«Жамбыл орта мектебі» мм тақырыбы: (тәрбие сағаты) Өткізген:Қуанышова Д. О



бет1/2
Дата08.01.2024
өлшемі60.5 Kb.
#488641
  1   2
Қарты бардың қазынасы ба




«Жамбыл орта мектебі» ММ


Тақырыбы:

(тәрбие сағаты)


Өткізген:Қуанышова Д.О
2015 – 2016 оқу жылы
Мақсаты:
Жас жеткеншектер үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт дәстүрінен нәр алуға. Иннабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, 1-қазан қарттар күнінің маңыздылығын меңгерту. Қарияларымыздың ақыл – өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар. Сіздерді қазанның 1-і Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз.

Қош келіпсің ақ жаулықты аналар


Ақыл кенін арқалаған аталар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алансыз балғын шақты балалар
Аппақ шашын күн сайын қыландаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған

Бас ассамблем 1990 жылдың 14- желтоқсанында 1- қазанды Халықаралық қарттар күні деп есептеу туралы қаулы шығарды. ХХ ғасырда пайда болған бұл мереке алдымен Еуропада, кейіннен Америкада, ал 80 –жылдардың аяғында бүкіл әлем бойынша атап өтіле бастады.


Бүгінгі мерекелік шарамызға келген қарияларымызды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Дюсекеева Меруерт Оразалықызына беріледі.
Мұғалім Жақсылық берер бізге көзі деп,
Қазыналы қарияның өзі деп.
Пір тұтамыз ерекше жан сіздерді
Себетұғын бойымызға нұры кеп.
-бүгінгі мерекелік концертімізді 1 сынып орындауында «Ботақаным» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер
Балауса: Әже, сен бірге жүрсің менімен,
Өліге мен өзіңді тілемегем.
Ақ кемешек киген бір кемпір көрсем
Ақ кемешек астынан сені көрем.
Өңі түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі
Көзіме оттай басылып алаулайды
Медет: Мен қарапайым қарттарды сүйемін,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт не біледі?!
Бабалардың баласы – қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінед
Рамазан: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар


Жардем: Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнекей жағада тұр
Бақытжан: Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Жібек: Сәл еңкейіп нұр жүзіңнен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады.


Мұғалім:Біздің ата- бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы,құс ұшырса
қанаты талатын қазыналы жерді,ақыл парасат ,ойлы да арлы адамгаршілік
қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған.

  • келесі тыңдайтындарыңыз ән «Қос бәйтерек» Дюсекеева Ақтоты



Арнат: Қағыс естіп қалбақтайды баладай,
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттың келер аяңдап.


Ақтоты: Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп өр кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Қариялар, рахмет, сендерге!


Айдана: Сүйсінер ісің көп болса,
Батаға жарып өсесің.
Көп жаса, балам! – дегізсең,
Қарттыққа сен де көшесің.
Қартаю деген әрқалай,
Қартаяр әркім әр түрлі.
Кәрілікті қалар байқамай,
Қадірлей біл қартыңды!


Жібек: О, қарттарым...
Мен білмеймін,
Басыңа әлде орнап бақ,
Шәһар салып, жасадың ба жаннат бақ.
Әлдеқалай тасқа түскен таңбаға
Табынамын тарихымдай ардақтап.
Медет: О, қарттарым...
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау – тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын
Домбыраңның пернесінен іздедім.


Жардем: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Ауылыңда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең.


Балауса: Жер бастырмай баласын ,
Желкесіне мінгізген .
Өсіріп ар санасын,
Аталығын білгізген.


Жібек: Балам бар деп марқайып,
Бар өмірін өткізген .
Қарт мұңлыққа шалқайып,
Болып жүрме тексізден
Мұғалім: Бала деген бал екен
Бал дегенін бала екен
Немеренің бойында
Бар жақсылық бар екен
Медет пен Жардемнің орындауында ән «Әке Ана»


Мұғалім: Қарттар деген қасиетті ұғым бір
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр
-келесі тамашалайтыңдарыңыз би «Қазақ вальсі»

Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтары да өмір көшінде бабалар арманын жалғастырып келеді. Болашағымыз деп өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы қариялар ортамыздың берекесін артырып, аман есен жүре беріңіздер


Аталар-асқар таудай қорғанымыз
Аналар-саяси мол орманымыз
Қызығын ұрпағыңның көре берші
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз
Осымен 1-қазан қарттар күні арналған мерекелік концертіміз өз мәресіне
жетті .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет