Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:
«5» -автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;
«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;
«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың текстінен өзгеше болған жағдайда;
«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар, сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.
Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;
«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;
«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;
«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.
Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:
Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:
100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».
Көшіріп жазуды бағалау:
«5»- түзетулері жоқ, мінсіз орындалған жұмыс;
«4» - 1 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«3» - 2-3 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«2» - 3 және одан да көп қателері бар жұмыс
Сауат ашу (оқу, жазу)
Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады.
Пәнінің басты мақсаты - оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.
Пәнiнiң мiндеттерi:
Әлiппеге дейiнгi кезең: сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны «оқу»; жазуға даярлау (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазуға үйрету.
Әлiппе кезеңi: құрамында жаңа таныстырылған әрпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; байланыстырылған мәтiндi оқу; жазуға үйрету.
Әлiппеден кейiнгi кезең: оқуға, жазуға,оқушының тiл дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдық бойы жалғастырылып оқытылуы. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.
Әліппеге дейінгі кезең:
Тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінінің немесе мұғалім сөзің аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Ақпаратты дұрыс қабылдау, негізгі ойды түсіну, жауап беруге дағдыландыру.
Айтылым. Сөздерді, дыбыстарды анық дұрыс айту; мағынасын түсініп, орынды қолдану; тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу; оқу міндетіне сәйкес монологтік сөйлеуді меңгеру; өзі, ата-анасы, достары туралы пікір айту, суреттеу, баяндау; сөйлеу мәдениеті нормаларын қалыптастыру; л-р, н-ң, с-ш, ж-ш, п-б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.
Оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы түсінік; сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден, сөздің буыннан құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру және оны оқу; сызбаларға сәйкес сөйлем құрастыру; буын туралы алғашқы түсінік; сөзді буынға бөлу, буын санын, буын түрлерін анықтау; буындардан сөз құрау, оқу; дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік; буынның дыбыстардан құралатындығын сызба арқылы ұғындыру; дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы, оларды қалай ажыратуды игеру; дыбыстардың артикуляциясына ерекше мән беру; буындық-дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Жазылым. Жазу жұмысына дайындық жаттығуларын жүргізу; санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау; дәптермен таныстыру; бастырып жазу, үздіксіз жүргізіп сызу, әріп элементтерін жазуға үйрету.
Тіл дамыту. Сөздік қорын байыту; суреттер бойынша кім? не? кімдер? қайтті? не үшін? қанша? сұрақтарға жауап ала отырып, заттардың атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл іс-әрекеттерін айтқызу, сурет ойынша әңгіме құрату, ертегі айтқызу; тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар жаттату.
Әліппе кезеңі:
Дыбыстар мен олардың әріптері оқулықтағы реттілікпен оқытылады.
Әліппеден кейінгі кезеңі:
Оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл шығармалар оқу; әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктер; шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну түйсіну, мәтінді талдау; оқу түрлерін меңгеру; сөздерді тұтас оқу; дауыс ырғағы, нақышын келтіре отырып оқуға машықтандыру.
Жазу. Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; дыбыстық, буындық құрылымы әртүрлі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу; сөздерді тасымалдай білу.
Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып орынды қолдана білу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; сөйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар бойынша әңгіме (мәтін) құрастыру, мәтінге ат қою; мазмұндаманың негізгі түрлерімен таныстыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін жалпылау, пысықтау; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, оларды салыстыру, ажырату; а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі; қосарлы и, ё, я, ю дыбыстары мен әріптері, олардың емлелерін игерту.
Буын; тасымал; тасымалданбайтын сөздер; сөз; сөз және оның қызметі; кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер; бас әріптен басталып жазылатын сөздер; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер; қандай? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру.
Сөз және сөйлем; Сөйлем; сөйлемнің бас әріппен басталып жазылып, соңына тыныс белгілерінің қойылатыны; сөйлем түрлері (жай, лепті, сұраулы) жайлы түсінік қалыптастыру.
Сауат ашу пәні бойынша 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) тілдің (ауызша және жазбаша сөйлеудің) негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды: сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;
2) қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстар мен әріптерді;
3) орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстар мен әріптерді;
4) дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;
5) әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;
6) бас әріптен басталып жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар);
7) тасымалды және тасымалдауға болмайтын жағдайларды;
8) сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын;
9) сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді;
10) сөйлемнің, сөздің, буынның, дауысты, дауыссыз дыбыстардың графикалық белгіленуін;
11) а және ә; о және ө; ұ және ү; ы және і дыбыстары мен әріптерін және олардың емлесін; қосарлы дауыстылар (и, Ұ, я, ю) кездесетін сөздерді дұрыс жазуды.
15. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша. Тыңдалым және айтылым бойынша меңгеруі қажет:
1) сөзді, сөйлемді, мәтінді тыңдауды, сөздің мағынасын, сөйлем мен мәтіннің мазмұнын түсінуді;
2) сөздегі дыбысты дұрыс есту және айыруды, оларды дұрыс айтуды;
3) сұрақты мән беріп тыңдауды және оған тиісті жауап қайтаруды;
4) естігенін немесе оқығанын түсінуді және оны мазмұндап айтып беруді;
5) қарым-қатынас барысында сыпайы сөздерді (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) қолдануды;
6) мәтін бойынша сұрақ қоюды және оларға жауап беруді;
7) оқылған мәтіннің мазмұнына талдау жүргізуді;
8) әңгімелесуге, диалогқа, дидактикалық ойындарға қатысуды;
9) 1-2 шумақ (4 жолдан тұратын) шағын өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаштарды жатқа айтуды.
16. Оқылым бойынша:
1) дауыстап және іштей оқуды;
2) сөздерді буындап оқуды, жыл соңына қарай тұтас сөзбен оқуды;
3) сөздерді бір қалыпты және ұғына отырып оқуды (оқу жылының аяғында минутына 30-40 сөзден тұратын мәтінді);
4) дауыс кідірісін және оқу қарқынын сақтай отырып сөйлемдерді (мәтінді) мәнерлеп оқуды;
5) оқу жылдамдығын жыл соңына қарай арттырып, шапшаң әрі түсініп оқуды;
6) мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап табуды, мазмұнын айтуды; тақырып бойынша үш-бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастыруды.
17. Жазылым бойынша:
1) дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді;
2) қазақ әліпбиінің барлық әріптерін (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;
3) жазба және баспа түрде берілген мәтіндерді (10-15 белгіден артық емес), сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), сөздерді (10 сөзден артық емес) дұрыс көшіріп жазуды;
4) жазу барысында сөйлемді дұрыс рәсімдеуді (сөйлемді бас әріппен жазу және соңында сәйкес тыныс белгісін қою);
5) сөздерді (5-6 сөз) және сөйлемдерді (2-3 сөйлем) есту арқылы жазуды;
6) жазу барысында кейбір орфография ережесін (сөздерді тасымалдау; адамның аты, фамилиясы, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атауларды бас әріппен жазу) қолдануды.
18. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту, гимн) құрметтеуінен, мемлекеттік гимнді білуінен;
2) туған елге деген сүйіспеншілігінен, туған жердің табиғатын сақтауға және қорғауға деген ұмтылысынан;
3) өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуінен;
4) салауатты өмір салтын ұстануынан;
5) еңбек пен оқуға деген жауапкершілікті сезінуінен;
6) қарым-қатынас барысында мәдениет сақтауынан, үлкен адамдарды құрметтеп, кішілерге қамқорлық танытуынан көрінеді.
19. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) дыбыстық және әріптік жүйе, дыбыстың түрлері (дауысты: жуан, жіңішке, дауыссыз); буын, сөз, сөйлем; буыннан сөз, сөзден сөйлем құралатыны; сөздердің белгілі бір мағынасы болатыны және белгілі бір қызмет атқаратыны (заттың атын, іс-қимылын, түр-түсін, дәмін, иісін т.б. сипаттарын білдіретіні); сөйлемнің бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі (? !.) қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер; тасымал, т.б. жайында алған қарапайым түсініктерін оқу және жазу барысында дұрыс пайдалана білуінен және сөздерге қарапайым дыбыстық-буындық талдау жасауынан, сөйлеуден тілдік бірліктерді айырып көрсете алуынан;
2) оқу үдерісінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауынан және дұрыс түсінуінен, қажетті жағдайда есіне түсіріп, орынды қолдана алуынан;
3) шапшаң, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысынан;
4) дұрыс, қатесіз, сауатты әрі көркем жаза алуынан;
5) ауызша және жазбаша тілінің дамуынан, ойын нақты, түсінікті, толық, жүйелі жеткізе алуынан;
6) шығармашылық жұмыстарға қызығушылығынан, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау әдістерін қолдана білуінен көрініс табуы қажет.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант – 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.
II жартыжылдықта сөздік диктант – 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты алынады.
1- сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Сауат ашу пәні бойынша жазуға қойылатын талаптар:
I Әліппеге дейінгі кезең:
- жазу дәптерінің жолын сақтап әр түрлі сызықтар, өрнектер, таңбалар сыза білу;
- дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай білу (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта, ортасында);
- әріп элементтерін жаза білу.
II Әліппе кезеңі:
-
дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерін (бас әріп және кіші әріп) жаза білу;
-
әріп, буын, сөз, қысқа сөйлемдер жазу; сөз ішінде әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу;
-
баспа түрдегі мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жаза алу.
III Әліппеден кейінгі кезең:
-
есту арқылы жаза білу;
-
сұрақтарға жазбаша жауап беру;
1 сынып оқушыларының міндетті деңгейін тексеру жұмыстары:
I Әліппеге дейінгі кезең:
- тірек белгілермен, сызбалармен, суреттермен жұмыс жүргізе білу.
II Әліппе кезеңі:
-
әріп диктанты;
-
буын диктанты;
-
сөздік диктанты;
-
2-3 сөзден тұратын сөз тіркестерін жаттықтырып жазғызу.
III Әліппеден кейінгі кезеңі:
Математика пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар:
1) + 2, 3, 4 жағдайларында он көлемінде қосу кестелерін және оларға сәйкес азайту жағдайларын жатқа;
2) қосу және азайту амалдардың компоненттерінің атауларын және қосу мен азайту жағдайында белгісіз компоненттерді табу ережелерін;
3) қосудың ауыстырымдылық қасиетін;
4) 10 көлемінде қосу кестесін;
5) мәтінді есептің құрылымын;
6) шамалар бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг;
7) дециметр мен сантиметр арасындағы қатынастарды білуі қажет.
31. 1-сыныптың соңында оқушыларда:
1) оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
2) сабақ барысында ыңғайлы қалыпта отыру, қалам мен қарындашты дұрыс ұстау;
3) өз тәртібіне жауап беру;
4) тапсырмалардың орындалуының және есептердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
5) математиканың «+», «-»; «<», «>», «=» белгілерін дұрыс қолдану;
6) 20 көлемінде сандарды оқу және жазу;
7) 10 көлемінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
8) «артық», «кем», «сонша», «қосу», «арттыру», «кеміту», «плюс», «минус» терминдерін дұрыс қолдану;
9) 10 көлемінде сандарды қосу мен азайтуды орындау;
10) қосынды мен айырым бар өрнекті оқу және жазу;
11) сызғыштың көмегімен 1 см дәлдікке дейін кесіндінің ұзындығын өлшеу;
12) 1 см дәлдікке дейін кесінді салу;
13) қосындыны (қалдықты) табуға, бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге), белгісіз қосындыны, азайғышты, азайтқышты табуға, айырымдылық салыстыруға есептер шығару;
14) теңдікті, теңсіздікті, өрнекті (санды және әріпті), теңдеуді, біртаңбалы және екітаңбалы сандарды айыра білу;
15) бір әрпі бар өрнектің мәнін табу;
16) қосу және азайту амалдарының белгісіз компоненттерінің табу ережелері негізінде теңдеулерді шығару (түбірлерін табу) біліктігі болуы қажет.
. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
32. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар:
1) қосу кестесін жатқа айтуды;
2) қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін, қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту ережелерін;
3) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайту амалдарын орындау ретінің ережелерін;
4) көбейту мен бөлу компоненттерінің атауларын және олардың араларындағы байланысты;
5) шамалардың өлшем бірліктерін (1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул), ұзындық пен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды;
6) тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін білуі қажет.
33. 2-сыныптың соңында оқушыларда:
1) 1000 көлемінде оқу, жазу және салыстыру;
2) үштаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қолдану;
3) санды өрнектерді оқу, жазу және салыстыруды, санды өрнектердің мәндерін табу;
4) екітаңбалы сандарды қосу және азайту;
5) өрнектердің мәндерін табуда қосудың терімділік пен ауыстырымдылық және көбейтудің терімділік қасиеттерін қолдану;
6) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайтуды орындауда амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдану;
7) белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға бір-екі амалдарға арналған есептерді, сандардың айырымдылық салыстыруына берілген есептерді шығару;
8) есептің шешуін әртүрлі тәсілдермен (амалдар және өрнек құру мен оның мәнін табу арқылы) жазу;
9) торкөз қағазда тіктөртбұрыш пен шаршыны салу, тік, сүйір және доғал бұрыштарды салу;
10) ұзындығы 1 см дәлдікпен берілген кесіндіні салу;
11) сынық сызықтың ұзындығын табу;
12) үшбұрыштың, шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін табу біліктігі болуы қажет.
8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
34. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар:
1) көбейту кестесін;
2) өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу ретінің ережесін;
3) көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін;
4) қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу ережелерін;
5) сандардың еселік және айырымдылық ережелерін;
6) біртаңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін;
7) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, текшенің көлемін;
8) шамалар бірліктерінің белгілеулерін: 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2,1 см3, 1 дм3, 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б., ұзындық, масса, уақыт, аудан бірліктері арасындағы байланыстарды;
9) шамалар арасындағы тәуелділіктерді (баға, саны, құны; бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) білуі қажет.
35. 3-сыныптың соңында оқушыларда:
1) өрнектердің мәндерін табу кезінде 2-3 амалдан тұратын жақшамен және жақшасыз берілген арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін қолдану;
2) үштаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды, үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша қосу және азайтуды орындау;
3) санның бөлігін (үлесін) және бөлігі (үлесі) бойынша санды табу;
4) бір-үш амалға берілген есептерді, оның ішінде шамалар (баға, саны, құны, бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару;
5) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
6) арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шығару;
7) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеуді орындау;
8) текшенің көлемін және бірнеше текшеден тұратын фигураның көлемін есептеуді орындау;
9) екі әрпі бар өрнектің мәнін табу;
10) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
36. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1) мәтінді есептің құрылымын;
2) өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
3) арифметикалық амалдар компоненттерінің аталары;
4) қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу мен азайтуға байланысты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
5) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
6) арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
7) шамалардың бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг, 1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул, 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2, 1 мм3,1 см3,1 дм3, 1 м3, 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б.;
8) ұзындық, масса, уақыт, көлем бірліктерінің арасындағы байланыстарды;
9) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
10) шамалар (жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы) арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
37. 4-сыныптың соңында оқушыларда:
1) оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
2) жаттығулардың орындалуының, есептермен теңдеулердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
3) математикалық белгілерді дұрыс қолдану;
4) талдау, салыстыру, жалпылауды қолдану;
5) миллион деңгейінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
6) натурал сандармен және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау, санның квадраты мен кубын есептеу;
7) калькулятордың көмегімен есептеу;
8) мәтінді есептерді шығару, оның ішінде арифметикалық тәсілмен (амалдап немесе өрнекті құру және оның мәнін табу арқылы шығару) және теңдеулер арқылы шығарылатын қозғалысқа, бірігіп атқарылатын жұмысқа, шамалар арасындағы тәуелділіктерге берілген есептерді шығару;
9) теңдеу мен теңсіздікті, өрнек пен теңдеуді ажырату;
10) өрнектің мәнін табуда ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдану;
11) сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
12) өрнектің мәнін табуда арифметикалық амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдану;
13) арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде, таңдау тәсілімен, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдану арқылы теңдеулерді шығару;
14) кесінді салу, кесінділер мен сынық сызықтарының ұзындықтарын өлшеу және салыстыру;
15) торкөз қағазға тіктөртбұрышты (шаршыны) салу;
16) циркуль және сызғыштың көмегімен кесіндіні қақ бөлу;
17) шеңберді дөңгелектен ажырату, бұрыштарды (тік, сүйір, доғал, жазыңқы) атау;
18) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген. Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар» тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.
2 сынып оқушыларына «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың тақырыпты толық игеруіне септігін тигізеді.
3-сынып оқушыларына «Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары», «1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту», «Шамалар арасындағы тәуелділік», «100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері», «Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем», «1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері» тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.
4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.
1-4 - сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.
Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.
Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.
1-4 – сыныптарға арналған «Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (2-кесте) ұсынылады:
2-кесте – 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
2 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
3 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
6
|
6
|
4 - сынып
|
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Бақылау жұмысы
|
3
|
2
|
3
|
4
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Тестік тапсырмалар
|
-
|
1
|
-
|
1
|
Барлығы:
|
5
|
5
|
6
|
8
|
Достарыңызбен бөлісу: |