған капитал болып табылады.
Бағалы қағаз –капиталдың нағыз нысаны, тауарлы өндірістік және ақша нысандарынан айрықша, солардың орнына табысталатын, нарықта тауар ретінде айналып, табыс әкеледі. Мұндай капитал нысанының ерекшелігі, бұл капитал иесінде капиталдың болмауы, алайда бағалы қағаз нысанында тіркеліп оған мүліктік құқықтар береді.
Бағалы қағазды сатып алу сату –сатып алу мәмілесін жасап кепілдеме келісім шарт арқылы рәсімдеуге болады. Мәмілені жасаған соң инвестор әліде меншік иесі бола алмады. Ол тек акционерлер тізімінде бірнеше міндетті мәліметттерден тұратын арнайы жазылымдар: инвестордың толық аты-жөні, жеке куәлігінің нөмерімен алу мерзімі, мекен жайы, РНН, банк реквизиттері, саны, сәйкестендірілген мәліметтері және инвестор сатып алған бағалы қағаздардың құны. Осылайша барлық мәліметтер болуы шарт, осы арқылы инвестормен сатып алынған бағалы қағаздардың тек оған тиесілі екенін көруге болады.
«Мүліктік құқықтар» түсінігіне назар аударайық әрбір бағалы қағаз белгілі бір құқықтар жиынтығын ұсына отырып, қосымша белгілі бір мүлікке бекітілген. Мысалы, «Рахат» АҚ акциялар өз иелеріне кәсіпорын мен мүлікке қатысты құқықтар тізбесін ұсынады.
Бағалы қағаздардың келесі өзіндік ерекшеліктері бар:
- Айналымдылығы;
- Азаматтық айналым үшін қол жететіндігі;
- Стандарттылық пен орта белгілері;
- Құжаттық;
- Мемлекет тарапынан танылып және реттелу қажет;
- Нарықтылығы;
- Өтімділігі;
- Тәуекелділігі;
- Міндеттемелердің орындалу міндеттемесі.
Бағалы қағаздардың өміршеңдігінің келесі кезеңдері бар (1.2.-сурет).1-кезеңде –бағалы қағаз шығару, яғни қарыз капиталын бағалы қағазға айырбастау келесі кезең –бір иесінен екіншіге меншік құқықтарының өтуі түрінде бағалы қағаздардың айналысы. Соңғы кезең –нақты капиталға қайталама айырбас түрінде өтеу болып табылады (ақша қаражаттар немесе мүліктік балама)
Бағалы қағазды шығару
Бағалы қағаздың айналымы
Бағалы қағазды өтеу
Сурет 1. Бағалы қағаз өміршеңдігінің кезеңдері
Достарыңызбен бөлісу: |