«Жаратылыстану-техникалық және спорт» факультеті «Өнер» кафедрасы ғылыми-әдістемелік семинарының №2 хаттамасы Шымкент 2020ж. 28. 09. 2020ж



Дата01.10.2024
өлшемі85.5 Kb.
#504211
түріСеминар
Гылыми оку семина хаттама Перизат апай



«Жаратылыстану-техникалық және спорт » факультеті
«Өнер» кафедрасы ғылыми-әдістемелік семинарының
2 хаттамасы


Шымкент 2020ж. 28. 09. 2020ж


Қатысқандар: Ниязов А.К., Утешева А.Ж., Жунисова Н., Атажанов И.И.,Күнпейіс Ж.Қ., Куралова П.С., Демеубаева Ұ.О., Жузеева К., Оспанова А.Д., Ауелбеков Н., Айдаркулова Н., Кәдірбердиева А., Шуланбекова С., Богданова З.Н., Пернакулова С., Скорикова Н.Н., Давлетханова З.Р., Юнусова Д., Әкім М.
Күн тәртібі:

  1. Кафедраның аға оқытушы П.С.Куралованың «Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары» атты тақырыбында баяндамасын тыңдау.



Тыңдалды:


1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аға оқытушы П.С.Куралованың баяндамасында: «Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары» жөнінде
Оқу-тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшеліктері оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайтадан табыстыру. Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болып табылады. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді» т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыкалық шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдеу құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Талдау үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, бұларды түсіндіріп отыруды мұғалім басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын оқушының сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі. Талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру оқушыға өз ойын жеткізу жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән және күй жанрдың ортақ белгілері (нық, жігерлі, екпінді) талдау мен қатар, тиісті айырмашылығы (бірі жеңілдеу, екіншісі ауырлау болса бірі жоғары, екіншісі төмен регистрде орындалуы) арқылы тыңдаушылардың белгілі бір тобына арналатындығы анықталады. Оқушы осының бәрін әсерлене тыңдай отырып, талқылауға белсене қатысады. Мектеп оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене береді. Мектеп бағдарламасының осылайша құрылуы оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық қабылдауына жол ашуымен бірге, олардың өзіндік пікірін айта алатындай деңгейге жеткізеді. Музыкалық шығармада адам сезіне әсер етудің қайнар көзі музыкалық тақырып болып табылады.
Н.Айдаркулова: Сұрақ: Музыка сабақтарының негізгі мақсаттары?
Жауап: Музыка сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады: 1) оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету; 2) музыка әуенін өзінше таңдап, тыңдай білуге үйрету; 3) ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу; 4) белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттықтыру. Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.
А.К.Ниязов ұсыныс:Кафедра мәжілісіне қатысушылар бір ауыздан баяндаманы мақала ретінде жарыққа шығаруға ұсыныс жасады.


Шешім:

  1. Баяндамада тыңдалған мағлұматтар назарға алынып, баспаға ұсынылсын.

  2. Кафедрадағы ғылыми істерге жауапты тұлғалар өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарсын.

Кафедра меңгерушісі, ө.ғ.к., доцент: А.К.Ниязов




Хатшы: М.Әкім

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет