Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Бірлесе жұмыс істеу (кейде кекесін мәнді болады)



бет43/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Жұбаева монография

Бірлесе жұмыс істеу (кейде кекесін мәнді болады): Жарықтық Шөңгілтай қажының бауырсақ шайнасы былай ғой,- деп аузына бауырсақ сап, балаңдата шайнағанда, біздің шай ішуге шамамыз келмейді. (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Жанашырлық (әсіресе үлкендердің кішілерге қатынасында): Не жегіміз келеді? (Ә.Нұршайықов, Шығ.).
Мұндай мәндердің пайда болуына «сөйлеушінің қатысуы» инвариант белгісі мен «адресатпен сәйкес келу» контекст семасы әсер еткен.
Жақсыз субъектімен сәйкес келуі (персонификация):
Ат құйрығын түйдік біз,
Тәңірден ию идік біз.
Тебініп атты келдік біз
Алдан және қаштық біз
(«Мыңлақ елін алғанбыз»).
Сондай-ақ бұл форманың көпше І жақ тұлғасымен сәйкес келіп, көптік мәнде жұмсалуы да кездеседі: Қалыбекті 25-жыл жаз көрдім. Біз күйеу қасында едік. Қайыны бай ауыл еді. Күйеу жағалаған жеңгей, балдыз, құдашалар әзілшіл, қалжыңшыл келеді ғой, біз біраз әзілдескеннен соң кейіп, томсара бастасақ, «әй, Қалыбек келеді-әй», – деседі (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Бұл мағлұматтар жанас дiн жайынан‚ терiс наным‚ ырым-жырым жайынан сөз қыламыз. Үй iшi көбiне баланы жын‚ сайтан‚ перi‚ албасты деп қорқытады‚ әулие‚ перiште...бар деп нандырады (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Жекеше ІІ жақтың анайы түрі
Бұл форма диалогта көрінеді, диалогта оның негізгі парадигмалық мәні көрінеді. Ол іс-әрекет иесімен сәйкес келуі, нақты адресатпен сәйкес келуі сияқты белгілерден құралуы мүмкін: Құнанын шешіп алып, мінгелі жатқанда, келіншегінің қойнынан жаңа тұрған ағасы жалаң аяғына кебіс іліп, бір қолымен тақылжырын дыр-дыр қасып, бір көзін сығырайтып: «Уай сен қайда барасың?»– деп еді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Екеуі жеті күн, жеті түн саудаласады, сегізінші күн дегенде Оспан Әлі қызын шақырып алып, қанды көзге қатындыққа бергелі отырғанын айтты, қанды көзден алған шөмеле алтынды нұсқап: – Қызым, сен бұған мақтануың керек, өйткені біздің ата-бабамыз Дүбіржіні мекен қылғалы ешбір адам қалыңға мұнша алтын төлеп көрген жоқ еді (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Жекеше ІІ жақтық форма синтагмалық құралдардың көмегімен басқа формалардың орнына жұмсала алады. Форманың морфосемаларымен контекстің семантикалық белгілерінің негізінде пайда болған ауыспалы мағына түрлі модальді-экспрессивті, стилистикалық реңктер арқылы сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет