Xx ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы



бет1/5
Дата24.02.2016
өлшемі431 Kb.
#11787
түріДиссертация
  1   2   3   4   5


ӘОЖ 94 +930. 221] (574) Қолжазба құқығында
СМАГУЛОВА СВЕТЛАНА ОДЕПҚЫЗЫ


XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді

баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы


07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)

07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.

Ғылыми кеңесшілері: ҚР ҰҒА академигі, тарих

ғылымдарының докторы




Нұрпейіс К.Н.

тарих ғылымдарының

докторы, профессор



Есмағамбетов К.Л.
Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Қозыбаев С.Қ.


тарих ғылымдарының докторы

Ғали Ә.Б.
тарих ғылымдарының докторы,

профессор Несіпбаева Қ.Р.


Жетекші ұйым: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университеті
Диссертация 2010 жылы «26» наурызда сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29) танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы « » таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева



КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың 20-30 жж. шығып тұрған қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің шығу тарихы мен тарих ғылымындағы деректік маңызы қарастырылады. Мерзімді баспасөз материалдарын дерек көзі ретінде қолдана отырып ежелгі дүниеден бастап 1917 жылға дейінгі аралықтағы тарихи оқиғалар мен ХХ ғасырдың 20-30 жж. үкіметтің әлеуметтік-экономикасын көтеруге арналған реформалар мен мәдени жағдайларды дамытуға арналған түрлі іс-шаралардың барысы, қазақ зиялыларына қатысты жүргізілген қуғын-сүргін нәубеті ашылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Отан тарихының түрлі салаларында қарқынды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кеңестік дәуірде тыйым салынып келген тақырыптардың сыры мен қырын айқындауға мүмкіндіктер туды. Дегенмен, әлі де терең ғылыми талдау жасап, қайта қарауды қажет ететін мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Академик М.Қ. Қозыбаев бұл турада: «Егер тарих ғылымының алдына тұрған міндеттерді бетбұрыс кезеңінің талаптары тұрғысынан саралайтын болсақ, тарихшылардың туған халық алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрінеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Мен бұл тұжырымды тарихшылардың талай ұрпағын ақтау үшін ғана келтіріп отырғаным жоқ», – деп жазуы осыған дәлел деуге болады 1, 5-б..

Тарихымыздың көмескі деп саналып келген немесе анығына жетіп зерттелмеген мәселелерін қайта қарауда дәстүрлі тоталитарлық жүйенің әдістемелік негіздерінен бас тарта отырып, оны алмастыратын тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп келеді.

Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған ХХ ғ. 20-30 жж. саяси жағдайлар мен оқиғалар кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырыпты концентуальды тұрғыда терең қарастыру қажет. Себебі, ғылыми зерттеу бағыттарын алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи үдерістердің себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындауда тың әдістемелік тәсілдерді қолданып, жаңа бағыттарды игеруді қажет етеді. Бұл жолда мерзімді баспасөзді дерек ретінде қолдану аса орынды.

1917 ж. Ақпан төңкерісі қарсаңына дейін Қазақстанда «Қазақ», «Алаш» сияқты ұлттық-бейресмилік газеттер шығып, өз айналысына қазақ ұлт зиялыларын топтастырып, қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен құбылыстар, Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы туралы материалдар жариялап, ресми орындардың қатаң бақылауында болса да бүкіл түркі-мұсылман интеллигенциясының патша үкіметінің отаршылдық жүйесіне қарсы наразылықтарын көтере білді.

Патша үкіметі құлағаннан кейін бұл басылымдардың қатары «Бірлік туы» (1917, мамыр), «Сарыарқа» (1917, маусым) газеттерімен толығып, ұлт зиялыларының органына айналып, елдегі саяси жағдай, демократиялық өзгерістердің жүргізілу барысы жайында мағлұматтар жариялады. Бұл басылымдарда жарияланған материалдардың деректік құндылығын соңғы жылдарда жазылған ғылыми жұмыстар дәлелдеп отыр.

1917-1918 жж. ұлттық-демократиялық басылымдар кеңестік жүйеге қарсы күрес жүргізгені үшін жабылып, олардың орнына большевиктік газеттер шығарыла бастады. Кеңестік билік жүйесі өзінің идеясын жүзеге асыруда мерзімді басылымдарға аса назар аударып, партияның рөлін насихаттауға шебер қолдана білді. Баспасөз арқылы социализмнің салтанатын дәріптеу, лениндік, сталиндік идеяның мәңгілік екендігін халық санасына сіңдіру, коммунизм орнатуда партияның сара жолына түсу қажеттігін түсіндіруді мақсат ете отырып, қалың бұқараны тек кеңестік билікке бойұсынуға шақырды. Мерзімді басылымдарды кеңестік мемлекет саясаты мен идеологиясын насихаттаудың ақпараттық құралы ретінде мейілінше ашық түрде қолдана бастады. Баспасөзді насихат құралы ретінде пайдалануда арнайы қаулы-қарарлар мен шешімдер қабылап, оның атқаратын негізгі қызмет ету аясын айқындады. Сөйтіп, мерзімді басылымдар кеңестік үкімет пен партия саясатына бағына отырып, лениндік, сталиндік биліктің Қазақстанда берік орнауына, әкімшіл-әміршіл жүйенің саяси-идеологиялық өктемдігінің жаппай салтанат құруына жағдай жасады.



ХХ ғ. 20-30 жж. мерзімді баспасөз большевиктік идеология құралы болғанымен де сол жылдардағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінің кейбір мәселелерін айқындауда бірден-бір дерек көзі болып табылады. Бұл мәселелерді нақтылай қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарда жарияланған материалдармен қарастыру осы кезге дейін жеке тақырып ретінде зерттелген жоқ. Оның бірнеше себебі бар деп білеміз.

Біріншіден, 1917 жылдан 30-жылдың басына дейінгі аралықта қазақ мерзімді басылымдардың араб әрпінде (графикасында) шығып тұруы көптеген зерттеушілердің газет-журнал материалдарын ғылыми зерттеулерінде қолдануға қиындықтар туғызды. Екіншіден, ғалымдар тарапынан мерзімді баспасөзді нақты дерек ретінде қолдануға құлшыныстың болмауы. Кейбір ғылыми зерттеулер бірлі-жарым газет немесе журнал материалдарын қолданумен ғана шектелді. Үшіншіден, біз алып, зерттеп отырған тақырып 20-30-жылдарды қамтиды. Бұл кездерде Қазақ Республикасы түрлі саяси оқиғалар мен жағдайларды бастан кешірген әрі елде Баспа саласы жаңадан ғана қалыптасып, партия-кеңестік идеология аясында баяу дамып келе жатқан болатын. Оның үстіне кеңестік үкімет баспасөз ісінде өзінің жетекшілік рөлін күшейтуде бар күшін салып, партия идеологиясын жүзеге асыруда психологиялық күш қолдану саясатын ұстанды. Бұл идеологиялық қысым елімізде КСРО ыдырап, тоталитарлық жүйе күйрегенге дейін салтанат құрғандығы мәлім. Міне, осы аралықта тақырыпты зерттеу барысында кеңестік тарихнамада маркстік-лениндік тарихилық, объективтілік, партиялық принциптері кеңінен қолданылып, мәселені осы принциптер негізіне сүйене талдау жүргізілді. Бұл ретте Х. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Амандосовтың, С. Имашевтың және т.б. ғалымдар мен журналистердің еңбектері мен мақалаларын атауымызға болады. Алайда идеологияланған кеңестік тарихнама қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз тарихына, оның тарих саласындағы деректік маңызына нақты баға бере алмады. Төртіншіден, 20-30 жж. қазақ тіліндегі баспасөздің шығу тарихы мен деректік маңызы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де тарих ғылымы саласында нақты зерттеу нысаны болып, объективті бағасын ала қойған жоқ. Осындай әрекеттерден кейін кеңестік тарихнамадағы баспасөз мәселесін қайтадан қарап, жаңаша мәнді ой-пікірлер мен концепцияларға, қағидаларға сай талдауға тура келеді.

Өткен ғасырдың 20-30 жж. еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдай, жүргізілген түрлі реформалар мен науқандар, экономика саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер, мәдени революция барысы мерзімді баспасөздің басты тақырыбына айналды. Мерзімді басылымдарда қазақ зиялыларының қазақ халқы тарихының айтулы кезеңдері мен жекеленген маңызды оқиғаларын көрсететін құнды мақалалары жарияланып тұрды. Атап айтсақ, қазақ халқының шығу тегіне, ежелгі және ортағасырлық тарихына, патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатына, отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық көтерілістер барысына, 1916 жылғы көтеріліс және 1917 жылғы қос төңкеріс және тағы басқа тарихи мәселелерге арналған ірілі-ұсақты мақалалар. Қазақ зиялылары М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Е. Омаров, Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин және тағы басқалардың Қазақстан тарихына және этнографиясына арналып қазақ мерзімді басылымдарына жариялаған мақалалары қазіргі кезде дерек көзі ретінде бағалауда аса құнды болып табылады. Өйткені бұл мақалалар нақты ғылыми зерттеулер болмаса да кеңестік дәуірде бұрмаланып, сыңаржақ жазылған тарихымыздың шынайы бетін ашуда өзіндік ерекшелігімен туған халқымыздың тарихын, болымысын айқындауда маңызды мәлімет берері анық.

Қазақтың 1920-1930 жж. соңына дейін шыққан мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар арқылы 20-30 жж. коммунистік идеологияның салтанат құруын, сталиндік жолсыздықтарды, голощекиндік биліктің республиканың рухани дамуына тигізген зиянын, осы сорақы кеңестік саясатты әшкерелеуге тырысқан ұлт интеллигенциясының сергелдеңге түсіп қуғындалуын, нақтылай айтқанда 90-жылдардың басында тарих ғылымында «ақтаңдақтар» атанған мәселелерді айқындап көрсетуімізге болады. Демек, қоғамдық өмірде 20-30 жж. Қазақстанның тарихын қарастыруда қазақ мерзімді баспасөзін тарихи деректік материалдар негізінде теориялық және практикалық тұрғыда концептуалдық зерттеу тақырыптың барынша өзекті екендігін танытады. Сондықтан ХХ ғасырдың 20-30 жж. қазақ мерзімді басылымдарының деректік негізін ойдың елегінен өткізіп, тәуелсіздік идеологиясы талаптарына сай қарастыру отандық тарихнамадағы олқылықтардың орнын толтырады деп есептейміз.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың 20-30 жж. шыққан қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз материалдары дерек ретінде тарихшылар тарапынан тереңдетіле зерттелген жоқ. Алайда 20 ж. баспасөздің маңыздылығын А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов, М. Әуезов, Т. Рысқұлов, Ш. Тоқжігітов және т.б. қазақ зиялылары газет-журналдардың бетінде айқындап берген болатын.

Қазақ баспасөзін дамытуда қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қатар, әйелдер арасынан суырылып шыққан А. Оразбаева, Н. Арықова, С. Есова, М. Бегалиева сынды қазақ қыздары елеулі үлес қосты.

30-40-жж. мерзімді баспасөздің маңыздылығын нақтылаған зерттеу жұмыстары болмағанмен де ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш» және т.б. басылымдар ұлтшылдық пиғыл ұстанғандығын сынға ала отырып, 20-жылдардан бастап шыға бастаған басылымдардың партия саясаты мен идеологиясын насихаттаудың басты құралы екендігін ашық жазған мақалалар жариялана бастады.

20-30 жж. мерзімді баспасөз тарихын зерттеу барысы 50-жылдары ғана қолға алынды. Бұл ретте Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Амандосовтың, Б. Қорқытовтың еңбектерін атауымызға болады.

60-80 жж. Қазақстандағы баспасөз ісінің қалыптасу барысын зерттеу қарқын алып, оның түрлі салаларына қатысты журналист, филолог ғалымдар М.И. Фетисов, Ш. Елеукенов, Т. Қожакеев, Т. Ыдырысов, Н.Г. Богданов, З. Тұрарбеков, Б. Әбілқасымов, К. Ақтамбеков және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін баспасөз барысына қатысты журналистика, филология, тарих ғылымдарынан бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, қазақ баспасөзінің даму жолдарын саралауға арналған мақалалар жарияланып, кітаптар жарық көрді. Бұл ретте С. Қозыбаев, Ж. Бекболатов, Т. Қожакеев, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразай, Қ. Атабаев, Л. Нұрғалиева, Д. Махат және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атауымызға болады.



Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Қазақстан тарихнамасында Кеңес өкіметі тұсындағы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасу тарихы мен оның тарих ғылымы үшін деректік маңызын айқындауда зерттеу жұмысының деректемелік негіздері бірнеше бағытқа топтастырылды. Атап айтқанда: Кеңес өкіметінің реттеуші заңнамалық құжаттары; Кеңес өкіметі мен үкіметінің, Коммунистік партия шешімдері мен қаулы-қарарлары; Қазақстанда жарық көрген республикалық, губерниялық мерзімдік басылым материалдары; тақырыптың хронологиялық ауқымы шегіндегі қоғамдық-саяси, тарихи оқиғаларды айғақтайтын құжаттық деректердің жинақтары; Қазақ баспасөзіне қатысты мұрағат құжаттары; Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармалары; Тақырыпты ашатын ғылыми, саяси және көркем шығармалар; Статистикалық құжаттар; Қазақ мерзімді басылымдарына қатысты қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, баспасөз қызметкерлерінің жарық көрген материалдары мен мемуарлық еңбектері.

Деректік негіз ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының (ҚРПМ) РК(б)П Қырғыз Өлкелік партия комитетінің (139-қ.), Ресей Компартиясы Қырғыз (қазақ) бюросы (140-қ.), БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің (141-қ.) және Қазақстан Коммунистік партияның Орталық комитетінің (708-қ.), Қазақ облыстық Бақылау комиссиясының (718-қ.), БК(б)П Қазақ өлкелік бақылау комиссиясы (719-қ.), Қазақстан бойынша Бүкілодақтық Коммунистік партияның жанындағы партиялық бақылаудың өкілеттік комиссиясының (725-қ.), Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси зерттеу институтының (811-қ.) қорларында және Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының (ҚРОММ) Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару комитеті (5-қ.), «Халық мұғалімі» журналы редакциясы (398-қ.), Қазақ Мемлекеттік баспасы (1383-қ.), БКП(б) ОК-нің партиялық баспа ісінің қазақ бөлімі (1384-қ.), Қазақ өлкелік баспасы (1386-қ), Қазмембаспаның Шығыс бөлімі (1491-қ.), Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты Қазақстанның мемлекеттік баспаханасы (929-қ.) қорларының, сонымен қатар Орынбор облыстық Жаңа Тарихи Құжаттар Орталығының (ООЖТҚО) 1- қор құжаттары қазақ ұлттық баспасөзге және 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдайға қатысты құжаттық деректер талдау нысанына айналды.

Баспасөз саласына байланысты Кеңес өкіметі мен үкіметінің, Коммунистік партия шешімдері мен қаулы-қарарлары, кеңес, кәсіподақ және комсомол органдарының директивалық материалдарын жинақтап шығарған және т.б. құжаттар мен материалдар және мақалалар жинақтары зерттеу барысында кеңінен қолданылды. Сонымен қатар статистикалық құжаттар мен ғылыми, саяси және әдеби көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды.

20-жылдың басынан 30-жылдар аралығанда шыққан республикалық, губерниялық «Ақ жол», «Қосшы», «Жаңа өріс», «Еңбекшіл қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Лениншіл жас», «Жас қайрат», «Өртең», «Жарлық», «Сәуле», «Жетісу әйелі», «Пионер», «Таң», «Теңдік», «Халық мұғалімі», «Хабар», «Әйел теңдігі», «Ана мен бала», «Ауыл тілі», «Жыл құсы», «Жұмысшы», «Әдебиет және искусство», «Жаңа әдебиет», «Жаршы», «Қызыл әскер», «Денсаулық жолы», «Әдебиет майданы», «Екпін», «Екпінді тілші», «Халық мұғалімі», «Ауыл коммунисі» «Жаңа мектеп», «Ауыл мұғалімі», «Сауаттыға жол» және т.б. басылымдарда Қазақстан тарихына қатысты және ХХ ғасырдың 20-30 жж. қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық мәселелерді көтерген құнды мақалалар жарық көрді.

Тақырыптың құнды дерек көзі қатарында 20-30-жылдары кеңес үкіметінің билік орындарында қызмет етіп, елді экономикалық және мәдени жағынан көтеруде мерзімді баспасөз арқылы толымды пікір айта білген Т. Рысқұлов, С. Қожанов, Н. Нұрмақов, С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов және т.б. қайраткерлердің мақалалары мен еңбектері, естелік жазбалары, сонымен бірге Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың мерзімді басылымды көтеруге және елдегі саяси-экономикалық жағдайын айқындауға, тарихи тақырыптарға арналған көптеген мақалалары пайдаланылды.

Диссертация жазу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты дайындаған жинақтар және Алаш қозғалысына, ұлт-азаттық қозғалыс барысына қатысты құжаттардың жинақтары және т.б. жинақтар дерек көзі ретінде кеңінен қолданылды.

Жоғарыда аталған материалдарды талдау барысында, атап айтқанда, ресми құжаттарда кеңестік саяси жүйе мен оның басқару құрылымдарының, қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму және оның қызметін идеологиялық тұрғыда біржақты бағалау ағымы үстем болғандығын байқауымызға болады. Өйткені кеңестік құжаттарда үкімет пен партия басшылығының Баспа ісіне қатысты жүргізген саясатының кемшіліктері мүлдем аталмайды. Міне, осы себептен бұл құжаттарға сыни көзқараспен қарап, басқа құжаттармен салыстыра, саралай пайдалануға тура келді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ мерзімді баспасөзінің шығу тарихы мен Қазақстан ғылымында дерек көзі ретінде алар орны мен рөліне тарихи талдау жасау.

Зерттеу жұмысының пәні. ХХ ғ. 20-30 жж. шығып тұрған қазақ баспасөзінің тарихы мен мерзімді басылым материалдарының Қазақстан тарихы үшін деректік маңызын айқындай отырып кейбір тарихи мәселелер мен сол кездегі қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуын қарастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет