2-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«
Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-
әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын
болжау
3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Шығарманың мазмұнына сүйеніп,
оқиғаның дамуын
болжайды
•
Шығарманың мазмұны бойынша
сұрақтар қойып, жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20
минут
1-
тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
•
Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?
•
Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?
•
Балалар өз уақытын бағалай алды ма? Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?
2-
тапсырма
Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Мәтінді «уақытты бағалау керек» деген
тұжырыммен сәйкестендіріп, жалғастырып айт.
Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.
–
Жақшалы өрнек болғандықтан есепті шығара алмадым, - деді Нұрлан.
–
Ал мен көп таңбалы сандарды дұрыс есептей алмадым,- деді Ораз.
–
Ендеше екеулеп шығарып тастайық.
Әлі уақытымыз бар ғой, - деді Нұрлан. Бұл кезде
бағана басындағы сағат бір жарымды көрсетіп тұрған.
–
Әлі жарты сағат уақыт бар екен. Бұл уақытта ұшқыш жолаушыларды бір
қаладан екінші
қалаға жеткізе алады, - деді Ораз келіскенін білдіріп.
–
Ал менің капитан ағам жиырма минутта апатты кемедегі жолаушыларды қайыққа
отырғызып үлгерген.
–
Жиырма минут дейсің бе? Кейде он минуттың өзінде біраз шаруа тындыруға болады. Тек
әр минутты ескеру керек, - деді Ораз маңғазданып.
Осылайша балалар біраз қызықты оқиғаларды еске түсірді.
Бір кезде Ораздың көзі
сағатқа түсіп кетті. Тұп- тура екі болыпты.
–
Жүгірейік!- деді Ораз. – Біз сабаққа кешіктік!
–
Ал есеп ше? - деді Нұрлан сасқалақтап.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)
17