Жаттыѓу ж¦мысы


ІІ. ЖАТЖАЗУ 1. Диктанттар жинақтарына талдау



бет29/56
Дата29.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#496991
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
b222

ІІ. ЖАТЖАЗУ
1. Диктанттар жинақтарына талдау
Диктанттар жинағы: Алматы: «Ана тілі», 1993 жыл
Қ.Қасабекова, Б.Қасымова, Б. Тамаева, Ғ. Жексембаева.

Ұсынылып отырған еңбектің мақсаты – фонетика, лексика, морфология және синтаксис мәселелерін үйретуде сауаттылықты арттырумен, тілді дамыту. Кітап орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ беруге мамандырылатын студенттерге арналған. Диктанттар жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, танымдық сипатының да молдылығы ескеріліп алынған материалдарға жаңаша қарауға ерекше мән берілген. Бұл негізінен мәтіндерді іріктеуге қатысты айтылып отыр. Терме диктантқа байланысты іріктеліп алынған сөйлем үлгілерінде әр сөйлемнің стильдік құрылымына, ой айқындығына жете мән беріліп, тыңдаушының мәтінді қабылдау мүмкінділігі есепке алынған. Бұл айтылғандар бақылау диктантына орай алынған мәтіндерге де қатысты. Өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де түркі тілді еместер ұғымына ауыр соғатын, жекелеген термин сөздер аз емес.


Мұндай сөздердің мағынасын еркін түсініп, қатесіз жаза білу үшін сөздік диктанттың маңызы зор. Мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, тәрбиелік те мақсат көзделген. Жалпы диктант жұмысының мақсаты- өткен материалдарды қайталап, одан алған білімдерін, сауаттылықтарын бақылау болып табылады. Диктант мәтіндері белгілі бір орфографиялық немесе тыныс белгілеріне тән ережелермен шектеліп қана қоймай, бірте-бірте қиындатылып, күрделендіріліп отырады. Әсіресе, қосымша жалғанғанда, түбірдің бастапқы қалпынан өзгеріске түскендегі орфографиялық ережелеріне, орыс тілінен енген сөздерге, қазақ тіліндегі қосымшалардың жалғану тәртібіне байланысты мысалдар, мәтіндер диктант жазуда көбірек қолданып отырылуы қажет.
Диктанттар жинағы: Алматы: «Ана тілі», 1998 жыл.
Р. Мұраталиева, А. Бәкірова, Т. Әбдікәрімова, Ғ. Уәлиева.
Бұл жинақта оқушылардың сауатты жазуы және бағдарламалық материалды саналы меңгертуге байланысты жүргізілетін диктант түрлерінен қысқаша мәлімет берумен шектелген. Ұсынылып отырған диктанттар жинағында, негізінен, диктанттың бақылау, терме түрлерін ғана көрсету мақсат етілген. Жоғарыда аттары аталып, шолу ғана берілген түрлерін әрбір орфографиялық ережелерге байланысты түрлендіріп жүргізу мұғалімдердің ықтиярындағы іс.
Демек, жинақтағы кез келген бақылау, терме мәтіндерді мұғалім әр түрлі жазба жұмыстарының түрлеріне қарай пайдаланып, түрлендіріп жүргізе алады. Диктанттың қиындық дәрежесі мәтіннің мазмұнына, оның тілі мен стиліне, мәтінде ұшырасатын орфограммалардың ауыр-жеңілдігіне байланысты болады.
Мәтінді іріктеп алғанда, мынадай жайларды ескерген дұрыс:
1. Диктант мәтіні мазмұнды әрі түсінікті және қазіргі әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек. Сондықтан бақылау диктанттары үшін әр түрлі әдебиеттерден үзінділер іріктеліп алынған.
2. Аз қолданылатын және түсінуге қиын сөздерге түсінік берілген.
3. Емле жағынан диктант онша қиын, не онша жеңіл болмағаны жөн.
Бақылау диктанттарына мәтін іріктегенде мынадай жағдайлар ескерілген: соңғы өтілген ережені қамти отырып, оған дейін оқытылған барлық ережелерге, әсіресе осы сыныпқа қиындау соғатын орфография мен тыныс белгісінің ережелеріне қатысты сөздер мен сөйлемдер қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет