Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы


-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау



бет3/5
Дата04.07.2016
өлшемі342 Kb.
#176224
1   2   3   4   5

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау

      12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi


               негiзгi талаптар

      1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн болатын қызмет жануарлар дүниесiнiң, олар мекендейтiн ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтiрiлетiн және келтiрiлген, оның iшiнде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.


      2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:
      1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;
      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;
      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негiзделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;
      4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;
      5) жануарлар түрлерiн, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың бағдарламалық құжаттарын, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген негiзгi талаптар мiндеттi түрде ескерiлуге тиiс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау

      Жануарлар дүниесiн қорғау:
      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;
      3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
      5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
      6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
      8) жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру;
      9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
     10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
      13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту


               мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен
               тыйым салулар белгiлеу

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:


      1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;
      2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;
      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу нормаларын өзгерту;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;
      5) жануарлар әлемiн пайдалану орындарын шектеу белгiленедi.
      2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:
      1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;
      2) жануарлар санының азаюы;
      3) мекендеу ортасының нашарлауы;
      4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттiгi негiз болып табылады.
      3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:
      1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
      2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметр бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;
      3) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;
      4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерiн iске қосып жүзуге;
      5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне;
      6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;
      7) сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алуға;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсатта көрсетiлген мерзiмнен тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;
      9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерiнiң және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;
      10) жануарлар дүниесi объектiлерiн жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, атжалмандарды) құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) аулауға;
      11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алуға;
      12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгiлерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге тыйым салынады.
      4. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшелiктерi ескерiле отырып енгiзiледi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету


               қаупi төнген түрлерiн қорғау

      1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.


      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның iшiнде олардың дериваттарын алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша:
      1) арнайы жасалған жағдайларда өсiру және кейiннен мекендеу ортасына жiберу;
      2) аңшылықтың ұлттық түрлерiн дамыту;
      3) ғылыми зерттеулер;
      4) селекциялау үшiн жол берiледi.
      4. Мыналарға:
      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң қырылуына;
      2) осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын iс-әрекеттерге жол берiлмейдi.
      5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      16-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық


               тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды
               қолдану кезiнде жануарларды қорғау

      Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.


      Жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулi рұқсат етiлген нормалары белгiленедi.

      17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен


               жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн
               ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
               жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау
               жөнiндегi iс-шаралар

      1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.


      2. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген өзге де қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер:
      1) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша техникалық-экономикалық негiздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      3-тармақты 2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар


               дүниесiн қорғау

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары


                 және (немесе) учаскелерi

      1. Балық шаруашылығы үшiн ерекше құнды маңызы бар, оларда шаруашылық және өзге де қызметтiң реттелетiн режимi белгiленетiн су объектiлерi немесе олардың бөлiктерi, iргелес жағалау аумағымен шектеулi акваториялар (серуендеу орындары, қыстау шұңқырлары, уылдырық шашатын және жануарлар түрлерiнiң табиғи жағдайларда табиғи жолмен көбею орындары) балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелерi болып табылады.


      2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi биологиялық сан алуандық негiзiнде бекiтедi.
      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру:


      1) жануарлар түрлерiн, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;
      2) ғылыми зерттеулер;
      3) жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;
      4) жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I қосымшасына түрлерi енгiзiлген жануарлар, олар ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
      3-1. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгiзiлген, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген жануарлар түрлерi әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
      4. Жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жасанды түрде өсiру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасында iшкi және сыртқы рынокта сату үшiн бекiре тұқымдас балықтардың уылдырығын бiрыңғай таңбалау жүйесi белгiленедi.
      Бекiре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткiзуге жол берiлмейдi.
      6. Тiрi күйiнде бекiре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерiн қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Жануарлар түрлерiн интродукциялау,


               реинтродукциялау және будандастыру, оларды
               Қазақстан Республикасына әкелу және
               Қазақстан Республикасынан әкету

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.
      2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жол берiледi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын


                 жерсiндiру

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Балықтарды және басқа да су жануарларын жерсiндiру мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негiздеменiң негiзiнде берiлген уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшiн бөтен балықтар түрлерiмен жерсiндiру жүргiзуге тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және


               басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген
               жағдайларда жануарларға көмек көрсету

      1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерi, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.


      2. Қырылу қаупi бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерiнен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.
      3. Балықтардың сөзсiз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупi туындаған және су объектiлерiн немесе оның бөлiктерiн ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргiзу жолымен мұндай қауiптi болдырмау мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi ғылыми ұсынымдар негiзiнде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөнiндегi барлық шаралар, оның iшiнде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиiс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:


      1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
      2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
      3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
      4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзiрлемелерiн негiздеу;
      6) биологиялық саналуандылықты сақтау жөнiндегi шараларды және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды негiздеу;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;
      8) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергiлiктi маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану жылдың кез-келген уақытында және уәкiлеттi орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негiзiнде рұқсат етiлген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
      Жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми-зерттеулер үшiн алып қою квотасын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi шегiндегi ғылыми-зерттеулер бағдарламаларына сәйкес бекiтедi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
      4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады. P031303
      6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
      1) аң аулау;
      2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
      3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану;
      6) жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайту мақсаттарында пайдалану.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзiмдерi белгiленбейдi.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:
      1) аңшылық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
      2) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi, ал қырылу қаупi бар су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде – бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмдер белгiленедi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармақтың екiншi бөлiгiне өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Көрсетiлген мерзiмдер шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерiн дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупi бар су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру кезеңiне қарай белгiленедi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде тiзбеленбеген жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерiне арналған жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi бiр жылдан аспайды.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

      1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
      1-1. Алынып тасталды - ҚР 2011 жылғы 15 шiлдедегi № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      1-2. Рұқсат беруден:
      1) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердi толық көлемде бермеген;
      2) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтер дұрыс болмаған;
      3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады.
      1-3. Аулаған жерi туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жерi бойынша өтiнiш берушi жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi өтiнiш түскен сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бередi.
      Жасанды жағдайларда өсiрiлген балықтар мен басқа да су жануарлары үшiн аулаған жерi туралы анықтама жасанды өсiрiлгендiгiн растайтын құжаттар ұсынған кезде берiледi.
      Аулаған жерi туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюдың белгiленген лимитi және жасанды өсiрумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегiнде рұқсат етiледi.
      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың


               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:


      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
      3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
      6) белгiленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
      7) аң-құсты өсiрудi жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
      4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргiзуге;
      5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
      7) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауiпi төнгендерiн қорғау мен олардың өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге;
      9) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;
      10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға;
      11) мыналарды жүзеге асыру үшiн:
      бақылау үшiн аулауды - уәкiлеттi органға;
      ғылыми-зерттеу үшiн аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға;
      әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;
      12) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша биологиялық негiздеменiң негiзiнде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесiнде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсiпшiлiк қорының деректерiн жыл сайын түзетудi жүргiзуге;
      13) аншлагтар орнатуға;
      14) әрбiр балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесiнде, кемеде (балық аулайтын және көлiктiк), қабылдау пунктiнде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсiпшiлiк журналын) жүргiзуге және уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;
      15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органда тiркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;
      16) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсiпшiлiк жағдай, уәкiлеттi орган бекiткен нысандарға сәйкес берiлген жолқұжаттар туралы мәлiметтер беруге;
      17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтiк қару-жарақпен, көлiк, байланыс құралдарымен, айырым белгiлерi бар арнайы киiммен, қорықшының төс белгiсiмен, қорықшының куәлiгiмен қамтамасыз етуге;
      19) өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
      20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтiнiштерi бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
      21) аңшылық шаруашылығының iшкi регламентiн бекiтуге мiндеттi.
      3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      2-1) өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
      5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

      29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер


               мен квоталар

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектiлерiн олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.


      Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негiздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
      Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесi жылдың 15 ақпанына дейiнгi кезеңге белгiленедi.
      2. Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квотасы – уәкiлеттi орган аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерi үшiн аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiн қатыстыра отырып белгiлеген жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитiнiң бөлiгi.
      Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шара ретiнде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемi, балық аулаудың жалпы лимитiне кiрмейдi.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың


               негiздерi

      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:


      1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
      3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
      4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу;
      6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;
      7) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы нормативтер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.


      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметтi жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет