б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда – 6 жыл;
в) ауыр қылмысы үшiн сотталғанда – 10 жыл;
г) аса ауыр қылмысы үшiн сотталғанда – 15 жыл.
Сонымен, айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi деп айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап заңда
белгiленген мерзiмдердiң iшiнде орындалмағандығын айтуға болады. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi,
айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енген күннен бастап есептелiнедi. Егер сотталған
адам жазаны өтеуден
жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адам ұсталған
немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне
қарай өткен ескiру мерзiмi есептелуге тиiс. Бұл орайда, айыптау үкiмi, егер оның шығарылған уақытынан
бастап жиырма бес жыл өтсе жəне ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасау арқылы үзiлмеген болса,
орындалмауы керек.
Егер адам мерзiм өткенге дейiн жаңа қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi үзiледi. Мұндай жағдайда
ескiру мерзiмiнiң өтуi жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледi.
Жазаны орындаудың
ескiру мерзiмi екi үкiмге де бiрдей жүрiп отырады, яғни сот жаңа қылмысқа үкiм шығарғаннан кейiн,
алдыңғы үкiмдi ескерген жəйттердiң болуымен ғана мұндай екi жақты ескiру мерзiмi өтуi болады. Егер
жаза үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалса, ауыр қылмыстар үшiн
белгiленген айыптау, үкiмiнiң
ескiру мерзiмi бiрдей мерзiмде өтедi, ал алдыңғы қылмыс үшiн белгiленген үкiм өзiнiң мəнiн жоғалтады.
Өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға ескiру мерзiмiн
қолдануға байланысты заңда ерекше ережелер қарастырылған. Өлiм жазасына
немесе өмiр бойы бас
бостандығынан айыруға сотталған адамға ескiру мерзiмiн қолдану туралы мəселенi сот шешедi. Егер сот
ескiру мерзiмiн қолдану мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойы
бас бостандығынан айыруға
ауыстырылады, ал өмiр бойы бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан
айыруға ауыстырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс жасағаны үшiн сотталған
адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: