Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет82/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   168
ӘНХ 2020 2021

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі 
формалары ұсынылады: 
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім 
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 
- білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;
- білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс 
түрлерін ұйымдастыруды қолдану; 
- оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат 
жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды 
және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 


136 
- сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға 
мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы 
қолдану ұсынылады: 
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 
- тұлғалық белгілерін сипаттау; 
- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; 
- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім 
алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. 
Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың 
құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына 
өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл 
атқарады.
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында 
мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-
археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: 
http://www.tarih-
begalinka.kz

http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/

Сондай-ақ «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының материалдарын 
қолдануға болады. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/. 
Тәрбиелік компонент 
Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның 
әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін 
түсінуге, мүмкіндік береді. 
 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады: 
✓ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі 
кеңейтілген іс-шаралар жоспарын жасап ұйымдастыру; 
✓ Тұңғыш Президент сайлауына – 30 жыл; 
✓ Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл; 
✓ Қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 
туғанына – 180 жыл; 
✓ Қоғам қайраткері, журналист, этнограф Әлихан Бөкейханның туғанына – 
155 жыл; 


137 
✓ Қазақтың аты аңызға айналған палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 
150 жылдығы; 
✓ Олимпиада чемпионы, балуан Жақсылық Үшкемпіровтің 70 жылдығы
Мектептегі сыныптан тыс жұмыс: 
- олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша бос сабақтар түрінде; 
- оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде; 
- пәнаралық және кіріктірілген сабақтарда және т. б. 
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың дербестігін дамытуға ықпал етеді, 
зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын 
арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың 
теориялық білімдері толықтырылып, тереңдетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет