Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты Қазақстандағы аграрлық білімнің қалытасуы мен даму тарихын ғылыми талдау арқылы зерттеу, оның мақсатының нысанымен ұштастырылмақ. Осы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар міндеттер туындайды:
– 1918-1936 жж. Қазақстандағы алғаш орта арнаулы ауылшаруашылық техникумдарының ашылуын және олардың оқу жүктемесі мен жоспарларының құрылуы отандық білім беру жүйесінің алғаш қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдеу;
– Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда – аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасу алғышарттары мен даму тарихына, оның мазмұны мен ұйымдастыру формаларына талдау жасау;
– 1929-1930 жж. Қазақстанда алғаш ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының ашылу тарихы мен дамуы, оның даму кезеңдерін қарастыру, ұлттық құрамда түзілу қарқынын жүйелеу;
– 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары қазақ ауылдарының шаруашылығын қалпына келтіруде аграрлық оқу орындарының атқарған қызметін анықтау;
– Елдің әлеуметтік-экономикасын қарастырып отырған кезеңдегі қоғамдық-саяси, мәдени жағдайын объективті деректік мәліметтер тұрғысында зерделей отырып, оның тәрбиелік маңызын айқындау;
– Республикада жоғары аграрлық білім берудің қалыптасу және даму тәжірибесін талдау негізінде ауыл шаруашылық мамандарын даярлауды жетілдірудің тиімді жолдарын белгілеу.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
- Зерттелген тақырыптың білім беру жүйесіндегі аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдерін қамтып, бұрынғы кеңестік саясаттың жұмырындағы күрделі нысаналардан көрініс тапқан тұстарға арқау болған дерек көздері тұңғыш рет жаңаша көзқараста, мұрағаттық құжаттар негізінде жарыққа шығып ғылыми жаңалық ретінде енгізіліп отыр.
- Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарды шешудегі қажеттігі бүгінгі күн талабына сай жаңа тарихи көзқарас негізінде жан-жақты талданды.
- Ауыл шаруашылық мамандарын даярлау тарихы алғаш рет кешенді әрі тарихи ғылыми тұрғыда зерттелді.
- Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен дамуын, оның қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін мұрағат материалдары мен тарихшы-ғалымдардың зерттеулеріндегі жаңа көзқарастарға сүйене отырып қорытындылау негізгі алға қойып отырған мақсатымыз болғандықтан, аграрлық жоғары оқу орындарының қалыптасу алғышарттары бір жүйеге келтіріліп, тың құжаттар алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақстандағы 1918 ж. алғаш ашылған Жетісу ауыл шаруашылық училищесінің ашылуынан 1990 ж. арлығын қамтиды. 1920 ж. Қазақ АКСР-ның құрылуына сәйкес келсе, 1990 ж. Қазақстан Республикасының егемендігін алу жөнінде Декларацияның қабылданған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Қазақстанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын белгілі бір кезеңмен бөліп қарастырмаса, бір дисертациялық еңбекпен ашып қөрсету мүмкін емес. Бұл тақырып осы уақытқа дейін таза мұрағаттық, тарихи еңбектер негізінде арнайы ғылыми айналымдағы назарға ілінген жоқ. 1918 ж. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы, 1989 ж. КСРО-ның ыдырауы, яғни Патшалық Ресей үкіметі мен Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылу тарихы аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Тарих ғылымының ұлттық рухын танып білуге дейінгі кезеңдегі кеңестік идеология тұрғысындағы болмысына қатысты болған қоғамдық жүйедегі, ғылымдағы ұстанымдарды жаңартуға негізделген. Қазіргі өркениетті елдер ғылымын жетістікке жеткізіп, көпшілік сұранысымен қанағаттандырып жатқан еркін ойлау қабілеттілігіне арналған отандық тарихшы ғалымдардың шынайы көзқарас, табиғи болмысқа сүйенген зерттеулеріндегі үлгі методологиясы басшылыққа алынды.
Зерттеудің методологиялық негізінде диалектика заңдылығымен тығыз байланыста тарихи объектілік, талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды. Мәселе нақты тарихи қажеттілік, тарихи тағылым, тарихи үрдістің объективтілігі тұрғысынан қарастырылды.
Зерттеу жұмысының деректік негіздері мұрағат құжаттарын, мәліметтік жинақтарды, зерттеулерді, сол кездегі жариялымдар мен статистикалық жинақтардың мәліметтер, сондай-ақ мұрағат қорларындағы бұрын айналысқа енбеген мәселеге қатысты деректер құрайды. Қазақстандағы Аграрлық білім берудің қалыптасуы мен дамуы туралы жинақталған маңызды мұрағаттық деректер Қазақстан Республикасы Президенттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының, Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағаттарының қорлары, өзге де қорларда топтастырылған мұрағат құжаттарының мәліметтері тақырыптың маңыздылығын ашуда берері мол.
Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының қорларынан Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасу алғышарттары мен оның даму тарихына қатысты деректер мол жинақталған. Тақырыпты қарастыруда Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының (281-қор), Қырғыз педагогикалық училищесі (363-қор), «Қосшы» одағының Жетісу губерниясы мен қалалық комитетінің (370-қор), Жетісу губерниясының кеңестік атқару комитетінің (489-қор), Жетісу губерниясының жер басқармасы жанындағы жерге орналастыру партиясының (488-қор), (829-қор), Талғар Ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумы (875-қор), Талғар ауылшаруашылық техникумы, Қаз ССР Ауылшаруашылық Министрлігі (876- қор) қорларында Қазақстандағы аграрлы орта арнаулы білім беретін техникумдарда жүргізілген және қабылданған ережелердің іске асырылу барысы туралы құжаттар жинақталған. Әсіресе, 1918-1929 жж. аралығында елімізде ауыл шаруашылық мамандарының болмауы, ауылдық жерлердегі ветеринарлық стансаларға қажетті маман кадрларды жіберу облыс, аудан әкімшіліктерімен тікелей Халық ағарту ісінің төрағаларына жіберілген жолдамаларынан сол қиын-қыстау кезеңдегі халықтың, жалпы қоғамның жағдайын аңғаруға болады.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатының Қазақ КСР Совхоз Министрлігі (1421-қор), Қазақ ССР Жоғары Кеңесі (1481- қор), Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (5-қор), Халық Комиссариатының Жер басқармасы (74-қор) қорлары қарастырылды. Бұл қорларда Қазақстанда облыстық және аудандық кеңестің сессияларының ауыл шаруашылығына байланысты қабылданған қаулылар мен шешімдер, ондағы саяси-әкімшілік басқармасының қазақ жерінде жаңа басқару ісін енгізуде іске асырылған жұмыстары мен оның нәтижелері туралы құжаттар жүйеленген. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің ашылуы, бір орталықтан басқару ісі кезінде қазақ халқының егіншілікпен айналысуы, аграрлық білімнің қалыптасуы, оның елдің ауылшаруашылық дамуына тигізген әсері мен басқа диссертация тақырыбына қатысты мәселелер жөнінде құжаттар жинақталған. Әсіресе, Қазақстанның ауыл шаруашылығы (30-қор) және Халық Ағарту ісі (81-қор) қорларында 1929 ж. Мал шаруашылығы институты мен 1930 ж. Ауыл шаруашылық институтының ашылу тарихы мен тәжірибелік жұмыстарға арналған жерлерді бөлу, оған қойылған басты талаптар, құрылыстық жұмыстарды жүргізу туралы деректер молынан кездеседі.
Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының (БК(б)П 141 және 139- қорларының) рөлі айрықша болды. Аталған қорларда мәдени ағарту комитетінің атқарған істеріне қатысты және халыққа білім беру қызметі жөніндегі деректер біздер үшін өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық Компартиясының (708-қор) қорында кеңес үкіметінің 1970-1985 жж. жүргізген экономикалық саясаты туралы деректер топтастырылған, мұрағаттық құжаттарда ауыл шаруашылығын ғылыми жолмен ұйымдастыру жұмыстары туралы мәліметтер жинақталған.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны. 1918 ж. іргесі училище болып қаланған Алматы қалалық Ауыл шаруашылық техникумынан басталып, еліміздегі аграрлық білім беретін жоғарғы оқу орындарының қалыптасуын зерттеу және оның қазіргі әлеуеті мен әлемдік тәжірибедегі алатын орны мен атқаратын қызметтерін тарихи тұрғыдан пайымдау болып табылады.
Зерттеу пәні. Республика ауылшаруашылық саласын білікті мамандармен қамтамасыз етіп келген аграрлық оқу орындарының қалыптасуы, дамуы мен халыққа қызметін зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысының маңыздылығы кез келген прогрестің сабақтастықтан тыс жүзеге аспайтыны белгілі. Зерттеу жұмысының нәтижесін Қазақстан тарихы курсы немесе халықтың әлеуметтік-экономикалық тарихындағы ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудағы аграрлық білім беру жүйесінің атқаратын қызметі туралы жоғары оқу орындарында, арнайы дәрістер мен семинар сабақтарын өткізген кездерде пайдалануға болады. ХХ ғасырдағы ауылшаруашылық мамандарын даярлау, Қазақстанның аграрлық білім беру жүйесі мен әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін зерттеген ездері және Қазақстан тарихы туралы жалпылама еңбектер жазған кезде де пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- ХХ ғ. басында Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту, оны білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында қалалық орталықтарда ауыл шаруашылық училищелері ашылып, дамыды;
- Жергілікті Атқару комитеттері қабылданған реформаларға сәйкес ауыл шаруашылық училищелеріне техникум статусы беріліп, білім беру сапалылығы мен базасы біршама нығайтылды;
- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарын шешуге бағытталған ұжымдастыру кезінде және 1928 ж. қабылданған алғашқы бесжылдықта жоспарланған жоғары оқу орындарын ашуды қолға алу ел экономикасының дамуына ықпалын тигізді;
- Ауыл шаруашылық және Зооветеринарлық институттарының ашылуы, халықтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуының артуына септігін тигізді;
- Қазақстандағы кәсіби мамандандырылған ауыл шаруашылық мамандарының қиын-қыстау кезеңде халыққа қызмет көрсетулері ғылым мен білімнің әр салаларын дамытуға және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосты;
- Қазақстандағы аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ашылуы негізінде аграрлық ғылым жоғары дәрежеде дами отырып, қазақстандық ғалымдармен өндіріске енгізген ауыл шаруашылығының техникалары мен мал шаруашылығының тұқымдарын алудағы жетістіктері көршілес елдерде қолданысқа ие болды;
- Қазақстандағы аграрлық білім беру жүйесінің негізінде халық озық мәдениет үлгілерімен танысуға еркін қол жеткізе бастады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы барысындағы алынған ғылыми нәтижелері, қорытындылары мен тұжырымдары ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 3 мақала жарияланды және халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-теориялық конференцияларда 3 баяндама жасалды.
Жұмыс КР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңестік дәуіріндегі Қазақстн тарихы бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, тарихнамалық бағыттағы зерттелу деңгейі мен деректеріне сипаттама беріліп, мақсат-міндеттері хронологиялық және аумақтық шеңбері, әдістемелік негізі, нысаны, ғылым жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары, тәжірибелік құндылығы, құрылымы айқындалған.
«Аграрлық арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылу тарихы» атты бірінші тарауда Қазақстандағы 1918 ж. басталған аграрлық білім беру жүйесінің даму тарихы, Кеңес өкіметінің халыққа білім беру аясында аграрлық білім берудегі мемлекеттік саясаты, Қазақстанда аграрлық арнаулы орта білім берудің ұйымдастырылуы мен міндеттері қарастырылады.
1918 ж. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде жергілікті халықтың тіршілігінің көзі мал шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту сөз жүзінде бірінші орында болды. Қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты отырықшылық өмірдің ерекшеліктерін меңгеру және оны әрі қарай дамыту мақсатында республикамызда аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасуы 1918 жылдардан бастау алады. Алматы қаласында Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің ашылуы дәлел бола алады. В.Ф. Баудер училище директоры болып сайланды.
1920 ж. 24 сәуірінде Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің педагогикалық кеңесінде В.Ф. Баудердің ұсынысымен училищеге Иван Александрович Стебут атын беру жөнінде шешім қабылданады. 1920 жылдың 31 мамырында оқу жылының басталуын 1 қыркүйекке жоспарлап, мектептерді біріктіру жөніндегі ереженің бекітілуіне дейін шегеру және жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы қашан басталатыны жөнінде анықтау жұмыстарын жүргізу қажет болған. Екі мектеп біріктіріліп И.А. Стебут атындағы Верный ІІ басымдық ауыл шаруашылық және бақшалық техникумы болып аталған [13, 88-бб.].
1920 жылдың қаңтар айында Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің кеңесінде В.Ф. Баудер, А.В. Мухля, М.Н. Растигаев, С.Н. Гричев, П.К. Сушковтардың қатысуымен мәжіліс өткізіледі. Онда Жетісудағы төменгі ауыл шаруашылық мектептерді орта мектептерге ауыстыру мәселесі қаралған [14, 110-б.]
1924-1925 жж. елімізде болған межелеу кезінде Орынбор қаласындағы Ветзоотехникумында жерге орналастыру бөлімі ашылып, 1926 ж. бұл бөлім Ветзоотехникуммен бірге Алматы қаласына көшірілген [15].
Кеңес үкіметі тарихының барлық кезеңдерінде ауыл шаруашылығы қазақ интеллигенциясының өкілдері өмірінің ұйтқысы болды. Сондықтан аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда ауыл шаруашылығын дамытуда белсенді мамандар даярлау ісі болып табылады.
Республикамызда аграрлық орта арнаулы білім беру жүйесінің қалыптасуы 1918 жылдардан бастау алады. Қазақстанда ауылшаруашылық техникумдарының ашылуы, онда ауыл шаруашылық мамандықтарын кең көлемде меңгеру арқылы ауыл шаруашылық оқу орындарымен берілген жер бөлімдерінде, суармалы шаруашылықтар, бақшалар, жайылымдық жерлерде тәжірибелік жұмыстарын өткізу, ауыл шаруашылық мамандарының білім сапасын арттыруға бағытталған еді [14, 105-107-бб.]. Қазақстанның ауылшаруашылық техникумдарын бітірушілер туралы мәліметтер Ташкент Жер шаруашылық комитетіне жіберіліп отырған Техникумдарда сабақ беретін оқытушылардың көпшілігі Ташкент қаласынан шақырылған [14, 111-б.].
1924 ж. оқу қарсаңында Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесінің Қазақ АКСР-і бойынша есебінде Ауыл шаруашылық техникумдары 8 болса, ондағы шәкірттер саны 758 болды [16].
1925 ж. 22 қарашада Халықтық Ағарту ісі комитеті ауыл шаруашылық техникумдарына арналған қаулы қабылдайды. Онда Қазақ Орталық Комитетінің соңғы сессиясындағы: «Қазіргі ауыл жағдайын терең меңгеріп және оны дамытуда өндіріс күштерімен қамтамасыз ету» қажеттігі жөніндегі қабылданған шешімін жүзеге асыру жұмыстары қаралған. Осындай ізгі шаралармен халықтың назарына ауыл шаруашылық техникумдарының экспонаттары ғана емес, жалпы ғылым саласы негізіндегі ауылдық агромәдени мазмұнды ұстануды мақсат тұтты.
Қаз КСР-ның Халық Ағарту ісі комиссариаты 1925 ж. 4 қарашада барлық жергілікті губерниялық атқару комитеттеріне техникум басқармасында қызметінен босатылған немесе жаңадан сайланған қызметкерлерді жергілікті кәсіподақтардың келісімімен тағайындау жөнінде бұйрық шығарған. Онда Алматы ветзоотехникумы, Ақмола қаласындағы Боровский атындағы орман шаруашылық техникумы, Орал қаласының педагогикалық техникумы, Семей орыс және Петропавл қазақ педагогикалық техникумдары, Жетісу ауыл шаруашылық техникумдарының жұмыстары жөніндегі баяндамалар құжаттық іс-қағаздар реттілігімен тіркеліп отырды.
1930 ж. 19 шілдеде Халық Ағарту ісі Семей қаласындағы ауылшаруашылық және ветзоотехникумын қайта ұйымдастыруды қолға алды. 1929-1930 жж. Қызылорда қаласындағы шикізат техникумы да қаражаттың жоқтығынан, 1933 ж. Семей қаласына көшірілген.
1930 жж. Қазақстанда ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнының болмауынан, қазақ ауыл шаруашылық мамандары Ташкент Ауылшаруашылық Академиясында оқыған. 1931 ж. республикамыздың ауылшаруашылық техникумдарымен 1242 агроном, басқа да ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша мамандар даярланған. Халық Комиссарлар кеңесімен Павлодар Зоотехникумы, Қарқаралы Зоотехникумы, Петропавл Ветеринариялық техникумдарында ауылшаруашылық кәсіби мамандары мен оқытушылардың жетіспеушілігінен аталған техникумдарда білім беру деңгейінің сапасын арттыру жөнінде мәселелер қаралды. Ауылшаруашылық техникумдарында жүйелі басқару орындарының болмауынан, ауылшаруашылық техникумдарының білімін жақсарту мақсатында оларды бір қаладан екіншісіне, немесе қала орталығынан өндірістік ауылдық жерлерге еш жағдай жасалмастан үздіксіз көшірілуінің өзі орта арнаулы білім беретін техникумдардың жағдайының нашарлап кетуіне әсер еткен факторлардың бірі болған [17].
Қазалы және Қызылорда Ауылшаруашылық техникумдары 1935 ж. мемлекет тарапынан қаржыландырылмағандығы анықталған. Сол сияқты 1935 ж. Әулиеата Зоотехникумы (жылқы шаруашылығы) жабылып, Петропавл ветеринарлық және ауылшаруашылық техникумына біріктірілген. Ақтөбе облысындағы Мартұқ веттехникумы мен Қазалы зоотехникумдары 1935 ж. 15 шілдеде біріктірілген. Кейбір қалаларда бір мамандықты дайындайтын профилі бір екі-үш техникумдарға дейін ашылып кеткен.
Мал шаруашылығын дамытуда мал азығының тұрақты мол қоры қамтамасыз етілді [18]. Бұл бір жағынан совхоздарды құруға ыңғайлы болса, екінші жағынан, қоныстанушыларды орналастыруға бос жерлер табылды.
Бірінші тарауға қорытынды жасасақ 1918-1936 жылдардағы Қазақстандағы аграрлық білім алу жүйесінің уйымдастырылуы Қазақ халқы үшін әлеуметтік – экономиканы дамытуға үлкен септігін тигізді. Қазақстандағы ірі қалалардағы оқу орындарының ашылуы және оны дамыту осы кезеңдегі еліміздің әлеуметтік – экономикалық шаруашылық байланысымен түсіндіріледі.Облыстардағы аграрлық институттар мен училищелердің оқу бағдарламалары өзгертіліп, жаңа әдіс – тәсілдер жайлы аз айтылмайды.Қазақ интеллегенциясының өкілдері өмірінің уйытқысы. Кеңес үкіметі барлық тарихи кезі аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда ауыл шаруашылығын дамытуда белсенді мамандар даярлау ісі болып табылады. Ужымдастыру жұмысын жүргізу кезінде отырықшылық мал шаруашылығын күту, мал азығын дайындау жұмыстарын уйымдастыруда көптеген қйыншылықтар кездесті. Экономикаға айтарлықтай шығын әкелген түрлі жағдайлар, әсіресе ауыл жастарын оқуға тартуды оларды жатақханамен қамтуда қаржының аз бөлінуі де себеп болды. Қандай қиыншылық болсада аграрлық арнайы білім берілетін оқу орындары қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанда өз дамуын халықтың әлеуметтік – экономикалық дамуына ықпал тигізді деп тужырымдаймыз.
Екінші тарау «Жоғарғы білім беретін аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы» деп аталады. Бұл тарауда ХХ ғасырдың 30-шы жж. еліміздегі халық-ағарту саласының даму ерекшеліктерін жекелеген аграрлық жоғары оқу орындарының ашылуы зерттеу қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірі мен рухани даму үрдісін терең ұғынуға кең жол ашады. Мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелері мен кәсіпорындарын кәсіби мамандармен қамтамасыз ететін орын бұл техникумдар болды .
Қазақстанда іргелі жоғары аграрлық оқу орындарының ашылуы және оларды білім, сондай-ақ ғылым орталықтарына айналдыру Халық Ағарту ісін басқарған Ораз Қиқымұлы Жандосов 1929 ж. Қазақ мал дәрігерлік институты және 1930 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институтын ашу кезіндегі жұмыстарды өзі басқарды. Агротехникум Алматыдан Талғарға көшірілген кезде Политехникум болып өзгертілген.
О. Жандосов осы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының 1929-19 жж. директорлық қызметін атқарды. 1930 ж. тамыз айында Ауылшаруашылық институтының ғимаратын салудың 1930-1931 жж. шығын сметасы Мәскеу Халықтық Жерге орналастыру комисариатына берілген.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған Ауылшаруашылық институтының бірнеше жылға созылған құрылыстық жұмыстары 1934 ж. басталып, 1936 ж. аяқталған [19, 18-б.].
КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасының республикада зоологиялық және ботаникалық секторлары болды. 1938 ж. КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесі құрылды. Ұлы Отан соғысы басталар алдында мұнда 3 ғылым докторы мен 14 ғылым кандидаттары бар, 100 ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Соғыс жылдары бөлімшенің құрамында 13 ғылыми-зерттеу институттары құрылып, ҚазКСР Ғылым Академиясын ұйымдастыруда орасан зор жұмыстар атқарылды. Қазақстан ғылымына академиктер В.А. Обручев, С.И. Вавилов, И.П. Бардин, В.Л. Комаров, И.Ф. Григорьевтер зор үлестерін қосты.
1917 ж. Қазан төңкерісінен басталған аграрлық арнаулы орта білім беретін ауылшаруашылық техникумдары, 1929 жж. күштеп ұжымдастыруға дейін, яғни алғашқы жоғарғы оқу орындарының ашылуын қамтиды. Әсіресе, күштеп ұжымдастырудың алғашқы баспалдағынан алапат аштық жылдары мен 1933 жылдардағы колхоз және мемлекеттік құрылымды орнықтыруды, отырықшылықты аяқтау сынды саяси-экономикалық шаралардың жүзеге асырылуымен жоғарғы ауылшаруашылық орындарын оқу ғимараттарымен, ондағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары қатар жүргізілді.
1930-шы жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын негізгі топырақты-климаттық аймақтары бойынша көп қырлы зерттеу үшін ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу және өндірістік-тәжірибелік мекемелер жүйесі құрылды. 1934 жылдың аяғында ғылыми зерттеулерді басқару мақсатымен Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі ұйымдастырылды, ол 1957 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді. ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына қарай республикамызда 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық ұйымдар, 2 жобалау институты, 2 ауылшаруашылық тәжірибелік стансалар, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және конструкциялық бөлімшелер, Алматы қаласында ботаника бағы және хайуанаттар саябағы болды. Ауыл шаруашылығының өзара тығыз байланысты негізгі екі саласы бар. Олар: өсімдік шаруашылығы немесе егіншілік және мал шаруашылығы.
1946 жылы 31 мамырда «Қазақ ССР Ғылым Академиясын құру туралы» қаулы қабылданып, ірі ғылыми күштер және де ЛБАШҒЗА-ның (ВАСХНИЛ) Шығыс бөлімінің 14 ғылыми-зерттеу институттарында және үш республиканың ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҒӨБ жиынтықталды. 1948 ж. республикада Бетпақдала қой шаруашылығы тәжірибелік стансасы, ауыл шаруашылығын механизациялау және электрмен жабдықтау ҒЗИ, мал азығы мен жайылымдар ҒЗИ, және 8 тәжірибе стансалары мен алты тәжірибе танаптары ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 20 жоғарғы оқу орны, 18 арнаулы орта оқу орындары болды. Қазақстанның жоғарғы мектептерінің алғашқы профессорлары мен оқытушылары Мәскеу, Ленинград, Киев, Саратов, Ташкент және басқа қалаларда білім алған.
1950 жылы жер аударылғандарды Қазақстан Республикасының алты облысы Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған және Оңтүстік Қазақстанға қоныс аудару көзделді [20].
Семей зоотехникалық-ветеринарлық институты КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 ж. 15 желтоқсанындағы №4943 қаулысы мен КСРО Ауылшаруашылық Министрлігінің 1950 ж. 25 желтоқсандағы №1794 бұйрығы негізінде ашылған [21, 5-б.]. Институтты ашудағы басты мақсат Қазақстанның солтүстік-шығысында жоғары білімді білікті ауыл шаруашылық мамандарын даярлаумен қатар, ветеринария және зоотехникалық сала бойынша ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру болып табылған. Семей облыстық институтты алғашқы ашылған жылы үш кафедра жалдамалы мекемелерде жұмыс істеген. Институт ресми түрде 1952 ж. 1 қыркүйекте ашылған.
Қазақстанда негізгі тың және тыңайған жерлер игерілгендіктен астық өндіруді арттыру жөніндегі басты және шешуші арна дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыру болып табылған. Семей, Өскемен, Ақмола, Тараз, Қостанай және тағы басқа қалалар оқу орындарының ірі орталықтарына айналды. Аталған жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының көпшілігі Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аудандарында орналасқан.
1957 ж. басында Шортанды ауылшаруашылық тәжірибе стансасының негізінде Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылып, кейін ол Бүкілодақтық астық шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты болып қайта құрылған. Оның қызмет көрсету аймағына солтүстік облыстардың барлығы енгізілген және су, орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу Республикалық институттар осы кезде ашылған. Сондай-ақ, 1957 ж. Семей Зоотехникалық-ветеринарлық институтының тұңғыш түлектері 250 маман жоғары білім алып шыққан [22, 10-б.]. Институттың ректораты мен оқытушылары білікті мамандар даярлау жолында көптеген жұмыста атқарған.
Кеңес өкіметі 1950-1960 жж. дәнді-дақылдарды көптеп өсіру бағытында бидай егісі солтүстік аймақтан оңтүстік аймаққа қарай, тіпті Қазақстанның шөлейт бөлігіне тарады. Тары егісі шығысқа қарай, сол сияқты Орталық Қазақстанға етек жайды, арпа дақылы тауға қарай, күріш Сырдария және Қаратал өзендерінің алқабында өсірілген. Астық өндірудің негізгі базасы ретінде солтүстіктегі бес облыс – Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары алынған, бұлардан басқа астық өндіретін Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жоғарыда аталған облыстардан едәуір кем өндірілген.
1958 ж. Семей Зоотехникалық-ветеринарлық институтында сырттай оқу бөлімдері ашылса, 1968 ж. институттың 7 кафедрасында аспирантура [21, 12-13-бб.] ашылған.
Ақмола ауылшаруашылық институтының құрылу алғышарттары мен дамуы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде маңызды рөл атқарған. Институт біртіндеп құрылымдық кезеңдерін бастан өткере отырып, ірі жоғары ауылшаруашылық білім орталығына, ғылым мен мәдениет ордасына айналдырылған. Мұндағы факультеттер мен кафедралар бірінен екіншісі туындай, тізбектеліп құрылған. Мысалға, 1963 ж. агрономия факультетінен 1975 ж. зоотехникалық факультетіндегі агрономия және жергеорналастыру факультеттері негізінде 1961 ж. экономика факультеті құрылған. Оның екі саласы: «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» және «Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есеп жүргізу». 1965 ж. мехфакультетінен. ауылшаруашылығының электр жүйесімен қамтамасыз ету факультеті бөшлініп шықты. 1975 ж. бұл бөлім «Архитектура» факультеті болып құрылған. 1975 жылы Зооинженерлік факультетінен ветеринарлық факультеті туындаған.
Қостанай қаласындағы Целиноград ауылшаруашылық институтының филиалы ашылып, 1978 жылы өз алдына жеке институт болып құрылған. Ал Көкшетау қаласындағы филиал 1979 ж. ашылып, 1991 ж. өз алдына жеке институт болып құрылған. Ақмола ауылшаруашылық институты 25 жыл көлемінде осы екі филиалына басшылық жасаған. Институттың екінші филиалы Көкшетау қаласында болған. 50 жылдардың аяғынан бастап бұл институтта сырттай бөлім жұмыс жасаған. Ол оқу – кеңес пунктерінің функциясын атқарған. Қазақстанда мұндай пункт үшеу болған. Олар: Қарағанды, Арқплық және Атбасар.
Республикамыз бойынша үшінші ауылшаруашылық жоғарғы оқу орны 1952 жылы Семей қаласында Семей зоотехникалық-ветеринариялық институты ашылған. 1956 ж. ауыл шаруашылығы ғылымы қайта ұйымдастырылды, қуатты аз тәжірибе танаптары мен стансаларының орнына Мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансалары пайда болды.
Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымы дамуының қорытындылары әртүрлі әсер ететін жаңа дәрілік препараттар жасауға, топырақ құнарлылығын биологиялық үздіксіз арттыруда, аймақтардың биоклиматтық әуелетін есепке алуда, ауыл шаруашылығы дақылдарының үлгісін жасауда, ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа түрлері мен тұқымдарын ойластырудың үлгілері аграрлық ғылыми-зерттеу орталықтары арқылы іске асырылады.
Целиноград ауданының Целиноград жеміс-сүтті совхозы негізінде ҚазКСР Министрлігінің 1967 ж. 21 наурыздағы №181 қаулысы негізінде Целиноград совхоз-техникумы 1967 ж. ашылған. «Бухгалтерлік есеп, шаруапшылықтарға басшылық және сараптама жасау», «Агрономиялық» (агроном-экономист), «Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Ауылшаруашылық өндірістік технологиясын ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандар даярланған.
1960 жж. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінен кейін ауылшаруашылық мамандарын даярлауды ұлғайту қажет еткендігі анықталды. Батыс – Қазақстан облысының бөлімдерінде жоғары білімі бар мамандар 40-45 пайыздан аспады, ал Батыс – Қазақстанның басқа облыстарында 25 пайызды құраған. Осы себепті Үкімет Орал қаласында Батыс – Қазақстан ауылшаруашылық институтын ашу туралы шешім қабылдаған. Институтты ашу жұмыстарын басқару жергілікті Атқару комитетінің төрағасы Е. Сәрсеновке жүктелген.
1960-1970 жж. ауыл шаруашылығында еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастырудың жаңа кезеңі басталып, ауыл шаруашылық мамандарын даярлау мен оны дамыту мақсатында Астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ 1956 ж. құрылған. Бұл кәсіпорынның негізгі мақсаты Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру және сақтау, оларды құжаттау және ақпараттық мәліметтер қорын жасау, текті қорын ұйымдастыру және Солтүстік Қазақстанның агроландшафтының топырақ қорғау-мелиоративтік құрылымының ғылыми негізін әзірлеуге бағытталған.
Сонымен қатар, 1957 ж. Қазақ орман шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты құрылған. Ол Қазақ орман шаруашылығы тәжірибе станциясы мен Қазақ КСР ҒА ботаника институтының орман бөлімінің негізінде құрылып БАШҒА қазақ бөлімшесіне бағынатын болған. 1959 ж. дейін институт Алматы қаласында болып, кейіннен Щучинскіге ауыстырылған. 1959 ж. 1964 ж. дейін Қазақстанның әртүрлі табиғат аймақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін – Алматы, Алтай, Батыс Қазақстан, Ертіс өңірі, Қостанай орман тәжірибе станцияларының жүйесі құрылған.
1966 ж. Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Қаз ССР балық шаруашылығы министрлігінің құзырына берілген. 1978 ж. Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде балық шаруашылығы қазақ ғылыми-өндірістік орталығы құрылып, Алматы қаласында орналастырылған.
Сонымен қатар, 1962 жылы қазан айында Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылған. 1974 жылы Орал облысы «Мамандандырылған бірлестіктер туралы үлгі ережелер» бойынша ауыл шаруашылық шығармашылығында өз қызметін бастаған.
Республиканың Целиноград, Көкшетау, Жезқазған облыстарынан басқа, Торғай, Семей, Павлодар облыстарында ақбас сиырларын өсіру мен дамыту жұмыстарының аясы кеңейтілген. Өгіздер өсіретін 3 жаңа зауыт ашылған. Ет өнімін өндіруде тез өсетін мал тұқымдары есебінен арттырумен қоса, шошқа және қоян өсіру жұмыстары зерттеле бастаған.
Қорыта айтқанда, 1917 ж. аграрлық арнаулы орта білім беретін ауыл шаруашылық оқу орындары Қазақстанда едәуір дамып жетістіктерге жетті деп есептейміз. Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық салаларға байланысты аграрлық оқу орындарының саны аз болған жоқ. Осыған орай мал шаруашылық пен ауыл шаруашылықты түрлі жолдармен дамытуды Қазақстанда ғылыми – зерттеу жұмыстарымен толықтырып, жетістіктерге жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |