Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. - Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен бекіту процесі.
- Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады.
- Тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі.
Жинақы мәтіннің жанрлық түрлері: - Тезис
- Аннотация
- Презентация
- Конспект
- Кесте
- Схема
- Тезистік жоспар
- Ықшамдалған мәтін
Жинақы мәтін құрастыру жолдары Мазмұндық өңдеу: - Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
- Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
- Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
- Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.
Мәтінге тілдік өзгерістер енгізу Алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы: - Сөздерді синонимдермен алмастыру; - Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру. Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады. - Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
- Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.
- Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.
Сонымен, жинақы мәтін мақсаты не? Жинақы мәтін жазудағы мақсат - оқырманды мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны оқуға кететін уақытын үнемдеу. Жинақы мәтін жазудағы мақсат - оқырманды мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны оқуға кететін уақытын үнемдеу. Үлгі:
Түпнұсқа мәтін
|
Жинақы мәтін
|
Ұлттық тағамдардың пайдасы
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.
|
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және оны дайындау жолдарын білген.
| Тапсырма:
Мәтін тақырыбы:
| |
Негізгі идеялар тізімі
|
Негізгі идеяларды жинақтау
|
Бұл жерге абзацтағы негізгі идеяларды тізіп жаз.
|
Негізгі идеяларды біріктіріп, бір немесе екі сөйлем құрастыр.
|
Бұл жерге абзацтағы негізгі идеяларды тізіп жаз.
|
Негізгі идеяларды біріктіріп, бір немесе екі сөйлем құрастыр.
|
Достарыңызбен бөлісу: |