«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабы 8) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының, «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Агенттіктің www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Агенттіктің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерінен басқа.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Агенттіктің ғимаратында көрсетіледі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсаттама бюросы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда беретін бір реттік рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Ғимаратта құқықтық тәртіпті қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы қауіпсіздік сигнализациялары бар. Ғимарат физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік қызмет алушы қол қойған еркін нысандағы өтінім. Өтінімде аэротүсірілім шарттары және уақыты, түсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы, олардың ауданы, аэротүсірілімнің мақсаты және техникалық шарттары көрсетілуі тиіс;
2) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (мемлекеттік қызмет алушы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады);
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақтың картограммасы, төрт данада;
4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобалары (немесе техникалық тапсырмалары), екі данада.
Құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған жағдайда, құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Агенттіктің уәкілетті қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлайды.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды Агенттік кеңсесінің уәкілетті қызметкері мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40.
14. Агенттікке тікелей жазбаша өтініш берген мемлекеттік қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;
2) мемлекеттің қызметтің сұралатын түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) мемлекеттік қызмет алушының жеке өзі келген жағдайда қолма-қол мемлекеттік қызметті алатын күні мен орны көрсетіледі.
15. Рұқсатты беруді мемлекеттік қызмет алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі жеке өзі келген жағдайда Агенттік кеңсесінің уәкілетті қызметкері мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 немесе пошта арқылы жолданады.
16. Агенттік мынадай жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады:
1) өтінім берілген жұмыстар, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған аэротүсірілім жұмыстарын қайталайтыны анықталған жағдайда. Мұндай жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етеді. Бұл ретте мемлекеттік қызмет алушы бұрын жасалған аэротүсірілім материалдары мен деректерін пайдаланады;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және (немесе) олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар қоса берілген құжаттары бар өтінім бойынша ескертулер берген жағдайда. Мұндай жағдайда уәкілетті орган дәлелді негіздеме көрсетумен ескертулерді жою туралы хат жолдайды және мемлекеттік органдардың ескертулерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттары бар өтінімді мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды немесе береді.
Агенттік осы стандартта белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша түрде бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін рұқсат берілген болып есептеледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті және толық ақпаратты беру;
5) ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Агенттік қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі № 510 кабинетте, тел: 8 (7172) 74-24-40 бойынша түсіндіріледі.
21. Агенттік мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) тікелей Агенттік төрағасына немесе оның орынбасарларына. Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі Агенттіктің порталында мына мекенжай бойынша www.auzr.kz орналастырылған;
2) Агенттік төрағасының блогына (Агенттіктің интернет-ресурсындағы www.auzr.kz мекенжайы бойынша «Агенттік төрағасының блогы» беті);
3) жазбаша шағыммен Агенттіктің кеңсесіне мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 шағымдана алады.
22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әдептілік сақталмаған жағдайдағы шағымды мемлекеттік қызмет алушы Агенттік төрағасына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 жібереді.
Агенттіктің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндерінен басқа.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркін нысанда жасалады. Қажет болған жағдайда шағымға мемлекеттік қызмет алушы сілтеме жасайтын жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
25. Шағымды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушы мына мекенжай бойынша алады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40.
«Аэротүсірілім жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға)
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 16-бабының, «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру ережесiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Агенттіктің www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнінен кешіктірмей;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі:
9. Агенттіктің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерінен басқа.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Агенттіктің ғимаратында көрсетіледі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсаттама бюросы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда беретін бір реттік рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Ғимаратта құқықтық тәртіпті қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы қауіпсіздік сигнализациялары бар. Ғимарат физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік қызмет алушының құрылыс жұмыстарын, карьерлерді әзірлеу, құрылыстарды көтеру немесе бұзу және тиісті геодезиялық пункттер орналасқан аумақта басқа да жұмыстарды жүзеге асыруының заңдылығы туралы куәландыратын басқа құжаттардың көшірмесі;
Құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған жағдайда, құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Агенттіктің уәкілетті қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлайды.
12. Бланкілер, өтініш нысандарын толтыру талап етілмейді.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды Агенттік кеңсесінің уәкілетті қызметкері мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40.
14. Агенттікке тікелей өтініш берген мемлекеттік қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;
2) мемлекеттің қызметтің сұралатын түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) мемлекеттік қызмет алушының жеке өзі келген жағдайда қолма-қол мемлекеттік қызметті алатын күні мен орны көрсетіледі.
15. Рұқсатты беруді мемлекеттік қызмет алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі жеке өзі келген жағдайда Агенттік кеңсесінің уәкілетті қызметкері мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 немесе пошта арқылы жолданады.
16. Агенттік мынадай негіздердің біреуі болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады (екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде):
1) осы алаңдағы геодезиялық пункттердің қажетті санының жоқ болуы;
2) қолда бар геодезиялық желiлердi дамыту және жаңарту перспективаларының болуы;
3) геодезиялық пункттерді орнатуға арналған орынның болмауы.
Агенттік осы стандартта белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша түрде бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін рұқсат берілген болып есептеледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Агенттіктің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті және толық ақпаратты беру;
5) ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Агенттік қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі № 510 кабинетте, тел: 8 (7172) 74-24-40 бойынша түсіндіріледі.
21. Агенттік мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) тікелей Агенттік төрағасына немесе оның орынбасарларына. Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі Агенттіктің порталында мына мекенжай бойынша www.auzr.kz орналастырылған;
2) Агенттік төрағасының блогына (Агенттіктің интернет-ресурсындағы www.auzr.kz мекенжайы бойынша «Агенттік төрағасының блогы» беті);
3) жазбаша шағыммен Агенттіктің кеңсесіне мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 шағымдана алады.
22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әдептілік сақталмаған жағдайдағы шағымды мемлекеттік қызмет алушы Агенттік төрағасына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40 жібереді.
Агенттіктің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерінен басқа.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркін нысанда жасалады. Қажет болған жағдайда шағымға мемлекеттік қызмет алушы сілтеме жасайтын жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
25. Шағымды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет алушы мына мекенжай бойынша алады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, 12-кіреберіс, № 510 кабинет, тел: 8 (7172) 74-24-40.
«Геодезиялық пункттердi бұзуға
немесе қайта салуға (ауыстыруға)
рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған Алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
«Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорын) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің шалғайдағы елді мекендер тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету мобильдік орталықтар арқылы жүргізіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 158-бабының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) www.auzr.kz интернет-ресурсында;
2) мамандандырылған кәсіпорынның www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;
3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) орталықтардың стенділерінде;
5) порталда орналастырылған.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефон нөмірі арқылы беріледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі (уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электронды және/немесе қағаз түрдегі жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) орталықтарда – күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильдік орталықтар құжат қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, алайда бір елді мекенде аптасына кемінде алты сағат жұмыс уақытымен жүргізеді;
2) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталық ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту креслолары, ақпараттық стенділер орналастырылады;
2) порталда – «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |