ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШОТЫН
ҚОСУ ШАРТЫ
Мазмұны
Кіріспе
|
|
1-бөлім.
|
Жалпы ережелер
|
1-бап
|
Ұғымдар
|
2-бап
|
Шотты ашу және жүргізу, карточка шығару және қызмет көрсету
|
3-бап
|
Шот бойынша жүргізілетін операциялар
|
4-бап
|
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
|
5-бап
|
Банк көрсеткен қызметтер үшін төлемдер
|
6-бап
|
Үшінші тұлғалар қызметтерін пайдалану
|
7-бап
|
Хабарламалар
|
8-бап
|
Шот бойынша үзінділер
|
9-бап
|
Дауларды реттеу
|
10-бап
|
Клиенттің хабар-ошарсыз кетуі, қайтыс болуы
|
11-бап
|
Басқа ережелер
|
12-бап
|
Телебанкинг
|
13-бап
|
Форс-мажор
|
14-бап
|
Конфиденциалдық
|
15-бап
|
Шартты бұзу. Шотты жабу.
|
2-бөлім.
|
Жеке тұлғаның ағымдағы шотын жүргізу
|
16-бап
|
Шот бойынша жүргізілетін операциялар
|
17-бап
|
Банк ғимараттарында кассалық қызмет көрсету
|
18-бап
|
Шетел валютасымен операциялар
|
19-бап
|
Айырбастау бойынша қызметтер
|
20-бап
|
Интернет-банкинг
|
21-бап
|
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
|
3-бөлім.
|
Карточка шығару және қызмет көрсету
|
22-бап.
|
Жалпы ережелер
|
23-бап.
|
Карточканы беру және сақтау тәртібі
|
24-бап.
|
ДСН-коды
|
25-бап.
|
Қолма-қол ақша алу үшін карточканы пайдалану
|
26-бап.
|
Өзіне өзі қызмет көрсету режимінде қызметтерді алу үшін карточканы пайдалану
|
27-бап.
|
Карточканы оқшаулау
|
28-бап.
|
Карточканы ұстап қалу/алып алу
|
29-бап.
|
Карточканың қолданылу мерзімі, карточканы пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату
|
30-бап.
|
Дауларды реттеу
|
31-бап.
|
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
|
4-бөлім.
|
Жәрдемақылар үшін арнайы шотты жүргізу
|
32-бап
|
Жәрдемақылар үшін арнайы шот бойынша жүргізілетін операциялар
|
33-бап
|
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
|
5-бөлім.
|
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотты жүргізу
|
34-бап
|
Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот бойынша жүргізілетін операциялар
|
35-бап
|
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
|
6-бөлім.
|
Қорытынды ережелер
|
Кіріспе
Осы Жеке тұлғаның ағымдағы шотын қосу шарты (бұдан әрі – Шарт) (бұдан әрі – Шот) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) және Шотты ашуға өтініш (бұдан әрі - Өтініш)/Шарт шеңберінде шот түрін жәрдемақылар үшін арнайы шотқа өзгертуге өтініш/Карточка шығаруға өтініш берген Клиент арасында жасалды және Шотты ашу, жүргізу және жабумен байланысты, сондай-ақ карточканы шығару және қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттейді.
Банк пен Клиент бұдан әрі бірлесіп – Тараптар, ал әрқайсысы жекелей - Тарап деп, немесе жоғарыда көрсетілгендей аталуы мүмкін.
Клиенттің Өтініштегі/Келісімдегі/Шот түрін жәрдемақы үшін арнайы шотқа өзгерту туралы өтініштегі қойған қолы Клиенттің Шартты алғанын және оқығанын, түсінгенін, қандай да бір қарсылық пен ескертпелерсіз толық көлемде қабылдағанын растайды.
Банкте Клиенттің қойған қолы бар Өтініштің/Келісімнің/Шот түрін жәрдемақы үшін арнайы шотқа өзгерту туралы өтініштің данасы болғандықтан, Клиент Шарттағы өзінің қолы болмағанын оның Шартты алмаған, оқымаған/түсіну жағдайы болмаған, қабылдамаған деген дәлелі ретінде пайдалануға құқығы жоқ.
Егер Клиент Өтініштегі/Шот түрін жәрдемақы үшін арнайы шотқа өзгерту туралы өтініштегі Шотты ашу мақсатында мыналар көрсетілсе:
-
«мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар үшін және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер үшін» - онда Банк Клиентке жәрдемақы үшін арнайы шот ашады. Жәрдемақылар үшін арнайы шотқа осы Шарттың 1-ші және 4-ші бөлімдеріндегі талаптар таралады;
-
«республикалық бюджеттен тұрғын үй төлемдері үшін» - онда Банк Клиентке тұрғын үй төлемдері үшін аранйы шот ашады. Тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шотқа осы Шарттың 1-ші және 5-ші бөлімдеріндегі талаптар таралады.
Егер Клиент осы Шартта қарастырылған қызметтерден басқа Банк ұсынатын қосымша қызметтерді алуды қаласа, онда ондай қосымша қызметтерді алуға тиісті бөлек шарт жасалып, сонымен қоса қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және рәсімдерімен қарастырылған қосымша немесе басқа да талаптарды сақтай отырып, бекітіледі.
Осы Шарттың қолданысы жеке тұлғалар – жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар мен адвокаттардың банк шоттары бойынша және карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша Банк жүргізетін операциялардың тәртібіне таралмайды.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бап. Ұғымдар
-
Осы Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:
-
авторизациялау – Клиенттің құқығын растау және карточканы пайдаланып, Шот бойынша шығыс операциясын жүзеге асыруға Банктің рұқсаты. Авторизациялау банкомат арқылы жүзеге асырылады;
-
Банк – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, оның филиалдары/бөлімшелері/қызметкерлері;
-
банктік автомат-кассир (бұдан әрі – банкомат) – қолма-қол ақшаны карточка бойынша автоматты түрде беруге, Шот бойынша ақпарат беруге және Банктің басқа қызметтерін жүзеге асыруға арналған өзіне-өзі қызмет көрсететін электрондық-механикалық құрылғы;
-
карточканы оқшаулау – карточканы пайдалана отырып карточкалық операцияларды жүзеге асыруға толық немесе ішінара, тұрақты немесе уақытша тыйым салу;
-
үзінді – қолданыстағы заңнамаға сәйкес Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың талабы бойынша қағаз түрінде немесе электрондық түрде берілетін және белгілі бір уақыт аралығындағы Шот бойынша кредиттеу/дебеттеу операцияларын көрсететін Шоттың жағдайы туралы тиісті түрде ресімделген ақпарат. Үзінді хабарландырулардың бір түрі және Шот бойынша операцияны жасаудың жеткілікті дәлелдемесі болып табылады. Қолданыстағы заңнамамен тікелей басқа түрлері қарастырылмаса, үзінді қосымша куәландыруды талап етпейді. Операциялар үзіндіде көрсетілген күні жасалған болып есептеледі;
-
карточка шығару – карточканы оның ұстаушысына осы Шарт негізінде беруді қарастыратын операция;
-
қолданыстағы заңнама немесе ҚР заңнамасы – белгіленген тәртіпте қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығынан тұратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;
-
карточка ұстаушы – карточка алған және осы Шартқа сәйкес оны пайдалануға құқығы бар клиент;
-
қол жетімді қалдық – бағдарламалық жасақтамада бухгалтерлік есеп бойынша өтетін сәтке дейін уақытша оқшауланған сомаларды шегеріп тастағанда Шоттағы ақша қалдығының сомасы (Банк Тарифтеріне сәйкес Шот бойынша операция жүргізгені үшін Банк операциясының сомасы мен комиссиялық сыйақысының сомасы);
-
берешек – Клиенттің осы Шарт бойынша Банкке барлық және кез-келген борыштары, бірақ онымен шектелмей осы Шарт бойынша Тараптардың өзара қатынастары үдерісінде Банкке қатысты пайда болатын Клиенттің басқа да борыштары, Банктің комиссиялары, сыйақысы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімақы);
-
клиенттің сұратуы – карточка мен ДСН-кодты пайдалана отырып автоматтандырылған операциялар жүргізу үшін банкомат арқылы карточка ұстаушы қалыптастырған деректер жиынтығын білдіреді. Клиенттің сұратуы Банкке Шот бойынша қол жетімді қалдық туралы ақпарат беру үшін жөнелтіледі;
-
өтініш – Клиенттің Шотты ашуға және Шартқа қосуға жазбаша өз еркін білдіру, оны алғаннан кейін Банк қолданыстағы заңнама талаптарына және Шарт талаптарына сәйкес Шотқа банктік қызмет көрсетеді.
-
карточка – карточка ұстаушыға банкомат арқылы оның Шотындағы өз ақшасының шегінде карточкалық операциялар жүзеге асыруға қол жеткізу құралы.
-
карточкалық операция – Банк банкоматы арқылы карточканы пайдалана отырып қолма-қол ақша алу;
-
клиент – осы Шартқа сәйкес Банкте Шотты ашқан және оны кәсіпкерлік қызметпен байланыспайтын операцияларды жасау мақсатымен пайдалану үшін ашылған Шоттың иесі болып табылатын жеке тұлға.
-
кодтық сөз – құпия сөз, Клиент оны өтініште көрсетеді. Ол Клиент Банкке телефонмен хабарласқан жағдайда Клиентті сәйкестендіру үшін қажет;
-
операциялық күн – Банктің/Банк филиалының клиенттерге қызмет көрсетуіне бөлінген жұмыс күнінің бір бөлігі;
-
ДСН-код – Дербес Сәйкестендіру нөмірі, карточка ұстаушыға берілетін және карточкалық операциялар жүргізілген кезде карточка ұстаушыны сәйкестендіруге арналған төрт таңбалы құпия код;
-
ДСН-конверт – карточка ұстаушыға карточкасын алған кезінде берілетін, ішінде ДСН-коды жазылған қосымша парағы бар арнайы жапсырылған конверт;
-
жұмыс беруші – заңды тұлға құрмастан шаруашылық субъект ретінде тіркелген, өзінің қызметкерлеріне Банктегі Шоттарына жалақысын аударатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;
-
жұмыс күндері – Банктік операцияларды жүргізу үшін Банк ашық болатын, демалыс пен мереке күндерін алмағанда, апта күндері;
-
ҚР – Қазақстан Республикасы;
-
өзіне-өзі қызмет көрсету – карточка ұстаушы банкомат арқылы Банк қызметтерін өз бетінше алу рәсімі;
-
тұрғын үй төлемдері үшін арнайы шот – осы Шартқа сәйкес Банкте ұлттық валютада ашылған, орнына республикалық бюджет есебінен тұрғын үйге мұқтаж ҚР арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне берілетін арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін ақшаны есепке алуға арналған жеке тұлғаның арнайы ағымдағы шоты;
-
жәрдемақы үшін арнайы шот – осы Шартқа сәйкес Банкте ұлттық валютада ашылған, мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды есепке алуға және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған жеке тұлғаның арнайы ағымдағы шоты;
-
Шот – осы Шартқа сай Банкте ұлттық немесе шетел валютасында ашылған жеке тұлғаның ағымдағы шоты;
-
Тарифтер – кез келген банктік қызметтер үшін алынатын Банк комиссияларының мөлшерін анықтайтын қолданыстағы тарифтер. Осы Шарттың мәтінінде Тарифтер деп - тиісті операцияны жүргізу/Банктің тиісті қызмет көрсету/Клиенттің шартты бұзу кезіндегі қолданыстағы тарифтер деп түсініледі.
-
хабарламалар – осы Шартпен, сондай-ақ Банктің ішкі саясатымен, стандарттарымен және рәсімдерімен қарастырылған тәсілдермен Тараптарға мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде жіберілетін хабарламалар.
-
ЗТМО – «Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны».
2 -бап. Шотты ашу және жүргізу, карточканы шығару және қызмет көрсету
2.1. Шотты ашуды және жүргізуді Банк қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, Тарифтеріне және осы Шартқа сәйкес, Шотты ашу туралы Өтініш/Келісім негізінде, нысаны мен мазмұны қолданыстағы заңнамамен белгіленген тізім бойынша барлық құжаттарды Клиенттен қабылдаған соң іске асырады.
2.1.1. Клиенттің атына карточка шығаруды және қызмет көрсетуді Банк қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, Тарифтеріне және осы Шартқа сәйкес, Карточка шығару туралы өтініш негізінде іске асырады.
2.2. Клиент Өтінішке/Келісімге қол қою арқылы Шотты ашудың, жүргізу мен жабудың және оны осы Шартқа қосу талаптарын қабылдайды, сондай-ақ осы Шарттың барлық ережелері Клиенттің мүддесі мен өз еркін білдіруіне толық көлемде сай екенін растайды.
2.3. Банк Клиенттің Шоты бойынша қалдық ақшаға сыйақы есептемейді.
3-бап. Шот бойынша жүргізілетін операциялар
3.1. Банк Шот бойынша операцияларды іске асырады және Шарт талаптарына сәйкес оған қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтерді көрсетеді.
3.2. Барлық төлемдер мен ақша аударымдарын іске асыруды Банк егер қолданыстағы заңнамада басқаша қарастырылмаған болса, қолданыстағы заңнама талаптарына, Шарт талаптарына сәйкес және Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың нұсқауларының түсу тәртібі (күнтізбелік кезек) бойынша орындауға тиіс.
3.3. Шоттағы ақшаға Клиенттің жазбаша нұсқаулары арқылы билік жүргізеді. Шотқа билік жүргізу туралы Клиенттің нұсқаулары Банктің пайдаланатын стандарттық бланкілерінде орындалуы қажет. Клиент өз нұсқауларын Банк орындау үшін барлық қажетті ақпаратты көрсетумен қолданыстағы заңнамаға, Банктің саясатына, стандарттарына және процедураларына сай басқаша түрде де беруіне құқылы. Бұл жағдайда, Банк қолданыстағы заңнама талабына немесе Банктің пайдаланатын талабына сай өз бетінше төлем құжатын жасайды. Мұндай қызметті Клиент Тарифтерге сәйкес төлейді.
3.4. Банк мына мазмұндағы төлем құжаттарын қабылдамайды:
-
нұсқаулары анық емес;
-
Клиент атынан толтырылмаған және қолы қойылмаған;
-
түзетулері бар;
-
жасайтын операциялар туралы нұсқаулары қолданыстағы заңнамаға қайшы;
-
қарындашпен толтырылған;
-
қолданыстағы заңнамамен, Банктің саясатымен, стандарттарымен және рәсімдерімен қарастырылған басқа жағдайларда.
Банк осындай төлемдерді қолданыстағы заңнамада қарастырылған рәсімдерін сақтай отырып, Клиентке қайтарады. Банк осындай нұсқауларды орындаудан бас тартуына байланысты Клиенттің көтерген шығындары үшін жауапкершілік арқаламайды.
3.5. Банк қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде Банктің саясатына, стандарттарына және рәсімдеріне сай нұсқауларды акцептейді.
3.6. Банк төлемдер мен ақша аударымдарын Клиенттің нұсқауына сай Шоттағы бар ақша шегінде іске асырады. Шоттағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда, Банк Клиентке төлем құжаттарын орындаусыз қайтаруға құқылы. Банк Клиенттің төлем құжаттарын ішінара орындамайды.
3.7. Осы арқылы Клиент төлем құжаттарында қате көрсетілген деректемелерге байланысты барлық тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатынын растайды және кепілдік береді.
3.8. Осы арқылы Клиент Банк заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қатысты деп санаған төлем/ақша аударымына негіздеме болғанда Банктің көрсетілген төлем/ақша аударымына сараптама жасау үшін қажетті кез келген қосымша ақпаратты талап етуіне құқылы екенін назарға алады және келіседі. Ондай ақпаратты Банк белгіленген мерзімде алмаған жағдайда, Банк Клиент пайдасына келіп түскен ақшаны қайтаруға немесе төлем құжатын акцепті түрде орындаудан бас тартуға құқылы.
3.9. Шоттан ақшаны алып алу Клиенттің келісімімен шығарып алынады, қолданыстағы заңнамамен тікелей қарастырылған Клиенттің қосымша келісімінсіз үшінші тұлғалардың талабымен орындалатын және Банк қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, бұл ретте осындай жағдайда Банк көрсеткен қызметтерді Клиент қолданыстағы Тарифтерге сәйкес төлейді.
3.10. Клиенттің Шотынан ақшаны қолданыстағы заңнамамен тікелей қарастырылған жағдайларда Клиенттің қосымша келісімінсіз шығарып алуды, сондай-ақ Шот бойынша операцияларды тоқтата тұру және оның Шотындағы ақшаға тыйым салуды уәкілетті мемлекеттік органның тиісті түрде ресімделген және ұсынылған шешімдері негізінде ғана іске асырылады. Клиенттің осындай жағдайларда шеккен шығындары үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.
4-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Клиенттің құқықтары:
-
Шарт талаптарына сәйкес Шотты пайдалану;
-
Банкке келгенде немесе Банктің жазбаша ескертпесінде/Тараптардың қосымша келісімінде көрсетілген пошталық/электрондық пошта арқылы үзінді көшірмелерді алу;
-
Банктің акцептіленген нұсқауын кері қайтару немесе оны орындауды қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте және мерзімге тоқтата тұру;
-
Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған жағдайда, Шот бойынша қозғалыссыз санатына жатқызылған қалдық ақшаны талап ету;
-
Клиенттің міндеттері:
-
қолданыстағы заңнама мен Шарт талаптарын сақтау;
-
Банк қызметтерін Тарифтерге сай төлеу;
-
Банкті 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар ету:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерінің өзгеруі туралы Банкке ондай өзгерістің болуын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсету;
тұратын мекен-жайы, телефон, факс нөмірлерінің өзгеруі туралы, сондай-ақ осы Шарттың орындалуы үшін мағынасы бар, Банк үшін Шоттың бар болуына байланысты мағынасы бар немесе болуы мүмкін басқа да өзгерістер туралы, Банкке өтініш білдіру және белгіленген үлгідегі Өтінішке қол қою арқылы;
-
Шотқа қате есепке алынған ақшаны, сондай-ақ Шотты қате жүргізген кезде Шотқа қате есепке алынған ақшаны дереу және толық көлемде Банкке қайтару;
-
Шотқа қателікпен ақша есептелген жағдайда, Банкті Шот бойынша қате есептелген төлем/аудару туралы үзіндіні алған күннен 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар ету;
-
ұлттық және/немесе шетел валютасында ашылған Шоттар бойынша өзінің жеке кәсіпкерлігімен байланысты шығыс/кіріс операцияларын жүргізбеу. Осы міндеттемені орындамағаны үшін және заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды салық есебіне тіркеу, қою мәселелерін реттейтін заңнама талаптарын бұзғаны үшін Клиент қолданыстағы заңнамада қарастырылған жауапкершілікті арқаламайды.
-
Шотты қандай да бір заңсыз мақсаттарға, қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған тауарлардың, жұмыстардың және/немесе қызметтердің төлемін қоса алғанда пайдаланбау;
-
Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғаға жататыны туралы ақпаратты Шарт бекіткен кезде ұсыну;
-
осы арқылы Клиент Банктің Шарт бойынша барлық берешек сомасын, онымен қоса тұрақсыздық айыптарын, шығыстар мен шығасыларды, сондай-ақ Шотқа қате есептелген соманы, сонымен қоса Шотты дұрыс жүргізбеген кезде Шотқа есептелген ақша сомасын Клиенттің Банкте ашылған барлық шоттарынан дебеттеу арқылы, сондай-ақ Клиенттің басқа банктерде ашылған шоттарына төлемдік талап-тапсырма ұсыну арқылы шығарып алуына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;
-
Сенімхат негізінде Шотқа иелік ететін уәкілетті тұлғалар ауысқан немесе олардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, бұл туралы Банкке дереу жазбаша түрде хабарлау және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттардың түпнұсқасын ұсыну. Ондай болмаған жағдайда Банк сенімхат негізінде Шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік арқаламайды;
-
Банкке Шот бойынша қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін операцияларды іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға және осы Шартқа сәйкес тиісті түрде ресімделген құжаттарды тапсыру арқылы нұсқау беру;
-
Клиент Банктен алған барлық ақпараттарды, оның ішінде хабарламада көрсетілген ақпаратты дереу тексеруге міндетті. Онымен қоса, Клиент өзінің тапсырмаларын Банктің дұрыс орындап жатқанын тексеруі тиіс. Егер Клиент қандай да бір дәлсіздіктерді және/немесе дұрыс және/немесе толық көлемде орындалмағанды, рұқсат етілмеген операциялардың болуын анықтаған жағдайда, клиент дереу бұл жағдайлар туралы Банкті алдымен ауызша телефон арқылы, сосын жазбаша түрде ескертуі тиіс;
-
Банкпен тұрақты түрде байланыста болу;
-
Осы арқылы Клиент ЗТМО жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларын Клиенттің қайтыс болуынан, Клиенттің Қазақстан аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткеннен кейін Шотқа артық аударылған (есепке алынған) ақшаны Шоттан тікелей дебеттеу жолымен алып алуына Банкке өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Шоттан жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларын көрсетілген тәсіл арқылы алып алу үшін міндетті талап - ЗТМО Банкке Клиенттің қайтыс болуынан, Клиенттің Қазақстан аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткеннен кейін жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлемдер сомаларының Шотқа артық аударылғандығы (есепке алынғандығы) көрсетілген, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке, ЗТМО-ға қайтарылуға тиіс жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлемдер сомалары көрсетілген құжатты ұсыну болып табылады;
-
осы арқылы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңына сәйкес Клиент Банкке Банкпен Шарт бекіту және осы Шартты орындау мақсатында банктік құпия болып табылатын мәліметтерге қатысты Банктің дербес деректерді жинауына және өңдеуіне, атап айтқанда, Клиенттің дербес деректерін «Халық» тобына кіретін ұйымдарға, соның ішінде Дербес деректер туралы заңның 16-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес трансшекаралық беруге, сондай-ақ ҚР заңнамасына және (немесе) Банктің ішкі құжаттарына сәйкес мұндай дербес деректерді жинау, өңдеу қажеттігі туындайтын өзге жағдайларда келісім береді. Клиенттің дербес деректерін жинауды және өңдеуді Банк ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен жүзеге асырады1.
осы арқылы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңына сәйкес ұсынылған Клиенттің мүддесінде әрекет ететін заңды өкіл Банкке Банкпен Шарт бекіту және осы Шартты орындау мақсатында Банктің Клиенттің дербес деректерін, соның ішінде банктік құпия болып табылатын мәліметтерге қатысты дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, атап айтқанда, Клиенттің және оның заңды өкілінің дербес деректерін «Халық» тобына кіретін ұйымдарға, соның ішінде Клиенттің, оның заңды өкілінің дербес деректерін Дербес деректер туралы заңның 16-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес трансшекаралық беруге, сондай-ақ ҚР заңнамасына және (немесе) Банктің ішкі құжаттарына сәйкес мұндай дербес деректерді жинау, өңдеу қажеттігі туындайтын өзге жағдайларда келісім береді. Клиенттің дербес деректерін жинауды және өңдеуді Банк ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен жүзеге асырады. Клиенттің және оның заңды өкілінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді Банк ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен жүзеге асырады2;
-
Клиент Банкке Банк пен Клиент арасында бекітілген шарттардың/келісімдердің талаптары туралы ақпаратты, сондай-ақ «Халық» тобына кіретін ұйымдарға банктік және басқа коммерциялық құпия болып табылатын өзге ақпаратты ашып көрсетуге (тапсыруға, беруге, жария етуге және т.с.с.) өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын жазбаша келісімін береді;
-
Клиент осы арқылы Банкке ағымдағы шот ашу мақсатымен келген кезінде Банктің автоматты түрде синхрондау үрдісін жүргізуіне өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Синхрондау Банктің ақпараттық жүйелерінде клиент туралы бар мәліметтерді оның жаңа ұсынған деректерімен жаңартуды білдіреді;
-
Егер Банк мұндай бас тартуды немесе тоқтатуды әрекеттері Банк пен клиентке таралатын кез келген елдің немесе халықаралық ұйымның (ФАТФ, БҰҰ, OFAC қосқанда, бірақ олармен шектелмей) юрисдиксиясына сәйкес салынған санкцияға сай іске асыратын болса, Банк клиенттің кез келген операциясын жүргізуден бас тартуға немесе жүргізуді тоқтатуға құқылы екендігі туралы Клиент хабардар және онымен келіседі. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген санкцияларға байланысты Клиенттің төлем нұсқаулықтарын орындаудан немесе орындауды тоқтатудан Банктің бас тартуына байланысты келтірілген клиенттің залалдары үшін Банк ешқандай жауапкершілік арқаламайды;
-
Шот ақшаны заңдастыру мақсатында ашылған жағдайда төмендегілерді қамтамасыз ету:
-
Шотты тек қана ақшаны заңдастыру мақсатында пайдалану;
-
Шотқа ақша салуды/аударуды тек қана өз атынан және тек қана өзінің банк шоттарынан жүзеге асыру;
-
үшінші тұлғалардың ақшаны Шотқа аударуы үшін Шот деректемелерін оларға табыстамау;
-
Шотты депозиттік және кредиттік шарттар бойынша есеп айырысуда пайдаланбау;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған Банктің міндеттемелерін орындауы үшін қажетті болатын ақпарат пен құжаттарды, соның ішінде бенефициарлық иегерлер туралы ақпаратты Банкке ұсыну.
-
Достарыңызбен бөлісу: |