Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет20/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

Худайбердиев Мөрдін


Менің ауылым Садыр Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласынынан 18-20 км қашықтықта орналасқан. «Менің ауылым ашаршылық жылдарында» тақырыбындағы әңгімені жазу үшін мен Садыр ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері, 1920 жылы туылған Худайбердиев Мөрдін атамен кездесіп, сол атаның келесі сөздерін жазып алып едім.
- Менің ол кезде бала кезім. Бірақта ауыл адамдары басына түскен қасіретті бала болсақ та сезіндік, қиыншылықтарға ата-анамызбен бірге жанымыз күйзелді. Ол кезде Садыр ауылында көбінесе ұйғырлар ғана тұратын. Ашаршылық жылдарында біздің ауылға қазақтар көшіп келе бастады. Олардың түрінен адам қорқады. Жүдеп-жадап кеткен. Кейбіреуінің балалары, туыстары, үлкендері жолды көтере алмай, аштыққа шыдамай, жолда қайтыс болған. Сөйтіп қазақ ағайындар біздің ауылдан қоныс тепті. Біреулері ауқаты барлардың жұмысын істеп, басқалары малын бағысып, ақысына бидай, тары сияқты азық алып отырды. Кейбіреулері қурай теріп, соны ауылда сататын, сатады деймін-ау,- айырбастайтын. Айырбасқа кішкене тары немесе жан жалғайтын сүт, айран ішетін. Әрине оларға төлейтін ақша ешкімде жоқ. Сондықтан өзінен жырып, кішкене болса да жейтін асын ұсынып отырды ел.
Анамыз жұмыстан келгенде, бізге қойнына тыққан дорбасына салып алған бидайдың қалдықтарын әкеп беретін. Соны қуырып, жан жалғайтынбыз. Ол кезде бір-бірімізге деген аяушылық, адамгершілік, ізгілік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдеріміз шыңдалған тұс еді. Кішкентай бір нәр болса да бөлісіп жеуге асығатынбыз. Ашаршылық бізді жақындастыра түсті. Жақыныңның қадірін біліп, ата-анаңа деген құрмет сезімі арта түскен еді сол кезде. Титтей де болса бір дән немесе кішкентай да болса бір үзім нан бізге үлкен демеу еді.
Осы қиыншылықты, ашаршылықты жеңіп күнімізді - күнге жалғап, азамат болуымызға анамыз көп еңбек сіңірді. Өзі жемесе де біздің аузымызға тосатын. «Сендер жеңдер», – деп өзі жемей, бізге қарап отыратын. Сол аналардың төзіміне, шыдамдылығына, қайсарлығына, ержүректігіне таңқаламын, анамды елжірей еске алып, оның алдында басымды иемін. Ақ жаулықты аналар бізді осы дәрежеге жеткізді, бізге осы шуақты, бейбіт өмірді силады – десем артық болмас.
Жазып алған
Оралова Әлиман
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
экономика және құқық академиясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
4-курс студенті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет