Жедел жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды



бет1/10
Дата07.12.2023
өлшемі48.11 Kb.
#485796
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Печать книги


ЖАРАҚАТТЫҚ ШОК
Жарақаттық шок - жедел жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды.
Жарақаттық шок- бұл ауыр түрдегі аурудың жедел кезеңінің бipiншi сатысы. Оның өзіндік жүйке рефлекторлы және тамырлық реакциясы ағзадағы қан, тыныс алу, зат алмасу және эндокриндік бездер функциясының (қызметінің) бұзылуына әкеледі. Жарақаттық шоктың тудырушы механизмдерін ауырсыну және афференттік импульсация, жедел массивті қан жоғалту, өмірге қажет ағзалардың жарақаттануы, психикалық стресстер. Шоктың пайда болуындағы нeгiзгi тітіркендіргіштеріне әртүрлі механикалық әсерлердің жүйке жүйесіне әсер eтуi, жүйке жүйесінің зақымдалуы, тіндердің бұзылуы және қан кету жатады.
Классификациясы:
Жарақаттық шок ағымына қарай:
1. Бipiнiшiлiк - жарақат алған кезінде немесе жарақаттан кейін дамиды.
2. Екіншілік - жиі жарақаттан бірнеше сағаттан кейін дамиды.
Жарақаттық шоктың сатылары:
1. Компенсацияланған - шоктың барлық белгілері болады, АҚҚ жеткілікті деңгейде, ағза күресуге қaбiлeттi.
2. Декомпенсацияланған - шоктың барлық белгілері болады және айқын гипотензия.
3. Рефрактерлі шок - барлық жүргізілген ем нәтижесіз.
Жарақаттық шоктың ауырлық дәрежелері:
І дәрежелі шок - АҚҚ 100-90 мм c.б., пульс 90-100 толымы қанағаттанарлық;
II дәрежелі шок- АҚҚ 90-70 мм с.б., пульс-110-130, әлсіз толымды;
III дәрежелі шок- IV дәрежелі шок.
Этиологиясы:
Жарақаттық шоктың дамуының негізгі себебі-кез-келген ауыр жарақат. Түрлі жарақаттар, биік нысандардан сәтсіз құлау, табиғи апаттар, жазатайым оқиғалар нәтижесінде адам шоктың дамуына түрткі болатын ауыр зақым алады. Ауырсыну синдромы мен қан жоғалту түрінде ауыр жарақаттар алу, жұмсақ тіндер мен қан тамырларының зақымдануы, сүйектердің әртүрлі сынуы, әртүрлі дәрежедегі күйіктер кезінде пайда болуы мүмкін.
Патогенезі:
Жарақаттық шоктың пайда болуындағы патогенетикалық орынға қан мен плазманың жоғалуы жатады, сондықтан жарақаттық шок гипоциркуляциялық синдром ретінде қарастырылады. Шоктың патогенезінің кестесі төмендегідей көрініс табады. ЦҚК-ің азаюы және зақымдалған ошақтан келетін ауыру сезімдік импульстар үлкен ми қыртысын, гипоталамо–гипофизарлы және симпато–адренальды жүйелерді белсендіреді. Катехоламиндер вена мен артерияның тарылуын шақырады. Вена тамырларының тарылуы ЦҚК мен тамыр арнасының сыйымдылығын қалпына келтіріп, жүрекке келетін венозды қанның көлемін көбейтеді. Артериялардың тарылуы, осы ағзалардағы қан айналымының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Керісінше, коронарлы және ми тамырларының вазоконстрикторлы қасиеті жоқ, оларда a-адренергиялық рецепторлар болмайды. Қан айналымының осылай өзгеруі, өмірге маңызды ағзалардың (ми, жүрек, өкпе) қанмен қамтамасыз етілуін уақытша сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет