Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
І. Кіріспе. Шешендік өнер тарихы - 4 сағат
1. Шешендік өнер тарихы, даму кезеңдері (1сағат). Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын қалыптасқанын және шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атағаны жайлы деректермен таныстыру.
2. Гректің әйгілі шешендері. Сократ, Аристотель,Демосфен, Цицерон, М.Ф.Квинтилиан (1сағат) Сөз өнерінің Демосфен, Цицерон сияқты әрі саяси қайраткер, әрі әйгілі шешен адамдардың есімімен тығыз байланысты екенін, көне Грек, Рим шешендік өнері сол тұстың өзінде-ақ ғылым ретінде танылып, теория мен тәжірибеден өтіп шыңдалғаны туралы пікіралмасу ұйымдастыру
3. Ресей шешендік өнерінің қалыптасуы, даму кезеңдері 1 сағат М.В.Ломоносов, М.Сперанскийдің еңбектерінің маңызы туралы ойталқы.
4.Шығармашылық жұмыс(1 сағат) Сыни көзқарас,дәйектеме-пікір, дебат ұйымдастыру
ІІ. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы–6сағат
1. Қазақ шешендік өнерінің шығу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері( 1 сағат). https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/sheshendik-sozder-zhanrlyq-ereksheligi Қазақ шешендік өнері туралы терең түсінік нәтижесінде жоба қорғау
2. Қазақ шешендік өнерін зерттеген ғалымдар (1 сағат). М.Әуезов,С.Сейфуллин Б.Адамбаев т.б ғалымдардың зерттеу еңбектерімен танысып, баяндама, жоба қорғау (жеке жұмыс)
3. Шешендік сөз-сөз мәдениетінің жоғары формасы (1 сағат) . Шешендік өнер ерекшелігіне талдау жасау (дөңгелек үстел,топтық жұмыс)
4.Түркі шешендік өнерінің ғажайып үлгілері (1 сағат) https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/qorqyt-ata-kitaby-turaly Анақарыс, Қорқыт,Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн еңбектерін зерделеу (әдеби-танымдық жарыс ,жұптық жұмыс)
5. Қазақ шешендік өнерінің негізін қалаушы тұлғалар (1 сағат). Майқы би мен Аяз бидің шешендік сөздерінің бейнежазба топтамасын жасау.
6.Шығармашылық жұмыс (1 сағат). https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/sheshendik-sozderding-tarbielik-mani (тарауды қорыту, эссе жазу, талдау, саралау
Достарыңызбен бөлісу: |