Жарақаттың жіктелуі


Инфекцияланган жаранын даму кезендері



бет5/31
Дата15.06.2023
өлшемі418.29 Kb.
#475101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ХИРУРГИЯ ВМ-407 ЖАУАБТАРЫ

19. Инфекцияланган жаранын даму кезендері
Жара дегеніміз терінің кілегей қабатының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық зақымдануы. Жараның түрлері: Операциялық, кездейсоқ, соғыс кездегі.
Инфекцияғаның дамуы төрт кезеңнен өтеді: Контомилация(қоздырғыштармен ластануы), Микрофлора микробтар тірі, тек өлі ұлпаларда ғана әсер етеді, Инфект тірі ұлпаларғада әсер етеді, Инфекция бүкіл организмге таралуы.
20. Жара процесінін биологиясы
Жараның биологиясы
Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процессі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте бірте өлі еттерден тазарып, қуысы ұлпаларға толып жазылады.
21. Жарадары жедел кан жеткіліксіздігі
Жараның негізгі бір белгісі – қанағыс. Оның мынадай түрлері бар: сыртқы және ішкі, жараланған тамырларына қарай артериалды, венозды, капиллярлы, аралас; уақытына қарай: алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аррозионды қанағысты бөлек айтады. Мұнда қантамырлары қабырғасынан немесе бір мүшелердің сыртынан қан шым шым пайда болып ағып тұрады. Сыртқы қанағыс жараланған сәтте пайда болып, айқын білінеді. Ішкі қанағыс сыртынан білінбейді, қан ұлпаларға, дененің табиғи қуыстарына жиналады, сондықтан оларды ұлпалардың немесе қуыс қан ағысы дейді. Егер қан буын қуысына жиналса оны гемартроз, кеуде қуысына жиналса гематоракс деп қуыстың атына сәйкес атай береді. Осындай қанағыстардан мал әлсірейді, қан тамырының соғысы жиіленіп, көрінетін кілегей қабықтары бозарыңқы болады, демікпе байқалады, мал теңселіп, айдауға жүргісі келмей, жатуға тырысады. Алғашқы қан ағысы жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минуттан әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді. Қансырау. Қансырау ірі қан тамырлары жарақаттанғанда кездеседі. Алғашқы кезде малдың қан тамырының соғылуы, тынысы жиіленеді, көрінетін кілегей қабықтары бозарып көкшіл тартады, ол жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр түрлі болады. Ірі қара малмен иттер төзімді келеді, мысалы ірі қара денедегі 50% қаннан айырылғанда ғана өлуі мүмкін, ал жылқы қансырауды ауыр көтереді, ауру, арық малдар қансырауға төзімсіз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет