«жас келсе, іске сәТ!» Жаңа ұжымға педагогтардың кірігуіне психологиялық бейімдеу мақсатында



бет2/3
Дата21.11.2022
өлшемі195.93 Kb.
#465365
1   2   3
жас маманға ТРЕНИНГ

2. Шеңбердегі достық. /презентация 2 слайд/ 5 мин
Мақсаты: ұжымда жұмыс істеуде адам бойында болатын сыйластық, түсіну, көмектесу, бірігіп жұмыс атқара білу сияқты қасиеттерді дамыту.
Шарты: Әр адам өзіне ұнаған лента түсін алады оны шеңбер етіп байлайды. Шеңберден қолымызды жібермей осы шеңбердің ішінен бір-бірлеп өтіп шығуымыз керек.
Ал сіздер шеңберден өтіп шығу оңай емес екенін көріп тұрсыздар, неге қиын деп ойлайсыздар. (мұғалімдердің жауабы) себебі шеңбер өте тар. Ал біз команда болу үшін, ұжымға кіру үшін сол тар қиындықтан шығуға еңбек етеміз жол табамыз, кімнің көмегімен (мұғалімдер жауабы жауабы) әрине ұжымның әріптестердің көмегімен. Бірінші өзім өтіп көрсетейін. Сіздердің көмектеріңізге сенемін. Жақсы ары қарай келесі жаттығуымызға көшейік.
3. «Шеңбердегі фигуралар» жаттығуы /презентация 3 слайд/ 5мин
Мақсаты: Жас мамандардың бір-бірімен ынтымақтастығын, ұжымшылдығын арттыру.
Шарты: Көзді жұму, жүргізуші кез –келген фигураны айтады қолымызды жібермей сол айтылған фигураны жасап шығу керек. Ешкім –ешкімге нұсқаулық бермейді, бір –бірін қимылмен дене қозғалысмен сезіну керек. 1.Үшбұрыш, 2. Төртбұрыш, 3. Дөңгелек.
Мұғалімдер ұжымы - үлкен бір команда. Бәрінің қызметі бір-біріне тәуелді. Сондықтан ұжымның бірін-бірі сезіне қимылдауы маңызды нәрсе.
Біз үнсіз жұмыс істедік ыммен, қимылмен ғана жұмыс істеуге тырыстық, ал бұл қасиет мұғалімдерге қажет деп ойлайсыздар ма? Бірін –бірі ыммен ешқандай сөзссіз түсіну. (мұғалімдер жауабы) Ендеше кішкене болсада біз сол қасиеттерді орындауға тырыстық. Сол үшін сіздерге рахмет айтамын. Ал команда болу үшін сол ұжымға кіру үшін тырысу керек екенбіз.


4. «Шеңбердегі сандар» жаттығуы /презентация 4 слайд/ 3мин


Мақсаты: Жас мамандарды жаңа ұжымға келген педагогтарды эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату, назар аударып, зейін қоюды дамыту.
Шарты: Әр-түрлі сандар айтылады, мысалы «үш» дегенде үш адам орнынан тұру керек, бұл жерде сөзбен, ыммен ешнәрсе айтпаймыз. «Алты», «Үш», «Төрт», «Он». Жақсы бір –бірімізге қошемет енді жаттығудың екінші түрі «1-20» дейінгі сан.
Шарты: Үшінші санға келгенде сол адам орнынан тұрып «Мен таптым» деп шапалақтайды, сөйтіп жиырмаға дейін санауымыз керек. Назар аударып отырамыз осы тапсырманы орындау үшін бізге қандай әрекет, қандай қасиет керек екенін бақылап отырамыз.
Міне біз команда болуға, ұжымға кіруге тырысып жатырмыз. Көзімізбен бақылап бәрін қарап отырамыз, құлағымызбен естиміз және өзіміздің кезегімізді ұмытпаймыз міне ұстаздың шеберлігі де осында емеспе бір сәтте оқушы тыңдайсыздар, келесі тапсырманы ойлап тұрасыз және қалған оқушыларды да ұмытпайсыздар шеберлік дегеніміз осы ғой, мен қазір сіздерге тек қана команда болуды ұжымға кіруді ғана емес сонымен қатар нағыз ұстаздық қасиеттерді де бойларыңызға сіңіруге тырысып жатырмын тек қана команда болуды ғана емес, үйткені біз осы қасиеттерді дамытсақ қана нағыз ұстаз бола аламыз деп айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет