«Бекітілді»
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ
Бөлшек бизнес
жөніндегі комитетімен
2013 жылғы «10» қазан
тірк. № 625
«ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЕБ-де
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА
БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ
Алматы қ.
2015 ж.
-
«ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЕБ-де ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА
БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ
-
Осы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету талаптары (бұдан әрі – «Банктік қызмет көрсету талаптары»), Клиент тиісті түрде толтырып, қол қойған Қосылу туралы өтініш, жинақталған түрде Клиент және «Жинақ банкі» АҚ ЕБ (бұдан әрі мәтін бойынша – «Банк») арасында жасалған Банктік қызмет көрсетудің әмбебап шарты (бұдан әрі мәтін бойынша – «Шарт») болып табылады.
Банк Клиенттен Банк белгілеген нысанда қағаз түрінде клиенттің қолы қойылған Қосылу туралы өтінішті (Шарттың №1 қосымшасы) өзі алған сәттен бастап және Клиент Шарттың 1.4 т. көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда Шарт жасалды деп есептеледі. Банк заңды тұлғамен қызметкерлеріне карточкаларды беру және ағымдағы шоттарды ашу, ағымдағы шоттарға төлемақыны аудару тәртібі туралы шарт жасасқан жағдайда, ұйымның қызметкерлері Қосылу туралы өтінішке қол қояды. Мұнда Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысқан тұлғалар (бұдан әрі – «БЕҚБТ») болып табылатын Клиенттермен Шарт жасасу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. БЕҚБТ Банктік қызмет көрсету өтінішін толтырған жағдайда Шартты жасау туралы мәселе Банктің Директорлар кеңесінде бекітілгенге дейін шарт жасалды деп есептелмейді. Банктік қызмет көрсету талаптарына қосылу үшін Банкте қажетті өзекті құжаттар пакеті (жеке тұлға - клиент туралы жинақталған мәлімет бар) болған жағдайда Шарттың 1.2 т. көрсетілген БЕҚБТ-ға қатысты Шарттың 1.2 т. көрсетілген шектеулерді қоспағанда алыстан қызмет көрсету арнасы - СБЕРБАНК ОНЛ@ЙН БАНКИНГ жүйесі (электрондық сандық қол қою қолданылып) арқылы жүзеге асырылады.
-
Қосылу туралы өтініштің екі данасына Клиент қолын қояды, біреуі Банкте қалады, ал Банктің қабылдағаны туралы белгісі бар екінші данасы Клиентке беріледі және Шарттың нақты жасалғандығын растайтын құжат болып табылады.
-
Банктік қызмет көрсету талаптарына қосылу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Банк белгілеген нысандағы Қосылу туралы өтініш;
- Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
- жеке сәйкестендіру нөмірі - ЖСН бар құжат («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» ҚР Заңына сәйкес клиентке жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайдан басқа кезде);
- ҚР уәкілетті органдарында тіркелгенін растайтын құжат, егер басқасы ҚР бекіткен халықаралық шарттарда қарастылмаса.
-
Шарт стандартты үлгі нысаны болып табылады және Клиенттер тарабынан өзгертуге жатпайды. «Жинақ банкі» АҚ ЕБ шартты қайта қарастыра/өзгерте алады. Мұндайда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Клиентке кем дегенде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын енгізілген өзгертулер туралы ақпаратты «Жинақ банкі» АҚ ЕБ интернет сайтына орналастыру арқылы тиісті өзгертулердің енгізілгендігін хабарлауы тиіс.
-
Клиент Шарттың өзгертулерімен келіспеген жағдайда, бұл жөнінде Банкті жазбаша ескертіп, Банк белгілеген нысанда (№3 Қосымша) Шартты бұзу туралы өтініш беру арқылы Шартты бұзуға құқылы. Егер Шарттың жаңа талаптары күшіне енгенге дейін Банк Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алмаса, онда Банк бұл жағдайды Клиенттің өзгертілген талаптармен келіскені деп есептейді.
-
Шарт Клиентке кешенді банктік қызмет көрсетуді ұсыну талаптары мен тәртібін анықтайды.
-
Клиентке кешенді қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Клиентке кешенді қызмет көрсету аясында келесі қызмет түрлері ұсынылады:
-
төлем карточкаларын шығару, төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін (бұдан әрі – «Төлем карточкасы шоты») ағымдағы шотты ашу;
-
ағымдағы шоттарды (бұдан әрі - «Шот») ашу және қызмет көрсету;
-
жинақ шоттарды (бұдан әрі - «Салым») ашу және қызмет көрсету;
-
аллокирленбеген металл шоттарын - Банктің жеке сипаттарын (құйма нөмірі, өнідірушінің маркасы және т..б) көрсетпестен троя унциясында металдың қозғалысын есепке алу үшін клиенттеріне ашатын шоттарын ашу және жүргізу;
-
жеке сейфтерді (ұяшықтар) жалға беру;
-
Клиенттің шоттары мен салымдары бойынша операцияларды алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы арқылы) жүргізу.
-
Банк Шарттың шегінде Клиентке Шартта қарастырылған кез келген қызметті пайдалануына мүмкіндік береді. Клиент Қосылу туралы өтінішке қол қою кезінде қандай қызметті пайдаланғысы келгендігін анықтап көрсетеді. Клиент Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Банкке оған осы Шартта қарастырылған қосымша қызметтердің ұсынылуына өтініш білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда, Клиент Банкке Клиенттің тиісті түрде толтырылған, қолы қойылған және жеке басын куәландыратын құжатпен Банкке берілген сәйкес қызметті көрсетуге арналған Өтінішті, белгілі бір қызметке қосудың өзге тәртібі осы Шартта анықталмаған жағдайда, ұсынуы тиіс.
-
Шарттың шегінде Клиент міндетті түрде Төлем карточкасы шотын ашады, оған төлем карточкасы шығарылады. Клиент төлем карточкасын пайдалану арқылы өзінің Төлем карточкалары шоттары, Банктегі Шоттар мен Салымдар бойынша алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Шартта анықталған операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады. Егер клиенттің қолында Банктің қолданыстағы негізгі төлем карточкасы болса, онда қосымша төлем карточкасы шотын ашу талап етілмейді, бұл төлем карточкасы алыстан қызмет көрсету арналары арқылы операцияларды жүргізуге рұқсат беру құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қосымша төлем карточкасын шығару «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Қосымша төлем карточкасын шығару өтініші (№29 қосымша) негізінде жүзеге асырылады.
-
Шарттың қолданылуы Шарт жасалғанға дейін, сондай-ақ жасалғаннан кейін ашылған төлем карточкасы шотына, сонымен қатар, Банктің клиентке Шарт шегінде ұсынатын салымдарға, аллокирленбеген металл шоттарына, жеке сейфтерді (ұяшықтарды) жалға беру қызметтеріне және Шартта қарастырылған басқа да қызметтерге қолданылады.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы операциялар жүргізу қызметтерін ұсынуға қатысты Шарттың қолданылуы салымдарға, аллокирленбеген металл шоттарына және Клиентке жеке шарт шегінде ашылған басқа да қызметтерге қолданылады.
-
Егер Шарт жасалған сәтте Клиент пен Банк арасында Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету туралы шарт жасалса.
-
Шартқа қосылмаған шоттардың жеке түрлерін ашу және қызмет көрсету, банктік қызмет пен өнімдерді ұсыну Клиент және Банк Шартқа қол қойғанға дейін де, кейін де жасалған/белгіленген жеке шарттармен, келісімдермен және қызмет көрсету ережелерімен (талаптармен) реттелуі мүмкін. Қандай да бір Шоттарға, банктік қызмет пен өнімдерге қатысты Шарт ережелері мен шарттардың, келісімдердің және қызмет көрсету ережелерінің арасында қайшылықтар болған жағдайда, тиісті жеке шарттардың, келісімдер мен қызмет көрсету ережелерінің, егер өзгесі Шартта анықталмаса, күші басымды болады.
-
Клиент Шарт талаптарын орындауды міндетіне алады.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ағымдағы шоттағы ақша қалдығы мен Салымға салынған ақша жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылады. «Депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шот бойынша кепілдік сомасының мөлшері бес миллион теңгені құрайды.
-
Шарт шегінде Банк Клиентке Қосылу туралы өтініштің, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкасының қызмет көрсету талаптары» (Талаптардың №5 қосымшасы) негізінде төлем карточкасын шығарады. Банк Тарифтері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкасын шығару, қызмет көрсету және қолдану ережелерін белгілейді.
-
ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН терминДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
-
Автотөлем – бұл абоненттің дербес шотының балансы Клиент немесе Банк белгілеген ең төменгі мәніне жеткен кезде абоненттің дербес шотын Клиенттің төлем карточкасының шотынан автоматты автоматты түрде толықтыру қызметі.
-
Аутентификация – Клиенттің (сенімді тұлға) Банкке Шартта қарастырылған тәртіпте банктік операциялар жүргізуіне немесе Клиент шоттары бойынша ақпарт алу үшін өтініш беруге құқық беретін куәлігі.
-
Банктік шот (Шот) – Банк пен Клиент арасындағы ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету бойынша шарттық қатынастарды көрсету тәсілі. ҚР заңнамасына сәйкес банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корроспенденттік шоттарға бөлінеді, уақытша жинақ шотынан өзгесі, теңгеде, сондай-ақ шетел валютасында ашылады және жүргізіледі. Шарт арқылы ағымдағы және жинақ шоттарын ашу мүмкіндігі беріледі.
-
Салым (Жинақ шоты/депозит) – номиналды түрде олардың қайтарылу талабымен Салымшы Банкке беретін, бірінші талап етілуімен қайтарылуы тиіс немесе қандай да бір мерзімнен кейін толығымен немесе бөліп-бөліп алдын ала айтылған үстемақымен немесе үстемақысыз, тікелей салымшыға немесе оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілуіне байланысты емес ақша;
-
Сыйақы – тиісті Салым талаптарына сәйкес Банктің Клиентке немесе Клиенттің Банкке төлейтін ақша сомасы;
-
Төлем карточкасы ұстаушысы – осы Шартқа сәйкес, Төлем карточкасын пайдалану құқығына ие болған, соның атына Төлем карточкасы шығарылған жеке тұлға. Төлем карточкасы ұстаушысы қолының үлгісі Төлем карточкасының кері жағында болады. Егер Карточка жекешелендірілсе, онда Төлем карточкасы ұстаушысының атаулы деректері Төлем карточкасының бет жағында көрсетіледі, магнитті жолағында және микропроцессорында (болған кезде) жазылады.
-
Құнды металл (бұдан әрі – металл) – аллокирленбеген металл шотындағы алтын (XAU), күміс (XAG), платина (XPT) және палладий (XPD);
-
Қосылу туралы өтініш - Банктік қызмет көрсету талаптарына қосылу туралы өтініш (№1 қосымша), ЖБ аясында «Жинақ банкі» АҚ ЕБ банктік қызмет көрсету талаптарына қосылуға, төлем карточкасы шотын ашуға, тарифтік пакетін қосуға және шығаруға өтініш (№2 қосымша), «Жинақ банкі» АҚ ЕБ банктік қызмет көрсету талаптарына төлем карточкасы шотын ашу және шығару үшін қосылу туралы өтініш (№6 қосымша).
-
Сәйкестендіру – Клиент Банкке банктік операция жүргізуге өтініш білдірген кезде немесе Шартта қарастырылған тәртіпте Клиент шоты бойынша ақпарат алған кезде жеке басын анықтау.
-
Клиент – Банкпен Шарт жасаған жеке тұлға.
-
Клиенттің бақылау ақпараты (код сөзі) – Банктің деректер базасында тіркелетін және Банктің Call-орталығына хабарласқан кезде Клиентті бірегейлендіру үшін пайдаланылатын қызмет көрсетуге берілген өтініште немесе басқа құжатта әріппен және/немесе цифрлы көрсетілген Клиенттің ақпараты.
-
Овердрафт – Клиент ТК шотындағы ақша сомасынан және/немесе кредит лимитіндегі сомадан (ол белгіленген жағдайда) артық жұмсаған және Клиент Банк белгілеген мерзімде өтемеген ақша сомасы.
-
Аллокирленбеген металл шоты (бұдан әрі – АМШ) –жеке белгілерін көрсетпестен, тройск унциясындағы металл қозғалысын есепке алу үшін Банктің Клиентке ашатын шоты (құйманың нөмірі, өндіруші маркасы және т.б.);
-
Төлем карточкасы –ұстаушыға төлем жүргізуге, қолма-қол ақша алуға, төлем карточкалары эмитенті анықтаған және оның талаптарында валюта айырбастауды және басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар электрондық терминалдар және басқа қызмет көрсету құрылғылары арқылы ақшаны алуға рұқсат ететін құрал. Төлем карточкасы жекешеленген (төлем карточкасы Ұстаушысының аты және тегі бет жағында көрсетілген) немесе жекешеленбеген (төлем карточкасының бет жағында төлем карточкасы Ұстаушысы туралы жеке мәліметтерді көрсетпестен).
-
ДСН - әр төлем карточкасына тағайындалатын және төлем карточкасы ұстаушысының төлем карточкасын пайдаланып операциялар жүргізген кезде оның өзінің қолма-қол қолын алмастыратын дербес сәйкестендіру нөмірі, жеке коды.
-
Банк бөлімшелері – жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелер: Банктің Операциялық департаменті, филиалдардың операциялық бөлімдері және әмбебап қосымша офистері, кассадан тыс тораптың операциялық кассалары.
-
ҚР – Қазақстан Республикасы.
-
Банк жүйесі – Клиенттің төлем карточкалары/шоттары/салымдары шоттары бойынша операцияларды жүргізуді қамтамасыз ететін және Клиент туралы оны Шартқа сәйкес сәйкестендіру және түннұсқалығын анықтауға арналған жеткілікті ақпараты бар, Банктің бағдарламалық-аппараттық ақпараттық кешен (АБИС, CRM, Way 4 және басқа.).
-
Қосылыс құралдары – Банктің Клиентті алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы сәйкестендіру және бірегейлендіру үшін беретін/анықтайтын құралдарының жиынтығы. «СБЕРБАНК ОНЛ@ЙН БАНКИНГ» жүйесіне қосылыс құралдарына Пайдаланушы идентификаторы, тұрақты пароль, біржолғы парольдер; Банктің Call-орталығы – Клиенттің бақылау ақпараты, өз-өзіне қызмет көрсету құралдарындағы – Карта мен ДСН жатады.
-
Төлем карточкасы шоты – Банктің Төлем карточкасы тіркелген жеке тұлғаның ағымдағы шоты.
-
Тарифтік пакет – Банктің Клиентке ұсынатын банктік өнімдері мен қызметтер кешені.
-
Ағымдағы шот/Шот – кәсіпкерлік қызмет немесе жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың қызметімен байланыспайтын операцияларды жүргізуге арналған Банк жеке тұлғаға теңгеде немесе шетел валютасында ашқан шот.
-
Техникалық овердрафт – Банк рұқсат етпеген карточка ұстаушысының төлем карточка шоты бойынша ақша қаражатын техникалық артық жұмсауы.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары – Банк арналары/құрылғылары, сол арқылы Клиент Шартқа сәйкес банктік операциялар жүгізетін Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы.
Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы – банкоматтар, оған қолма-қол ақша құралдарын қабылдау функциясы бар банкоматтар (cash in), Банктің ақпараттық-төлем терминалдары.
3. ШОТТАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР
-
ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
-
Клиенттің осы Шарт шегінде Банкке Төлем карточкасын алу үшін Банк белгілеген нысанда Өтініш беруге құқығы бар. Банк Клиентке ол өтініш білдірген түрдегі төлем карточкасын шығару мүмкіндігі туралы дұрыс шешім қабылдаған жағдайда, Банк төлем карточкасы шотын ашады және төлем карточкасын шығарады.
-
Төлем карточкасын шығару мен қызмет көрсету ерекшеліктері және төлем карточкасы шоты бойынша операцияларды көрсету «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Төлем карточкаларына қызмет көрсету талаптарында (Банктік қызмет көрсету талаптарының №5 Қосымшасы) анықталған.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Төлем карточкасы шоты бойынша операциялар жүргізу ережелері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібінде (Банктік қызмет көрсету талаптарының №20 қосымшасы) анықталған.
-
Клиент Шарттың шегінде Шот ашуға құқылы.
Банктің бөлімшесі арқылы Шот ашу Банк белгілеген нысан бойынша, Клиент пен Банк қолдарын қойып, тиісті түрде ресімделген Шот ашу өтініші (бұдан әрі – «Өтініш») негізінде, Клиент Шарттың 1.4т. сәйкес құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады. Өтініште Шот ашылған Банк бөлімшесі, Шот валютасы, өзге де шарттар белгіленеді.
Шот ашылғандығы туралы Банк белгісі бар Өтініштің екінші данасы Клиентке беріледі және ол Шартқа қосу дерегін растайтын құжат болып табылады.
-
Алыстан қызмет көрсету арнасы («Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі) арқылы Шот ашу Клиентті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы ресімделген Клиенттің Шот ашу өкімінің негізінде жүзеге асырылады.
-
Клиенттен алынған Шот ашу өкімінің негізінде Өтініш құрылады, онда: Шот ашылатын Банк бөлімшесі, Шот валютасы мен басқа шарттар көрсетіледі. Клиент Өтінішті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы растайды. Шот ашу өкімі, Өтініш, Клиентті дұрыс сәйкестендіру және бірегейлендіруді растайтын Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде операциялар жүргізу мен жүйеде операция жасау хаттамасы Клиенттің Шот ашу туралы ықыласын растайтын құжат болып табылады.
-
Банк Клиентке келісілген талапта Шот ашылу растамасы мен Шот ашудан бас тарту туралы ақпаратты алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы жібереді.
-
Клиенттің алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы расталған өтініші және Банктің Шот ашу туралы растамасы Банктік шот туралы шарт жасауға растама құжаттары болып табылады.
-
Өтініш және Банктің Шот ашу туралы растамасы Банктің деректер базасында электронды түрде сақталады.
-
Шот алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы Төлем карточкасы шоты ашылған, соны пайдалану арқылы «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесіне қосылыс алынған Банктің сол бөлімшесінде ашылады.
-
Клиент Банк бөлімшесінде Шот ашу туралы Банктің белгісі бар Өтініштің қағаз түріндегі данасын алуға құқылы.
-
Ағымдағы шотты, талап етілгенге дейінгі салымдарды ашу және солар бойынша операциялар жүргізу ережелері Банктік қызмет көрсету талаптарының №24 Қосымшасында анықталған.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Шоттар бойынша операциялар жүргізу ережелері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібінде (Банктік қызмет көрсету талаптарының №20 Қосымшасы) анықталған.
-
Автоплатеж қызметін алу үшін Клиент Банктік қызмет көрсету талаптарының №27 Қосымшасымен реттелетін «Автоплатеж» қызметінің талаптарына сәйкес Банкке өтініш білдіруге құқылы
-
ТАРИФТІК ПАКЕТ
3.2.1. Клиент Тарифтік пакет шегінде банктік өнімдерді пайдалануға және Тарифтік пакет құрамына кіретін қызметтерді алуға құқылы. Банк Тарифтік пакет шегінде банктік өнімдер мен қызметтерді Клиент Тарифтік пакет түрін таңдаған соң ұсынады. Банк Тарифтік пакетті жиынтығымен ғана ұсынады, соның нәтижесінде, Клиент Тарифтік пакетке жататын қызметтер/өнімнен бас тартқан жағдайда, Банк Клиентке Тарифтік пакетті ұсынудан бас тартуға құқылы. Клиент Тарифтік пакет шегінде қол қойған/қосылған, Тарифтік пакетке жататын жеке қызметті және/немесе өнімді пайдаланбауына болады, бұл ретте Банк Клиентке осылай Тарифтік пакетті пайдаланғаны үшін қандай да бір төлемді қайтаруға міндетті емес.
3.2.2. Тарифтік пакеттің құрамына жататын өнімдерге қызмет көрсету және талаптар Шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
3.2.3. Клиентке Тарифтік пакет бойынша қызмет көрсету үшін төлем Банктің тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Клиент Тарифтік пакеттің тиісті түрі бойынша қызмет көрсетуді таңдаған жағдайда, Банк Тарифтік пакетке жатпайтын Банк қызметін көрсету/өнімдерді ұсынуды Шартта қарастырылған талаптар мен тәртіпте Банк тарифтеріне сәйкес ақы ала отырып жүзеге асырады. Тарифтік пакет үшін қарастырылған қызметін көрсетуді/өнімдерді ұсынуды, егер осындай Банктің қызметтері/өнімдері Тарифтік пакеттен тыс берілсе, Банктің тарифтері бойынша ұсынуға тыйым салынады.
3.2.4. Тарифтік пакет түріне жататын өнімдер/қызметтер тізбесі, Тарифтік пакеттер түрі және оларды пайдалану тәртібі №26, 31 қосымшада көрсетілген жағдайды қоспағанда, №22 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
3.2.5. Тарифтік пакеттерінің түрі мен құрамы Банктің қалауымен Шартта белгіленген тәртіпте өзгертілуі мүмкін.
-
САЛЫМДАР
-
Клиент Шарт шегінде ақша қаражаттарын Банктегі бар салымына салуға құқылы.
-
Банк бөлімшесі арқылы салымды ашу ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған құжаттар пакетін Клиент ұсынған кезде Банк белгілеген нысанда және Банк пен Клиент қолдарын қойып толтырылған және салымға Клиенттің салғанын және Банктің қабылдаған ақша қаражаттары сомасын растайтын ақша қаражаттарын орналастыру Талаптарының (№8–13 Қосымшалар) негізінде, ал салымдарды алыстағы арналарда ашқан кезде Клиентті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылады.
-
Алыстан қызмет көрсету арнасы («Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі) арқылы салымды ашу Клиентті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы ресімделген Клиенттің салым ашу өкімінің негізінде жүзеге асырылады. Өкімде ашылатын салым параметрі, сонымен қатар, салымды ашу үшін ақша қаражаттары сол арқылы аударылатын және Клиенттің шотынан немесе салымынан қолма-қол ақшасыз аударым жасалатын шот немесе салым туралы ақпарат көрсетіледі. Басқа банктен аударым жасалған кезде қолма-қол ақшасыз ішкі аударым жүргізілмейді.
3.2.4 Клиенттен алынған салым ашу өкімінің негізінде «Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініш» қалыптастырылады, онда соның ішінде салым түрі, салым сомасы, салым мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі және салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме мен басқа да салымды орналастыру талаптары көрсетіледі. Клиент Шартта анықталған Клиентті сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, тиісті алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтінішті растайды. Салым ашу өкімі, Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініш, Клиентті дұрыс сәйкестендіру және бірегейлендіруді растайтын Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде операциялар жүргізу мен жүйеде операция жасау хаттамасы Клиенттің Банктік салым ашу туралы ықыласын растайтын құжат болып табылады.
3.2.5 Банк Клиентке келісілген талапта салым ашылу растамасы (Банк белгілеген нысандағы чек) мен салым ашудан бас тарту туралы ақпаратты алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы жібереді.
3.2.6 Клиенттің алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы расталған Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініші және Банктің салым ашу туралы растамасы Банктік салым шартын жасауға растама құжаттары болып табылады.
3.2.7 Банктік салым шартының жазбаша нысаны ҚР Азаматтық кодексінің 394 бабына сәйкес сақталды деп есептеледі.
3.2.8 Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініш және Банктің салым ашу туралы растамасы Банктің деректер базасында электронды түрде сақталады.
3.2.9 Салым алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы орналастырылған салымға сол арқылы ақша қаражаттарын қолма-қол ақшасыз аудару жүргізілетін Банк филиалында ашылады.
3.2.10 Клиент алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы ашылған қолданыстағы салым бойынша Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініштің қағаз түріндегі данасын Банк кез келген бөлімшесінде алуға құқылы.
-
Салымдарды орналастыру талаптары, салымды ашу және қызмет көрсету тәртібі «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де салымдарды орналастыру ережелерімен (Банктік қызмет көрсету талаптарының №7 Қосымшасы) анықталған.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы салымдар бойынша операциялар жүргізу ережелері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібінде (Банктік қызмет көрсету талаптарының №20 Қосымшасы) анықталған.
3.4. аллокирленбеген МЕТАЛЛ ШОТТАР (Амш)
3.4.1. Клиент Шарттың шегінде, құнды металдарды жеке белгілерін көрсетпестен есепке алу үшін АМШ ашуға және ҚР заңнамасына, Банк тарифтеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, сонымен қатар, осы Шарт талаптарына сәйкес осы шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
- Банктен сатып алынған Металды клиенттің АМШ-ға есептеу (№17 Қосымша);
- Металды клиенттің АМШ-нан шығынға шығару (Банкке сату) (№18 Қосымша).
3.4.2. АМШ ашу ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған құжаттар пакетін ұсынған кезде Банк белгілеген нысанда және Банк пен Клиент қолдарын қойып тиіс түрде толтырылған және Клиент Банктен аллокирленбеген құнды металл сатып алу арқылы аллокирленбеген түрде құнды металдарды салғанын растайтын аллокирленбеген металл шотқа құнды металды салу Тапсырмасының негізінде жүзеге асырылады.
3.4.3. АМШ ашу және жүргізу шарттары «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де Жеке тұлғалардың аллокирленбеген металл шоттарымен операциялар жүргізу талаптарымен анықталады (Банктік қызмет көрсету талаптарының №15 Қосымшасы).
-
Достарыңызбен бөлісу: |