«Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» әдістемесі.
Мақсаты:отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көзқарасын анықтау.
Орындау ережесі.Е.Бене және Д.Антонии ұсынған бұл тесттің көмегімен отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін,қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға болады.Сонымен қатар баланың неше түрлі жағдайларды өзін-өзі қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.
Әдістеме 20 фигурадан тұрады.Оның ішіндегі фигуралар барлық жас кезеңіндегі адамдардың түрін,жынысын,бойын,толықтығын және басқажасқа және жынысқа байланысты белгілері бейнеленеді.Мұндай жинақ жасаудың себебі отбасы мүшелерінің барлығының орнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында әдістемені жүргізуге арналған сұрақтардың әрқайсысы жеке жолақ қағазға жазылған болады.Кіші жастағы балаға сұрақтарды ретімен оқып беріп,сол сөздер кімге арналатындығын байқап,сол адамды белгілейтін фигурамен бірге жәшікке салуды өтінеді.Әдістемені жүргізу міндеті-баланың отбасындағы әр келесі субъектіні көргендегі эмоционалды жағдайын бақылау арқылы жүргізіледі.Баланы ыңғайлы дене күйінде сақтайтындай жағдайда отырғызып,отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерге орналастырады.Балаға фигураларды таңдау ұсынылады,ал психолог одан отбасы мүшелерінің қайсысы жақсы көрінетінін сұрайды.Мұндай жағдайда баланың фигуралармен жасаған қатынасы отбасы мүшелерімен жасаған қатынастың ретінде қарастырылады.
Әдістеменің екі варианты бар:бірінші варианты -4-6(8) кіші жастағы балаларды зерттеуге арналған;екінші варианты - 6-10 жас аралығындағы балалар және жеткіншектер үшін пайдаланылады.
1.Кішкентай балаларға арналған варианты бала қатынасы келесі мазмұнда талдауға мүмкіндік береді;
- баланың отбасы мүшелерімен қатынастағы жақсы сезімін,өзгелерден алынатын жағымды сезімін бағалау;
- баланың отбасы мүшесімен қатынасы нәтижесінде жағымсыз сезімнің пайда болуын,өзгеден шығатын күйзелісті қайталаудан бағалау;
- баланың өзгелерге тәуелді болуын бағалау.
2.Жасы үлкен балаларға арналған варианты отбасының қалыптасқан қарым-қатынасы ерекшеліетерін зерттеуге арналған.Бқл жас кезеңіндегілерді зерттеуде олар үшін қарым-қатынастың келесі көріністері бағаланады:
- қатынас екі түрлі жағымды сезімдерді туғызады:әлсіз және күшті.Әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысты,ал күшті сезім жыныстық күйзелістен,ол жекелік жыныстық байланыс және айлаамалдан тұрады,
- жағымсыз қатынастың көрініс беруі екі түрге бөлініп қарастырылады:әлсіз және күшті.Әлсіз қатынас-достықты қабылдамау мен мақұлдамаудан тұрады,ал күштіліе еке сақтау мен қастасу қатынасқа жақындығын көрсетеді.
Отбасындағы ата-ана мен бала қатынасын басқа отбасы мүшелерінің бөлек,өз алдына қарастыру керек.Өйткені ата-анамен баласының арасындағы түсінбеушіліетердің себебі баланың отбасындағы басқа адамдарға қатынасы және оларды бағалаумен байланысты болуы мүмкін.
Отбасында эмоционалды қатынасты анықтауға арналған әдістемені пайдалану барысында келесі сұрақтардың әрқайсысы номерлерімен бірге жеке қағаз жолақтарына жазылады.Сұрақтар келесі төрт топқа жинақталған:
Достарыңызбен бөлісу: |