Жетписбаев батыр адамович


§3. Жүктi əйелдердiң жəне жас балалары бар əйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру



Pdf көрінісі
бет116/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Жүктi əйелдердiң жəне жас балалары бар əйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру
 
Жаңа Қылмыстық кодекс жас балалардың мүдделерiн қорғау мақсатында жаңа шараларды қолдану 
мүмкiндiктерiн шештi. Яғни, жеке адамға қарсы ауыр жəне аса ауыр қылмысы үшiн 5 жылдан астам 
мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған əйелдердi қоспағанда, сотталған жүктi əйелдердi жəне он 
төрт жасқа толмаған баласы бар əйелдердi сот тиiсiнше бiр жылға дейiнгi не баласы он төрт жасқа толғанға 
дейiнгi мерзiмге жазасын өтеуден босатуы мүмкiн. Белгiленген норма, ананың өз баласына деген дұрыс
жағымды əсерiнiң болуы орын алғанда ғана пайдаланылады. Егер сотталған əйел баладан бас тартса немесе 
баланы тəрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған əйелдi
бақылауды жүзеге асыратын орган 2 рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тəртiптi бұзса, 
сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталушы əйелдi
сот үкiмiне сəйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады. Жүктi əйелдердiң жазасын өтеуiн 
кейiнге қалдыруды тағайындау кезiнде жүктiлiктiң пайда болу уақытының маңызы елеулi болмайды. 
Белгiленген жазаны кейiнге қалдыру түрi, сотпен тағайындалатын жазаның қайсысы болмасын тағайындай
алады. Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн 5 жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi
жаза қолданылатын қылмыстар үшiн жазаны өтеудi кейiнге қалдырмайды. Бала он төрт жасқа толғаннан 
кейiн немесе ол шетiнеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған əйелдiң мiнез-құлқына 
қарай, оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы немесе сотталған 
əйелдi жаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн. Сонымен, жазаны өтеудi
кейiнге қалдыру мерзiмi өткеннен кейiн немесе мəн-жайлардың пайда болуы сияқты үстiрт жағдайлардың 
болуымен байланысты сотталғанның жеке басын бақылауды жүзеге асыратын органның шешiмiмен сот 
былайша бекiтуi мүмкiн:
- жазадан босатуды немесе оның орындалуынан босатуды;

жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруды;

сотталған адамның жазасының қалған бөлiгiн тиiстi мекемеге өтуге жiберу.
Жазаны өтеудi кейiнге қалдыру сотталған адамды жазаны өтеуден бiрден босатпайды. Егер сотталған 
əйел жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған қылмыстық кодекстiң 60-бабында 
көзделген ережелерге сəйкес үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет