Ф.7.03-13
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ИНЖЕНЕРЛІ ФАКУЛЬТЕТІ
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА кафедрасы
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
Жаратылыстану-инженерлі ОӘЖ жөніндегі проректор, факультетінің деканы __________ Ә.Ж.Елтаев
____________ З.Илесов «___» ___________2020 ж. «___» ___________2020ж.
(МОА 3220) «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Мамандығы: 5В010900 - «Математика»
Курс: 3
Семестр: 5
ЕСТS -5
Дәріс: 15 сағат
Практиалық сабақтар: 30 сағат
ОБСӨЖ – 22,5 сағат
СӨЖ – (ағымдық-70, аралық-12,5) сағат
Межелік бақылау: (8 және 15 апта)
Емтихан түрі – ауызша
Оқытушы туралы мағлұматтар:
Қарабаев Амантай педагогикалық өтілі 48жыл,
қызметі – п.ғ.к., доцент.
Кеңсе: «Информатика және математика» кафедрасы
Мекен-жайы: Шымкент қ, , Төлеби көшесі, 32,А- оқу ғимараты, каб.311
Тел.: 87011444323
Е-mail: karabaev50@list.ru
Кеңес беру уақыты: (сабақ кестесіне сәйкес)
Шымкент, 2020
Силлабус университеттің жұмыс оқу жоспары негізінде (МОА 3220) «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Силлабус «Информатика және математика» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды. №___хаттама,«___» ____ 2020ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________ф-м.ғ.к., проф. Юнусов А.
1. ОӘБ басқарма бастығы: _______________ Байнеева П.Т.
2. ОӘК меңгерушісі: __________________ Қоңырбаева Г.К.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:
Пәннің мақсаты: Болашақ математика мұғалімдерін оқытудың заңдылықтарымен, әдіс-тәсілдерімен, сабақ өткізудің практикасымен қаруландыру және олардың педагогикалық ой өрісінің дамуына көмектесу болып табылады.
Болашақ мұғалімнің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра білуінің әдістемелері мен түрлерін меңгеруіне, оқушымен педагогикалық жұмыстағы қарым-қатынастың әртүрлі талаптарын меңгеруге оқушылардың математикалық ойлауын дамытудың әр түрлі әдістерін, әсіресе есептер шеше білудің әдістерін, теоремалар дәлеледеуге қойылатын әдістемелік талаптарды меңгеруі, сабақ өтуге қажетті әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыра білуге үйрену.
Сонымен бірге орта арнаулы оқу орындары мен гимназия, физика-математикалық мектептерде, 12-жылдық мектептерде математиканы оқыту әдісі мен ұйымдастыру ерекшеліктерін оқыту, жоғары оқу орындағы математикалық пәндерді оқыту әдістерінің ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. Бұл пән педагогикамен, психологиямен, философиямен, математикамен және т.б. байланыстарды үйрету мақсатын көздейді.
Пәннің міндеті: Сабақ өткізудің практикалық дағдысына ие болу, үй тапсырмасын тексеру әдістемесі, өзбетіндік жұмыс, жаңа материалды үйрену әдістемесі, өтілген сабаққа талдау жасаудың түрі және сабақтың барысын жазу т.б.
Өтілетін скбақты жоспарлай білу, оған сабақ мазмұнына қарай оқытудың техникалық құралдарын қолдана білу. Орта және жоғары оқу орындарында сабақтан тыс жұмыстар: үйірме, олимпиада, математикалық кештер, жарыстар, ғылыми қоғамдарды (оқушылардың, студенттердің) жұмысын пәрменді түрде жүргізу және т.б.
Математиканы оқыту әдістемесі курсын үйренудің нәтижесінде студенттер математиканы орта мектептте және жоғары оқу орында оқытудың ұйымдастыру формасы туралы түсінік алу керек. Өтілетін скбақты жоспарлай білу.
Достарыңызбен бөлісу: |