Жаратылыстану пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану



бет2/2
Дата07.11.2023
өлшемі27.81 Kb.
#482528
1   2
жарат 8 тақырып Касенова

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Сабақтың мақсаты – оқушыларға өтілетін материал төңірегеінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру. 
Тақырып бойынша бақылаудың диогностикалық формаларымен таныстыру. Осының барлығы қызығушылық ахуалын туғызу, білімнің маңызды екенін түсіну үшін жасалады. Тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.
Тәжірибелік сабақ. Мұндай сабақты өткізуде де ЖАКТ- ның рөлі ерекше Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірбиелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін вертуалды лабораторияны пайдалануға болады.
Бекіту кезеңі.Көп жағдайда бікіту сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі. Берілетін сұрақтарды, танымдық деңгейлік тапсырмаларды слайд түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін - өзі тексеру мақсатында келесі слайд дұрыс жауаптары жазылады. Мүғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.
Қайталау сабағы.Мұндай сабақтарда мүғалімге ақпараттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелі толықтыру, кемшіліктерді жою өзіндік шеберлікті қажет етеді. Осы тұрғыда мультимедиалық презентация, копютерлік бағдарламамен құрастырылған тек оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктерді ашады.
Оқушы білімін бақылау сабағы. Бақылау жұмыстарының бірнеше нұсқасы оқушыларға интерактивті тақтаға үсынылады. Оқушы қалауы бойынша нұсқаны таңдап, өз бетінше орындайды. Нұсқаның көптігі білімді бақылауда “бағаның” объективті және шынайы болуына септігін тигізеді. Сабақ соңында интерактивті тақтаның “Pen Tablet” құрылғысы арқылы бағалау жүргізіледі..
Білімді дәстүрлі бақылау мен бағалаудан компютермен бағалаудың артықшылықтары бар;

  1. бағалаудың объективтілігі артады,

  2. оқушы өз қатіеліктері көреді;

  3. баға жұмыстың соңында ғана емес,әр тапсырма немесе сұрақтан кейін де көрсетіледі;

  4. бағалауға аз уақыт кетеді.

Жаңа ақпараттық -комуникативтік технологияда басқа технологиялардың жеке элементтерін қолдану жоғары нәтижелер береді
Мысалы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясынан Венн диаграммасын қолдануға болады.Магний мен кальцийдің қасиеттерін салыстырып қарайық.
Ол химиялық заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы талдауда тиімді.
Жаңа ақпараттық -комуникативтік технологияда В.Ф. Шаталовтың тірек сызба белгілерін қолдануға болады. Тірек сызба белгілері материалды жинақты беруге, материалдың ең негізін таңдауға, қарапайым жүйе жасауға үйретеді.Оқушылар сызбанұсқа мен сөйлеуге әңгіме құруға тырысады.
Ақпараттық ғасырда интелектуалды қызметтің дамуы компьютермен тығыз байланысты. Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар адамның іскерлігіне, бейімділігіне, мәдениетіне жалпы айтқанда ғылым мен көзқарасына түбегейлі әсер етеді. 
Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиямен сабақ жүргізу кезінде компьютердегі қолданбалы бағдарламалар мен жұмыс істеу өте тиімді.
Мысалы: «Microsoft Word» бағдарламасы бойынша тапсырмаларды экранға шығарып қоямыз.Тақырыптарға талдау жасағанда «Power Point» бағарламасы бойынша слайдтарды қолдану өте тиімді. Талдау жүргізуде басшылыққа алынатын сызбанұсқаның слайд түріне болуы уақытты үнемдеуге, эстетикалық көркемділіктің сақталуына септігін тигізеді..
Сабақтарымда оқушыларды бағалауда компьютерді қолданамын. 
«Microsoft Excel » бағдарламасы арқылы оқушылар алған балдарын компютерге енгізеді. Қортынды бағаны компьютер шығарып береді. Бағалауда ешқандай бұрмалаушылық болмайды, әділ бағасы қойылады.Казір мектептердің барлығы дегендей интернет желісіне қосылған. Мұғалім әр тақырыпқа байланысты интернет желісінен химия ғылымында ашылып жатқан жаңалықтарды алып, жаңа тақырыпты түсіндіргенде қосымша мәлімет ретінде пайдалану керек. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, өздерінің жеке шығармашылық жұмысын жүргізуге жәрдемдеседі. Электрондық оқулықтар, мултимедиалық оқу құралдары арқылы бейнехимиялық эксперементтерді көрсетуге болады. Мектептерде химиялық реактивтердің таусылу шегінде тұрған осы кезде бұл әдіс арқылы виртуал тәжірибелерді көрсету өте тиімді.
Кезінде Д.И. Менделеев «периодтық жүйеге болашақ қауіп төндірмейді.
Ол ғылымның жаңалықтарымен толықтырылып ары қарай дамып отырады»- деп айтқан екен . Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиясының да басқа озық жаңа технологияларымен қатар еліміздің білім кеңестігінде оқушыларға жаңаша білім беруде басты рөл атқаратынына сеніміміз мол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет