Смағұл əйгілі Əлихан Бөкейханның күйеу баласы еді. Əлекеңді сол
жолы крематорийден Тұрар Рысқұлов,
тағы бір қазақ, сірə, Нұрмақов,
сүйеп алып шығады.
Сөйткен Тұрардың өзі де 1938 жылы көктемде Сталин тізімімен
атылды.
Əлихан Бөкейханға да Сталин оғы атылды. Сүйегі
қайда қалғанын
білмеймін.
Есіл ерлерге, сөйтіп, туған жерден топырақ та бұйырмаған ғой.
Əттең, бір кем дүние.
Өз үйіңді қорлама
Адам да құстар сияқты өмірбақи алып бəйтеректің бір бұтағын паналап
тіршілік етеді. Сөйте тұра, сорлылар, сол өзі паналайтын бұтақты балталап
шаба береді.
Бұтақ құласа, өзі де құлайтынын сезбейтін қандай мақұлық?!
Кейде
адамдар жасампаз бола тұра, өркениеттене келе өз құйрығын өзі
жалмайтын айдаһар сияқтанады-ау деймін.
Құмырсқа екеш құмырсқа да өз илеуін қорғайды. Ал адамдар өз үйін
(табиғатты) қорлайды.
Ойсыраған орны толмас бір кем дүние.
Дүлей күш
Карл Маркс, əрине, ақылдан кенде емес. Кейбір айтқандары – шын
данышпандық. Мысалы, оның: "Надандық – дүлей күш. Сол надандық əлі
талай сойқанның сойылы бола ма деп қорқамын" дегені – көрегендік.
Содан бері де талай қырғын болып, талай қан төгілді.
Надандықтан.
Орасан кем дүние.