Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Гипогликемия- қанда глюкоза концентрациясының 3,3 ммоль/л-ден 
төмендеуі. 
Кетоацидоздық кома- инсулин тапшылығының өршуінен дамитын қантты 
диабеттiң асқынуы. Әдетте гипергликемия, глюкозурия, гиперкетонемия, 
кетонурия, ацидоз және сусыздану қабаттасады. 
Гиперосмолярлық кома- айқын гипергликемиямен (55 ммоль/л), қанның 
жоғары осмостық қысымымен (300 ммоль/л-ден жоғары), гиперазотемиямен 
сипатталатын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде кетоацидоз болмайды. 
Гиперлактацидемиялық кома - гликогеннің пайдаланылуы артқан 
жағдайда, сүт қышқылының тым көп (1,33 ммоль/л-ден артық) түзiлуінен 
дамитын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде гиперкетонемия және кетонурия 
жоқ. 
Гипогликемиялық кома- қан плазмасындағы глюкозаның мөлшері бірден 
азаюынан, мидағы глюкозаның пайдалануының тез арада төмендеуінен дамитын 
гипогликемия көрінісінің соңғы сатысы. 
Қантты 
емес 
диабет- 
вазопрессин 
гормонының 
өндірілуінің 
жеткіліксіздігінен немесе бүйрек түтікшелерінің сезімталдығының төмендеуінен, 
үлестік тығыздығы төмен несептің көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. 
Бүйректік диабет- бүйрек түтікшелерінің патологиясынан глюкозаның кері 
сорылуының бұзылуы, салдарынан полиурия, глюкозурия дамиды. 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Липидтер алмасуының бұзылыстары» 
 
Гиперлипемия (грек. hyper - жоғары, басым + lipos - май + haima - қан) - 
қанда майлардың мөлшерiнiң жоғарылауы (қалыпты мөлшері 3,5-8,0 г/л)
Липурия (грек. lipos - май + uron – несеп, зәр) – зәрде майдың пайда болуы. 
Стеаторея (грек. stear, steatos - май + rhoia – ағу) - нәжiсте майдың, май 
қышқылдарының немесе сабынның көп мөлшерде болуы. 
Майлы инфильтрация (лат. in - ішке + filtratio – сүзу) - май тiнiне қатысы 
жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет