«Жануарлар патологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Оқытушыларға арналған



Дата01.07.2016
өлшемі171.5 Kb.
#170447


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ


4-ші дәрежелі СМЖ құжаты

ОӘК

П 042-14-4-03-1.20.4/01-2010

«Жануарлар патологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Оқытушыларға арналған

1 басылым


Х.С.ЖҰМАБЕКОВ
«Жануарлар патологиясы»

пәнінің 051202 және 051201 мамандықтарына

арналған оқу-әдістемелік ұсыныстар
2-БӨЛІМ

С Е М Е Й - 2012

Алғы сөз
1. Құрастырды

Доцент Оразалиева С.Б. құрастырып, дайындаған.

Жануарлар патологиясының зертханалық- тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелек ұсыныстар мына мамандықтарға:

051201- ветеринариялық медицина

051202- ветеринариялық санитария

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2012 жыл, 30 бет.


2. Талқыланды

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық санитария» кафедра отырысында

Хаттама № «____» _________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі Е.О.Омарбеков.


Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама № «____» _________ 2012 ж


Төрағасы С.М. Тугамбаева
3. Бекітті

Шәкәрім атындағы СМУ

бірінші проректоры Б. Рскелдиев

К І Р І С П Е.


Мал дәрігерлеріне патологиялық анатомияны терең, жан-жақты білу өте қажет, өйткені ол жануар денесіндегі түрлі аурулардың салдарынан туған морфологиялық өзгерістерді даму барысында зерттейді. Осыған орай мал өлімдерінің себебін патоморфологиялық зерттеулер арқылы уақытында анықтап, мал шығынын дер кезінде тоқтатуға болады.

Арнайы патологиялық процестерді, жұқпалы және де жұқпайтын ауруларда кездесетін патоморфологиялық өзгерістерді білмейінше ауру малды тез және дұрыс комплексті емдеу, аурудың алдын алу шараларын уақытында ұйымдастыру мүмкін емес.

Сонымен қатар арнайы патанатомия, яғни ағзалар мен Ағзаизм жүйесіндегі дерттік процестердің әрбір ауруға тән ерекшеліктерін морфологиялық тұрғыдан зерттейді.

Осы ұсыныстар арнайы патологиялық анатомияны оқыйтын мал дәрігерлік факультеттің III-IV курс студенттеріне арналған. Айта кететін бір жәй жеке ағзалар мен Ағзаизм жүйесіндегі дерттық процестер әрбір ауруға байланысты. Патоморфологиялық өзгерістерді зерттеуде белгілі дәйектілік бар; Мысалы жұқпайтын аурулар; жұқпалы-жіті және созылмалы бактериялық індеттер; вирусті аурулар; микоздар және микотоксикоздар; гельминтоздар.

Әрбір аурудың патоморфологиясын зерттегенде ортақ заңдылықты пайдалану қажет: 1) аурудың анықтамасы; 2) қоздырғыш жөнінде қысқаша мәлімет; 3)патогенез аурудың өршіп дамуы; 4) аурудың әртүрлі клиникалық –морфологиялық белгілеріне байланысты патанатомиясы; 5) Ағзаизмнің әр жүйесіндегі гистологиялық өзгерістер; 6) ауруды анықтау және басқа аурулардан ажырату.

Лабораториялық және тәжірибелік сабақтарды жүргізу жоспары: 1) өзбетімен жауабын дайындаған сұрақтар арқылы студенттерден 15-17 минут мөлшерінде теориялық мәліметер алу; 2) методикалық ұсыныстардың көмегімен гистопрепараттарды өзбетімен зерттеп, ондағы патоморфологиялық өзгерістердің қандай ауруға тән екендігін дәлелдеу; 3) музей препараттарымен танысып, сабаққа қорытынды жасау.

Патоморфологиялық өзгерістерді гистологиялық препараттар арқылы анықтау үшін, оқырман студент қауымға ұсынылып отырған методикалық ұсыныстармен терең творчестволық жұмыс жасау қажет,сонда ол зерттеушілік қабілетіне ие болды. Осы тұрғыдан өте маңызды: гистологиялық препараттардағы патоморфологиялық өзгерістер жөнінде студент күні бұрын, оқулықтар мен методикалық құралдар пайдаланып, тиісті теориялық мәліметтер алған болса, сонда ғана оның патологиялық анатомиядағы зерттеу жұмысы нәтижелі болады.
1.ІНДЕТТІ АУРУЛАРДЫҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯСЫ
Осы бөлімшеде індетті аурулардың теориялық мәселелері қаралады; олар мен Ағзаизміндегі індетті процестердің негізін білу үшін өте қажет.

Сонымен қатар індеттің пайда болу жағдайына, макро-Ағзаизм мен микроАғзаизмнің ара қатынасына, бір- біріне әсеріне, осыған байланысты Ағзаизмнің жауабына және де біркелкілену мен бейімделу процестеріне тиісті көңіл аудару керек. Тағы бір өте мән беретін жәй-бактерия таратушы ішкі және сыртқы індеттер, олардың пайда болу ерекшеліктері мен патогенезі (аурудың дамуы), індетті аурулардың жергілікті және жалпы патоморфологиялық өзгерістерінің бір-бірімен байланысы, олардың ауруды анықтаудағы маңызы.Осы ұғымдарды терең түсініп білу қажет.


ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР

1.Індетті ауру деген не және инфекциялық процестің негізі неде?

2.Зооанатропоноздар деген не?

3.Індетті аурулардың жіктелуі неге негізделген?

4.Инфекциялық процесс пайда болғанда макроАғзаизм мен микроАғзаизмнің қарым-қатынасы қандайлық?

5.Індетті ауруларға тән морфологиялық өзгерістер деген не?

6.Бактериялармен,вирустармен, саңырауқұлақтармен, қарапайым жәндіктермен және де құрттармен қоздырылатын аурулардың патоморфологиялық өзгерістерінің ерекшеліктері
1-2 САБАҚТАР УАҚЫТ -4 САҒАТ

1. ЖІТІ БАКТЕРИЯЛЫҚ ІНДЕТТЕР ( сібір язвасы, пастереллездер, яғни қанталап қағыну ауруы, сальмонеллездер яғни қылау ауруы, колибактериоздар; яғни төл тышқақ ауруы, шошқа тілмесі немесе қызылшасы).

Жіті бактериялық індеттер өздеріне тән клиникалық белгілеріне және патоморфологиялық өзгерістеріне байланысты әр түрлі болады, сонымен қатар Ағзаизмде қанды қағындыратын /сепсис/ процестер дамиды. Олар әсіресе ересек малдарда анық білінеді, ал төлдердің Ағзаизмінде патоморфологиялық өзгерістер жергілікті түрде кездеседі.

Аурудың патанатомиялық зақымдарын зерттей отырып, Ағзаизмдегі морфологиялық өзгерістердің даму барысын білу өте қажет, өйткені ол ауру патогенезінің ажыратылмайтын бөлімі.Сонымен қатар патанатомиялық анықтауды еске сақтай отырып,ұқсас ауруларды бір-бірінен ажырата білген жөн.



ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.

1. Сібір язвасының қандай клиника-морфологиялық түрлері бар және олардың бір-бірінен айырмашылығы ?

2. Сібір язвасының түрлеріне байланысты қандай, патанатомиялық өзгерістер болады? Аурудың патогенезі.

3. Шошқаның сібір язвасының дамуы мен патоморфологиясы қандай?

4. Патереллездің түрлеріне байланысты малдардағы патоморфологиялық өзгерістер қандайлық ?

5. Патанатомиялық анықтау арқылы патереллезді қандай ұқсас аурулардан ажырату керек?

6. Құстар патереллезінің патоморфологиялық өзгерістері қандай ?

7. Торай мен бұзау сальмонеллезінің жіті және созылмалы түрлерінің патоморфологиялық өзгерістері қандай?

8. Торай сальмонеллезінің шошқа обасынан қалай ажыратуға болады?

9.Төлдер колибактериозінде қандай патоморфологиялық өзгерістер болады?

Бірінші сабақтың көрнекті құралдары:

Таблицалар (№22, 57). Муляждар (№ 338)



МУЗЕЙ ПРЕПАРАТЫ.

№565 Пастереллезге байланысты ірі қараның бөлікті-крупозды пневмониясы ( өкпенің қабынуы)

№682 Жүректің ішкі қабығындағы көлемді қанталау ( ірі қараның пастереллезінен байланысты)

№70 Шошқа пастереллезіне байланысты крупозды (фибриозды ) пневмония.

№814 Ащы ішектің қанталап қабынуы ( ірі қараның пастереллезіне байланысты.

№444. Бұқаның пастереллезіне байланысты жүрек эпикардындағы көптеген геморрагиялар.

№689. Пастереллезге байланысты ірі қараның фибрионозды-некрозды пневмониясы және өкпедегі каверналар.

№745. Қоянның пастереллезге байланысты көкірек қуысындағы Ағзадардың зақымдануы.

№845. Тауықтың пастереллезге ( холераға) байланысты аналық жыныс безінің қабынуы.

55 ГИСТОПРЕПАРАТЫ.

Ағза: ішек. Ван-Гизон тәсілімен боялған. Препаратты мұқият зерттей отырып, ішектің кілегей және оның астыңғы қабықтарындағы өзгерістерге көңіл аудару керек.Түктердің эпителий клеткалары диатрофияға байланысты зақымдалып өзгерген, сонымен қатар көпшілік клеткалар өлі етке айналып үгіліп түскен, қан түтіктері кернелген, кілегей қабық пен оның астыңғы қабаты қанталаған. Мұның шекарасы кеңейіп, дәнекер тканнің талшықтарының арасында көптеген эритроциттер араласқан, сарғыш-жасылдау жалқаяқ жиналған, ал кілегей қабығының астыңғы қабатының кейбір қан тамырлары тромбпен бітелген.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

№69 ГИСТРОПРЕПАРАТ.

Ағза: өкпе. Гематоксилин-эозинмен боялған. Препаратты микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы қарағанда, өкпенің қабынуына байланысты қан тамырларының керіліп қызарғанын, альвеолдардың қанталағанын байқауға болады. Бронхалар қуыстары және көптеген альвеолдар іріңмен толған ( ірің негізінде өлі етке айналған тканьдар мен өлі, лейкоциттерден тұрады; олар гематоксилинмен көк түске боялған.) Кей жерлерде жалқаяқтың көптігінен өкпеге тән құрылым байқалмайды.

Микроскоптың үлкен үлкейткіші арқылы бронхтардың қуыстарындағы жалқаяққа көңіл аударсақ, оның негізгі лейкоциттер екенін байқаймыз; олардың көбі дистрофияға байланысты ыдырап, өлі етке айналған. Сонымен қатар эритроциттер, бронхтың эпителий клеткалары кездеседі. Бронхтардың кілегей қабығы жуандап, лекоциттермен кернелген, кейбір жерлерден эпителий клеткалары үгітіліп түскен. Бронх қабырғасының сыртқы дәнекер ткані де лекоциттермен кернелген.

Зақымдалған бөлшектердің альвеол қуыстары іріңмен толып кернелген ; оған (іріңге) үгітіліп, түскен эпителий клеткалары араласқан. Жалқаяқпен ( іріңмен) балқыған жерлерде альвеол қабырғалары байқалмайды.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

ЕКІНШІ САБАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫ.

Таблицалар (24,44,45)



МУЗЕЙ ПРЕПАРАТТАРЫ:

№37 Торайдың сальмонеллезіне байланысты дифтеритті гастрит және колит.

№ 516 Некрозды тонзиллит (бадамша бездің қабынуы). Плевра астындағы дақты қанталау және ошақты дифтеритті колит (торайдың сальмонеллезіне байланысты)

№589 Шошқаның сальмонеллезіне байланысты тік ішегіндегі көлемді ойық жараның әсерінен ішек қабырғасындағы перфорация (тесілу).

№195 Торайдың жіті сальмонеллезіне байланысты бүйен қабырғасындағы солитарлық фолликулдерінің бөртуі және өлі етке айналуы (некроз).

521 Торайдың сальмонеллезіне байланысты жіті катаральді гастрит.

№699 Торайдың сальмонеллезіне байланысты түйіпшікті микардоз,дифтеритті –некрозды колит және тифлит.

№543 сальмонеллезге байланысты торайдың бауырындағы түйіндер.

№578 Бұзаудың сальмонеллезіне байланысты шажырқай лимфа бездерінің қабынуы (лимфаденит).

№825 Торайдың сальмонеллезіне байланысты соқыр ішіндегі «бутондар» (түйме тәріздес бүршіктер).


96 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: бауыр. Гематоксилин –эозинмен боялған. Кіші үлкейткішнен препаратты мұхият қарап шығу керек, әсіресе бауырдың әрбір бөлшектерінде орналасқан некроз ошақтарына көңіл аудару керек. Олар қызғылт, түс- сипатсыз, біркелкі (ұйыған некроз): маңайындағы тканьде реакция байқалмайды. Үйткенменде некрозды ошақтар мен бауыр тканінің шекаралас зонасында біраз лимфондті клеткалардың жиналғаны көрінеді.

Некрозды ошақтармен қатар кейбір бауыр бөлшектерінде эпителионд және гистиоцит клеткаларынан тұратын ошақтарды немесе гранулемаларды байқауға болады. Осылардың әсерінен бауыр клеткалары-гепатоциттер сығылып зақымдалған.

Патогистологиялық диогнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.


96 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза бүйен: Гематоксидин –эозинмен боялған. Препаратты кіші үлкейткішпен қарай отырып, ішектің кілегей қабығын табу керек. Оған тән құрылым жойылып, ол түс –сипатсыз қызғылт затқа айналған,яғни өлі еттенген. Сонымен қатар кілегей қабық фибринмен кернелген, онда хроматин түйіршіктері мен бірлі –жарым лейкоциттер көрінеді.

Фибриннің тканьде шөккенің, оның өте нәзік талшықтарын тек қана арнайы тәсілдермен көруге болады, айталық Вейгерт бояуын қолдану арқылы тағы бір айта кететін жәй бұл тәсілді тек қабыну процесінің бас кезінде қолдану керек. Қабынудың даму барысында фибринді өлі еттен ажырату өте қиын. Кілегей қабықтың сақталған жерлерінде түрлі клеткалардың көптігі байқалады. Клетка элементтері, әсіресе лейкоциттер, кілегей қабықтың крипталарының аралығында көптеп жиналған, бірлі- жарымы өлі етке айналып кеткен.

Кілегей қабықтың астыңғы қабатындағы тамыр түтікшелері қанмен керіліп,кейбір жерлері тромбымен бекітілген. Препаратты мұқият зерттеп отырып, ондағы пролиферативті өзгерістерді де байқауға болады, айталық гистиоциттердің, плазмалық клеткалардың өлі еттің (некроздың) маңайында және тамырлардың айналасында жиналуы осыған байланысты. Ет талшықтары мен сірі қабықтағы өзгерістер көмескелеу. Егерде қабыну процестері күшейіп тереңдей түссе,онда ішектің барлық қабықтары, тіпті түгелдей қабырғасы зақымдалады. Кейбір жағдайда өлі етпен тірі ткань аралығындағы шекарада көптеп лейкоциттер жиналады, олардың протеолитік ферменттерімен өлі ет балқып, ішек қуысына үгітіліп түседі, сөйтіп осының нәтижесінде ішектің кілегей қабығында ойық жара (язва) пайда болады.

Патогистологиялық диагнозды анықтап дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

41 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза:жүрек.Гематоксилин –эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы жүрек қақпағындағы сүйел тәріздес төмпекшікке көңіл аудару керек. Аурудың жіті түрінде олар жұмсақтау,оның негізгі фибриннен тұрады және эозинмен қызғылт түске боялады. Сөйтіп, бұл төмпешік қан ұйыған. Кейіннен қақпақтың дәнекер тканінің элементтерінің көбейіп бөлінуі нәтижесінен, қан ұйығы (тромб) ұйымдас (Ағзаизация) бастайды. Аурудың созылмалы түрінде «сүйелдер» өте тығыз,өйткені олар талшықты фиброзды тканнен тұрады.

Препаратты зерттей отырып,жүрек етіндегі клеткалармен кернелген жерлерді табу керек. Олар өзара ажыратылған жүрек етінің талшықтарының арасында және аралық дәнекер тканьде клеткалардың жиналуына байланысты жақсы байқалады.

Микроскоп үлкен үлкейткішімен клеткалар құрамын анықтау керек. Бұл жерде басым клеткалар –түйіршікті лейкоциттер және лимфонды клеткалар.

Аралық тканде сероздық жалқаяқтың жиналғаны байқалады. Ет талшықтарының жолақты құрылымы байқалмайды, олардың цитоплазмасы түйіршіліктеліп зақымдалған.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.
МУЗЕЙ ПРЕПАРАТТАРЫ:

№659 Қозының колибактериозына байланысты ацинозды пневмониясы.

№696 Колибактериозына байланысты бұзаудың ұлтабарындағы көптеген қанталаулар.

№766,786,865 Колибактериозға байланысты бұзау ұлтабарының жіктеліп суланып қабынуы.

№187 Шошқа терісінің қызылшаға байланысты өлі етке айналып, ошақталып қабынуы.

№923. Торай бүйректерінің қызылшаға байланысты суланып- қанталап қабынуы.

№152,249,279,432. Созылмалы қызылшаға байланысты шошқаның тромбо- эндокардиті..

.

№270,88 Шошқаның қызылшасына байланысты бүйректегі веналық гипермия



186,.690 Торайдың қызылшаға байланысты фибринді перикардит

892. Шошқаның қызылшасына байланысты эпикардтағы бірен-саран қанталау мен фибринді эндокардит.

№ 3-4 САБАҚТАР. УАҚЫТ- 4 САҒАТ

1.2. СОЗЫЛМАЛЫ БАКТЕРИЯЛЫҚ ІНДЕТТЕР (СБІ)

СБІ Ағзаизмде өздеріне тән өзгерістердің пайда болуымен сипатталады. Ауру қоздырғыштары әрбір жүйені, Ағзадарды зақымдаса да, өздерінің бағытталу қасиеті (тропизм) арқасында көбінесе жеке бір жүйені немесе Ағзадарды зақымдай отырып, созылмалы індеттердің негізгі морфологиялық белгісі (нышаны) ретінде оларға бүршіктенген түйін (гранулема) тәріздес өзгерістер дамиды. Кейбір СБІ –ге алуан түрлі (полиморфизм) патоморфологиялық өзгерістер тән. Айталық өкпе туберкулезінде ескірген ірі түйінің (төмпешіктердің) айналасын әрбіреуі түйреуіштің жасуындай немесе тары түйіріндей көптеген ұсақ жас түйіндер қаптайды. Иұнымен қатар,өкпеде сыртын қалың қаппен қапталған тесіктер кездеседі (каверна), ал ескі түйіндердің өлі еттеріне әк тұздары шөге бастайды.


ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.
1.Туберкулездің патанатомиялық негізі қандайлық?

2.Туберкулездегі алғашқы аффект (АА), алғашқы құрама (АҚ) және алғашқы күрделі құрама (АҚҚ) дегендер не?

3.Ірі қараның созылмалы өкпе туберкулезінің негізгі түрлері қандай?

4.Ірі қараның басқа Ағзадарында қандай патаморфологиялық өзгерістер байқалады?

5. Туберкулдің (төмпешіктің ) гистогенезі (гистологиялық құрылым) қандай?

6.Жылқылардың, құстардың және ет қоректілердің патоморфологиялық ерекшеліктері қандай?

7. Өкпедегі және басқа Ағзадардағы маңқаның әр түріне байланысты патанатомиялық өзгерістер қандай?

8. Сиыр мен қойдың бруцеллезінде жыныс және басқа Ағзадардағы негізгі өзгерістер қандай?

9Маңқа түйінің гистогенезі қандай?

10.Туберкулезді қалай анықтайды?

11.Маңқаны қалай анықтайды?

12.Ірі қараның паратуберкулезінің патоморфологиясы.

13.Малдардың некробактериозіндегі патоморфологиялық өзгерістер қандай?
ҮШІНШІ САБАҚ

Көрнекті құралдар, Таблицалар (№ 32-34).

Музей препараттары:

№90.Ірі қараның туберкулезіне байланысты лимфа түйінінің іріген ірімшік тәріздес қабынуы (казеозный лимфаденит) және онда әк тұздарының шөгуі;

№98.Ірі қараның көк шандырының туберкулезі.

№182,188,239.Шошқа өкпесіндегі тары дәні тәріздес туберкулез.

№611. Түйе жатырының туберкулезі

№95,103. Ірі қараның туберкулезіне байланысты ациозды –иодозды пневмониясы.


80 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: көк шандр.Гематоксилин- эозимен боялады. Препаратты кіші үлкейткішпен зерттей отырып, көлемі әрқилы төмпешіктерді (туберкулдерді) көруге болады. Кейбір түйіндердің негізі түс- сипатсыз өлі ет,оған жарым- жартылай әк тұздары шөккен. Сонымен қатар бірнеше кішігірім түйіндер ден құралған көлемді түйінді байқауға болады. Кіші түйіндердің ортасында «к тұздары бар және олар өзара клетка жинақтарымен шектелген.

Енді түйіндерді үлкен үлкейткішпен қарап, құрылымын зерттесек,оның ортасында ыдыраған ірімшік сияқты затты көреміз.Оған мөлдірлеу келген көлемді эпителиоид клеткалары шеңберлеп жанасқан және осы жиекте бірен-сараң алып (Пирогов –Ланғғас алып клеткасы) клеткалар көрінеді. Сонан кейінгі жиек жалпақтау,ол көкшіл кішкене ламфонд клеткаларынан тұрады. Бұл жиекті- қан тамырлары бар талшықты дәнекер ткань щеңберленген.

Талшық аралығында фибробласт клеткалары да кездеседі. Патогистологиялық диогнозды анықтап,дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.


78 ГИСТОПРЕПАРАТ
Ағза: лимфа түйіні. Гематоксилин –эозинмен боялған.Препаратты зерттей отырып,Ағзаның табиғи құрылымының түгелдей жойылғанын байқаймыз.

Төмпешіктің дамуы лимфа түйінінің синусында сулы –фибринді жалқаяқтың жиналуынан басталады. Жалаяқ біраздан соң ірімшіктенеді. Сондықтан түйіннің ортасы өлі етке айналған,жиегі мөлдірлеу келген клеткалармен шеңберленген. Кейбір түйіндер дәнекер тканьмен қапталған. Іріген ірімшікке ұқсас өлі затта әк тұздары шөккен, осыған орай оның қызғылт фонында көгілдір дақтар байқалады.

Препаратты терең зерттесек, өлі етті шеңберленген жиектің эпителиоид және алып клеткалардан тұратынына көзіміз жетеді. Оған жанасқан жиекте фибробластар мен коллаген талшықтары көрінеді. Сөйтіп,кейіннен ескірген түйіндер (төмпешіктер) дәнекер тканьмен қапталады.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.



ТӨРТІНШІ САБАҚ

Көрнекті құралды. Таблицалар (№32-34).

Музей препараттары:

№28,30,97,151,727,760.Туберкулез зардабының тауық Ағзаизміне таралуы.

№232,466.Тауықтың ішек туберкулезі.

№35.Күрке тауықтың баурындағы ірі ошақты туберкулез.

93.Тауықтың бауырындағы тары дәні тәріздес туберкулезі.

№143.Тауықтың терісі мен сүйегіндегі туберкулез.

№143.Тауықтың терісі мен сүйегіндегі туберкулез.
80 А ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: бауыр Гематоксилин –эозинмен боялған.

Препаратты мұқият қарай отырып,эпителиоид клеткаларынан құралған төмпешікті көруге болады. Ол бауыр ұлпасында дөңгелек тәріздес болып құралған. Оның ортасында мөлдірлеу келген клеткалар,ал жиегінде күңгүрттеу боялған клеткалар жиналған. Төмпешіктің ортасы эпителиоид клеткаларынан тұрады;олардың көлемді ядроларында хроматин түйіршіктері көрінеді. Кейбір төмпешіктердің ортасында клеткалар ыдырап, өлі етке айналған. Оның маңайында алып клеткалардан құралған көгілдір шеңбер байқалады. Оған эпителиоид клеткаларынан тұратын мөлдірлеу жиек жанасқан. Мұның маңайына лимфоид клеткалары жиналған.

Патогистологиялық диагнозды анықтап,дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

Музей препараттары:

№894.Ірі қараның паратуберкулезіне байланысты созылмалы колит.

№ 895,908,911.Ірі қараның паратуберкулезіне байланысты созылмалы энтерит.

№429. Жылқының маңқасына байланысты кеңсіріктегі ойық жара.

№155. Ірі қараның некробактериозына байланысты месқарынның өлі етке айналып,қабынуы (руменит).

№877.Козының некробактериозына байланысты бауырдың өлі етке айналып, ошақтанып қабынуы.

№878.Қозының некробактериозна байланысты көк етінің ошақты өлі етке айналуы.

№879. Қозының некробактериозына байланысты ошақты бронхопневмониясы.


90 ГИСТРОПРЕПАРАТ

Ағза: мықын ішек. Гематоксилин –эозинмен боялған. Ішектің кілегей қабығы жуандаған,бүртіктерінің түрі өзгерген.Оған себер- мезенхима тектес клеткалардың қаулап кетуі, әсіресе эпителиоид және лимфоид клеткаларының, кілегей қабықтың кейбір жерлерінде көмкерген эпителий жойылып кеткен; бірен-саран люберкюн крипталарының сақталғаны байқалады.

Микроскоптың үлкен үлкейткіші арқылы клеткалар құрамына көңіл аударған жөн. Мұнда эпителиоид клеткалары өте басым. Сонымен қатар нейтрофильді, эозинофильді лейкоциттердің, плазмалық клеткалардың,алып Пирогов-Лангганс клеткасының аралас екенін байқаймыз. Осының барлығы ауру қоздырғышының әсерінен болған күрделі өзгерістер.

Патогистологиялық диогнозды анықтап дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

81 ГИСТОПРЕПАРАТ
Ағза: Өкпе.Гематоксилин –эозинмен боялған.Препаратты мұхият зерттей отырып, маңқа әсерінен пайда болған түйінге көңіл аудару керек. Оның ортасы көк түске боялған, ал шеңберленген жиегі қызғылт,онан кейінгі осымен жанасқан жиек көгілдір. Түйін маңайында альвеолдар көрінеді: олардың аралық қоршаулары біраз жуандаған, ал альвеол қуыстары тым тарылған.Микроскоптың үлкен үлкейткіші арқылы түйін ортасының өлі ет екенін анықтаймыз және оның негізгі ыдырап үгітілген лейкоциттер мен лимфоциттер ядросынан тұратын байқалады.Өлі етке шектес шеңбердің басым көпшілігі эпителиоид клеткалары, ал бұған жанасқан ең шеткі шеңберде лимфоид,фибробласт клеткалары көптеп жиналған.

Патогистологиялық диогнозды анықтап дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

31 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза:бауыр. Гематоксилин –эозинмен боялған.

Кіші үлкейткіші арқылы көлемі әрқилы өлі етті ошақтарды көреміз. Олардың тірі ұлпамен шекарасы айқын байқалады. Өзгерістерді терең зерттей отырып, шекара тұсындағы клеткалардың әр түрлі екеін анықтаймыз. Мұнда лейкоциттер, гистиоциттер және дистрофияға ұшыраған бауыр клеткалары (гепатоциттер) бар. Ошақтың ортасы, ыдырап үгітілген ядро қалдықтары бар, яғни хроматин түйіршіктері, түс-сипатсыз,біркелкі құрылымсыз өлі зат. Некробактериоздың қоздырғышы көптеп өлі етпен тірі ет шекарасында жиналады. Оны анықтап көру үшін, препаратты арнайы Лефлер синькасымен бояу қажет.

Патогистологиялық диогнозды анықтап дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

№5-6 САБАҚТАР. УАҚЫТ -4 САҒАТ.

1.3.ВИРУСТІҚ ІНДЕТТЕР.


Вирустердің жеке жүйелерді немесе Ағзадарды бағытты зақымдайтыны белгілі. Осыған байланысты Ағзаизмде ауруға тән патологиялық процестер дамып арнайы өзгерістер пайда болады. Осы тұрғыдан вирустік індеттер 4-түрге бөлінеді:

1.Вирусемиялық (яғни қанды вирус жайлауына байланысты) зақымдары басым аурулар.

2.Терінің және құрылымы теріге ұқсас кілегей қабықтардың зақымдары басым аурулар.

3.Тыныс Ағзадарының зақымдары басым аурулар.

4. Нерв жүйесінің зақымдары басым аурулар.

Еске алатын бір жәй , ол әрбір аурудың өзіндік ерекшелігін патоло- гиялық процестің пайда болу жолдары мен өршіп даму заңдылықтарын білу, ауруларды анықтап, ұқсас індеттерден ажырата білу.

Мұнымен қатар көптеген вирустік ауруларда клетка ішінде денешіктер кездеседі. Олардың түр-сипаты мен құрылымын білу, гистологиялық зерттеулермен анықтау өте қажет.

Айталық, аусыл мен шешекті зерттей отырып, инфекциялық бөртпені (экзантема), оның түрлері мен дамуын, аусылға байланысты пайда болатын күлдіреуіктің (афта) гистологиялық құрылымы мен нәтижесін, жалпы Ағзаизмдегі өзгерістерді, әсіресе аурудың қатерлі түрінде кездесетін зақымдарды білу жөн .

Сондай-ақ шешек ауруының морфогенезін, патологиялық процестердің Ағзаизмде өршу зандылықтарымен пайда болатын жерлері, аурудың түрлерімен оның әртүрлі малда даму барысы жөнінен тиісті мағлұматтар алу керек.

Тыныс жүйесінде кездесетін вирустік аурулардың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын, өкпедегі өзгерістердің өріштеуі мен патоморфологиясын жалпы Ағзаизмдегі патологиялық процестерді анықтап,оларды басқа аурулардан ажырата білу өте қажет.


ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.

1.Шошқаның жіті обасына байланысты қандай патанатомиялық өзгерістер болады?

2. Созылмалы обаға байланысты шошқа Ағзаизмімінде қандай өзгерістер кездеседі?

3.Ірі қараның обасында қандай патаномиялық өзгерістер кездеседі?

4.Құс обасындағы патоморфологиялық өзгерістер қандай?

5.Ит обасындағы патоморфологиялық өзгерістер қандай?

6. Жылқының індетті қаназдығы ауруын анықтау неменеге негізделген?

8.Бұл ауруды қандай аурулардан ажырату керек?

9.Құтыру қандай гистологиялық өзгерістерге байланысты анықталады?

10.Малдардың құтыруында қандай өзгерістер болады?

11.Ауески ауруы қалай анықталады және Ағзаизмде қандай өзгерістер кездеседі?

12.Аусыл күлдіреуіктері қай жерлерде пайда болады және олардың гистогенезі қандайлық?

13.Күлдіреуіктен басқа тағы қандай өзгерістер кездеседі?

14.Инфекциялық бөртпе деген не және оның қандай сатылары бар? Нәтижелері қандайлық?

15.Шешектің қандай түрлері бар?

16. пашен және Гварньерн денешіктері деген не? Оларды Ағзаизмнің қай жерлерінде табуға болады?

17.Әр түрлі мал шешегінің патоморфологиясы қандай?

18.Құстың күл-шешегінің патоморфологиясы қандай?

19.Марек ауруына байланысты Ағзаизімде қандай өзгерістер болады?

20.Ірі қараның вирустік іш өтуінің патанатомиясы қандай?

21.Шошқаның вирустік гастроэнтритінің патоморфологиясы қандай?

БЕСІНШІ САБАҚ

УАҚЫТ -2 сағат

Көрнекті құралдар. Таблицалар (№35-36).

Муляждар (№293,318,319,328,330).

Музей препараттары:

№72.Шошқаобасына байланысты крупозды пневмония.

№105,293.Бүйректегі көптеген қанталаулар мен ұлпасындағы түйіршікті дистрофия (шошқа обасы).

№108.Әуке лимфа түйінінің қайталап қабынуы (шошқа обасы).

№109,123.Шошқа обасына байланысты көмекейдің кілегей қабығындағы қанталаулар.

№115,647.Бүйендегі «бутондар» (түйме тәріздес төмпешіктер).Шошқа обасы.

№131.Өкпе бөлшегінің қанталап қабынуы.Шошқа обасы.

№142,419,688.Талақтағы көптеген қанды инфарктер.Шошқа обасы.

№728.Шажырқай бездерінің қанталап қабынуы. Шошқа обасы.

№332.Шошқа обасына байланысты жүректігі қанталаулар.

№697 Б,212.Тауық обасына байланысты етті қарындағы қанталаулар.

№816.Көгілдір түлкінің обасына байланысты бауырдың жіті қабынуы. №819. Ащы ішектігі көлемді қанталау және оның суланып жіті қабынуы. Жүректің он қарыншасының жіті кеңеюі (иттің обасына байланысты).

№820.Күшіктің обасына байланысты бүйрек саңылауының жіті қабынуы және талақ тканінің шамадан тыс өсуі (гиперплазия).

№99 Тауық ішегінің обаға байланысты дифтеритті қабынуы.

60 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: лимфа түйіні. Гематоксилин –эозинмен боялған . Әдетте шошқа обасына байланысты лимфа түйіндеріндегі өзгеріс қанталап қабыну түріне өтеді.

Гистологиялық тіліннің жиегіне көңіл аударсақ, түйіннің қабығы лимфоид тканінен әжептәуір алшақтағанын байқаймыз себебі бұл аралық яғни жиекті синус (морфологиялық тұрғыдан) эритроциттермен кернелген. Кейбір қан тамырларының қабырғалары жуандап, гигалин шөккен; қабырғасы өлі етке айналған тамырлар да кездеседі.

Індеттің аса қауіпті түрлерінде қанды жалқаяқ түйіннің ортаңғы синус қуыстарында жиналады,кейде эритриоциттер бау тәріздес ұлпа мен фолликулдерді кернейді.Осындай өзгерістерге байланысты табиғи құрылым бұзылып,лимфоциттер саны күрт азаяды. Айталық,фолликулдердің жиегінде лимфоциттер тек жұқа шеңбер түрде ғана сақталған.


Патогистологиялық диогнозды анықтап дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.
65 ГИСТОПРЕПАРАТ
Ағза: бүйен.Гематоксилин –эозинмен боялған. Зерттеу процесі қолайлы болу үшін препаратты дұрыс орналастыру қажет, яғни кілегей қабық жоғарғы жақта болу керек.

Препаратты мұхият қарай отырып, кілегей қабықтың зақымдалған жерін анық көруге болады. Мұнда табиғи құрылым жойылған,бозарыңқы,өлі етке айналған. Өлі еттің ұлғайып тереңдеуі қабынудың зілділігіне байланысты. Қазіргі қаралып отырған жағдайда өлі етке тек кілегей қабық пен оның астыңғы дәнекер ткані шалдыққан. Кілегей қабықтың өзгерген тұсы зақымдалмаған жерлерден әжептәуір көтереңкі.Өлі ет пен сау ткаеь шекарасында көптеп клеткалар жиналған (демаркация сызығы). Кілегей қабықтың өлі етке айналған жеріне қабыну процесінің алғашқы сатысында фибрин шөккен (Ағзаизмнің қоздырғышқа қайтарған жауабының нәтижесі); дәл қазіргі жағдайда оның өте нәзік талшықтарын көре алмаймыз, себебі ол кілегей қабық тканімен ыдырап өлі еттенген. Осындай жағдайға кейбір қан тамырлары душар болған. Осыған байланысты олардың қуысында қан ұйып бітелген (тромбоз).Демаркация сызығының негізі лейкоциттер екенін байқауға болады. (Үлкен үлкейткіш көмегімен).Оларға аралас лимфоид клеткалары мен біраз гистиоциттер бар. Мұнымен қатар дәнекер ткань аздап ісініп домбыққан.

Патогистологиялық диогнозды анықтап дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

№ 107 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза : ми. Гематоксилин –эозинмен боялған.

Препаратты зерттей отырып нерв клеткалары (нейрондар) мен қан тамырларына көңіл аудару керек, себебі құтырған малдың негізгі клиникалық және морфологиялық белгілері осы құрылымдардың зақым-далуына байланысты.

Зерттеу нәтижесінде тамырлардың керіліп , қанға толғаның, қабырға жиегі суланып домбыққанын және қанталағанын көруге болады. Дәнекер тканьде клеткалар түйіндерін, сонымен қатар ұсақ тамырлар маңында клеткалардың шоғырланып жиналғанын байқауға болады. Бұлардың пайда болу себебі дәнекер ткань және адвентиция клеткаларының бөлініп көбеюінде. Көлденең кесілген тамырлар жиегінде олар шеңбер тәріздес бүкіл тамырды жан –жағынан қоршап алған. Көптеген нейрондарда хроматин ыдырап жойылған, (хроматолиз) , кейбіреулерінде көпіршіктер пайда болған (вакуолизация), ал енді біреулері ісініп қампиған. Осындай зақымдалған нейрондарды дәнекер ткань клеткалары қармап жойған (нейронофагия). Сөйтіп клетка түйіндері құрылған (құтыру түйіні).

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

№ 107 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: ми. Гематоксилин –эозинмен боялған.

Препаратты зерттей отырып нерв клеткалары (нейрондар) мен қан тамырларына көңіл аудару керек, себебі құтырған малдың негізгі клиникалық және морфологиялық белгілері осы құрылымдардың зақымдалуына байланысты.

Зерттеу нәтижесінде тамырлардың керіліп,қанға толғанын, қабырға жиегі суланып домбыққанын және қанталағынын көруге болады.Дәнекер тканьде клеткалар түйіндерін, сонымен қатар ұсақ тамырлар маңында клеткалардың шоғырланып жиналғанын байқауға болады. Бұлардың пайда болу себебі дәнекер ткань және адвентиция клеткаларының бөлініп көбеюінде.Көлденең кесілген тамырлар жиегінде олар шеңбер тәріздес бүкіл тамырды жан-жағын қоршап алған. Көптеген нейрондарда хроматин ыдырап жойылған,(хроматолиз), кейбіреулерінде көпіршіктер пайда болған (вакуолизация), ал енді біреулері ісініп қампиған.Осындай зақымдалған нейрондарды дәнекер ткань клеткалары қармап жойған (нейронофания).Сөйтіп клетка түйіндері құрылған (құтыру түйіні).

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.
107А ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: ми (аммои мүйізі). Туревич тәсілімен боялған.

Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы эпендиманың (аммон мүйізінің сыртқы қабы) астыңғы қабатында жатқан үлкен гангли клеткалар қатарын табу керек. Көпшілік клеткалар үш бұрышты, олардың көлемді ядроларының ядрошкалары байқалады. Енді үлкен үлкейткіш арқылы осы клеткаларды мұхият зерттесек,ядролар маңында орналасқан лағыл түсті денешіктерді көруге болады. Олар ядро көлемінен кішілеу және де арнайы тәсілдермен бояу арқылы анықтауға болады.

Тағы да көңіл аударатын жәй қан тамырлары. Олардың маңында лимфоид клеткалары шоғырланып,тамыр шеңберленген. Мұнымен қатар мезенхимада құтыру түйіндері декездеседі.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

АЛТЫНШЫ САБАҚ. УАҚЫТ -2 САҒАТ

Таблицалар: 42,43,46,47,48.

Муляждар: 316,317.

Музей препараттары;

№2. Мысық қарынындағы бөгде денелер (құтыруға байланысты)

№254.Мысық қарының кілегей қабығындағы нүкте тәріздес қанталаулар. (Құтыруға байланысты).

№556. Торай өкпесінің сірі қабығы астындағы көптеген өлі етті ошақтар (Ауески ауруына байланысты).

№594.Сүт тышқанының санының тырналып жарақаттнуы және өкпесінің фибринді қабынуы (Тәжірибелі Ауески ауруына байланысты)

№692. Түлкінің тырналған бас терісі (Ауески ауруы).

№743.Қара түлкінің сан еттерінің жаралануы (Ауески ауруы).

№862,864,926. Ауески ауруына байланысты торайдың ішкі Ағзадарындағы өзгерістер.

№277. Қоянның сандығындағы тырнаудан пайда болған жара (Ауески ауруы).

№418.Шешекке байланысты қойдың терісіндегі өзгерістер.

№57 Қойдың терісінің іріңдеп, безеуленіп қабынуы.

109 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза:тері Гематоксилин –эозинмен боялған. Күлдіреуіктің тұсындағы эпидермис қабаты тым жуандаған және оның табиғи құрылымы байқалмайды. Өсу мен түйіршікті қабаттардың клеткалары зақымдалып бұзылған. Түйіршікті қабаттың клеткаларында іші сұйыққа толған көпіршіктер көрінеді,ал ядролар ыдырап, жойылған.Кейіннен көпіршіктер өзара қосылып,іші сулы жалқаяққа толған, қуысқа айналған. Зақымдалған клеткалар мүлде үгітіліп жойылған. Дәнекер ткань тамырлары кеңейіп,эритроциттер қабырғалардың сыртына шыққан (диапедез). Сонымен қатар тамырлар маңында лейкоциттер мен гистиоциттер жиналған. Дәнекер ткань талшықтары жуандаған.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.

52 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: жүрек Гематоксилин –эозинмен боялған. Препаратты мұқият зерттей отырып,ет талшықтарының түйіршіктеніп, кесектеліп ыдырағаның байқаймыз. Мұнымен қатар өлі етке айналған ошақтарды да көруге болады.Олар қызыл кұңгірт түсті,түр-сипатсыз. Аралық –дәнекер ткань әр түрлі клеткалармен кернелген –фибробластармен, гистоциттермен, лимфоидтық және плазмалық клеткалармен. Бұл клеткалар зақымдалған жерлерді де кернеген. Кейбір өлі етке айналған ошақтарда әк тұздар шөккен,сондықтан олар көкшіл түсті.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.


108 ГИСТОПРЕПАРАТ
Ағза: өкпе. Гематоксилин –эозинмен боялған.

Препаратты зерттей отырып,өкпеде фибринді қабынудың әр түрлі сатыларының барлығына көзіміз жетеді. Қан кернеп қызару сатысына лайық жерлерінде тыныс капиллярлары тым керіліп қанға толған. Альвеолдар қуысында біраз су жалқаяғы бар, бірер-саран эритроциттер көрінеді.

Енді қызыл бауыр тәріздену сатысына сәйкес жерін табу керек. Мұнда альвеолдарда қызғылт нәзік өрме секілді фибрин талшықтарын көруге болады. Және көптеген эритроциттер жиналған. Сонымен қатар біраз лейкоциттер мен үгітіліп түскен альвеол эпителиі бар. Сұрғылт бауыр тәріздену сатысына сәйкес жерде альвеолдағы эритроциттер ыдырап жойылған, ал лейкоциттер мен фибрин тым көп ; тамырлар қаннан босаған.

Аралық дәнекер ткань қабыну процесінің алғашқы сатыларында тым ерте зақымдалады. Ол сулы – фибринді жалқаяқтың сіңуі себебінен тым жуандаған. Лимфа тамырлары керіліп , сөл ұйықтарымен бекітілген. Олардың құрамында фибрин, лейкоциттер мен гистиоциттер бар. Тканьдегі тамырлар маңында көптеп түрлі клеткалар жиналған.

Қызыл және сұрғылт бауыр тәріздену сатыларында аралық дәнекер ткань ұлпадан жалпақ көгілдір белдеумен бөлінген. Мұнда ыдыраған ядролар хроматинінің түйірлері мен кесектері көрінеді .Бұл жиектегі ұйымдасу белдеуі.

Негізінде өкпе ткані перипневмония ауруына кейін қалпына келмейді. Қан және лимфа тамырларының ұйықтармен бітелуіне байланысты ұлпаның кей жерлері секвестрленіп (мүше шірігінің тірі тканьдерден бөлінуі) өлі етке айналады .

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.

№ 101 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: бауыр. Гематоксилин –эозинмен боялған. Препараттың әр жерін зерттей отырып,бөлшектер ішіндегі капиллярларға көңіл аудару керек. Олар кеңейіп қанмен кернелген. Қан клеткаларын аралас домалақ немесе сопақша келген клеткалар бар. Бұл жұлдыз тәріздес Купфер клеткалары мен гистиоциттер. Олардың цитоплазмасында гемосидерін пигментінің коңыр түсті түйіршіктері көптеп жиналған. Бөлшекаралық дәнекер ткань едәуір жуандап, әр түрлі клеткалармен кернелген. Ұлпаны қан кернеген, клеткаларында дистрофиялық өзгерістер байқалады.

Үлкен үлкейткіш арқылы клеткалар құрамын анықтау керек. Айталық, мұнда көптеа гистоциттер кездеседі. Олар макрофагальдық қызмет атқарады, сондықтан цитоплазмасы гемосидерін түйіршіктерімен толған. Бұларға аралас лисфоид клеткаларында пигмент көрінбейді.Өйткені оларға фермент арқылы жинақтау қасиеті жоқ. Бауырдағы табылған өзгерістер жылқының індетті қан аздығы ауруының қай түріне лайық?

Дәптерге көрінген өзгерістерді түсінігімен салу керек.


103 ГИСТОПРЕПАРАТ
Ағза: бауыр. Гематоксилин –эозинмен боялған.

Препаратты мұхият зерттеп отырып, баурдың табиғи құрылымының бұзылғанын байқаймыз. Бауыр клеткалары тек бөлшек шеттерінде сақталған, ал ортасында олар зақымданып құрылған.

Үлкен үлкейткішпен зерттесек, ұлпа клеткаларындағы дистрофиялық процестерге көзіміз жетеді. Кейбірлеулеріне түйіршікті диспротеиноздар, майлы дистрофия,ал басқалары ыдырап,түр сипатсыз затқа, яғни өлі етке айналған. Капилляларда лимфоид клеткалары мен гистоциттер жиналған. Көпшілігінің ядролары бүрісіп,кішірейген.

Бауыр клеткалары мен кейбір гистоциттарда қоңыр пигмент бар, бірақ ол темірге дұрыс реакция бермейді, мүмкін өт пигменті болар.

Өт капиллялары кеңейіп, өтпен кернелген. Бөлшекаралық дәнекер ткань біраз жуандаған,онда көптеп клеткалар жиналған.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.



КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР.
Таблицалар:41,62.Муляжар:345,363,353,355,356.

Музей препараттары:

№442.Бұзаудың ащы ішегінің суланып қабынуы (аусылдың күлдіреуіксіз түрі).

№446.Ірі қараның лимфа түйіндерінің қанталап қабынуы (аусылға байланысты).

№492,704.Бұзау аусылының қатерлі түріне байланысты жүректің өлі етке айналып қабынуы.

№551.Бұзаудың аусылға байланысты пролиферативті миокардиті.

№843.Аусылға байланысты шошқа аяқтарының зақымдалуы.

№740,844. Аусылға байланысты шошқа тұмсығындағы жаралар.

№610,847. Аусылға байланысты шошқаның аяғындағы, тұмсығындағы және тіліндегі өзгерістер.

№282,520.Ірі қараның плевропневмония ауруына байланысты өкпесіндегі өзгерістер.

№722 Ірі қараның фибринді пневмониясы мен сір қабығындағы қанталаулар.

№403,405,407,409,412,445,601,720.Ірі қараның плевропневмониясы.

№733. Ірі қараның өкпесінің нығыздалып қатаюы(плевропневмония ауруына байланысты).

№563. Жылқының індетті қан аздығы ауруына байланысты бауыры мен бүйрегіндегі түйіршікті дистрофия.

№711.Жұпар жаңғақ тәріздес бауыр және бүйректің түйіршікті дистрофиясы (жылқының індетті қан аздық ауруы)

№136.Жылқының жұқпалы энцефаломиелитіне байланысты бауырының зақымдалуы.



ЖЕТІНШІ САБАҚ.

УАҚЫТ -2 САҒАТ

П.Микоздар мен микотоксикоздардың патоморфологиясы.

Микоздар мен микотоксикоздардың мәні. Актиномикоздың, стахи-ботриотоксикоздың және аспергиллездің патогенезі мен патоморфологиясы.Бұлар арқылы аурулары айыру.

Актиномикозды зерттегенде аурудың қоздырғышы жөнінде тиісті мағұматтар білген жөн. Ауру қоздырғышы таңдай Ағзадарды зақымдайды,олардағы патанатомиялық өзгерістердің ерекшелігін білу өте қажет.

Малдардың стахиботриотоксикоз аурудың, әсіресе жылқының,әр түрлерімен сатылары бар. Бұл ауруда ас қорыту жүйесіндегі патоморфологиялық өзгерістер айырықшы басым және ондағы өлі еттену процестерінің даму барысындағы сау еттің,яғни жалпы Ағзаизмнің жауабы жоқтың қасы.

Құстар мен малдардың аспергиллезін зерттегенде жеке бір Ағзадар мен тканьдерде пайда болатын патанатомиялық өзгерістерді,патогенезді, ауруды айыру және басқа аурулардан ажыратуды білу өте қажет.


ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.

1.Микоздар мен микотоксикоздар деген не? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

2.Ағзадардағы актиномикозға байланысты патанатомиялық өзгерістер қандайлық?

3.Актиномикоз гранулемасының микроскопиялық және микроскопиялық бейнесі. Оның туберкулез түйіндерінен (төмпешіктерінен) айырмашылығы?

4.Acпергиллездің патоморфологиясы.Оны айыру және ажыратып айыру.

5.Стахиботритоксикоздың патоморфологиясы және ерекшелігі қандай?



КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР
Таблицалар (№39,40)

Музей препараттары:

№171.Жылқының батриомикозына байланысты енбау қалдығы мен ен тамырының іріңдеп пролиферативі қабынуы (фуникулит).

№531;678. Актиномикозға байланысты сиыр тілінің «ағаштануы»

№931,932.Ірі қара ботриомикозы.

№128.Жылқының африка маңқасына байланысты танау кілегей қабығының суланып,ойық жараланып қабынуы.

№154.Африка маңқасына байланысты жылқы танауының зақымдалуы.

87 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: енбау. Гематоксилин –эозинмен және Ван-Гизон тәсілдерімен боялған. Препаратты кіші үлкейткіш арқылы зерттей отырып,оның едәуір бөлімі бүршікті дәнекер ткань екенін және құрамында гистоциттар мен жас фибробластардың басымдығын байқаймыз. Жайылып өскен дәнекер ткань ішінде көлемі ір түрлі ошақтарды көруге болады. Олар клетка жиындарынан тұрады; ядролары қою көкке боялған. Ошақтар орталығында жүзім шоғырлары тәрізденіп үйілген қызғылт түсті саңырауқұлақтар мекені көрінеді. Оның негізі өте үсақ түйіршіктер-коккалар. Олардың жиегі құрылымсыз қызғылт зат зооглиямен көмкерілген. Мекендер маңында өте көп лейкоциттер жиналған,олардың көпшілігі ыдырап өлі еттенген.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.

89 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: тіл. Гематоксилин –эозинмен боялған. Кіші үлкейткіш арқылы препараттың әр тұсында саңырауқұлақтар мекенін (друзы) көруге болады. Олар эозинмен ашық қызғылт түске боялған,маңында көптеген клеткалар жиналған және дәнекер тканьмен шеңберленген. Препаратты үлкен үлкейткішпен зерттей отырып, мекеннің құрылымын анықтауға болады; ол негізінде саңырауқұлақ талшықтарынан (мицелий) тұрады; бұлар жан-жаққа күн сәулесі тәрізді тарамдалған және ең шеттері колба сияқты қампиған.

Аурудың аты қоздырғыштың құрылымына байланысты қойылған (грекше актис-сәуле, микес-саңырауқұлақтар)

Мекен маңындағы клеткалар құрамы әрқилы. Айталық, аурудың алғашқы сатысында қоздырғыш маңайында эпителионд және алып клеткалар басым,яғни бұл өзгерісті инфекциялық гранулемаға тән деуімізге болады. Кейіннен тамырлардан қоздырғыш маңайына көптеп лейкоциттер көше бастайды. Олардың протеолиттік ферментінің әсерінен клеткалар ыдырап іріңдей бастайды, ал ірің маңайында қаулап бүршікті ткань өседі (оның құрамында көптеп жас дінекер ткань клеткалары фибробластар, гистоциттер,лимфоид және бірен-саран плазмалық клеткалар бар.). Сөйтіп гранулема түйіні іріңге айналады.

Аурудың кейінгі сатыларында ескірген гранулемалар әдетте талшықты дәнекер тканьмен қапталған. Талшықтар арасында лимфоидты және плазмалық клеткалар кездеседі.Бұл мекендердегі ауру қоздырғышы өзіне тән құрылымынан айырылып, ыдыраған,әк тұздары шөккен.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.



СЕГІЗІНШІ ЖӘНЕ ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚТАР.

УАҚЫТ-4 САҒАТ
111.ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНДІКТЕР МЕН ҚҰРТТАР ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР.
Әдетте қалыптасқан ізбен жеке аурулардың, мысалы пироплазмоздың,тейлериоздың, нутталиоздың, эймериоздардың (сүт қоректілер мен құстардың ауруы),токсоплазмоздың және ірі қараның бензоитиозының анықтамасы, себептері, патогенезі мен белгілері,мал денесінде ауру туғызған өзгерістер,анықтау әдістері туралы тиісті мағлұматтарды білу керек.

Гельминтоздардың, айталық фасциолездің,дикроцелиоздың,эхинококкоздың, ценуроздың,финноздың,трихинеллездің, диктиокаулездің,делафондиоздың клиникалық белгілерімен қатар патоморфологиялық өзгерістерін білу қажет.

Құрттардың биологиялық; морфологиялық қасиеттеріне байланысты мал денесінің тиісті бір жүйесінде немесе жеке тканьде патанатомиялық өзгерістер дамиды. Сондықтан оларға көңіл аударып білген жөн. Өте бір маңызды жәй ауруларды бір-бірінен ажырата білу. Мысалы пироплазмидоздарды лептоспироздан (індетті сары аурудан), сол сияқты бұларды ұқсас індеттерден, өйткені аталған аурулардың клиникалық белгілері мен қатар патанатомиялық өзгерістердің көптеген ұқсастығы бар.

Сонымен қатар құрттар түйіндерінің басқа себептерден пайда болған түйіндерден айырмашылығын, олардың тек жергілікті процестің нәтижесі еместігін,иммунобиологиялық жүйесінің қатысуымен туған бүкіл Ағзаизм зардабының нәтижесі екенін еске алған жөн.


ӨЗБЕТІМЕН ЖАУАБЫН ДАЙЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАР.

1.Ірі қараның пироплазмозына байланысты патоморфологиялық өзгерістер қандайлық?

2.Ірі қараның тейлориозының патанатомиясы қандай?

3.Жылқының нуттолиозының патоморфологиясы қандай? Ауруды қалай айырады және ұқсас аурулардан қалай ажыратады?

4.Жылқының пироплазмозының патанатомиясы қандай? Ауруды айыру тәсілдері?

5.Фасциолездің патоморфологиясы.

6.Дикроцелиоздің патоморфологиялық ерекшеліктері қандай?

7.Жылқы делафондиозының патанатомиясы.

8.Ценуроздың (айналманың),финноздың және эхинококкоздың патанатомиясы қандай?
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАР

Таблицалар:№26,69,63,68.

Муляждар: № 294,301,303,304-306,342.

Музей препараттары: № 34,221,433,624,676.Қойдың айналмасы.

№59,62,175,880. Жылқы мен шошқа бауырларындағы көптеген халикоздар.

№89,125,162,681,808,846,855.Жылқы мен шошқа аскаридозі.

№124,180,558.Қой талағының эхинококказі.

№106,112,121.Иттің описторхозына байланысты бауырының, өт қабы мен түтіктерінің, бүйрегінің және қарынының жіті қабынуы.

№157,Қой бауырының цистицеркозы (жылауығы)

№161,164,166,653.Сиыр бауырының эхинококкозі.

№173,604.Қой өкпесінің эхиноккозі.

№177.Ірі қараның жүрек етінің финнозі.

№426,431,485,535,548,599,758.Қоян бауырындағы кокцидиозға байланысты өт түтікерінің кеңеюі.

№483.Нутталиозға байланысты жылқы бауырындағы өзгерістер.

№490.Тейлериозға байланысты ірі қараның ұлтабары мен бүйрегіндегі өзгерістер.

№491.Сиыр бауырындағы тейлериозға байланысты өзгерістер.

522,598.Жылқы өкпесіндегі нутталиозға байланысты өзгерістер.

№885.Қоян бауырының билиарды циррозі (кокцидиозға байланысты)

№440,472,724.Түйе шарбысының цистецеркозі.

№729.Жылқы қарының гастрофилезі.

№798.Торыйдың трихоцефалезі.

№87.Қой гемонхозына байланысты тері астындағы шелдің домбығуы және ұлтабардың суланып жіті қабынуы.


115 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: бауыр.Ван-Гизон тәсілімен боялған.

Препаратты зерттей отырып,кеңейіп керілген өт жолдарына көңіл аудару керек. Олардың қабырғалары жуандаған көңіл аудару керек. Олардың қабырғалары жуандаған себебі эпителий клеткалары бөлініп көбейген; өт жолдарының ішінде осыған байланысты папиллома тәріздес бездер пайда болып олардың қуыстары бітелген.Мұнымен қатар құрт әсерінен эпителий клеткалары көптеп үгітіліп түскен. Оларға аралас ауру қоздырғышының ооцистері байқалады.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.


40 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: тері.Гематоксилин-эозинмен боялған.

Препаратты зерттей отырып, көптеген домалық ошақтарға көңіл аулару керек. Олардың бейнесі өте жақсы байқалады. Үлкен үлкейткіш арқылы бұлардың қалың сыртқы қабығының түр сипатсыз біркелкі екенін байқаймыз және де эозинмен қызыл түске боялған.Оның ішкі бетіне үлкен сопақтау ядролары бар жұқа плазмалық қабат жанасқан. Сөйтіп бұл шар тәріздес домалақ ошақтар мал денесіне енген қарапайым жәндіктердің әсерінен пайда болған цистілер. Олардың орталық қуыстары өте ұсақ Ағзаизмдермен –трофозоиттермен толған.

Цистілер терінің барлық қабаттарында кездеседі; бір-азы эпидермиске енген,сол себепті оның бір-екі ақ қабаты сақталған.Басқалары тереңде үрпі тәрізді қабатта және ыдырай бастаған шәш томпақтарының аралығында орналасқан.Эпидермистің мүйізгек қабаты жуандап, жұмсарып қопсыған,клеткалары үгітіліп түскен.

Мұнымен қатар цистілер торлы қабаттың коллаген талшықтарының будалаларының арасында, лимфа және қан тамырларының қабырғасында,тіпті нерві талшықтарының ішінде кездеседі.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.

119 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: өкпе. Гематоксилин –эозинмен және Ван-Гизон тәсілімен боялған. Кіші үлкейткіш арқылы зерттей отырып, бронхалар мен кейбір альвеолдар ішінде құрттарды көруге болады. Бронхалар қуысында олардың (құрттардың) маңында кілегейге аралас көптеген лейкоциттер мен үгітіліп түскен эпителий клеткалары көрінеді. Кілегей қабық астындағы және бронха шетіндегі тканьдер лейкоциттермен, лимфоид клеткаларымен, эозинофилдермен кернелген.

Альвеолдар ішін, құрттармен қатар лейкоциттер,лимфоид және ыдыраған эпителий клеткалары жайылған.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.

118 ГИСТОПРЕПАРАТ

Ағза: бауыр. Гематоксилин-эозинмен боялған. Жас фасциолалардың ағза ұлпасында кезуі әсерінен қан тамырлары мен бауыр ткані эжептәуір зақымдалған. Құрттардың кезу себебінен пайда болған жолдарды « бағытты бұрғылау» деп атаған жөн. Бұлар ұлпаның ыдырауының пайда болған құрылымсыз детритпен және де қан клеткаларымен толған. «Бағыттағы бұрғылаудың» жиегінде көптеп лимфоид клеткалары, гистиоциттер және эозинофилдер жиналған.

Бөлшекаралық дәнекер ткань тым жуандаған. Онда тарам-тарам түтікшілерді байқауға болады. Олар іш жағынан күб тәріздес эпителиймен көмкерілген. Сөйтіп біз регенерация (жаңару,қайта қалпына келу) процесінің әсерінен пайда болған жаңа өт жолдарын көріп отырмыз.

Патогистологиялық диагнозды анықтап, дәптерге көрінген өзгерістерді түсінгімен салу керек.

10-12 САБАҚТАР.УАҚЫТ -6 САҒАТ



1У.МАЛ ӨЛЕКСЕЛЕРІН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ- АНАТОМИЯЛЫҚ СОЙЫП ҚАРАУ ЖӘНЕ ПРОТОКОЛ ЖАСАУ.

Мал өлекселерін патологиялық –анатомиялық жарып қарау клиникалық диагноздың дәлдігін тексеру мақсатымен, сол сияқты малдың қандай аурудан өлгенін анықтау үшін жүргізіледі.

Мал өлекселерін арнайы салынған үйде прозекторияда сояды.

САБАҚҚА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР:

1.Өлексе.

2.Инструменттер: ағаш сабты пышақтар, скальпельдер, дөңгелек және ішек кесуге арналған қайшылар, хирургиялық қысқаштар,ұшында қасығы бар шоровкалар, анатомиялық жұқа және жақ тәрізді аралар, балға-балталар.

3.Арнаулы киімдер; халат, клеенкалы жеңдер,резиналы немесе клеенкалы алажапқыштар, резиналы бессаусақ қолғап және етік.

4.Қосымша заттар:10 % формалин ертіндісі, шыны банкалар,иод және спирт ертінділері.

Сабақтың негізгі мақсаты -өлекседен алынған мүшелерді (алтыншы- жетінші семестрлер көлемінде оқылып зерттелген жалпы патологиялық процестерге және де жеке аурулар жөнінен алынған мағлұматтарға сүйене отырып), зерттеу. Соның нәтижесінде патанатомиялық диагнозды құрау, өлімнің себебін анықтап,қорытынды жасау, жарып қаралған өлексеге протокол жасау.



Өлекседен алынған мүшелерді зерттеу үшін оның мөлшерін,түрін, консистенциясын, тканнің құрғақтығын немесе дымқылдылығын,қан тамырларының қанға толу дәрежесін және қанның жағдайын анықтайды. Мүшенің мөлшерін білу үшін оның ұзындығын,енін, қалыңдығын өлшейді. Мұның шеті жұмырлана бастаса,бүйрек жігінің арасы алшақтай бастаса бұл мүшелердің үлкейгенін көрсетеді. Консистенциясын анықтау үшін мүшелерді және оның бөліктерін әбден басып байқайды. Мүшенің үстіңгі жағы (кілегей немесе сірі қабықтары) өлі еттенген болса, оның тканьмен байланысын түсіндіреді. Сөйтіп бүкіл дене мүшелері зерттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет