Жас өспірімдер физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәнінен



бет2/8
Дата16.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#140612
1   2   3   4   5   6   7   8


  1. Лектор: Кукиев Сакен Сембиевич.

Ассистенттер: Қалданбекова П., Мантиева З.
Биология кафедрасы : Биология факультеті корпусы. Кабинет №62. Телефон: 231.

Кафедрада болу уақыты 900 -1800.




  1. Курсты өткізу уақыты және орны.






Аты – жөні.

Курсты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

ОБСӨЖ

Телефон

1

С. Кукиев

Лекция

Уақыты

Ауд




Уақыты

Ауд


Тел :

Каб:


Корпус:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

“Химия және биология” факультеті


“Биология” кафедрасы

Жас өспірімдер физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәні бойынша

050102, 050106, 050107, 050109, 050110, 050111, 050112, 050113, 050114, 050117, 050119, 050602, 060116, мамандықтарының студенттері үшін.
Лекцияның қысқаша курсы

Жетісай 2005 ж

Лекция сабақтарының жоспары

Лекция N 1.
Тақырып: Кіріспе. Нерв жұйесінің физиологиясы
Жоспар:


  1. Жас өспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы туралы жалпы түсінік.

  2. Балалар мен жастардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.

  3. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы.

  4. Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері.

Жас өспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің , жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жас өспірімдер физиологиясы және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.

Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. Биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.

Басќа ѓылымдар іспетті жас өспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы бірнеше ѓылыми зерттеу єдістерін пайдаланады: баќылау, табиѓи, лабораториялыќ тєжірибе (эксперимент), функциялыќ ж‰ктеме, телеметрия, антропометрия т.б.

Балалар мен жастардыњ организмі ‰немі µсіп дамуда болады. Организмдегіклеткалардыњ саны мен салмаѓыныњ ±лѓаюына байланысты дене кµрсеткіштерініњ артуын µсу деп атайды. ¤сумен ќатар организмде даму ж‰ріп жатады. Даму сапалы кµрсеткіш. Организмніњ дамуы деп сан корсеткіштерініњ сапалыќ кµрсеткіштерге айналып, ±лпалардыњ жекешеленіп белгілі бір ќызмет атќаруѓа бейімделуін, оганизм мен оныњ жеке м‰шелерініњ ќызметініњ артуын, баланыњ аќыл-ой µрістерініњ молаюын айтады. Организмніњ дамуы екі т‰рлі болады: физикалыќ жєне функциалыќ дамуы.

Адам µмірін негізінен ‰ш кезењге бµлуге болады: µсіп даму жєне жетілу, кемелдену, ќартаю. Б±л ‰шеуініњ айырмашылыѓын дене кµрсеткіштерін µлшеп, организмніњ даму дєрежесін аныќтап жєне сыртќы ортмен байланысын тексеруге арќылы білуге болады.

¤су мен даму адам µмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. М±ны µсу мен дамудыњ гетерохрондылыѓы дейді (гетерос-єрт‰рлі, хронос-уаќыт). Осыѓан байланысты бала организмі ‰немі µзгеріп турады.

Баланыњ µсу мен дамуыныњ сыртќы белгісіне оныњ дене пропорциясыныњ µзгеруі жатады.

Оќу-тєрбие ж±мыстарын ±йымдастыруда балалардыњжасын белгілі бір топќа бµлуге тура келеді, яѓни єрт‰рлі жастаѓы балаларды бір топќа ќосады. Осыѓан байланысты адам µмірін 12 жас кезењдеріне бµледі:


  1. Жања туѓан сєби (алѓашќы 10 к‰н µмірі);

  2. Емшектегі сєби (10 к‰ннен 1 жасќа дейін);

  3. Алѓашќы балалыќ шаќ (1-3 жас);

  4. Бірінші балалыќ шаќ (4-7 жас);

  5. Екінші балалыќ шаќ (ќыздар 8-11 жас, ±лдар 8-12 жас);

  6. Жеткіншек немесе жасµспірімдер (ќыздар 12-15 жас, ±лдар 13-16 жас);

  7. Кємелеттік немесе жігіттік/бойжеткендік (ќыздар 16-20 жас, ±лдар 17-21 жас);

  8. Кемелге келу немесе ересектік мерзімініњ 1-ші жартысы (єйелдер 21-35 жас, ерлер 22-35 жас);

  9. Ересектік мерзімініњ 2-ші жартысы (єйелдер 36-55 жас, ерлер 36-60 жас);

  10. Егде жас (єйелдер 55-74 жас, ерлер 60-74 жас);

  11. Ќариялар немесе кєрілік (єйелдер мен ерлер бірдей 74-90 жас);

  12. ¦заќ µмір с‰рушілер (90 жастан єрі ќарай);

Єрбір жас кезењдерініњ белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезењнен екінші кезењге ауысу уаќытын µзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімі деп атайды.¤згеру мезгілінде адам организмі біршама єлсіреп, сыртќы ортаныњ жаѓдайларыныњ µзгерістерін ќиналып µткізеді.


Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы

Орталыќ нерв ж‰йке ж‰йесі орналасуына жєне ќызметіне байланысты орталыќ жєне шеткі нерв ж‰йесі болып бµлінеді.

Орталыќ бµліміне ж±лын мен ми, ал шеткі бµліміне ж±лыннан шыѓатын 31 ж±п ж±лын ми нервтері жєне мидан шыѓатын 12 ж±п ми нервтері .

Нерв ж‰йесініњ ќ±рылымдыќ бірлігі болып нейрон табылады. Адамда нерв клеткаларыныњ жалпы саны 50 милиардќа жетеді . Нейрон деп нерв торшасы мен оныњ µсінділерініњ жииынтыѓын айтады.

Нейрондар пішіні, кµлемі жаѓынан єр т‰рлі. Єрбір нейрон да денесі, ќысќа µсіндділері – дендриттер, ±зын µсінді аксон ждєне аксон ±штары – ттерминалдарын ажыратады.

Нейрон денесінде протоплазма, ядро басќа клеткаларѓа тє органоидтар жєне тек нейрондарда кездесетін тигроид (ќарала) заттар болады.

Нейрон µсінділерініњ ±зындыѓы 1 микроннан 1,5 метрге дейін болады.

Єр нейрондабір аксон, бірнеше дендрит болады. Аксонныњ нгейрон денесінен басталатын жері аксон тµмпешігі деп атлады.

Тµмпешігі тигроид заттар мен миелин ќабыѓы болмайды.

Аксон нерв импульстерін басќа клеткаларѓа –нерв, ет немесе секреторлыќ клеткаларѓа жеткізеді.

Сезімтал (сенсорлыќ ) нейрондар аксоны тітіркенішті шеткі рецепторлардан орталыќ нерв ж‰йесіне жеткізеді, ал ќозѓаѓыш (моторлыќ) нейрондар аксоны нерв импульстерін орталыќ нерв ж‰йесінен дене еттеріне жеткізеді. Орталыќ нерв ж‰йесі ішкі аѓзалармен де аксон арќылы байланысады.

Аксонныњ негізгі ќызметі нерв импулььсін µткізу . Импульстер аксон мембранасыныњ µтімділігініњ µзгеруіне байланысты электр потенциалыныњ туындауы нєтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв ±шына дейін толќын сипатта таралады.

Аксон аяќтылар жерінде тарамданып, жіњішке тармаќтар- терминалдар т‰зеді де, єрбір терминал µздері жалѓасатын клеткалармен арнаулы жалѓамалар немесе синапс ќ±рады.

Дендриттер нерв клеткасы µсінділерініњ б±таќтана тармаќтануы нєтижесінде пайда болады. Олар басќа нейрондар єсерін синапс арнќылы ќабылдайды. Єрбір нерв клеткасыныњ дендриттерімен ж‰здеген немесе мыњдаѓан нецйрондар аксоныныњ терминалдары жалѓасады. Єрбір ќозѓан терминал медиатор бµледі де, дендрит мембранасыныњ µтімділігіне єсер етіп, оныњ электр потенциалын µзгертеді.

Нейрондар орталыќ нерв ж‰йесініњ функциональдыќ негізі болѓанымен, олар нерв ж‰йесіндегі барлыќ клеткалардыњ тек 10% ѓана ќ±ранйды. Негізгі бµлігін нейронедар аралыѓын толтырып т±ратын глияльдыќ клеткалар (нейроглия) ќ±рнайды.

Глияльдыќ клеткалар тµрт топќа бµлінеді: ми мен ж±лында орналасќан астроциттер, олигодендроциттер жєне микроглия мен шеткі нервтерде орналастын Шванн клеткатары.

Нейроглия келесі ќызмет атќарады: 1.Ќаннан нейрондарѓа керекті ќоректі заттарды алып, зат алмасу µнімдерін нейрондардан ќанѓа µткізеді.

2. Нейрондардыњ тіршілігіне, ќызметіне ќажетті жаѓдай жасайды, иондыќ ќ±рамын, медиаторлармен судыњ дењгейін бірќалыпты саќтайды.

3. Олигодендроциттер нейрондар аксоныныњ миелин ќабыѓын жасауѓа ќатысады.

4.Нейроглия нейрондар арасындаѓы ќарым-ќатынасты к‰шейтеді, есте саќтауды , уаќщытша байланыстардыњ пайда болуын жењілдетеді.

Нейрондар атќаратын ќызметінге ќарай сезімтал (афференттік), ќозѓалтќыш (эфференттік), жалѓаушы болып бµлінеді.



Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері. Жоғары жүйке әрекетіне ми сынарлары мен оныњ ќыртысыныњ ќызметі жатады. Жоѓары ж‰йке єрекеті организмініњ сыртќы ортамен ќарым ќатынасыныњ тиімді ќалыптасуын зерттейді. Жоѓары дєрежедегі ќызметтер: ес, сана, ойлау, коњіл-к‰йі, т‰с кµру,гипоноз т.с.с. ми сынарлары мен олардыњ ќыртысыныњ негізгі ќызметі болып есептелінеді.

Адамныњ мінез-ќ±лќы мен мидыњ арасындаѓы байланысты ењ алѓаш Платон, Гиппократ секілді алдыњѓы ќатарлы ѓалымдар болжап айтќан болатын. Ал ѓылыми негізде жазылѓан ењбек, ол-орыстыњ ±лы ѓалымы физиолог И.М.Сеченов. Ол психикалыќ єрекеттердіњ рефлекторлы табиѓатын алѓаш рет дєлелдеген. И.М.Сеченовтыњ ілімін И.П.Павлов шартты рефлекстер т±рѓысынан дєлелдеген жєне дамытќан.



Орталық нерв жүйесі қызметінің рефлекторлық сипаты.

Орталық нерв жүйесінің қызметі рефлекторлық сипатта атқарылады. Рефлекс туралы түсінік ХVII ғ. Р. Декарттың (1596 - 1650) рефлекстің механикалық концепциясында туындады, ал ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска( 1817)

Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып психофизиалогиялық концепциясы И.М.Сеченов, шартты рефлекстер концепциясын И.П.Павлов, Ухтомский, В.К.Анохин қалыптастырған.

Биологиялық тұрғыда рефлекс деп организімнің әртүрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық нерв жүйесінің қатысуымен бертін жауабымен. Ал рефлексті қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымды рефлекс доғасы дейді . Рефлекс доғасы нерв жүйесінің функциональдық негізі болып саналады.

Рефлекс доғасы бес бөлімнен тұрады.


  1. Қабылдаушы құрылым- рецептор.

  2. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік нерв.

  3. Афференттік аралық, эфференттік нейрондардан тұратаын орталық .

  4. Қозуды орталықтан эффекторға апратын эфференттік нерв .

  5. Жауап беруші құрылым.

Рефлекстік доға бүтін болдған жағдайда ғана рефлекс қызмектін атқарады. Ал егер тұтастығы бұзылса рефлекс туындамайды .

Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекстердің топтары:

1. И.П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз ( туа біткен) және шартты ( жүре біткен ) рефлекстер деп бөлінеді.

2.Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану , қорғаныстық, жыныстық , бағдарлау т.б.

3. Рецепторлардың орналасуына қарай экстерорецептивтік (сыртқы), интерорецецивтік рефлекстер ішкі ағзаларда, ал проприорецептивтік рефлекстер етпен бауырда орналасқан рецепторлардың тіркеуінен басталады.

4.Эфферентік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер сомалық ( дене) және вегетативті болып бөллінеді .

5. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми ( мезинцефалдық), аралық ми ( диенцефалдық), алдыңғы ми (кортикалдық) рефлекстер болып бөлінед.


  1. Эффекторға әсерінеп байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді.

Организімде әр рефлекістің өзіндік орталығы болады.

Нерв орталығы деп организімнің белгілі бір қызметін реттейтін орталық нерв жүйесіндегі нейрондар жиынтығын атайды. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорту, сілекей бөлу, т.с.с

Нерв орталықтарына бірнеше физиялогиялық қасиеттер тән: қозуды бір бағытта өткізу, өтуін баяулату, қозудың жайлуы, қозу ырғағы мен күшін түрлендіріу, қозудың жинақталуы, доминаттық, тежелу процесі.

Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің морфологиялық және

физиялогиялық ерекшеліктері

Орталық нерв жүйесі жұлын ми мидан тұрады. Жұлын филогендік тұрғыдан орталық нерв жүйесінің ең ерте пайда болғн көне бөлімі. Ол омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда 45 см, салмағы 34­-38г, ми салмағының 2% түзеді.

Жұлын жоғары жағынан сопақша мимен жалғасады, ал төменгі жағы екінші бел омыртқа тұсында соңғы жіпше деп аталатын бөліміне ауысады да жұлын құйымшақ омыртқасына бекиді.

Жұлыннның екі жерінде нерв клеткаларының шоғырлануынан пайда болған жұлын буылтығы бар. Оның жоғарғы VI мойын омыртқа тұсында орналасқан бөлігін жұлынның мойын буылтығы, ал екінші бел буылтығы деп аталады. Осы буылықтар тұсынан қол мен аяқты нервтермен толық жабдықтайтын өте ірі және ұзын көптеген жүйкелер басталады.

Жұлынның алдыңғы және артқы беттері бар, оның алдыңғы бетінде орталық саңылау, ал артқы бетінде артқы орталық сайы орналасқан. Саңлаумен сай арқылы жұлын екі тең бөлікке бөлінеді де, оң және сол бөліктері деп аталады.

Жұлынның көлденең қиындысында ақ және сұр зат байқалады. Зұр зат пішіні көбелектің қос қанатына ұқсайды сұр заттың денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір ( жұп ) мүйіздері болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр заттың алдыңғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанаға ( алдыңғы, артқы және екі бүйір ) бөледі.

Жұлынның алдыңғы түбі эфференттік аксондарынан құрылған, артқы түбірі афференттік нейрондардан орталыққа өтткізгріш өсінділерінен түзілген.

Жалпы жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе, оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс қызметі толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршоілес сегменттің енйрондары орындайды. Түбірлердің физиологиялық маңызын ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Г.Белла мен Ф.Мажанди анықтаған. Олар тәжірибе жүзінде үстіңгі түбірді қиып тастағанда сезімталдықтың жойылатынын, ал астыңғы түбірді қииғанда қимыл әрекетінің бұзылатынын анықтаған.

Адамның жұлынын да13,5 млн-дай нейрондар болады. олардың 97% сезгіш және аралық 3% қозғалтқыш нейрондар. Қозғалттқыш нейрондардың альфа және гамма екі түрі сұр заттың алдыңғы мүйізінде орналасады.

Вегетативттік нерв жүйесінің нейрондары ерекше клетткалар тобын құрайды. Симпатиткалық нейрондардың денесі жұлынның бүйір мүйізінде орналасады. Бұл нейрондар қан тамырларының, ішкі ағзалар қаббырғасының бірыңғай слалы еттерінің, бездерінің қызметін реттеуге қатысады.

Парасимпатикалық нейрондар денесі жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасады.

Жұлын рефлексттік және өтткізгіштік қызмет атқарады. Тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған қозуларға жауап береді және қотзуды ми қыртысында орналасқан орталыққа дейгін жеткізеді және осы орталықтан барлық мүшелерге жауап алып келеді(жұлынның өтткізгіш жолдары ).



Бас миы және бөлімдері. Ми орталық нерв жүйесінің алдыңғы және ең маңызды бөлігі. Ол бас сүйек қуысында ми сауытында орналасады. Жаңа туған балада мидың салмағы 400 г шамасында болса, ересек адамдарда 1200-2000 г дейін барады. Адамның ойлау қабілеті, ақылдылығы мен даналық қасиеттері мидың салмағына байланысты емес. Мысалы белгілі орыс жазушысы А. Франстың миының салмағы 1000г шамасында. Сонымен қатар медицина практикасында есі кем (идиот) баланың миының салмағы 3000г болған.

Қазіргі кезде белгілі болғандай адамның миының салмағы 900г аз болса интеллект төмендейді дейді.

Ми ең жақсы дамыған, атқаратын қызметі өте күрделі бөлімі, ол мидың жарты шар тәрізді оң және сол жақтағы сыңарлары. Ми қыртысының қызметі, адамның жоғары дәрежелі нерв қызметін құрайды. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілім өте күрделі, маңызды, психофизиологиялық негізі. Сондықтан Ж.Д.Н.Қ туралы сұрақты жеке қараған жөн.

Ми бьес бөлімнен тұрады: үлкен (соңғы ) ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми болып аталады.

Адамның іс -әрекетін, қимылын, реттеуде орталық нерв жүйесі күрделі роль атқарады. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу, асқорыту т.б. рефлекстер орналасады. Қаңқа бұлшық ет тонусын реттеуде сопақша мидағы Дейтерс торшаларының маңызы зор. Егер Дейтерс клеткалары бұзылса ет сіресіп қалады. Дененің жазғыш еттері рецепторларынан келген импульстер Дейтерс клеткаларының қозғыштығын күшейтеді. Сол себепті жазғыш еттерге новокаин ерітіндісін ексе еттерінің сіресуі тиылады. Сонымен қатар сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қимыл әрекетін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарды.

Мишықтың ең басты қызметі адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл - әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын қимыл - әрекеттің дәлме дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты екенін айтқан жөн.



Ортаңғы ми күрделі қимыл- қозғалыс және бағдарлау рефлекстерін реттеуге қатысады.

Аралық ми құрамына таламус, эпиталамусжәне гипоталамус кіреді.



Таламус ядроларында жанасу проприо – термо-ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан импульстер тоғысады. Егер таламус зақымдалса рецепция бұзылады.

Гипорталамус организмнің вегетативтік орталықтарының ең жоғарғы бөлігі. Гипорталамус вегетативтік, соматикалық және эндокриндік қызметті реттейді.

Алдыңғы ми құрамына үлкен ми жартышарлары және қыртысасты түйіндер кіреді. Ми қыртысында 12-18 млрд. жуық нейрондар бар. Ересек адамдардың ми жартышарларының массаы жалпы мидың 80 процентін құрайды. Жалпы ми қыртысының ауданы ересек адамдарда 2200-2600см2. Қыртысастында үлкен ми жарты шарларының ақ заты орналасады. Бұлар ассоциативтік, коммисуралдық және проекциялық талшықтар, жартышарлар бөлімдерін байланыстырады. Ми қыртысында сезімтал, қозғағыш және жалғастырғыш аймақтарды ажыратады.

Жоғарғы нерв жүйесі қызметі және оның жасына байланысты ерекшеліктері . Организмнің қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтамасыз ететін үлкен ми шарлары қыртыстары мен оған жақын орналасқан құрылымдар күрделі қызметтерінің жиынтығын жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі деп атайды( ЖЖЖҚ).



Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі туралы түсінік. Шартты рефлекстік қызмет жүйке жүрйесінің жеке қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің жеке қызметі әрбір адпның ата-анасынан берілетін нәсілдік қасиеттеріне және оның жеке дамуы кезінде пайда болған, өмірден түйген тәжірибесіне байланысты. Осы қасиеттерінің жиынтығы – жоғарғы жүйке жүйесінің типі болып табылады.

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің иілімділігі. Жүйке жүйесінің тума қасиеттері негізінен тұрақты болады. Бірақ жүйке жүйесінің иілімділігі арқасында ғана тәрбиенің нәтижесінде олай да, былай да ауытқып, өзгеруі мүмкін. ЖЖЖҚ –нің типі тұқымдық қасиеттері мен адамнеың тәрбиесі нәтижесінде қалыптасады.

Жоғарғы жүйке жүйеснің қызметінің иілімділігі аса маңызды педагогикалық фактор болып табылады. Жүйке жүйесінің қызметі мен икемділігі шынығуға, тәрбиелеуге көнеді. Ұшқалақ типтегі балаларды салмақтылыққа тәрбиелеуге болады. Жүйкесі жұқа типтегі балаларды ұзақ мазасыздау олардың шектен шығып кетуіне әкеп соқтырады. Оларда невроз пайда болады. Ондай балалар жаңа тәртіпке қиындау үйренеді, арнайы назар аударуды талап етеді.



Шартты рефлекстердің жастық ерекшеліктері. Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері. Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді. Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады. Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.

Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.

Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер шауланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүүргізу керек.

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері. Красногорский балалардың жоғарғы жүйке жүйесін зерттей оттырып, балалық шақта оның 4 типі болатынын анықтады:

1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы сөйлейді, сөз қоры да жетерлік болады.

2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді. Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және шыдамды.

3. Күшті, ұшқалақ, елгезектігі жоғары, тежелуі қиын тип. Олардың тежелу процесі жеткіліксіз. Қыртысасты қызметі жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. Мұндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тұрақсыз. Бұндай типті балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қалт жібермейді, бірден араласып кетеді. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенін де байқамай қалады.

4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип. Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады. Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге шыдамайды, тез шаршап қалады.

Жоғарыда айтылғандай балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке –жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павлов та: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.

Тақырып 5. Импульс қабылдаудың нейрофизиологилық механизмі мен жасқа байланысты ерекшеліктері.

Қоршаған ортамен қатынаста, оны танып білуде импульс қабылдау аса маңызды рөл атқарады. Қабылдау -сыртқы ортадан келген ақпарат-информацияны талдау және бағалау процестерінен тұратын күрделі процес.

Информация қабылдауда ми қыртыстарының әртүрлі аудандары қатысып, қабылдайды, талдайды, өңдеп, қабылдаған информацияны бағалайды. Ми қыртыстарының бастапқы проекциялық бөліктерінде информация қабылданып, сигналдар талқыланады. Екінші проекциялық аймақтарда әртүрлі аналаизаторлардан түскен информациялар күрделі сенсор комплекстерінде бағаланады (синтезделеді ). Анализатор аймақтары айқасқан жерде –ми қыртыстарының ассоциативті аймақтарында әртүрлі анализаторлардан түскен тітіркеністер интеграциясы жүреді. Олар бұрынғы тәжірибелерінен, тіршілік сабақтарынан алған эталонмен салыстырады. Осы ми қыртысы аймағында түскен информация комплексті бағаланады. Сөйтіп не істеу керектігі жөнінде шешім қабылданады. Стимульмен танысылып, оның маңызы анықталады.

Назардың нейрофизиологиялық механизмі мен оның жасна орай қалыптасуы. Назар – дегеніміз оқу- тәрбие жұшмыстарындағы ең маңызды психофизиологиялық қызметтерге жатады. Қабылдау, назар өте күрделі актылар жүйесі. Оған мидың көтеген бөліктері қатысады. Назар ми қыртыстарының активтілік деңгейін көтереді. Оған ми қыртыстарын генерал активтендіретін орта мидың ретикулярлы формациясы, локалды( белгілі бір жерді ғана активтендіретін ) активтендіретін лимбикалық жүйе мен реттеуші жоғарғы ми қыртыстары орталықтары және бақылау жасаушы ми қыртыстарының маңдай бөліктері жатады. Генералды активтендіру еріксіз назардан сақтандырады. Локальды активтендіру механизмімен ерікті, ниетпен назар аудару процесі жүреді. Назар мен қабылдау арасында екіжақты тығыз байланыс орнаған. Бір жағынан назар ми қыртыстарын активтендірсе, қабылдауды оптималдайды, әртүрлі ми қыртыстары бөліктерін таңдап, талдап қабылдау процесіне жұмылдырып отырады. Ал екінші жағынан, назар барлық түскен информацияны талдаумен өңдеуге негізделеді . Сондықтанда назар аудару процесі жас келген сайын мидың активтендіру жүйесінің, сондай-ақ информацияны талдау мен өңдеуге қатысатын қыртыс құрылымдарының құрылым – функциональ жетілуімен сипатталады.

Мотивация дегеніміз эмоция, олардың мінез –құлық қалыптасуындағы маңызы. Мотивация дегеніміз ми құрылымдарының организмнің белгілі бір сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған активті жағдайы. Мотивция организмнің биологиялық талаптарына байланысты да, білуге құштарлығы жағынан да пайда болуы мүмкін. Қандай да болмасын информация –ақпарат мінез –құлық қалыптаспастан алдын сол моменттегі бар мотивациямен салыстырады. Мысалы, қарны тоқ жануарға тамаққа шартты рефлекс жасау қиын, себебі оның қоректік мотивациясы жоқ. Мотивациямен эмоция тығыз байланысты. Мақсатқа жету мен талаптардың қанағаттануы оң, көтеріңкі эмоция тудырады. Оған жетпеу көңіл –күйін эмоцияны төмендетеді. Адамзаттың басты сұранысының бірі ақпаратқа- информацияға сұранысы. Осы оң эмоция адамда өмір бойы таусылмайды.

Эмоция барлық организм ждағдайына әсер етеді. Теріс эмоция денсаулыққа кері әсерін тигізеді, адамды езіп тастайды, жабырқатады: адам селсоқ, алаңғасар, енжар күй кешеді. Теріс эмоцияның шегі жылау. Оң көтеріңкі эмоцияны жымию, күлу арқалы білдіреді. Әрине оң эмоциялар адамның жұмыс қабілетін арттырады. Интеллектуаль жағы жақсарып, қоршаған орта әсерлері жақсы қабылданады, есте ұстау қабілеті жоғарлайды. Эмоцияның рөлі балалық шақта әсіресе жоғары. Балалар жаңалыққа өте құштар болып келеді. Осы сұраныстарын қанағаттандыру оң эмоциямен қабат жүреді. Эмоция орталық нерв жүйесі жұмысын жақсартады. ОНЖ жетіле түсуі бастапқы мектеп жастарында танып білу сұраныстарын қалыптастырып эмоциясын реттеуі жетіле түсуіне себеп болады.

Балалар эмоциясы ОНЖ бақылауының әлсіздігіне байланысты тұрақсыздау болып келеді. Оны олардың ұстамсыздығынан аңғаруға болады. Балалар оңай жылап, артынан көп өтпей –ақ күле салады. Қуанғаннан қатты күліп, айқайлап кетеді. Жасы өскен сайын олардың ұстамдылығы арта бастайды. Әрине оның қалыптасуында тәрбиенің орны ерекше. Ұстамды балалар ересектерден үйренеді. Әрине мұндайда ересектердің өзі үлгі болғаны жөн.

Тәжірибелі оқытушылар сабақты эмоциямен өткізу оқушылар назарын сабаққа аударудың кепілі екенін біледі. Біздің әрқайсысымыз көңіл –күйіміздің жақсы болса жұмыстыңда өнімді болатынын жақсы білеміз .

Ұйқы мен ояулықтың нейрофифзиологиялық механизмі. Адам организмі қалыпты тіршілік жасауының кепілі – ұйқы мен ояулықтың алмасып отыруы.

Ұйқы -организмнің қоршаған ортамен байланысының айтарлықтай үзілу жағдайы. Ұйқы организм қабілеттерінің қайта қалпына келтіру болып табылады. Ондайда зат алмасу қарқыны баяулайды, бұлшық ет тонусы, жүрек жиырылуы бәсеңдейді. Ол ақыл-ой жұмысының қалыпты жүруіне де керек. Ұзақ уақыт ұйқы азайса адамдардың ақыл-ой жұмысы нашарлап , ашуланшақ, тітіркенгіш бола бастайды. Психикасынан да ауытқулар байқауға болады.

Ұйқы мен ішкі тежеу табиғаты бір процестер. Ішкі тежелу ояу кезде тек бірқатар клеткаларды ғана қамтыса, ұйқы кезінде ми қыртыстары мен одан төмен орналасқан ми бөліктерінде де болады. Ол клеткалардың тынығып қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Қызмет ауысуы мидың әртүрлі құрылымдарының әсерлесуі арқылы жүзеге асады.
Негізгі әдебиеттер.


  1. Антропова М. В. Гигиена детей и подростков. – 6-е изд. –М.: Медицина, 1982.

  2. Гуминский А.А, Лентьева Н.Н., Тупицына Л.П. Руководство к выполнению лабораторных занятии по возрастной физиологии. – М. : изд МГПИ им. В.И. Ленина, 1989.

  3. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. – М . : Просвещение, 1990.

  4. Адаптация организма учащихся к учебной и физической нагрузкам / Под ред. А.Г. Хрипковой, М. В. Антроповой. – М. – Педагогика, 1982

  5. Лионтева Н.Н, Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. (внутренние органы). – М. : просищение 1986.

  6. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы – Алматы 2003. К. Дүйсенбин, З. Алиакбарова.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет