«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КЕАҚ
Жаратылыстану-математика факультеті
Жаратылыстану-ғылыми пәндер оқу кафедрасы
|
6В01509– «Химия-Биология» мамандығы бойынша оқитын магистранттарға
«ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ»
пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған
әдістемелік нұсқаулар
Семей
2023
6В01509 – «Химия-Биология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Химиялық экология» пәні бойынша өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. ӘЗІРЛЕГЕН
Сапакова А.К., б.ғ.к., аға оқытушы, жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы _______________________________ «_16 » ___05___ 2023 ж.
2 .КЕЛІСІЛДІ
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының отырысында
Хаттама «__16___»______05_______2023 жыл, №10
Кафедра меңгерушісі_______________ Рахимжанова А.М., PhD
Жаратылыстану-математика факультеттің Сапаны қамтамассыз ету жөніндегі комиссия отырысында
Хаттама «___06__»_________06__________2023 жыл, № 6
Төраға ___________________________ Желдыбаева Б.С.
3.БЕКІТІЛДІ
Факультет деканы _________________Мукаев Ж.Т.
МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе
|
4
|
2. Өздік жұмыстың тақырыбы
|
5
|
3. Өздік жұмысты орындау бойынша ұсыныстар және тапсыру мерзімі
|
7
|
4. Өздік жұмыстың нәтижелерін безендірілуге қойылатын талаптар
|
10
|
5.Әдебиет және интернет-ресурстар
|
11
|
КІРІСПЕ
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – студенттердің өз білімдерін, өздерін дамыту жағдайларын қалыптастыруға қабілетін арттыратын, ойлау қабілетін кеңінен дамытатын басты іс-әрекеттерінің түрлері.
СӨЖ - ол дәріске алдын-ала дайындалуға, кітапхана жағдайында оқу материалын өздігінен оқуға, компьютерлік сыныпта, Ғаламтор арқылы зертханалық сабаққа, коллоквиумға дайындалуға, СӨЖ тақырыптары бойынша (сұрақтары СӨЖ жоспарында көрсетілген) өздіктерінен көшірме дайындау, зертханалық сабақ бойынша есеп бере білуге, химиядан берілген есептерді талдауға бағытталған аудиториядан тыс жұмыстар болып есептеледі.
Студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты:
Химиялық экологияпәні бойынша фундаменталды білімдер, дағдылармен студенттерді қаруландыру;
Алған білімдерін бекіту және жүйелеу;
Біліктері мен дағдыларын меңгеру;
Шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту.
«Химиялық экология» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011200 - «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін кәсіптік пәндер блогының міндетті компоненті болып табылады (КП-МК).«Химиялық экология» пәнітабиғи ортада ластанудың салдарынан жүретін әртүрлі химиялық процесстерді,олардың қоршаған ортаға және тірі организмдерге тигізетін залалдарын, жануарлар ортасының әр түрлілігін сақтау жолдарын, табиғи тепе- теңдіктің сақталу заңдылықтарын қарастырады.
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
табиғи ортадағы химиялық айналымды;
табиғи ортаның ластану жолдарын,оның алдын алу жолдарын білу;
қалдықсыз және азқалдықты технологияларды;
атмосфера,гидросфера және топырақ ортасында тіршілік ететін;
организмдердің көптүрлілігі және сақталу жолдары туралы;
химиялық-экологиялық зерттеулерді;
химиялық талдаудың қателіктерін есептеулерін;
химиялық-экологиялық сұрыптауды;
зерттеу нәтижелерін химиялық-экологиялық нормативтермен салыстыруды;
концентрацияларды есептеулерін;
талдау нәтижелерінің математикалық өндеуін
Достарыңызбен бөлісу: |