Жәдігерқызы айна 201 топ тақырыбы: Генеология пәні, ерекшеліктері Генеалоогия (грекше (genea) — «тегі», «отбасы» (logos) — «сөз, білім»



Дата06.10.2022
өлшемі16.32 Kb.
#462061
Жәдігерқызы Генеалогия


ЖӘДІГЕРҚЫЗЫ АЙНА 201 ТОП
Тақырыбы: Генеология пәні, ерекшеліктері
Генеалоогия (грекше (genea) — «тегі», «отбасы» (logos) — «сөз, білім» деген сөздерден құралған. Оның ғылым саласы, пән ретіндегі анықтамасы әртүрлі болып келеді. Тарих ғылымының бір саласы ретінде алғанда зерттеушілер генеалогияның кең және тар мағынадағы анықтамаларын ұсынып жүр. Бірақ олардың өзінде де айырмашылықтар кездеседі. Тар мағынадағы анықтамалардың бірі генеалогияны шыққан тегін зерттеу, жүйелеумен, жекелеген ру, отбасы және тұлғаларды, олардың туысқандық байланыстарын, биографиялық фактылерді айқындаумен айналысатын арнайы немесе қосалқы тарихи пән ретінде көрсетеді. Ал келесі бір зерттеушілер генеалогияны жеке индивидтердің пайда болуын және олардың арасындағы туысқандық қатынастарды анықтайтын, сонымен қатар жекелеген рулардың пайда болуын және олардың белгілі дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірдегі рөлін зерттейтін ғылым ретінде бағалайды. 
Ал үшінші біреулері генеалогияны – шыққан тегін зерттеу, шежіресін жасаумен, жекелеген рулардың, отбасының және адамдардың пайда болуын және де олардың тығыз байланысын, бұл адамдардың негізгі биографиялық фактылері мен қызметі, әлеуметтік статусы және жеке меншігі туралы мәліметтерін анықтаумен айналысатын тарихи пән деп те көрсетіп жүр. Бұл анықтамада генеалогияның мақсат-міндеттері кеңейтіле түскен. Осы негізде алатын болсақ, генеалогия – шыққан тегін қалпына келтіруді, отбасы тарихын және олардың мүліктік жағдайын, әлеуметтік статусын, мемлекеттік жүйедегі орнын, қоғамдық және мәдени өмірге қосқан үлесін зерттейтін қосалқы тарихи пән болып есептеледі. Бүгінгі таңда тарих ғылымында осы анықтама біршама басым болып отыр.
Өте ерте кезеңдерден бері адамдар өздерінің ата-бабалары, олардың ерліктері мен ерекше істері туралы өз ұрпақтарына үлгі ретінде айтып, басқалар алдында мақтаныш тұтып отырды. Бұл сөз жоқ генеалогиялық мәліметтердің сақталуына, жинақталуына ықпал етті. Патшалы Ресейдің отаршылдық саясаты, кеңес үкіметінің тарихи жадыны өшіруге ұмтылысы бұл бағыттағы жалпыхалықтық сананы біршама тоқыратты. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихи сананың қарқынды өрлеуіне мүмкіндік тудырды. Соның барысында елімізде генеалогиялық бағыттағы еңбектер көптеп жарық көре бастады. Бұл әсіресе тайпалық, рулық қатынастар белгілері әлі де болса сақталып отырған, тарихи шындық бүркемеленіп келген қазақ халқы үшін заңды құбылыс еді. Бұрынғы жабық болып келген мұрағат қорларына қол жете бастады. Зерттеушілердің жеке тұлғалар мен ру-тайпалардың тарихтағы орны жөніндегі мәселеге назар аударуына жол ашылды. Соның барысында генеалогиялық мәселелер бүкіл ел көлемінде және жекелеген аймақтар мен ру-тайпалар бойынша да зерттеле бастады. Сөйтіп бүгінгі таңда, елімізде генеалогияға деген қызығушылық артып отыр. Оны біз әртүрлі дәрежедегі, әртүрлі көлемдегі шежірелерден, жеке тұлғалар жөніндегі еңбектерден байқаймыз. 
Генеалогияның басқа пәндермен байланысы.
Қоғамның әлеуметтік жіктелушілігін болдырмауға ұмтылған кеңестік кезең мен алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде болмаса, адамзат дамуы, оның қоғамдық қатынастары мен құрылымы әлеуметтік топтардың пайда болуы мен дамуы арқылы ерекшеленеді. Шығу тегі, ата-аналарының әлеуметтік жүйедегі орны олардың ұрпақтарының құқы мен міндеттерін, қоғамдағы орнын, еркіндік дәрежесін, әкімшіліктегі және әскердегі қызметін айқындады. Ерікті адамдардың өздері еркін, толық құқылы және артықша құқылы топтарға жіктелді. Бұның барлығы мұраға қалдырылып отыратын болды. Ол сонымен қатар некелесу кезінде де өзіндік орын алып отырды.
Әлеуметтік жіктер мен топтар осындай қоғамдық, әскери және саяси қатынастарда ғана емес, экономикалық қатынастарда да өзіндік орын алған еді. Мәселен ортағасырларда жер иелену мен пайдалану құқы адамдардың әлеуметтік статусына байланысты болды және сол негізде мұраға қалдырылды. Бұл ірі жер иеліктерінің қалыптасуына ықпал етті. Сонымен қатар, алғашқы капиталдың қорлануы, өндірістік қатынастар тарихында да адамдардың әлеуметтік тегіне қатысты мәселелер көп.
Ал белгілі бір әлеуметтік топқа тән болу адам дүниеге келген кезде –ақ оның білімі мен мәдениетінің дәрежесіне, идеялық көзқарасына, психологиясына, діни нанымына, тіпті тіліне де әсер етеді. Белгілі бір тарихи кезеңдерде адамдардың шығу тегі саяси тарихта да маңызды рөл атқарды. Бұл ең алдымен билік жүйесі тарихына тығыз байланысты болды. Өйткені билік мұра ретінде қалдырылып отырды. Сондықтан, әсіресе ортағасырлық кезеңде, өз билігін заңдастыру және мықты қолдаушыға ие болу мақсатында билеушілер отбасылары арасында туысқандық байланыстар орнатуға ұмтылыс күшейді. Туысқандық байланыстар немесе жекелеген билеушілердің отбасылары арасындағы бәсекелестік пен жауығу белгілі бір елдің арасындағы саяси күрестің сипаты мен мазмұнын айқындады.
. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында генеологиялық зерттеулер жанданып, бірақ генеология тек таптық ғана емес, сословиелік-дворяндық ғылым болды. Көптеген авторлар өздерінң шежірелерін жасай бастады. Тарих ғылымы мақсаттары үшін генеалогиялық мәліметтерді саралаған генеалогия ғылымының ірі өкілдері Н.П. Лихачев, Л.М. Савелев болды. Тарихи зерттеулердегі генеологияның рөлі адамның біруақытта тарихи процестің негізгі субьектісі және тарихи зерттеудің обьектісі ретінде анықталады.
Генеалогиялық зерттеу әдістері қоғадық өмірдің бағыттарын, тарихи –мәдени ортаны оқып-үйренуге мүмкіндік береді. Генеалогияның мұрағат ісі үшін де маңызы зор. 
Геналогиялық зерттеу әдістері. Шежіре генеологиялық кестелер, кескіндемелер, қолдар түрінде кездеседі. Шежірелік кітаптар неғұрлым тиянақты дерек болып табылады. 
Сол сияқты генеалогиялық фактордың туындағанын да көруге болады. Бұл әсіресе атақты әулеттердің ішінде қалаптасқан тар шеңбердегі некеге байланысты, әр түрлі тұқым қуалаушылық аурулардың пайда болуына әкелді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет