Жылу өткізбейтін жəне акустикалық материалдар, БҰйымдар



бет3/3
Дата04.09.2023
өлшемі25.11 Kb.
#476561
1   2   3
Жылуөткізбейтінматериалдар

Совелит – көп тараған асбестмагнезиялы материал. Ол асбест пен
(15%) доломиттен өндіріледі. Ол үшін доломитті күрделі өңдеуден
өткізеді: күйдіреді, түзілген оксидтерді сөндіреді, карбонизациялайды,
онан соң қосып қамырдан бұйым калыптайды, кептіреді. Күйдіру
əсерінен бұйымның тығыздығы (450 кг/м3) жəне жылу өткізгіштігі
(0,098 Вт/м×°С-дан төмен) азаяды, ал температураға төзімділігі өседі.
Совелитті темперетурасы 500°С-қа дейін жылу беретін,
тасымалдайтын өнеркəсіп жабдықтарын изоляциялау үшін қолданады.
Минералды жылу өткізбейтін бұйымдарға, қоршағыш
конструкцияларды жылыту үшін пайдаланылатын цемент негізінде
автоклавта өндірілетін тығыздығы 500 кг/м3 артпайтын ұялы
бетондарға: газ немесе көбікбетон, ірі саңылаулы керамзитбетон
плиталары, т.б. материалдар жатады.
Органикалық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың
толтырғышы ретінде ағаш дайындау жəне өңдеу өнеркəсіптерінің
қалдықтарынан, ауылшаруашылығы өнімдерінің – мақтаның
сабағынан, зығыр мен сораның (кендірдің) қатты қалдықтарынан,
қамыстан өндірілетін жіңішке талшықтар, түйірлер, жоңқалар,
ленталар қолданылады. Органикалық шикізаттардан жасалған жылу
өткізбейтін бұйымдарды ылғалдан қорғау қажет. Оларды құрғақ
қоймаларда төсеніштердің үстіне қойып сақтаған жөн.
Фибролит дегеніміз – ағаш ленталары мен цементтен жасалған
тақта бұйым. Оны өндіру үшін хлоры кальций ерітіндісі сіңірілген
ұзындығы 200-500, көлденеңі 2-5, қалыңдығы 0,3-0,5 мм ағаш
ленталары еріксіз қимыл жасайтын араластырғышта (ерікті-планеталар
араластырғыштан айрықша) цемент қосып араластырылады. Онан соң
қоспамен толтырылады да, олардың 10-12-сін штабельдеп (бірінің
үстіне бірін қойып) престейді. Бұдан кейін бұйымдар қатаю жəне кептіру камерасында ылғалдығы азайып, 15-20% болғанша ұсталынады. Фибролиттің ұзындығы – 2400, 3000, ені – 600, 1200, қалыңдығы – 30-150 мм, тығыздығы бойынша 3 маркаға бөлінеді: ф - 300, ф - 400, ф 500: жылу өткізгіштігі – 0,09-0,1 Вт/м×°С - иілуге беріктілігі 0,5- 1,3 МПа; ал ауаның ылғалдылығы 25%-тен
аспайтын жарда қолданылады (13.2-кесте).
Арболит – ағаш немесе ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан жасалған түйірлерді цементпен араластырып, көбінесе жабылатын қалыпта престеу арқылы өндірілетін бұйымдар (панельдер, тақталар). Арболиттің қатаюын тездету үшін араласпаға біраз ерігіш шыны мен хлорлы кальций қосады. Жылу өткізбейтін материал ретінде тығыздығы 500 кг/м3 аспайтын, арболит қолданылады.
Жылу өткізбейтін ағаш талшықты плиталар АТП (орысша ДВП)
– тығыздығы 250-350 кг/м3 ағаш талшықты массаға полимерді қосып,
қалыптап, онан соң кептіріп өндірілген парақша материал. Бұл
плиталардың ылғалға, шіруге, жануға төзімділіктерін арттыру үшін
негізгі шикізаттарға су, жұқпақ зат, антисептк, антипирин қосады.
Плиталардың ұзындығы – 1200-3600, ені – 1000-2800, қалындығы – 8-25 ММ; июге беріктігі – 2-10 МПа. Ағаш жоңқалы плиталар - АЖП (орысша ДСП) алу үшін 88-92 салмақтық 7-жоңқаны 8-12% полимермен араластырып, ысталған күйінде нығыздап қалыптайды. Плитаның ортаңғы қабаты үшін ірі қалыңдығы
1 мм, ал беттік қабаттары үшін уақ қалыңдығы 0,2 мм жоңқалар қолданылады. Жылу өткізгіштігі, ағаш жоңқалы плиталардың тығыздығы – 300-500 кг/м3 жылу өткізгіштігі – 0,05-0,1 Вт/м×°С; ұзындығы – 1800-3000, ені – 1220-175О, қалыңдығы 4-100 мм. Бұлардың ылғалға, шіруге отқа (өртке) төзімділігін арттыру үшін негізгі шикізаттарға гидрофобты зат, антисептик – антипирен қосады. Қамыс плиталарын өндіру процесі күзде-қыста орылған қамысты
престеу, сыммен тігу түптерін түзеу операцияларынан кұралады.
Қамыс плиталарының тығыздығы – 175-250 кг/м3. Олар қаңқалы үйлер
мен ғимараттардың қабырғаларын сылақтап кұру, бөлмеаралық
қабырға құру. Қабатаралық жəне төбелік жабындарды изоляциялау
(суықтан қорғау) үшін қолданылады.
Жылу өткізбейтін пластмассалар Ара ұялы пластар (пластмассалар) деп – парақша қағазға, шыны немесе мақта полимерді сіңіріп жасаған, ерекше жеңіл, тығыздығы – 30-120 кг/м3 материалды айтады. Бұл жылу өткізбейтін
материалдардың ұялары араның ұяларына ұқсас, бірақ олардан гөрі,
сəл үлкенірек (10-30 мм). Ұялы пластмассалар көбіктенген пластар,
кеуекті пластар (газ толтырылған пластмассалар), оны үш қабатты
панельдерде қолданған тиімді. Бұлардың құрылымы ұялы болу үшін
полимерге көбік, газ немесе түзегіш (бөлгіш) зат қосады. Онан соң
қысым мен температура əсерінен, масса көбіктенеді.
Көбікті пластар көбінесе саңылаулы болып келеді де, əр ұясы
жұқа қабыршақпен (қабырғамен) қоршалады, ал кеуекті пластар
көбінесе өзара қатысты саңылаулардан кұралады. Ұялы
пластмассаларда саңылаулар – материалдың 90-98% көлемін құрайды.
Яғни, қабырғасының тек 2-10% ғана полимер. Сондықтан олар басқа
жылу өткізбейтін материалмен салыстырғанда ерекше жеңіл.
Мипораның карбомидті кеуекті газпласт тығыздығы – 10-20 кг/м3,
өткізгіштігі – 0,026-0,06 Вт/м×°С. Жылу өткізбейтін пластмассалар тақта түрінде көбінесе үш қабатты қабырғалық панельдер мен төбелік жабындылардың жылу өткізбейтін қабаты ретінде пайдаланылады. Ал пегменттер түрінде температурасы 60°С-қа дейін жылу беретін, тасымалдайтын өнеркəсіп жабдықтарын, құбырларды изоляциялау үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет