Классификациясы:
1) Ауырлық дәрежесі бойынша:
Электрожарақаттың 1-ші дәрежесі. Зардап шегуші адамның есі сақталған, бірақ бұлшық еттерінде тырысулық жиырылулар болады. Бұл ең жеңіл және барлық дәрежелер ішіндегі қауіптілігі аз дәреже болып саналады.
Электрожарақаттың 2-ші дәрежесі. Зардап шегуші адам есін жоғалтады және бұлшық еттерінде тырысулық жиырылулар болады.
Электрожарақаттың 3-ші дәрежесі. Зрдап шегуші адамның есі жоқ, ал оның жүрек-тамыр және тыныс жүйесі бұзылған.
Электрожарақаттың 4-ші дәрежесі. Бұл электр тоғымен зақымданудың ең ауыр дәрежесі, ол клиникалық өліммен сипатталады.
2) Электрожарақат алу орны бойынша:
-тұрмыстық, бұл жарақаттарды адам үйде, тұрмыстық жағдайда алады.
-өндірістік, бұл жарақаттарды тек жұмыс орнында алады.
-табиғи, найзағайдың адамға тура соққысы.
3) Электрожарақат сипаты бойынша:
-Жергілікті. Адам эпидермисінің тоқпен қысқа уақытты зақымдануы тән. Салдарынан адам денесіндегі әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі күйіктер.
-Жалпы. Бұл тыныс және жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануымен сипатталады.
Этиологиясы:
- Ашық электр сымдарына дененің тікелей жанасуы.
-Оқшаулағыш қаптамасы зақымдалған электр желілерімен жұмыс жасау.
-Электр кернеуі бар металл құрылғыларға кездейсоқ дененің жанасуы.
-Электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп, ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы.
-Жұмыс орнын нашар даярлау салдары.
-Қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер.
АЯҚ ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ
Сыну – механикалық әсермен шақырылған немесе сүйектің патологиялық процесінің әсер етуінен сүйек бүтіндігінің ұзына бойына бұзылуы.
Классификациясы:
Шығу тегі бойынша:
- туа пайда болған
- жүре пайда болған
Тері бүтіндігінің өзгерісі бойынша:
Ашық, жабық ( асқынған, асқынбаған)
Орналасуына байланысты:
- диафизарлы
- эпифизарлы
- метафизарлы
Сүйектің ұзына бойының осьіне сыну сызығының қатынасы бойынша:
- көлденең
- қиғаш
- бұранда тәріздес
Сүйек сынықтарының орналасуының бір-біріне қатынасы бойынша:
- ығысқан
- ығыспаған
Қол-аяқ сүйектерінің сынықтпры ішінде қол сүйектерінің сынығы 84% құрайды.
Бұғана сынығы
Балаларда бұғананың сынуы ең жиі кездесетін сынықтар қатарына жатады да, барлық сынықтарының 13% құрайды. Зақымдану механизмі әр түрлі болуы мүмкін, көбінесе бұғана сынығы иыққа немесе қолды соза құлағанда туындайды. Бұғана сынықтарының ығысуына байланысты ығысусыз және ығысумен болатын сынықтар деп бөлінеді. Ығысусыз сынықтар нәрестелер мен кішкене балаларда жиі кездеседі.
Клиникасы және диагностикасы. Ығысусыз бұғана сүйегінің сынуының клиникалық көрінісі шамалы болады: деформация анықталмайды, аздаған ісік, сынған жерді басқанда ауырсынуы, иық буынның қимылының азаюы анықталады. Сондықтан бұндай сынықтар дер кезінде байқалмай, тек бұғана үстіне жаңа сүйек тіні пайда болғанда, 10-15 күннен кейін анықталады. Толық сынықтарда сүйектердің ығысуы туындайды.
Бұлшық еттердің жиырылуына байланысты ішкі сынық жоғары, ал ал сыртқысы ішке қарай жылжиды. Бұл жағдайларда, клиникалық көрінісі айқын болғандықтан сынықты анықтау қиынға түспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |