Жылдарға арналған (жоспарлық кезеңі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің


-бөлім. Ведомствоаралық іс-қимыл



бет7/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.93 Mb.
#23919
1   2   3   4   5   6   7   8


5-бөлім. Ведомствоаралық іс-қимыл


Қол жеткiзу үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимылды қажет ететiн мiндеттердiң көрсеткiштерi

Ведомствоаралық өзара iс-қимыл жасалатын мемлекеттiк орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

Нақты орындалуы (мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар, есепті кезеңге)

Мақсаттардың, міндеттердің және есепті кезеңге көрсеткіштердің орындалмау себептері

1

2

3

4

5

1.1.1-міндет. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау

ЖАО

1. Табысы аз отбасылардың 18-ге толмаған балаларына жәрдемақылардың уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз ету.

2. «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ» ААЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу



1. Қазақстан Республикасының

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу.

2013 жылдың қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 569,3 мың бала қамтылып, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 8,6 млрд. теңге құрады.

2. «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ» ААЖ аттестация бойынша жұмыс 2012 жылы сәтті аяқталды. Барлық өңірлерде жүйе жергілікті органдарда өндірістік қолданысқа енгізілді.



2.1.1-міндет. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру

Мүдделі мемлекеттік органдар, жұмыс берушілердің бірлестіктері

Кәсiптiк стандарттарды сәйкес экономика салаларында әзiрлеу және оларды оқытуда (білім беру ұйымдарында және персоналдың фирмаішілік даярлаумен айналысатын кәсіпорындарда) қолдану


2013 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен (ППРК 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 406) Евроодақ сарапшыларының, Еуропалық білім беру қоры ұсыныстарын, Еуропа мен ТМД мемлекеттерінің қолданатын әдістемелерін ескере отырып, мемлекеттік органдармен бірлесіп 176 кәсіби стандарттар дайындалған болатын. Олардың барлығы Министрлікпен 2013 жылы келісілген болатын.

Бұдан басқа, Дүние жүзілік банктен қарыз алу қаражаты есебінен ҚР ББМ қарамағында ТжКББ жұмыстары аясында техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялау Жоба тобымен басым мамандықтар бойынша 147 кәсіптік стандарттар жасалуда (геология, тау-кен өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіру, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылық, экология, мұнай газ және химиялық өндіріс, білім беру және туризм). 2012-2013 жылы министрлікпен келісілген 81 кәсіби стандарт жасалған (2013 жылы - 79). Кәсіби стандартарды жасау бойынша жұмыстар жалғасуда.



2.1.2-міндет. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз адамдардың белсенділігін арттыру

ЖАО

ЖАО, ИЖТМ, АШМ, БҒМ, ДСМ, БАМ, ЭДМ, ККМ

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімері, БҒМ,

ЭДМ, «Даму» КДҚ» АҚ, ҚМ, ИЖТМ, АШМ

ҚМ, ЭДМ, АШМ;

«Даму» ҚДҚ» АҚ


ҚТКШІА, ҚМ, ЭДМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері



Жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметін жаңғырту.

«Еңбек нарығы» ААЖ базасында болжамды жұмыс орындарын және ағымдағы бос жұмыстарының жалпыұлттық базасын қалыптастыру

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген «Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыз және табысы аз халықты оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бірінші бағыты аясында бірлескен іс-шараларды іске Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты аясында бірлескен іс-шараларды іске асыру.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыты аясында бірлескен іс-шараларды іске асыру.



Барлық 223 мемлекеттік органдар «Работа» электронды ақпараттық порталына қосылған, ол арқылы тұрғылықты жері бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Жергілікті органдар жеке және рекрутингтік агенттіктерді порталға қосу бойынша жұмыстар жасап жатыр. Соңғы 2 айда порталды пайдаланушылар саны 4,7 есеге, интернет-вакансиялар саны 3,2 есеге өсті, бүгінгі күнге жұмыс берушілерге – 30 мыңнан астам ізденушілерден тұратын резюмелердің ауқымды жиыны ұсынылған.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасында 2013 жылға қарастырылған іс-шаралар орындалды. Сондай ақ, қатысу мәселелері бойынша өтініш білдірушілердің көрсеткіші бойынша жастардың жоспарлы үлес салмағына толық қол жеткізілген жоқ. Сонымен қатар, жастар әртүрлі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Қаржы министрлігімен әрдайым ЖҚЖК-ның жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдарға бөлінген нысаналы транферттердің игерілуіне мониторинг жасап отырады.
Аталған бағыттың жүзеге асырылуына 2013 жылы республикалық бюджеттен 52,9 млрд. теңге бөлінген. Бөлінген қаражат есебінен инфроқұрылымдық жобаларға ауылдық елді-мекенде қосымша 23,2 мың жұмыс орнын ашу, 1746 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына жобалар бойынша ашылған жұмыс орындарына 23 568 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 12 430 – Бағдарламаның қатысушылары немесе жұмыспен қамтылғандардың 52,7%.

Бағдарлама қатысушыларының жұмыспен қамтылғандарының арасында 6 106 адам жұмыссыз, 5 388 адам өз бетінше жұмыспен қамтылғандар болып табылады, ал 938 адам табысы төмен адамдар санатына жатады.

Есеп беру кезеңіне 1714 жоба жүзеге асырылған. Жүзеге асырылған жобалар бойынша 52 399,0 млн.теңге (жылдық соманың 99,1%) игерілген.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2013 жылы 338,8 млн. теңге бөлінді, оның 335,7 млн.теңгесі (жылдық соманың 99,1%) игерілген.

10 310 адам (жоспардың 122,8%) кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен.

Микрокредит беруге арналған жалпы сомма 23 939,4 млн. теңгені құрайды. Аталған қаражат есебінен 11,0 мыңнан астам Бағдарлама қатысушыларына микрокредит беру көзделген.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша микрокредиттеуге бөлінген қаражат есебінен 11 182 адам микрокредит алды, олардың ішінде 3 773 әйелдер және де 163 мүгедектер болып табылады.

Микрокредит алған азаматтардың арасынан 7 870 адам жеке өз ісін ашты.

Бағдарлама қатысушыларын несиелеуге бөлінген қаржының 23 939,4 млн. теңгесі игерілген (100%).

Микрокредиттің орташа шамасы 2 141 мың теңге деңгейіне жетсе, соңғы қарыз алушылар үшін берілген несиелер бойынша сыйақының максималды ставкасы 6,2% деңгейіне жетті.

Кәсіптік оқуға 2013 жылы республикалық бюджеттен 10 965,8 млн. теңге бөлінді.

Есепті кезеңге 10 915,4 млн. теңге игерілді, ол жылдық соманың 99,5% құрайды.

Кәсіптік оқыту 438 білім беру ұйымында іске асырылуда.

Кәсіптік оқумен барлығы 48 615 адам қамтылған (жоспардың 100,9%), оның ішінде:


  • кәсіптік оқытумен – 37 622 адам;

(бұл ретте, оқуды 2009-2010 жылдардағы Жол картасынан – 9 090 адам, 2011-2012 жылғы Жұмыспен қамту бағдарламасынан 24 369 адам жалғастырып келеді, ал 4208 жаңадан қабылданды)

  • қайта даярлаумен – 8 907 адам;

  • біліктілікті арттырумен – 2 086 адам қамтылған.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 23425 адам оқуды аяқтап, 18661 адам жұмысқа орналастырылды (79,7%).


2-1.1.1-міндет. Этникалық қазақтарды қабылдау және бейімдеу саласындағы көші-қон процестерін реттеу

ЭБЖМ, облыс әкімдері, Астана, Алматы қалалары

Этникалық қазақтарды қабылдау және оларды беуйімделуі сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ортақ ұсыныстар құру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасын ҚР Парламентіне сүйемелдеу жұмысы шеңберінде, ЭБЖМ ЕХӘҚМ және ІІМ және Парламент депутаттарымен бірлесе отырып репатриациялық саясаттың жаңа тәсілдері жасалды, аталған Заң жобасы 2013 жылдың 10 желтоқсанында қабылданды.


Заңмен оралмандарды республиканың айқындалған өңірлерде қоныстандыру қарастырылған.

2-1.1.2-міндет. Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу

ЭБЖМ, облыс әкімдері, Астана, Алматы қалалары

СА



Ішкі көші-қонды реттеу сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ортақ ұсыныстар құру

Көші-қон мәселелерін шешу бойынша Кешенді жоспар жобасын жасау жұмыстары шеңберінде ЭБЖМ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және есептеу шаралары жасалды, олар Кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарында көрсетілді.

2-1.1.3-міндет. Еңбек көші-қонын басқару

ЭБЖМ, МГМ, ӨЖТМ, ӨДМ, облыс әкімдері, Астана, Алматы қалалары

Еңбек көші-қонын басқару сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ортақ ұсыныстар құру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасын ҚР Парламентіне сүйемелдеу жұмысы шеңберінде, ЭБЖМ ЕХӘҚМ және ІІМ және Парламент депутаттарымен бірлесе отырып еңбек мақсатында көшіп кету көші-қонын басқару бойынша жаңа тәсілдері жасалды, аталған Заң жобасы 2013 жылдың 10 желтоқсанында Президентпен қабылданды. Осылайша, жеке тұлғаларда үй жұмыстарын жүзеге асыру үшін шетел азаматтарының еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат енгізілді.





3.1.3-міндет. Әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал ету


Әлеуметтік серіктестіктер, мүдделі мемлекеттік органдар

«2010-2012 жылдарға мақтауға тұрарлық еңбек» бағдарламасының үш тарапты келісімін жүзеге асыру, және де ГИК көрсеткіштерін жақсарту


Еңбек қатынастарды мен еңбек құқығын қорғауды реттеу мақстында әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту шаралары қолданылуда.

Барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді, 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісім 22 салалық және 200-ден астам өңірлік келісімшарттар (облыс, қала, аудан деңгейде) жасалды.

Облыстық әкімдіктің жанындағы жергілікті атқару органдардың мәліметіне сәйкес, облыс әкімінің орынбасараның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша облыстық комиссия қызмет етеді.

Облыс әкімінің төрағалығымен өңірлерде әлеуметтік саланы басқаратын осыған ұқсас комиссиялар райондар мен қала облыстарында қызмет етеді.

Әлеуметтік реттеу және еңбек қарым-қатынастары бойынша комиссия отырысы әрбір кезең негізінде өткізілді, онда еңбек заңнамасын сақтау жағдайы бойынша мәселе, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, еңбекақысын уақыты төлеу бөлігінде, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» іске асыру туралы талқыланды.

Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестік, дағдарысқа қарсы штабтар бойынша үшжақты комиссия отырысында өңірлік келісімдердің іске асырылу қортындысы талқыланды.


3.1.1-міндет. Еңбекақыны өсіруге ықпал ету



Мүдделі мемлекеттік органдар

Еңбекақы төлеудің жаңа моделін әзірлеу және енгізу:

-азаматтық қызметші лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу;

-коэффициенттердiң жаңа торын енгiзу;

-қосымша ақылар мен үстемеақылар жүйесiн жетiлдiру;

-түпкi нәтижеге байланысты ынталандырушы төлемдер мен үстемеақылар жүйесiн әзiрлеу.


Министрлік қажетті зерттеулердің негізінде азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің жобасын әзірледі.

Бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу ұйымдарының халықаралық тәжірибесін ескере отырып, азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесінің жаңа моделі жобасының негізгі компаненттері:

1) орындалатын жұмыстың күрделілігіне, көлеміне және ерекшелігіне, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен білім деңгейіне байланысты азаматтық қызметшілер лауазымдарының функционалдық блогтарға жатқызылуының нақты критерилері бар лауазымдардың жаңа тізілімі.

2) азаматтық қызметшілердің қызмет бабында өсуі мен кәсіби жоғарылауын ынталандыратын салалар бөлінісіндегі әрбір функционалдық блогтың жеке алғанда, коэффициенттердің жаңа торы;

3) қосымша ақылар мен үстемеақылар жүйесін оңтайландыру. Қосымша ақылар мен үстемеақылардың қолданыстағы жүйесі өтемақылық және ынталандырушы төлемдерге бөлінеді. Олар қызметкерлердің еңбек жағдайларына (өтемақылық төлемдер) және/немесе жұмыстағы жоғары жетістігіне (ынталандырушы төлемдер) байланысты белгілеу үшін қолданылатын болды.

Сондай-ақ, азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесінің ұсынылып отырған моделінде, әрбір қызметкердің нәтижелеріне байланысты болғандай, тұтастай ұйымның соңғы нәтижелеріне байланысты болады.

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің басшысы К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 661-1 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевтың 2013 жылғы 1 наурыздағы қарарына сәйкес аталған мәселе ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі мен ҚР Президенті Әкімшілігіне жүргізілген жұмыстар жөнінде жылына 2 рет ақпарат жіберу арқылы ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылды.

2014 жылғы 17 қаңтардағы Мемлекет Басшысының жолдауына сәйкес жаңа модельді енгізу 2015 жылдың 1 шілдесіне көзделген, осыған байланысты есептерді өзектендіру жүргізілуде.



4.1.2-міндет. Әлеуметтік қамсыздандырудың барабарлығын қамтамасыз ету


ҚР Ұлттық Банкі, ҚБА

Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiн жетiлдiру.
Нормативтiк құқықтық актiлерге зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу.

ЖЗЖ және әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру.



Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сақтандыруды жетілдіру шеңберінде 2013 жылы Ұлттық Банк зейнетақымен қамсыздандыпу мен әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Халықты зейнетақы жинақтаушы жүйесімен қамтуда жоспарлы мәннен азын-аулақ ауытқу зейнетақы жүйесн жаңғыртуды іске асыруда объективті жағдаймен байланысты.

Осылайша, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының құрылуымен және жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуымен байланысты, сондықтан зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа келісімдердің жасалуында қиындықтар туғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құру және оған барлық жеке меншік зейнетақы жинақтау қорларының есептерін аудару бойынша бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қызметі мен құрылуын реттейтін зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілді.

Зейнетақы активтерін шығаруды БЗЖҚ-ға аударуға дейін, қолданыстағы зейнетақы жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарын шектеуді бекіту бойынша шаралар қабылданды (жоғары өтімді қаржы құралдары: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар, аффинарлық алтын, екінші деңгейдегі банктердің және ұлттық компаниялардың қаржы құралдары).

БЖЗҚ құрылғанға дейін ЖЗҚ-нан сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинағының ағымын алдын-алу мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін ЖЗҚ-нан сақтандыру ұйымдарына салымшылардың (алушылардың) зейнетақы қорларын аудару уақытша тоқтатылды.

2013 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында:

- зейнетақы активтері инвестицияланған, қаржы құралдары туралы ақпаратты құрайтын, инвестициялық портфельдің құрылымы туралы анықтаманы БАҚ-да тоқсан сайын жариялау бойынша талаптарды бекіту;

- Ерікті ЖЗҚ-ға есептің формасы мен мерзімін беру, меншікті капиталдың жеткіліктігі мен инвестициялаудың шегін құрайтын, есептердің әдіснамасын құрайтын еркті ЖЗҚ үшін пруденциалдық нормаларды бекіту;

- БЖЗҚ, ерікті ЖЗҚ қызметін іске асырудың тәртібі мен жағдайын анықтау, сонымен қатар ерікті ЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебінен келісім жасалған қаржы құралдарының тізімі;

- БЖЗҚ зейнетақы активтерінің немесе ерікті ЖЗҚ-ның шартты бірлік құнының есеп тәртібін анықтау;

- ірі инвестициялық портфельді басқару қатысушы инвестициялық портфельдерді басқару жеке капиталының жеткілікті коэффициенті қолдау бойынша шараларды анықтау;

- міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және салымшылардың жеке зейнетақы есептерінде ерікті зейнетақы жарналарының есептік тәртібін анықтау.

- Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтаушы жүйесінің институционалды құрылымын өзгертумен байланысты нормативті құқықтық актілерді талаптарға сәйкестендіру (БЖЗҚ құру);

- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізімі мен мерзімін анықтау;

- қаржы құралдарының түрі бойынша зейнетақы активтерін инвестициялаудың шегі мен инвестициялау объектілерін анықтауды қарастыратын, БЖЗҚ уақытша инвестициялық декларациясын бекіту;

- салымшымен (алушымен) зейнетақы төлемдерін ерікті зейнетақы төлемдерінің есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ерікті ЖЗҚ немесе БЖЗҚ-мен жасасу тәртібін бекіту, құжаттар тізімін анықтау, оларды ұсыну тәртібін, зейнетақы қорымен шешімді қарастыру мен қабылдау туралы, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімдердің Типтік формасын бекіту;

- ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары мен БЖЗҚ ішкі бақылауы мен қатерлерді басқару жүйесіне талаптарды анықтау;

- БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару үшін инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдаудың тәртібі мен жағдайын бекіту.


4.1.3-міндет. Әлеуметтік көмектің атаулығын күшейту

ЖАО, ӨДМ

АШМ


Табысы аз отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті уақытылы және нысаналы тағайындау және төлеуді қамтамасыз ету.

Жергілікті деңгейдегі әлеуметтiк көмектi дамыту және оңтайландыру.

Әлеуметтiк көмек көрсетудi есепке алу және мониторинг жүргiзудi жетiлдiру.

Табысы аз отбасылар үшін шартты әлеуметтік көмек енгізу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу.

«Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ» ААЖ енгізу

Негізгі азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыруға бағытталған нарықтық тетіктерді қолдана отырып, азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар кешенін іске асыру

Оралмандардың көшіп-келу квотасын орындау және оралмандарды әлеуметтік қолдауға уақытылы өтінім беруді қамтамасыз ету.

Этникалық көші-қон мәселелерінде заңнаманы жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу.



АӘК 2014 жылғы 1 қаңтарға 60,7 мың табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға 1,5 млрд. теңгеге тағайындалды. Бұл көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 37,6% және 24,9 % төмен.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет қаражат есебінен республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихат шешімі негізінде әлеуметтік көмек көрсетуді ретке келтіру мақсатында 2013 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

Бүгінгі күнде 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы жүзеге асырылады. Осылайша ААЖ ақпараты жергілікті атқарушы органдармен құрылады.
Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ақшалай және табиғи түрде «Е-Собес» ААЖ да болады.

Іс-шараларға қатысушыларға әлеуметтік көмекті тағайындау және орындауға орталықтандырылған мониторинг жүргізу «Е-собес» ААЖ жергілікті деңгейді іске асырылады. Жүйенің деректері ақпараттық қауіпсіздікке аттестациядан өткен және 2012 жылдан бастап облыс өңірлерінде өнеркәсіптік пайдалану енгізілген.

Еңбек нарығындағы нақты жағдайды қорытындыла келе, АӘК алушылардың бөлігі – 30 % асатын еңбекке жарамды аз қамтылған халықты жандандыру ары қарай жалғасуда. Келісілген ақшалай көмекті енгізу саясаты олардың еңбек уәждемесін күшейту, еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтардың еңбек әлеуетін дамыту және оның нәтижесінде тұрақты еңбек табысын алу болып табылады.


5.1.1-міндет. Арнаулы әлеуметтік қызмет жүйесін дамыту

ЖАО, ҮЕҰ

ЖАО


Өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметпен қамту инфрақұрылымын кеңейту.
Әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу.

«Е-собес» ААЖ енгізу



Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерінің негізінде

2013 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде жүргізілген талдау бойынша қызметпен қамтылғандар саны 2009 жылмен салыстырғанда 22,4 %- ға ұлғайып, 90,3 мың адамды құрды. (2009 жылы 70086 адамнан 2013 жылы 90329 адамға).

Көрсеткіштердің өсуі келесідей факторларға себепші болды:

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар 2009 жылы 608 болса, 42 күндізгі бөлімшелердің ашылуына байланысты, 2013 жылға- 690 ұйымды құрды, 2009 жылмен салыстырғанда 12 %-ға өсті. (2009жылы 10- нан 2013 жылы 42-ге дейін). Яғни қызметпен қамтылғандар саны 2009 жылы 5196 адамнан 2013 жылы 11130 адамға немесе 2 есеге өсті.

«Арнаулы әлеуметтiк қызметпен қамтылған адамдардың үлесi (жалпы қызмет алушылардың санынан) үйден қызмет көрсету; уақытша болу жағдайында» арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың тандауы бойынша жартылайстационар жағдайында жоспарлы маңыздылығына қолжетпеген 2 облыс: Павлодар облысында- стационар жағдайында; Алматы облысыныда МӘМ-де жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен.

2009 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары әзірленіп, кезең-кезеңмен енгізілді:

2009 жылы психонерологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға;

2010 жылы 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға;

2011 жылы тірек-қимыл қозғалысы бұзылған мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге;

2012 жылы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға.

«Е-собес» АИС ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай аттестацияланып,2012 жылдан бастап барлық облыстарда өндірістік пайдалануға енгізілді.


5.1.2-міндет. Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту

Мүдделі органдар

ЖАО, ДСМ


ЖАО

Мүгедектіктің алдын-алу өңірлік жоспарларды іске асыру.

Мемлекеттік органдардың құзіреті шегінде мүгедекті (кәсіби, медициналық, әлеуметтік бөліктер) оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген мүгедектерді жұмысқа орналастырумен толық қамту


Ағымдағы жылдың 24 мамыры мен 12 желтоқсанында мемлекеттік емес ұйымдардың, көлік және коммуникация, өңірлік даму, денсаулық сақтау, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінің, ПРООН-ның қатысуымен Үйлестіру кеңесі өткізілді.

Сонымен қатар, өңірлерде мүгедектерді қосымша көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша мүгедектер ісі бойынша Үйлестіру кеңестері өткізілді.(былтырғы жылмен салыстырғанда көмекші құралдармен қамтылғандардың саны өзгерген жоқ)

2013 жылы қызметпен қамтылғандардың саны, барлық қажет ететіндердің санынан 91 % құрады. Қажет ететін адамдарды 4 өңір қызметпен 100 % қамтыды.

(Ақмола, Алматы, Атырау, Павлодар облыстары).

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында заңдылықты сақтау бойынша Бас прокуратураның тексеру нәтижесінде жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы төменгі деңгейде екендігі ескертілді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жүргізілген салыстырмалы талдауы бойынша, мүгедектерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуынан, барлық жүгінген мүгедектердің (10139 адам) 86 % (8728адам) жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 48 % (4861 адам) тұрақты жұмысқа, 25,7 % (2606 адам) уақытша жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыс, жастар практикасы), әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,4 % (1261 адам) қамтылды.

Тұрақты жұмыс орындарына орналасау деңгейі төмен өңірлерге Маңғыстау облысы- 20,5%, Астана қаласы 21%, Батыс-Қазақстан облысы- 30,4%, Қызылорда облысы 32,8%, Атырау облысы- 35,5% кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет