Оқу үдерісінің, әдістерінің, жұмыс түрінің, құралдарының жалпы сипаттамасы: Элективті курсты оқыту барысында бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық); жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары; жағдаяттық және рөлдік ойындар; ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітапхана, мұражай, ғаламтор желісі);шығармашылық жұмыстар негізінде «Атаулар туралы үш сұрақ», « Еркін жазу», «Кең ауқымды лекция», «Сұрақ қою», «Қайтадан сұрақ қою», « Бірін-бірі оқыту», «Қос жазба күнделігі», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Белгі қойып оқу», «ЖИГСО», «Миға шабуыл», «Рөлдік ойындар», «Пікірталас»т.б. интербелсенді әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқушыларға материалды меңгерудің кешендік білімін ұсыну;білім алушылардың танымдық ізденістерін дамытуға, шешендік сөздeрдің мән-мағынaсын терең түсінуіне, оқу үрдісіндегі қиыншылықтарды жеңулеріне көмектесіп, шығармашылық тұлға санатына қосылуларына ықпал ету.Оқушылардың ой - өрісінің кеңейіп, жан - жақты дамуына жәрдемдесу,көлемді туындылармен сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету көзделген.