«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет12/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қоғам және тілдің біртұтастығы
2. Техникалық прогрестің тілге әсері

5 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ.ТІЛ МЕН САНА


Дәріс жоспары:
1. Тілдің ой-санамен қарым-қатынасы
2. Тілдік мағына
1. Тілдің ой – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.
1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).
2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.
3) Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.
4) Тіл мен ой – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе – теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой – сананың арақатысы жөніндегі бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.
Тіл мен ой – сана арасындағы қарым – қатынас екі жақты: екеуінің де бір – біріне берері де, бір – бірінен алары да аз емес.Тіл - ой – сананың қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой – сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпақтарға жеткізетін құрал.
2. Тілдік мағыналардың негізгі түрлері – лексикалық мағына мен грамматикалық мағына.Лексикалық мағына деп, әр сөздің білдіретін өзіне тән атауыштық мағынасын айтады, ал, грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы үстіне қосымша, үстеме болып қосылатын көмекші мағыналар жатады.Көмекші (грамматикалық) мағыналар, негізінде, түрлі грамматикалық категориялар жасауға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет