Жұмыс бағдарламасы «адам экологиясы»


Дәріс № 4. Антропология және экология.Адам биологиялық түр ретінде



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#133804
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс № 4. Антропология және экология.Адам биологиялық түр ретінде.

Адам ?ылыми-техникалы? прогрессті? дамуына байланысты ?зіні? к?сіптік ке?істігін ке?ейті. Жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалған жоқ. Адамзат баласы тек тіршілікке ?олайлы, жа?сы игерілген айма?тарды ?ана емес, сонымен ?атар эктремальды айма?тарды да: ?иыр Сібір, Арктика, Антрактида т.б. жерлерде де ?мір с?руде. Адам ғарышқа да ұшты. ?азіргі адамзат панэйкуменді т?рді береді, я?ни адам Жер планетасыны? барлы? экологиялы? т?р?ыдан бару?а болатын жерлеріне орналасып, таралуда. Экологиялық тұрғыдан адамзатты биологиялық түрдің жалпы әлемдік популяциясы ретінде, жер экожүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұнан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы.) Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек, су, қоректік заттар керек, олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді. Температура мен күн сәулесі жарығыны? өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Біра?, бұдан адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды. Керісінше адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен сана бар, олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге, ?з іс-?рекетіне жауапкер болу?а, организмдерде болмайтын ерекше әлеуметтік орта - қоғам құруға тырысады.

Олар құрған қоғамдық арақатынас басқа жануарлар арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады. Адамдар ?з ?ауымдасты? ?о?амында онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.

Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.

Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді.

Антропология - homo sapiens түрінің биологиялық ерекшеліктері туралы ғылым. Ол адамның шығу тегін, ішкі және сыртқы құрлысын (морфологиясын), дамуын, адамзат нәсілдері мен олардың шығуын, осы нәсілдердің ішіндегі адамның органикалық құрлысының қалыпты вариацияларын, оның ішінде адамдардың мекендеу ортасының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейді. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ортақ белгілер бар:

1. Адамда (жануардағыдай) эмбриондық дамудың ерте кезеңдерінде ішкі қаңқасы желі түрінде, жұтқыншақ қуыстарында желбезек саңылаулары бар. Жүйке түтігі арқа жағында, денесі екі жақты симметриялы болады.

2. Даму деңгейіне қарай желінің омыртқа бағанасына өзгеруі, бас сүйек пен жақ сүйек аппаратының қалыптасуы, қаңқада еркін жұп аяқ қолдың пайда болуы, ішінде жүректің дамуы адамды омыртқалыларға жатқызуға мүмкіндік береді.

3. Сүтқоректілердегі сияқты, адамның омыртқасы бес бөлікке бөлінген, терісі түкті және онда тер және май бездері бар, көк еттің, төрт камералы жүректің, қанның жылы болуы тән.

4. Жатырдың болуы және ұрықтың ұрпақ жолдас арқылы қоректенуі адамда плацентарлыларға жатқызуға мүмкіндік береді.

5. Қолдарының ұстауға икемділігі (бірінші саусақ басқаларына қарама-қарсы орналасқан), тырнақтардың болуы, бір жұп сүт бездері, көздерінің бір деңгейде орналасуы (үлкейтіп көруге мүмкіндік береді), сүт тістердің түсуі және тағы басқа адамды приматтар отрядына жатқызуға мүмкіндік береді;

6. Адамның жануарларға ұқсастығы туралы, оларда арғы тектің белгілері (атавизм) мен қалдықтардың (рудименттің) болуы, арғы тектік белгілер – берілген түрдің жекелеген ағзаларында бұрынғы тегінде болған, бірақ эволюция үрдісінде жойылып кеткен белгілердің пайда болуы, кейде адамда ұшырасатын арғы тектік белгілер (сыртқы құйрық, бетінде қалың түктің болуы, аса жетуілген ит тістер, көп емізіктік т.б.) де к?рсетеді.

Сөйте тұра, адам мен адам тәрізді маймылдардың арасында түбегейлі айырмашылықтар бар:

1. Тіп-тік жүру ж?не омырт?а жотасында?ы т?рт иілім тек адамға тән қасиет;

2. Тік күйінің арқасында адамның қаңқасы кең жамбасты, кеуде қуысы жазық, омыртқасы күрт иілімді, аяғының басы тоғыспалы келеді, аяғының үлкен бақайы басқаларына жақын орналасып, тірек қызметін атқарады;

3. ?ол білезігінің иілгіштігі – еңбек ету мүшесі – сан алуан, әрі дәлме-дәл қимылдар жасауға қабілетті;

4. Бас сүйектің ми сауыт бөлігі бет бөлігінен басым;

5. Адамның бас миының құрлысы өте күрделі; үлкен ми сыңарының көлемі орташа есеппен 1250 см2 құрайды, бұл адам тәрізді маймылдардікінен едәуір артық;

6. Адамның миының психика мен сөйлеудің маңызды орталықтары орналасқан ж?не жо?ары дамы?ын;



Адам эволюциясының негізгі кезеңдері төрттік мұз басу дәуірінің кезінде қалыптасқан климаттық өзгерістер уақытына сәйкес келеді. Әдетте мардымсыз қазба мәліметтерінің негізінде адам мен адам тәрізді маймылдардың эволюциялық түр тармақтарының бөлінуі шамамен 20 млн. жыл бұрын ж?рген деп саналатын. Алайда ж?ргізілген к?птеген зерттеулер ірі адам тәрізді маймылдар мен гиббондар 10 млн. жыл бұрын тіршілік етті деген басқаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Адам эволюциясыны? негізгі кезе?дерін мына кесте к?рсетеді:

Кесте 1 - Адам эволюциясыны? негізгі кезе?дері



Адамны? ар?ы тегі

?айда ж?не ?ашан ?мір с?рді 

Сырт?ы пішініндегі прогрессивті белгісі

Тіршілігіндегі прогрессивті белгісі

Е?бек ??ралы

Австралопи

текті? бастап?ы пішіні



О?т?стік Шы?ыс Афпика, О?т?стік Азия, 5-3 млн. Жыл б?рын

Бойы 120-140 см, ми сауытыны? к?лемі 500-600 куб.см.

Екі ая?ымен ж?рген, жартас арасында т?р?ан, етпен ?оректенген

Тас, а?аш. жануарлар с?йегі

Ертедегі адам-питекантроп маймыл адам

Африка, Жерорта те?ізі жа?алауы, Ява аралы, 1 млн. жыл б?рын

Бойы 150 см, ми сауытыны? к?лемі 900-1000 куб.см., ма?дайы аласа,жа? с?йегі иексіз

Ал?аш?ы табынды ?мірс?рген, отты пайдалан?ан

?арапайым тас ??ралан жаса?ан, а?ашты пайдалан

?ан


Ертедегі адам-синантроп

(?ытайлы? адам)



?ытай, 400 мы? жыл б?рын

Бойы 150-160 см, ми сауытыны? к?лемі 850-1220 куб.см., ма?дайы аласа, жа? с?йегі иексіз

Табынды ?мір с?рген, баспана жаса?ан, отты пайдалан?ан, теріден киінген

Тастан ж?не с?йектен ??рал жасады

Ертедегі адам- неандерталь

Европа, Африка, Орта Азия, 150 мы?дай жыл б?рын

Бойы 155-165 см, ми сауытыны? к?лемі 1400 куб.см., ма?дайы аласа, иек с?йегі нашар дамы?ан

??гірде топтанып 100 адамнана т?рды, теріден киінді, асты от?а даярлады, ымдасып с?йлесті, е?бек б?лінісі пайда болды

Тастан ж?не а?аштан е?бек ??ралда

рын жасады



 

  Кесте 1 жалғасы



Ал?аш?ы ?азіргі адамдар - кроманьондар

Барлы? жерде 30-40 жыл б?рын

Бойы 180 см-ге дейін, ми сауытыны? к?лемі 1600 куб.см., ма?дайы биік, т?менгі жа? с?йегінде иегі аны? ажыратылады

Туысты? ?о?амда ?мір с?рген, т?р?ын жай салды, оны суретпен безендірді, теріден киім тікті, с?з с?леу ?атынасын ?олданды,жануарларды ?йретті, ?сімдіктерді ?сірді. Биологиялы? эволюциядан ?леуметікке к?шті

Тастан ж?не а?аштан   ?рт?рлі е?бек ??ралда

рын жасады



 

?азіргі та?да адамны? шы?у тегі туралы м?селе ?лі де толы?ымен д?лелденбеген талас т?дырушы с?ра? болып отыр.

Көптеген зерттеушілер Европалық краманьондықтардың неандертальдықтардан шыққанына күмәнданады, себебі зерттеуге болатын табылған қазбаларға қарағанда эволюциялық секіріс тым жылдам жүрген. Қазіргі кезде біздің түршелеріміздің шамамен 100 мың жыл бұрын Африкадағы Homo sapiens-тің көне түрінен шыққандығы туралы болжам ықтимал болып табылады. Африкада пайда болған қазіргі типтік адамы Азияға таралып, 30 мың жыл бұрын Антрактидадан басқа барлық континенттерге аяқ басты деп болжанады. 1996 жылы ағылшын ғалымдары Джеймс Бинскот пен Адреан Хиал ДНҚ нуклеотидтерінің жүйелілігін зерттей отырып, дүние жүзінің барлық халықтары өзара туысқандық байланысы бар Африкандықтардың шағын бір тобынан тараған деген тұжырым жасаған.

Біздің түршеміздің бүкіл әлемге таралуына қарай адамдардың түрлі топтары түрлі климаттық аймақтарға тап болды. Табиғи сұрыптау барысында адамдар түрлі табиғи жағдайларға физикалық тұрғыдан бейімделді.


Дәріс №5 Адамның тіршілік ортасы.Факторлардың организмге әсері.Организмдердің негізгі тіршілік орталары.Экологиялық жүйелердің негізгі типтері. Жердің табиғи ресурстарына сипаттама: литосфера, гидросфера және атмосфера. Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану.

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

Экологиялы? факторлар - тірі организмге оларды? жеке дамуыны? бір ?ана кезе?інде болса да тікелей немесе жанама ?сер ете алатын ортаны? кез-келген ?рі ?арай б?лшектенбейтін б?лшегі. Экологиялы? факторларды ?ш топ?а б?леді: абиотикалы? - ?лі таби?ат факторлары; биотикалы? – особь пен популяция ж?не таби?и бірліктер популяциясы арасында?ы ?зара ?атынас; антропогенді – адамны? іс-?рекетіні? ?орша?ан орта?а ?серіні? жиынты?ы. Экологиялы? факторларды? ?р?айсысыны? ?зінше ма?ызы бар. Мысал?а, жылуды? кемшілігін мол жары?пен, ал организмге ?ажетті минералды? элементтерді сумен алмастыру?а болмайды. Организмні? тіршілік етуіне не??рлым ?олайлы ?ар?ынды факторды - тиімді (оптималды) деп атайды. Организмні? тіршілік етуіне м?мкіндік жо? шекараны – шыдау шегіні? т?менгі ж?не жо?ар?ы де?гейі деп атайды. Егер де ?айсыбір факторды? м?ні шыдау шегінен шы?ып кетсе онда ол – шектеуші фактор деп аталады. Қоршаған ортаның қолайлы немесе қолайсыз жағдайларын тексергенде алдымен организмдердің өмір сүруіне аса қажетті факторларға көңіл аударған жөн. Адамдардың ортаға жасайтын әсерін, пайда - зиянын анықтағанда ең басты шектеуші факторларды іріктеп алып, жеке организмге, бір түрлі организмдер тобына, бірге өмір сүретін ?р түрлі организмдер тобына жасайтын ықпалын білу ма?ызды.

Шектеуші факторлар физикалық, химиялық және биологиялық сипатта болады. Мысалы, бірге өмір сүретін организмдер тобының арақатынасы биологиялық сипатта болса, организмдердің жылы мен суыққа, құрғақшылық пен жауынға әсерлестігі физикалық сипатта, қоршаған ортада көмір қышқыл газының көбеюі - химиялық сипатта болады.

Табиғаттың көптеген шектеуші факторларының ішінен климатқа жататындарын бөліп алып қараған дұрыс, себебі олардың адам өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын әсері өте үлкен. Мысалы, адамдарды? солт?стікті? кейбір жерлеріне ?оныс тебуіне жылуды? жетіспеушілігі шектеуші фактор болса, керісінше кейбір о?т?стік айма?тарда су тапшылы?ы мен температураны? ?те жо?арлы?ы шектеуші фактор болып табылады. Себебі, адам организмдеріні? бейімделу м?мкіндіктері де шектеулі. Біра?, ?азіргі ?ылыми-техникалы? прогрессті? н?тижесінде б?л шектеуші факторлары бар айма?та да тірішілікке ?ажетті жа?дайларды адам ?олымен жасап ?ою м?мкіндігі бар.Табиғаттың шектеуші факторлары адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін керекті жағдайларды жасауына ?келеді.

Климаттың шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен құбылыстар адамдардың еркімен жүрмейді, тек табиғат заңдарына ғана бағынады. Сондықтан, қандай да болмасын өндрісті ұйымдастырғанда, өмір сүруге қолайлы жағдай жасағанда сол жердің климат ерекшеліктерін ескеріп, олардың пайдалы жағын пайдаланып, зиянды жағын азайту бағытында қызмет істеу қажет. Организмні? сол жерді? климатты? шектеуші факторларына бейімделуін ескеру керек. Климаттың шектеуші факторларына ауаның температурасы, күн сәулесі, жылу, ағын су, жел және атмосфералық қысым жатады. Климаттағы өзгерістер мен құбылыстар табиғи жолмен және антропогенді факторлар нәтижесінде де болып жатады.

Табиғи жолмен болатын өзгерістер милиондаған жылдар бойы жүріп келеді. Жер шарының әр түпкірінен табылған ауа райы туралы деректерді салыстырғанда бірнеше миллион жыл бұрын климаттың басқаша болғаны, содан бері айтарлықтай өзгергені мәлім болды.

Адамдардың іс-әрекетіне байланысты болатын өзгерістер ормандарды кесіп, жерді игеріп, қала мен су қоймаларын сала бастаған кезден жүріп келеді.

Шаруашылық жұмыстарымен айналысқанда биосфераның өсу заңдарын ескеріп отыру, болашақта болатын пайда-зиянды анықтап ал?ан д?рыс. Мысалы су электр станциялары құрлысын бастамас бұрын өзеннің ағысы мен жауын шашын мөлшері бұрынғы қалыпта сақталама, болмаса азайып кетеме, су астында қалатын құнарлы топырақпен кесілген орманның орнын су электр станциясы беретін пайда толтырама, әлде зиян әкелеме, сол сияқты мәселенің тағы басқа жақтарын есептеп білуі керек.

Дәріс № 6. Homo sapiensтің географиялық және папулациялық түр ретінде. HOMO SAPIENS популяциялық полиморфизм және географиялық өзгергіш ретінде.

Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және ұйымдасуының көптеген белгілерінің ұқсастығы көп уақыттан бері адамдардың назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа организедермен ұқсастығын, өзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің болу себептерін түсіндіруге көп елдердің адамдары көне заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар.


Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды.
Адам тарихын түсінудегі ірі оқиға Ч.Дарвиннің "Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу" атта еңбегі болды. Ұлы ағылшын ғалымының бұл еңбегі "Түрлердің шығу тегі" атты туындысы сияқты адамның Құдай жаратылысының өнімі ретінде қарастыратын көзқарасқа қатты соққы болды. Ал Адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының заңдылықтарын одан кейінгі уақытта тарихи материализмнің негізін қалаушылар ашты.
Адамның шығу тегі мен эволюциясын, оның жануар ата-тектерінің тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға көшу процесін зерттеумен жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) – айналысады. Ең алдымен адамның жануарлар дүниесінде алатын орнын қарастырайық.
2.Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық өкілдеріне тән белгілерді көруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа жағындағы жүйке түтігі, тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасының дамуы, аяқ-қолдарының екі жұбы болуы, жүректің дененің құрсақ бөлігінде орналасуы адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді. Төрт камералы жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері, дененің беткі жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек тіс) адамның сүтқоректілер класына жататындығын көрсетеді.
Ұрықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы қоректенуі, қағанақты жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш типті қол-аяқтары (бірінші бармақ қалғандарына бұрыш жасап орналасқан), аяқтарындағы тырнақтар, сүт бездер емшектерінің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, онтогенез процесінде сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір ғана төлдің (баланың) туылуы адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды.
Аталған белгілерге қарағанда адамның ерекше жеке белгілері – омыртқа жотасындағы құйрық бөлімінің редукциясы, аппендикстің болуы, ми сыңарларында иірімдердің көп болуы, қанның негізгі төрт тобы (А,В,О, АВ), мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер – адамды адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жатқызуға мүмкіндік береді. Адамның жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің болуымен дәлелденеді, олар адам омыртқалалардың ұзақ эволюциялық нәтижесі екендігін көрсетеді. Адам ұрығында эмбриональдық даму кезеңіндегі екі камералы жүрек, желбезек доғаларының алты жұбы, құйрық артериясы – балық тәрізді ата-тектерінің белгілері дамиды. Қосмекенділерден адам саусақтар арасындағы жүзу жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.
Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың жылу реттелуінің әлсіз болуы адамның дене температурасы тұрақсыз жануарлардан шыққандығын көрсетеді. Ұрықтың бас миы мезозой эрасының төменгі сатыдағы сүтқоректілердікі сияқты тегіс, оның иірімдері болмайды.
Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше жұптары болады. Сонымен қатар омыртқа жотасының құйрық бөлімі дамиды, бұл бөлім одан кейінгі уақытта редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен құрылысының және эмбриональдық дамуының негізгі белгілері Саналы адам түрінің Сүтқоректілер класында, Приматтар отрядтарында, адам тәрізді маймылдар отряд тармағындағы алатын орнын нақты анықтайды. Сонымен бірге адам тек өзіне ғана тән ерекшшеліктерге ие: тік жүру, төменгі аяқ-қолдар (аяқтар)бұлшық еттерінің күшті жетілуі, бірінші бармағы мықты дамыған күмбез пішінді табан, қозғалмалы қолдың басы, төрт жерден иілген омыртқа жотасы, жамбастың горизонтал жазықтыққа 60оС бұрыш жасап орналасуы, өте үлкен көлемді ми, ми сауытының ірі болуы және бет сүйектерінің кішілеу болуы, бинокулярлы көз, өсімталдық (ұрпақ бергіштік) қасиеттерінің шектеулі болуы, 180оС-қа дейін қозғалысты жасауға мүмкіндік беретін иық буынын және т.б. Адам құрылысы мен физиологиясының бұл ерекшеліктері – оның жануар ата-тектерінің эволюциялық нәтижесі.
3.Приматтар эволюциясы. Қағанақты сүтқоректілер мезозой эрасының ең соңында пайда болды. Қарапайым насеком қоректі сүтқоректілерден кайназой эрасында приматтар отряды бөлініп шықты. Палеоген дәуірінің ормандарында лемурлар мен ұзын өкшелілер – құйрықтары бар кішкене жануарлар мекендеген. Жуық шамамен 30 млн жыл бұрын ағаштың үстінде тіршілік етіп, өсімдіктер мен насекомдармен қоректенген кішкене жануарлар пайда болған. Олардың жақ сүйектері мен тістері адам тәрізді маймылдардікіндей болды. Олардан гиббондар, орангутандар және одан кейінгі уақытта жойылып кеткен ағаш маймылдары – дриопитектер тарады. Дриопитектер үш тармақ береді, олар шимпанзенің, горилланың және адамның пайда болуына алып келді.
Адамның ағаш үстінде тіршілік ететін маймылдардан шығуы, оның құрылысының ерекшеліктерін алдын ала анықтады, ал бұл өз ретінде оның еңбекке қабілеттігі мен одан кейінгі әлеуметтік эволюциясының анатомиялық негізі болды. Ағаш бұтақтарында мекендейтін, ұстайтын қолдары арқылы өрмелейтін және секіретін жануарлар үшін мүшелердің тиісті құрылысы қажет: қол басының бірінші бармағы қалғандарына қарсы етіп орналастырылған, 180оС-қа дейін қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін иық буынын дамиды. Көкірек қуысы кеңейеді және арқа қуысы мен құрсақ бағытында жазықтанып дамыды. Атап өтетін жағдай құрлық жануарларының көкірек қуысы бүйір жақтарынан жазықтанған, олардың аяқ-қолдары тек алдыңғы және артқы бағытта қозғалады, ал жанына қарай өте аз қозғалады. Бұғана сүйегі тек приматтар мен қолқанаттыларда (жарқанаттарда) сақталған, бірақ тез жүгіретін құрлық жануарларында дамымайды.
Ағаштардың үстінде алуан түрлі бағыттарда өзгермелі жылдамдықпен, үнемі қайталанып ара қашықтыққа қозғалу, секірердің алдында өзін-өзі жаңадан бағдарлауы және жаңа нысанаға қарай қозғалуы бас миының қимыл бөлімдерінің өте жоғары дамуына алып келді. Сонымен қатар ағаш үстіндегі тіршілік өсімталдықтың шектелуіне себепші болды. Ұрпақ санының азаюы, оларға деген қамқорлықпен компенсацияланды, ал топтасып тіршілік ету жауларынан қорғануды қамтамасыз етті.
Палеогеннің еікінші жартысында басталған тау түзілу процестеріне байланысты климат салқындай бастады.
Тропикалық пен субтропикалық ормандар оңтүстікке қарай шегінді, кең-байтақ ашық кеңістіктер пайда болды. Палеогеннің соңында Скандинавия тауларының мұз айдындары сырғып, оңтүстікке қарай ішкерілеп ене бастады. Экваторға қарай тропикалық ормандармен бірге шегінбей қалып қойған, жер бетінде тіршілік етуге көшкен маймылдар ортаның қатаң жағдайларына бейімделуге, тіршілік үшін ауыр күресті жүргізуге мәжбүр болды.
Жыртқыштар алдында қорғансыз, тез жүгіре алмайтын, сондықтан жемтігіне де жете алмайтын және жануарларынан қашып құтыла алмайтын, дене жылуын сақтауға көмектесетін жүні болмаған маймылдар тек үйір-үйір болып тіршілік етіп және қозғалыстан босаған қолдарды тиімді пайдалану арқылы ғана тіршілігін сақтай алды. Маймылдан адамға өтудегі шешуші қадам тік жүру болды. 10-12 млн жыл бұрын мекендеген маймылдардың бір тобы адамға келіп тірелетін бір тармақ берді.
Оңтүстік Африкадан табылған қазба қалдықтары дәлел болатын бұл жануарлар австралопитектер деп аталды, олар топтасып тіршілік етеді, денелерінің салмағы 20-50кг, ал бойлары 120-150 см құрады. Олар денені тік ұстап, екі аяқпен жүрді. Маймылдардікіне қарағанда олардың тістер жүйесі адамдыкіне көбірек ұқсады. Ми салмағы 550 грамды құрады, қолдары жүруге қатыспай бос күйде болды. Қорғану және қорегін табу үшін австралопитектер тастарды, жануарлар сүйектерін пайдаланды, яғни жақсы қимыл координациясына ие болды.
Жуық шамамен 2-3 млн жыл бұрын австралопитектермен салыстырғанда адамға жақынырақ тіршілік иелері өмір сүрді. Олардың ми салмағы 650грамға дейін жетеді, құралдарды жасау мақсатында ұсақ жұмыр тасты өңдей алды. Бұл адам тәрізді маймылдар Епті адам деген атауға ие болды. Австралопитектердің эволюциясы тік жүрудің, еңбекке деген қабілеттіліктің прогрессивті дамуы мен бас миының күшті жетілуі бағытында жүрді. Шамасы осы уақыттан бастап адамдар отты пайдалана бастаған. Табиғи сұрыпталу тайпалық тіршіліктің дамуына қолайлы белгілерді сақтады, бұл өз ретінде екі қолдың жетілуі мен орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етті. Міне осындай ерекшеліктердің барлығы "маймыл-адамдардың" тіршілік үшін күресте жеңіске жетуін қамтамасыз етті және 1,5-2 млн жыл бұрын Африкада, Жерорта теңізінің аумағында, Оңтүстік Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда кең таралуына алып келді. Еңбек етуге, аң аулауға және қорғану мақсатында құралдарды пайдалану, топтасып тіршілік ету мидың одан әрі дамуына және сөздің пайда болуына септігін тигізді.
Дәріс №7 .Антропология және экология. Антропология ғылымы. Антропологиялық зерттеу әдістері. Адамның шығу тегі туралы көзқарастар.

Жоспар:


  1. Антропология ғылымы

  2. Антропологиялық зерттеу әдістері

  3. Адамның шығу тегі туралы көзқарастар.

Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады. 1. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді. 2. Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді. 3. Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді. 4. Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді. Антропологиялық зерттеу әдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген. Бірінші эволюцияның авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларында бірінші болып «Зоология философиясы» (1809) атты еңбегінде көрсеткен. Ламарк, адамның шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта тіршілік ететін, маймыл тұқымының біреуі деп есептеген. Адамның прогрессивтік ерекшеліктерінің пайда болуын, Ламарктың эволюциялық теориясы бойынша, мүшелердің жаттығуларының нәтижесі және олардың қажеттеліктерінің даму барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп көрсетті. «Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақта «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблемаемес. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығутегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамаларданшыққаны мойындалды.

Дәріс №8 Қоршаған орта және адам денсаулығы. Адам денсаулығы туралы түсінік.Қоршағанортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар.

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
9-кесте
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері

9-кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.


Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.

Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.



Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен жоқ шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.
Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.
Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады.
Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.
Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті.
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.
Қала және адамның денсаулығы
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus — қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы орта емес.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады


Дәріс №10 Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы.

1. Радиaция.

2. Радиациялық ластану
3. Радиоактивті заттардан қорғану.

1. Радиaция


Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.

Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.


70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз .

2. Радиациялық ластану


Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. [1.,290б]
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа — (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма — сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
Атом өнеткәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Юұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін [5,152б]..
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет [1.,290б].

3.радиоактивті заттардан қорғану.


Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді.
Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ [3.,175б].

4. Қазақстандағы радиациялық жағдай


Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:
 Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары
 Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары
 Ғаламдық жауындар
 Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар
 Табиғи радиоактивтілік
 Радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б]
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта — α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учакелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін метелл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос» АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда коммисия құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов поселкесінің элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы сәулелер шығаратын құралдар табылған. Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 факторы тіркелген.
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метерологиялық әртектіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланыты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8 мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын территорияда 50-60 мкр/ сағ құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді.
Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін – қазақстан қазіргі АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады. [1.,290б]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет