Жетписбаев батыр адамович


§4. Қылмыстың арнаулы субъектiсi



Pdf көрінісі
бет44/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§4. Қылмыстың арнаулы субъектiсi
 
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың арнаулы субъектiсi деп жалпы субъектiнiң белгiлерiмен қатар 
(есi дұрыстық жəне қылмыстық жауаптылық жасына толу) нақты қылмыс құрамы үшiн мiндеттi болып 
табылатын қосымша белгiлердi иемденетiн адамды айтады.
Қылмыс субъектiсiнiң барлық қылмыс құрамдарына тəн жалпы белгiлерi ҚК Ерекше бөлiмi баптарының 
диспозицияларында айтылмайды. Ал нақты қылмыс субъектiсiнiң қосымша белгiлерi тиiстi бап 
диспозициясында тiкелей баяндалады немесе түсiндiру жолымен көрсетiледi. Мұндай адамдардың 
жауаптылығын қарастыратын қылмыс құрамдары арнаулы субъектiлi қылмыс құрамдары деп аталады. 
Мысалы, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың басым көпшiлiгiн тек лауазымды тұлғалар
жасайды.
Қылмыстың арнаулы субъектiсi ұғымының заңға енгiзiлуi ҚК Ерекше бөлiмiндегi кейбiр қылмыс 
түрлерiнiң ерекшелiгiмен, яғни оларды жасау адамдардың белгiлi бiр қызметпен айналысу немесе оларға 
заңмен жүктелген мiндеттердi орындауымен байланысты ғана мүмкiн болатындығымен түсiндiрiледi.
Арнаулы субъектiлер қылмыстың тек орындаушылары ғана бола алады. Арнаулы субъектiнiң белгiлерi 
жоқ басқа адамдар қылмысқа қатысушылар ретiнде қарастырылады.
Қылмыстық жауаптылық туралы мəселенi шешкенде, сондай-ақ кiнəлiнiң iс əрекетiн саралағанда арнаулы 
субъектiнiң белгiлерiн анықтаудың маңызы зор. ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көзделген 
арнаулы субъектiнiң белгiлерiнiң болмауы сол қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылықты да болдырмайды. 
Мысалы, лауазымды тұлға болып табылмайтын адамның қызметке селқос қарауы ҚК 316-бабы бойынша 
қылмыстық жауаптылықты тудырмайды, себебi тек лауазымды тұлға ғана қылмыстың субъектiсi бола 
алады.
Арнаулы субъектiнiң белгiлерi кейбiр реттерде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн 
жоғарлататындықтан негiзгi құрамды жауаптылықты ауырлататын құрамға айналдырады. Мысалы, ҚК 
145-бабының 3-бөлiгiнде 
″Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу″ қылмысын адам өзiнiң қызмет бабын 
пайдаланып жасаса жауаптылығы ауырлатылады.
Өзiнiң мазмұнына қарай арнаулы субъектiнiң белгiлерi сан алуан түрлi. Олар жеке адамның əртүрлi 
қасиеттерiне қатысты сипатталады. 
Қолданыста жүрген қылмыстық заңдағы арнаулы субъектiлердiң барлық белгiлерiн жинақтап, оларды үш 
топқа бөлуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет