Жм-909 Мейірбек Бағдат Гепатит (сары ауру)



бет1/4
Дата30.04.2024
өлшемі34.73 Kb.
#500185
  1   2   3   4
ЖМ-909 Мейірбек Бағдат 12


ЖМ-909 Мейірбек Бағдат

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).
Белгілері
Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.
Вирусты гепатит “А” – эпидемиялық гепатит фекальді және оральді механизммен жұғатын, интоксикация және холезтаз көріністерімен өтетін, бауыр зақымдану синдромымен сипатталатын жедел вирусты жұқпа. 
Этиологиясы: Қоздырғыш энтеровирус тобына жататын көлемі 28-30 нм, 1 жіпті РНК-сы бар өтте, зәрде, қанда, қан сары суында кездеседі. Сыртқы ортада төзімді. Қалыпты бөлме температурасында бірнеше ай 4 *С жылдап тіршілігін сақтайды. Қайнатқанда, вирус 5 минут ішінде өледі. Формалин және ультрофиолет сәулесіне сезімтал.
Эпидемиологиясы: Антропонозды ішек жұқпасы инфекция көзі ауру адам. Жұғу механизмі: фекальді, оральді. Жұғу жолдары: су, тағам, тұрмыстық қарым-қатынас. Сезімтал ағза: адам. Иммунитеті төмен адамның сезімталдығы өте жоғары. Жиі 4-5 жас арасындағы балалар ауырады. Маусымдылығы: қыс, күз айлары. Вирус тасымалдаушы, созылмалы түрлері жоқ. Ауру аяқталғаннан кейін тұрақты иммунитет түзіледі. 1 жас дейінгі балалар ауырмайды. Себебі: Анадан ұрыққа беретін пассивті иммунитет қорғайды. 40 жастан жоғары ересектер ауырмайды. Себебі: Өмір сүру барысында иммунитет қалыптасады.
Патогенез: Вирус ас қорыту жолына түсіп, лимфа түйіндерінде көбейеді, қанға өтеді, вирус емианы шақырады. Гематогенді жолмен бауырға шөгеді, гепатоциттерге еніп, қабыну процесінің нәтижесінде клеткалардың қабырғасын ыдыратады, АЛТ, АСТ ферменттерін, темір, В-12 витаминінің қанда мөлшері көбейеді. Сондықтан гиперферемия, гиперферментемия, гиперцианокоболаминемия, цитолиз синдромының көрсеткіші болып саналады. Бауыр клеткасының ісіну нәтижесінде өт жолдарын қысылады, регургитация механизмімен өт қанға түседі – холестаз синдромы (шырышты қабаттардың, терінің сарғаюы, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруы байқалады). Биохимиялық зерттеу жалпы билирубин көрсеткіштері, байланысқан билирубиннің есебінен жоғарылайды, сонымен қатар ГГТП және сілтілі фосфотаза ферментінің дәрежесі жоғарылайды. Бауыр ісінуі – ақуыздардың алмасуының бұзылуына алып келеді. Ол “Тимол” сынамасының өсуімен көрінеді. Вирусты гепатит патогенезінде мезенхималды қабыну -гепатоспленомегалия. Кейбір жағдайларда тромбоцитопения, қанның ұю факторының төмендеуі нәтижесінде – геморрагиялық синдром дамуы мүмкін. (қызыл иектен қан ағу, мұрыннан қан кету, геморрагиялық қан кету). Интоксикация синдромы- бауыр клеткаларының некрозға ұшырау салдарынан болады. Вирустар токсин бөлмейді. ОЖЖ вирусты гепатиттердің Т және В лимфоциттер белсенділігі артып, вирусты фагоцитоз процесіне ұшыратады. Сондықтан клиникада сарғаю пайда болғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет