1. XVII ғасырда қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттағы беделінің əлсіреуіне себеп болған:
A) Ақсүйектердің арасындағы ынтымақ, ауыз бірліктің болмауы.
B) Бай-шонжарлардың арасындағы билік
үшін тартыстар.
C) Кіші хандардың дара билікке ұмтылуы.
D) Ойраттар шабуылының жиілеуі.
E) Руаралық қырқыстар.
2. 1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы:
A) Тəуке. B) Шығай. C) Тəуекел. D) Жəңгір. E) Тұрсын.
3. Ғажайып ерліктері үшін Жəңгір ханға халықтың берген атауы:
A) Еңсегей ер Жəңгір. B) Салқам Жəңгір. C) Батыр Жəңгір. D) Алып Жəңгір.
E) Зор денелі батыр.
4. Орбұлақ шайқасы болған жыл:
A) 1628 ж. B) 1630 ж. C) 1640 ж. D) 1642 ж. E) 1643 ж.
5. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар əскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны:
A) Тоғыз. B) Он. C) Он екі. D) Он бес. E) Он төрт.
6. Тəуке ханның тұсындағы астана:
A) Сығанақ. B) Түркістан. C) Сайрам. D) Сауран. E) Суяб.
7. 1710 жылы қазақ жүздерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:
A) Үш жүздің басын біріктіру.
B) Хан сайлау.
C) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру.
D) Руаралық тартыстарды шешу.
E) Заңдар жинағын шығару.
8. Тəуке хан тұсында билердің атқарған рөлі:
A) Сұлтандар арасындағы дауды шешті.
B) Сот билігін, атқарушы өкімет билігін атқарды.
C) Руаралық тартыстарды тоқтатты.
D) Сұлтандардың билігін шешті.
E) Жер туралы дауларды шешті.
9. Жəңгір қайтыс болғаннан кейін билік құрған хан:
A) Тəуке. B) Есім. C) Абылай. D) Қасым. E) Хақназар.
10. Хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мəселелерін шешетін адам:
A) Хан кеңесшісі. B) Уəзірлер. C) Билер. D) Ханға жақын адамдар. E) Ру басылары.
11. Тəуке ханның кезінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуыл уақытша бəсеңдеткен жағдай:
A) Үш жүздің бірігуі.
B) Қазақтардың күшінің басымдылығы.
C) Тəуке ханның қырғыз,қарақалпақтармен
одақтас болуы.
D) Жоңғарлардың өз ішіндегі қайшылық.
E) Жоңғар қазақ келісім шарты.
Достарыңызбен бөлісу: |