Жұмыс бағдарламасы «Жануарлар биохимиясы»



бет1/8
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#134423
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-042-16-13.1.45

/03-2013


ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Жануарлар биохимиясы»


__________ 20 ж.

№ 5 басылым



ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Жануарлар биохимиясы»
5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»

мамандығы үшін



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013
Мазмұны



  1. Глоссарий

3

  1. Дәріс оқулар

7

  1. Зертханалық сабақтар

36

  1. Студенттің өздік жұмысы

39



  1. ГЛОССАРИЙ




  1. ДӘРІС ОҚУЛАР



Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу

Дәріс 1. Витаминдер

Дәріс сабақтың мазмұны:

1. Витаминдерге анықтама, авитаминоз, гипо- және поливитаминоз туралы түсініктер

2. Майда еритін витаминдер

3.Суда еритін витаминдер

4. Табиғатта таралуы
Витаминдер - әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Биологиялық активті заттар ретінде организмде биохимиялық және физиологиялық процесстердің қалыпты өтуін қамтамасыз етедіү

Витаминдердің жетіспеуі – цивилизацияның ауруы. Бүгінде бұл құбылыстардың себептері айқындалды.



Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің көп мөлшерде жетіспеуінің салдарынан болатын организмдегі қалыптан тыс өзгерістер, құбылыстар.

Гиповитаминоз – витаминдердің біреуінің аздаған бөлігі жетіспегенде болатын құбылыстар, өзгерістер. Әрине, гиповитаминоздың қай витаминнің жетіспеуінен пайда болатынын анықтау қиынға соғады. Себебі, бұл өзгерістердің сыртқы белгілері көмескі келеді.

Поливитаминоз деп организмге көптеген витаминдердің жетіспегендігінен болатын өзгерістерді айтады.

Гипервитаминоз, егер витаминдерді үздіксіз өте көп қабылдаса да пайда болады. Витаминдердің азықта шектен тыс көп болуы зиян келтіреді.



Майда еритін витаминдер. Оған жататындар: А, Д, Е, К, Ғ.

А витамині «А» авитаминозының ерекше белгілері:

1. Эпителийдің қабынып, зақымдануы.

2.Көздің тор қабатының зақымдануы.

3.«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді.

4.Кератомаляция /грекше keratos – мүйіз, malania – жұмсару, әлсіреу/ ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды.

5.Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді.



D витамині. D авитаминозының белгілері:

1. Рахит /грекше Rhachis – арқа қыры, омыртқа бағанасы/ - мешел /құныс/ ауруы организдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.

2. Остеомаляция /грекше ostean – сүйек, malakia – жұмсару/ сүйек жұмсаруы, басқаша – остеодистрофия ауруы.

3. Остеопороз /грекше ostean – сүйек, poros – саңылау, тесік/ сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор-кальций алмасуындағы тепе-теңдік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.

Е витамині.

Е авитаминозының белгілері:

1. Токоферолдың ұзақ уақыт жетіспеуі аталық малдың енін аздырып, ұрықтандыру қабілетін жояды.

2. Е витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен жүйке ткандерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Зақымданған қозылар мен бұзаулар аяғының, жүрегінің және тыныс алу органдарының еттері семіп қалады. Бұл індетті ақбұлшықет ауруы дейді. Селен микроэлементі жетіспегенде де осындай өзгерістер қой мен шошқа шаруашылығында кездеседі. Мұндай ауру қояндарда, тышқандарда, иттерде және теңіз шошқаларында да кездеседі.

К витамині.

К авитаминозының белгілері:

1. К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Себебі, К витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті протромбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К авитаминозы кезінде протромбиннің ұюы баяулайды.

2. К витамині жетіспегенде организмдегі иминия және фосфорлану процестері тежеледі.

3. АТФ – бұлшық еттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині жетіспесе, бұлшық еттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің активтігі төмендейді.

Ғ витамині.

Ғ авитаминозының белгілері:

Линоль қышқылы жетіспегенде холестерин жөнді ерімейтін эфирлер ретінде бауырда және қан тамырларының қабырғаларында қабаттанып, атеросклероз ауруына шалдықтырады.



Суда еритін витаминдер /В тобындағы витаминдер/

Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5/РР/, В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады.

В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты.

В1 витамині /тиамин/.

В1 – авитаминозының белгілері:


  1. Полиневрит ауруы. Тиаминнің биологиялық активтігі фосфорлану процесінен кейін ғана пайда болады. Тиаминнің фосфорлы туындысы тиаминпирофосфат липоев қышқылымен бірігіп, пирожүзім қышқылын карбоксилсыздандыру құбылысына қатысатын иминия құрамына кіреді.

Тиаминнің әсерінен мал организмінде декарбоксилаза ферменті түзіледі. Бұл фермент жануарлар ткандерінде қанттар ыдырағанда пайда болған пирожүзім қышқылын ацетатқа ауыстыру үшін қажет.

Тиамин жетіспегенде карбоксилазаның пайда болуы бұзылып, пирожүзім қышқылы одан әрі ыдырамағандықтан оның қандағы мөлшері бірсыпыра көбейеді. Ал пирожүзім қышқылының жиналуы орталық және шеткі жүйке жүйелері бөлімдерінің қызметіне ұнамсыз әсер ететіндіктен полиневрит ауруы пайда болады.



  1. Тиамин жетіспегенде жүрек жұмысы бұзылып, ішектің және қарынның жиырылуы мен шырын бөлуі нашарлайды.


В2 витамині /рибофлавин/
В2 авитаминозының белгілері:

1. Рибофлавин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады. Мысалы, бұл жағдайда қанттардың алмасуы бұзылып, бауырдағы гликогеннің пайда болуы төмендеп, сүт пен пирожүзім қышқылдарының тотығуы тоқтайды.

2. Рибофлавин жетіспеген жағдайда организм белок пен амин қышқылдарын нашар пайдаланады. Амин қышқылдары өзгермей несеп арқылы бөлінеді де, организмнің белокты ұстап қалу қабілеті төмендейді. Керісінше, рационда белок жетіспесе немесе оның биологиялық құндылығы төмен болса, организмде флавопротеиндер пайда болмайды, ол пайдаланылмай зәр арқылы бөлініп, сыртқа шығады.

Әсіресе рационда метиониннің болуы рибофлавинді пайдалануға үлкен әсер етеді. Рибофлавин организмдегі триптофан амин қышқылының және майдың қорытылуына ұнамды әсер етеді. Рибофлавин жетіспегенде организмнің С витаминін түзу қабілеті төмендейді.



  1. Азықта рибофлавиннің болмауы көздің мөлдір қабығы мен бұршағын кератит, катаракта сияқты ауруларға шалдықтырады. В2 витамині жетіспегенде гипохромдық анемия және жүйке жүйесінде ауыр індет пайда болады.

В3 витамині /пантотен қышқылы/

В3 авитаминозының белгілері:

Пантотен қышқылы жеткіліксіз болса малдың өсіп-жетілуі баяулайды, терісі зақымданады, жүйке жүйесінің қызметі және ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады. Есейген малдың салмағы азайып, тәбеті нашарлап, суды аз ішеді.



В5 витамині /никотин қышқылы, РР витамині/

В5 авитаминозының белгілері:

  1. Рационда белок пен триптофан аз болғанда, ал жүгері дәндері, керісінше, көп болғанда, жануарда никотин қышқылы жиі жетіспейді. Себебі, жүгері дәндерінде, шошқалар мен құстар организмінде қорытылмайтын никотин қышқылының биологиялық әлсіз түрі кездеседі. Сондықтан жүгері арқылы никотин қышқылының тапшылығын толықтыруға болмайды. Мұның себебі жүгері триптофан амин қышқылына тапшы. Бұл витаминнің рационда жетіспеуі пеллагра дейтін ауыр індетке ұшыратады.

Пеллагра ауруы көптен белгілі. Ол алғаш ими Италияда пайда болды, италяндықтардың «кедір – бұдыр тері» деген сөзінен шыққан, яғни, бұл ауру теріде болатын өзгерістермен байланысты. Пеллаграның үш ерекше белгілері бар: бірінші – имин /іш өту/, екінші – дерматит /терінің қабынуы/, үшінші – деменция /психикалық қабілеттің төмендеуі/.

Қорыта айтқанда, организмдегі никотин қышқылы үш жолмен құралады. Олардың біріншісі – азықтар арқылы енгізіледі, екіншісі – триптофаннан организмде түзіледі, үшіншісі – ішектегі бактериялардың әрекетінен пайда болады.



В6 витамині /пиридоксин/

В6 авитаминозының белгілері:

  1. Пиридоксин жетіспегенде жануарлардың азықты пайдалануы мен өсуі нашарлап, терісі қабынып /дерматит/, аяқтары құрысып және жансызданып, қандағы темірдің мөлшері көбеюіне қарамастан қанның жалпы мөлшері азайып гипохромдық анемия пайда болады.

В12 витамині /цианкобаламин/

Витаминнің құрамында кобальт болғандықтан, оны кобаламин деп атайды.

В12 витамині микроорганизмдер әрекетінің арқасында күйіс қайыратын малдың қарнында түзіледі. Бұл витамин жануарлардың өсіп-өнуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметіне, қан түзілуіне қажет. Әсіресе, қанның қызыл түйіршіктерінің жетілуіне бұл витаминнің әсері үлкен. Ол гемоглобин құрамына кіретін порфириндер түзілуіне қажет. Мұнан басқа В12 витамині белоктар, майлар, қанттар және сульфгидриль тобының алмасуына қатысады. В12 витамині метиониннің метил тобының /СН3/ пайда болуына және гомоцистеиннің метионинге ауысуына қатысады. Былайша айтқанда В12 витамині метионинді сақтаушы ролін атқарады.

В12 авитаминозының белгілері:

1. Рационда цианкобаламиннің жетіспеуі малды қатерлі қан азаюына ұшыратады. Организмдегі қан түйіршіктерінің қалыпты пайда болу құбылысы бұзылады. Қандағы гемоглобиннің және қызыл қан түйіпшіктерінің жалпы саны күрт кемиді. Жұлында да өзгерістер болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет